Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т


өмірінің  шындыгы,  ойы,  талабы,  сезімі,  жақсы  түрмысқа  жету  үшін



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

өмірінің  шындыгы,  ойы,  талабы,  сезімі,  жақсы  түрмысқа  жету  үшін 
күресі,  күші,  түбінде  жеңетіндігіне * сену  төрізді 
арманы,  мүны, 
фольклордың  үжымдык  (коллективтік)  сипаты 
т.б.-  бөрі  оқулық 
ішінде  кеңестік  идеология  түрғысынан  жазылған.  Мәселен: 
«Хан, 
билердің,  байлардың  қорлыгынан,  зорлыгынан  қутылуды  арман 
қылган  шаруалар  қиянатшыл  хан,  би,  бай, 
манаптарды  аузына 
қарата 
білетін 
алгыр,  ақылды  «Аяз  би»,  «Тазша»,  «Алдаркөсе» 
секЬіді  халықтық  қаһармандардың  образдарын  жасайды»,-
  деген 
М.Бөжеев  пікірі,  «тап  тартысы» талабының  айнасы  екені  белгілі  [303,
7 6.].
Ал,  ғапымның: 
«Жазба  әдебиет  шықпастан  әлде  қайда  бурын 
шыгып, 
көркемдік  сананың  улкен  сатысына  жеткен  халық 
творчествосы 
жазба 
әдебиетінің 
дамуына, 
улы-улы 
көркем 
шыгармалардың  жазылуына  негіз  болады
»,-  деген  пікірі,  фольклор 
мен  әдебиет  арасындағы  байланыстың  өте  тереңде  жатқанына  дүрыс 
назар аудартқанын көрсетеді.
Дегенмен  халықтың  шығармалардың 
калыптасуына  исләм 
дінінің  әсері  дегенде,  үтымды  жақтарының  дәріптелуі  орнына, 
керісінше,  ишандар  мен  молдалар 
тарапынан  елді  қорқыту, 
үрейлендіру,  қуғындау  т,б.  тәрізді  іс-әрекеттер  кең  етек  жайды  деп 
жала жабылуы да болды.
Ап,  халық  шығармашылығының  дүрыс  өркендеп  дамуына, 
бостандық  алған  халықтың  барлық  шығармашылық  ынта,  жігерін 
өсіру, өнерін артыру үшін керекті жағдай мен  мүмкіншіліктердің  тек 
Кеңес  өкіметі түсында, тек  Ленин  мен  Сталин  аркасында  ғана мүмкін 
болды деп  дәріптелуі т.с.с.- бәрі кезең ерекшеліктерін танытады.
Сондай-ақ  фольклорда  Отан  қорғау,  отаншылдық  сезім  кең  орын 
алатыны  да,  елі  үшін,  жері  үшін  айнымай  шауып  қамал  бүзған 
үлдарын  халық 
ел  ардағы  етіп  жырлайтыны  да  оқу  қүралында  сез
233

болады. 
Демек 
Екінші 
дүннежүзілік 
соғыс 
кезінде 
кітап 
авторларыңың бүл оқу күралын жазудағы мақсаты:  бір жагынан,  қазақ 
хальіқ  ауыз  әдебиетінің  мән-маңызын  орта  мектеп  оқушыларына 
хабардар  етумен  қатар,  олардың  өзіндік  бітім-болмысын  түсіндіру 
көзделді.  Екінші  жағынан,  жастар  бойында  Кеңес  өкіметіне  деген 
шексіз  махаббат,  алғыс  сезімін  тудыру,  қалыптастыру  болатын.  Осы 
арқылы  ортақ  жауға  қарсы  жастардың 
бойында  Отан  корғау, 
отаншылдық  тәрізді  игі  қасиетгерді  дө  тәрбиелеу  максат  етілді. 
Мысал  ретінде  авторлар  фольклор  бойында  кездесегін  батырлыкты, 
ерлікті, 
отаншылдықты 
т.б. 
дәріптейтін 
қазақтың 
макал- 
мәтелдерінен, 
батырлар  жырларынан  т.с.с.  үзінділер  келтіреді. 
Ендеше,  кітап  авторлары  фольклордың  қоғамдағы  халықтың  ой- 
санасын 
калыптастырудағы  рөлінің  ерекше 
екендігін  дүрыс 
танығанын  көрсетеді.
Оқу  қүралы  авторлары 
жалпы  фольклордың 
барлық  жанры 
туралы 
жалпы 
түсінік 
беруді 
көздегені 
көрініп  түр. 
Мүнда 
фольклордың.түрмыс-салт  жырлары 
(жар*жар, 
сыңсу, 
беташар, 
қоштасу,  естірту,  жоқтау),  айтыс  түрлері  (бәдік,  жүмбақ  т.б.), 
ертегілер,  легендалар,  батырлар  жыры,  лиро-эпос  жырлары,  тарихи 
жырлары  төңірегінде  жалпы  мағлүмат  берумен  қатар, 
олардың 
өзгешелігіне,  маңызына,  ондағы  берілген 
мәтіндердің  тақырыбы, 
мазмүны,  образдары,  композиңиясы,  стилі,  тілі  с.с.-  бәрі  алғаш 
оқулық көлемінде сипатталып кетеді.
Мәселен,  түрмыс-салт жырлары дегенде,  ең  алдымен  еңбек,  кәсіп 
жайындағы  өлең-жырлар  деп  қазіргі  үстанымдағы  жан-жануарлар 
туралы  жырлар  қарастырылады.  Бүл  үлгілердің  негізгі  тақырыбы 
малды  бағу,  мал  шаруашылығы,  аңшылыққа  арналған  деп  дүрыс 
ажыратқан.  Одан  әрі  бүл  катарға  наурыз жыры  жатқызылған.  Бүған 
дейін  наурыз  жырын  М.Әуезов  діңмен  байланысты  өлеңдер  тобына 
жатқызғаны  белгілі  (Әдебиет  тарихы.-Алматы:  Ана  тілі.-1191,-  Б.36).
Ал,  қазіргі  таңда  бүл  өз  алдына  жеке 
үлыс  жыры  болып 
қарастырылды.  Ал,  оқу  қүралында  кездесетін  фольклордың  жар-жар, 
сыңсу,  беташар,  қоштасу,  естірту,  жоқтау  түрлері-  бәрі  дерлік  бүған 
дейін 
шыққан 
А.Байтүрсынов, 
М.Әуезов, 
Х.Досмүхамедүлы 
еңбектерінде  де 
жан-жақты 
сипатталған. 
Негізінен, 
бүлардың 
көтерген  тақырыбы,  мазмүны,  берілген  мәтін  үзінділері  әдебиеттану 
талабы  түрғысынан  жазылған.  Мәселен, 
жоқтауға  А.Байтүрсынов 
1927  жылғы  «Әдебиет  танытқыш»  кітабында  мынадай  анықтама 
береді: 
«Жоңтау өлген кісіні жоқтап сөйпеу. Жоқтау,  көбінесе белгілі 
адамдарга айтылады.  Өлген адамның қатыңы, я қызы, я келіні зарлы 
үнмен  өлген  адамның  тірідегі  істеген  істерін,  өлгенінше  бастарына
234

түскен  қайгы-қасірет,  күйіктерін  шагып,  ж ьиагапда  айтатын  жыр 
түріндегі  сөз»,-
  десе  (Шығармалары.-Алматы:Жазушы.-1989.-  Б.254), 
ал М .Әуезов  1928 жылғы  «Әдебиет тарихы» еңбегінде: 
«Жоқтау олеңі 
көпке  бірдей  жайылган  көп  қазақтың  қолдангап  салтынан  туатын 
шер  өлеңі
»,- 
деп  ажыратқан  (Әдебиет  тар ихы А лм аты :Ана  тілі.- 
1991.-Б.23).  Ғалым  Х.Досмүхамедүлы  өзінің  1928  жылғы  «Қазақ 
халық  әдебиеті»  баяндамасында: 
«Жоқтау  болса  қандай  да  бір  жеке 
басының  немесе  қогам  алдында  еңбегі  сіңген  адам  қайтыс  болган 
кезде  айтылады
»,-  деп  көрсеткен  (Аламан.-Алматы:Ана  тілі.-  1991.- 
Б.18).  Ал, 
бүл  1941  жылғы 
оқу  қүралыңда  жоқгауға  мьгаадай 
аныктама  беріледі: 
«Жоқтау лирикалы  салт  жырдың  бір  түрі.  Бүл 
жырдың  тақырыбы  бүрын,  көбінесе,  өлген  адамга  арналып,  өлген 
адамды  дәріптеп,  оны  жоқтап  айту  болатын»,-
  делінген  [303,  24 
б.].  Демек  бүл  еңбектерде  белгілі  бір  үндестіктің,  сарындастықтың  ізі 
бар  екені  айдан  анық.  Бәрінде  дерлік  берілген  аньгқтамалары, 
негізінен,  жоқтаудың  адам  қайтыс  болғанда  айтылатын  жыр  үлгісі 
екендігін  дүрыс  аныктаған.  Дегенмен  жоқтау  жырының мән-маңызын 
сипатгауда  А.Байтүрсынов  өз  еңбегінің  1  бетін  (жарты  бетін  мәтін 
алады),  М.Әуезов  5  бетін,  Х.Досмүхамедүлы  1  бетін  арнаса,  оқу 
қүралында  жоктау  3  бет  көлемінде  талданады.  Бүлардағы  мәтін  саны 
да,  жоқтау 
үлгілері 
де 
бірін-бірі 
қайталамайды. 
Мәселен, 
А.Байтүрсьшов  еңбегінде  тек  қана  48  жолдан  тұратын  «Бөпе  төренің 
қарындасы  күйруі  өлгенде  жоқтағанын»  ғана  берсе,  бүл  М.Әуезов 
қітабында 
кездескенмен, 
тілдік 
жағынан 
түрлі 
өзгерістермен 
ерекшеленеді.  Бірінші  нүсқада «азалы», «жүре  бердім»,  «жайқалтып», 
«қанаты»,  «мөлтілдеген»,  «бауырың»  т.б. 
сөздері 
М.Әуезовте 
«ызалы»,  «жүре  бер  ойым»,  «жалпайтып»,  «күнәлі»,  «мөймілдеген», 
«баурайы»  т.с.с.  больга  өзгертіліп  берілген.  Ал,  М.Әуезов  еңбегінде, 
сондай-ақ Бүқар жырау, Нарманбет ақын  шығарған жоқгау үлгілері де 
бар.  Ғалъім  Х.Досмүхамедүлы  зерттеуінде  Нысанбай  жыраудың 
Кенесары  Қасьшовты  жоктаған  өлеңнен  үзінділер  берілген.  Ал,  оқу 
қүралында  Бозжігітгі  Қарашаш  сүлудың,  Балғын  кызды,  Тәті  биді, 
Едіге  батырды,  Махамбетгі,  Исатайды  т.б.  жоқтауларынан  үзінділер 
келтірілген.  Демек  1941  жылғы  оқу  қүралында  үлт-азаттық  көтеріліс 
өкіпдері 
болып  табылатын  Кенесары,  Наурызбай  т.б.  есімдерінің 
аталуы, сөз жоқ,  сол түстағы кеңесгік  идеология  әсерінің  әлсірегенін 
танытады.
Айтыс дегенде,
оқулық авторлары айтыс жанрының өзгешелігіне, онда көтерілетін 
әлеуметгік тақырыптың маңыздылығына ерекше тоқталып өтеді.
235

«Ертегілер»  тарауында  ертегі  туралы  жалпы  тусіңік  беріледі, 
Мыңаңдай  анықтамасы  бар: 
«Ертедегі  адамның  тәтті  қиялыиан 
туып,  халық  аузында  қара  сөзбен  айтылган,  ауыз  әдебиетінің  бір 
даласы»,-
 
деп  дұрыс  көрсетілген  [303,  35  б.].  Мұнда  «ертегі» деген 
сөз  ескі  заманда  шығып,  халық аузында салт  болған  әдебиетгің  бір 
түрі  деп,  әдебиеттану  түрғысынан  қарастырылады.  Ертегілер  нақты 
іщтей  жіктелмейді,  дегенмен,  қазак  халқьшың  ертегілеріңде,  әсіресе, 
мал  мен  аң  көрнекі  орын  алады,  сондай-ақ  хальіққа  көп  тараған 
түрмыс-салт  ертегілері  де  бар  деген  дүрыс  пікірлер  орын  алған. 
Дегенмен олардың  әрқайсының  анықтамалары берілмеген.  Негізінен, 
ертегілер,  көбінесе мазмүн, тақырып жағынан талдауға түсіп отырған. 
Ертеғілердің  образдары  да 
қарастырылады:  «Ер  Төстік 
алып 
бейнесінде  суреттеледі.  Ол  қайратты,  батыр,  қорықпайды,  қандай 
жаумен болса да  алыса кетсе алып үрады»,- деген тәрізді  [303, 40 б.]. 
Кітапта аңыздарга тіпті  аз  орын  берілген.  Тек  олар туралы  қысқаша 
түсінік  қана  бар.  Ал,  кітаптың  қомақты  жері  ^ажырдщэ, 
ж ы р ы

лиро- 
эпос  жырлары  мен  тарихи  жырларға  арналған.  Эпостык  жырларды 
бұлай  жіктеп  қарастыру  үлгісі  бүған  дейін  болмағанын  ескеруіміз 
қажет.
Кітаптың  бұл  тарауларын 
белгілі  ғалым  Қ.Жұмалиев  жазды. 
Мүнда  жалпы  жырларға  тән  көп  нүсқалыктың 
себебі  д е  дүрыс 
ажыратылған: 
«Жыршы.іыр 
өздеріңің  жаттап  алуына  қарай, 
ақындық  күшіне,  дуцие  танушылыгына,  ой-өрісіне  қарай,  кей 
жырларга  өзінше  өзгерістер  кіргізген  де  кездері  болган.  Жырлардыц 
бірнеше  варианттары  болуының,  оныц  шешулерініц  де  әр  түрлі 
болып  шыгуының  бір 
себебі 
осы  айтушылармен  байланысты»,- 
делінғен  [303,52 б.].
Сондай-ақ  ғалым  батырлар  жырын  поэма  ұғымында  қарастыра 
отырып,  олардың  бірден  үлкен  поэмаға  айналмағанын,  бірте-бірте  әр 
батырдың  әр  кездеге  төтенше  қайрат,  асқан  ерлік,  елі  үшін  жасаған 
зор еңбектерін дәріптеп жырлаған  жеке өлеңдердің косындысы есепті 
карастырғанын  көреміз.  Одан  әрі  батырлар  жырының  бәрі  де  қазақ 
халқының  өмірімен  байланысын  белгілі  тарихи  кезеңдермен  үштасып 
жататыны,  онда  елін,  жерін,  отанын  жаулардан  қорғаған  ел 
азаматтары 
суреттелетіні  сөз  болады.  Және  де  батырлар  жыры, 
әуелде осындай ерлік қасиеттерімен көзге түскен  тарихта шын болған 
адамдар  жөнінде  айтылып,  кейіннен  халықтың  үлы  арманынын 
символы  болып, 
аңыздық  образға  айналып  отыратыны 
дүрыс 
көрсетілген.  Сондай-ақ  батырлар  жырынын  өзіндік  ерекшеліктеріне 
де  баса  назар  аударылған.  Мысалы,  Қүдайдан  тілеген  жалғыз  бала 
болуы, асқан күштің иесі  болып,  4-5 жасында-ақ жауға аттануы,  өзіне
236

серік әйелі  мен  аты болатыны,  жасынан-ак ел  қамын,  >күрт  пайдасын 
ойлайтындығы  т.б.  -   бәрі  тек  қазақ  халқының  ғана  емес,  басқа  да 
елдің  батырлар  жырына  тән  ерекшелік  екенін  ғалым  Қ.Жүмалиев 
дүрыс  атап  керсеткен.  Батырлар  жырының  эпостық  жанрға  жататын 
себептерін  түсіндірген  ғалым  пікірлері  әлі  де  өз  маңызын  жойған 
жоқ.
Эпос  жанрына  батырлар  жыпын^жаткызулын  себептерін  ғалым 
Қ.ЖүМаііиев  әдебиеттану  талабы  түрғысынан  дүрыс  түсіндірген: 
«Батырлар 
жыры- 
эпостық 
жанрга 
жатады. 
Шыгармада 
қатысушы  адамдардың  іс-әрекетін,  амал-ерліктерін,  олардың  өзара 
қарым-қатынастарының  қалпын  сақтап  баяндау,  ақынның 
өз 
көзқарасымен,  күйініш,  сүйінішінің  айқындалмауы,  бір  қараганда 
ақын  оқигага  да,  геройга  да  сырттан  шолушы  адам ретінде  болып 
көрушілік,  оқигага  сәл  нәрседен  басталып,  қашан  біткенге  шейін 
тарам-тарам  болып  өсе  берушілік-  жалпы  эпостық  жанрга  тән 
нәрсе.  Бүл бір.  Екінші,  эпостық шыгарма  сюжеті оқигага  қүрылады. 
Оқигага 
қатысушы 
адамдардың 
өзара 
қарым-қатынастары 
суреттеледі,  әр  түрлі  адам  образдары,  автордың  көзқарасынша, 
жақсы,  жаман жақтары қабат көрсетіліп,  бір  бүтін түлга есебінде 
суреттеледі»,-
 делінген  [303, 53  б.].
Жалпы  мүнда  батырлар  жырынан  «Қобыланды»,  «Алпамыс», 
«Едіге»  жырлары талданады.  Бүлардың  көркемдігі  мен  тілі,  образдар 
жүйесі,  композициялық қүрылысы т.б. — бөрі де өдебиеттану  талабы 
түрғысынан қарастырылйды.  Бүл өзгешеліктер, негізінен, сол  түстагы 
ғалымдардың  фолыслорды  көркем  әдебиеттің  бір  саласы  деп 
қарастырганынан  туындаған.  Мәселен,  Қобыланды  бейнесі  былай 
талданады:  «
Батыр  бүл 
жерде  үлкен  аңгалдық  жасайды.  Алды- 
артын  ойламай  Қуртқаны  шауып  тастай  жаздайды.  Батыр  кейін 
гана өзінің  огаш кеткенін біліп,  кешілмес күнә жасадым деп,  өзін-озі 
шенейді»,-
 деп келеді  [303,  68 б.].
Ал,  мәтіндердің  тілі  қарастырылғанда,  ондағы  жыр  олшеміне, 
буын  санына,  үлгіде  кездесетін  дәстүрлі  теңеу,  эпитет,  метафора  т.б. 
түрлеріне де ерекше көңіл бөлінген.
Жалпы оқу қүралында, бір жағынан, асқан  көркемдікпен жасалған 
батырлар  жырын  оқыту  арқылы  жастар  өз  елінін  өмірінен  тарихи 
мәліметтер  алатынын  еекерее,  екінші  жағынан,  осы  аркылы  олардың 
да  бойында  отанын  сүйетін,  айла,  амал  жөне  жаудан  сескенбейтін 
ерліктерін  өздеріне  үлгі  етіп,  отанын  қорғау  жолында  өздері  де  солар 
тәрізді  даңкты  батьф  болуға  итермелейтін  қаеиеттерін  тәрбиелеуді 
мақсат еткенін көреміз.
237

I
Қаһармандық  эпостардың тақырыбы  ерлік,  ел қорғау,  өз отаны,  өз 
елі  үціін  шет  жерлермен  күресу  десе,  лиро-эпос  жырларының  Иегізгі 
тақырыбы  сүйіспеншілік  екені  дүрыс  ажыратылган.  Одан  әрі  бүл 
жанрға  «Қозы  Көрпеш»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан»  жырлары 
жатқызылып,  олардың  варианттары,  негізгі 
бейнелері,  тілі  мен 
композиңиясы, мазмұны сипатталады.
Оқу  құралының  соңы 
тарихи  жырларға 
берілген  сипаттама, 
талдаулармен  аяқталады.  Мұнда  да  тарихи  жырдың  аныктамасы  бар: 
«Есет,  Бекет  бастаган  халық  көтерілісінің  бір  көрінісі  боп,  «Бекет 
батыр»  жыры,  Кенесары,  Наурызбай  бастаган  халық  көтерілісінің 
бір  салпыниіагы  боп  «Қаншайым»  т.б.  жырлар  пайда  болды.  Міне, 
булар тарихи оқигалармен нық байланысты.  Жырдагы суреттелетін 
персонаждардың  бәрі болмаса  да  копшілігі  сол  тарихи  оқигага  шын 
қатысқан,  тарихта  болган  адамдар  жайлы  поэма-жырлар  тарихи 
жырлар  боп  саналады»,-
  деп  дүрыс  көрсетілген  [303,122  б.]  Сондай- 
ақ  ғалым  Қ.Жүмалиевтің: 
«Олардың  жырда  суреттелетін  курес- 
тартыстары  да  негізінде рас.  Бірақ,  тарихи  жырларды  тарих  деп 
угуга  да  болмайды.  Тарих  әр  турлі  нақтылы  материалга  қурылса, 
тарихи  жыр,  поэмалар  сол  тарихи 
мәліметке  суйене  отырып 
жасаган 
ақынның  қиял  дуниесінің  жемісі  болып  есептеледі»,- 
деуінен-ақ,  сол 
кездің 
өзінде-ақ  көркем  шындық  пен  тарихи 
шындыктың арасы дүрыс ажыратылғаны  анықталады  [303,  122 6.].
Одан  әрі  әдебиеттану  ғылымы  талабымен  тарихи  жырлар 
қатарында  «Орақ-Мамай»,  «Қарсай,  Қазы»,  «Қаншайым»,  «Бекет 
батыр» үлгілері талданады.
Түйіп  айтканда,  бұл  еңбек  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында 
орта мектепке арналған, қазақ фольклоры туралы толыққанд ы ақпарат 
берген  тұңғыш  оқу  қүралы  болды.  Дегенмен 
фольклордың 
үсақ 
жанрлары:  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  жұмбақ  т.б.  түрлері  бұл  оқу 
қүралына  енбей  қалған.  Жалпы  мұнда  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік 
берумен қатар,  оның  көп  нүсқалылығы,  ішкі  түрлері,  анықтамалары, 
кейбір  жанрлық  ерекшеліктері,  өзіндік даму кезеңдері,  ондағы  заман 
көріністері, 
көркем 
шындық 
пен 
тарихи 
шындықтың 
арақатынастары, образдар жүйесі, мазмұны мен пішіні,  композициясы 
мен  тілі  т.с.с.-  бәрі  де  белгілі  дәрежеде  фольклортану  ғылымының 
жеткен  жетістігі  болыл табылады.  Негізінен,  оқу қүралында  берілген 
мәтіндер, көбінесе әдебиеттану ғылымы  талабына сай талданған.
Бүл  кезеңде  тек  оқу  қүралдары  ғана  шығып  қойған  жоқ.  Сондай- 
ақ  оқу  хрестоматиялары  да  басылым  көрді.Мәселен,1924  жылы 
Ташкентте  Ә.Диваев  жинаған  әдебиет  түрлерінен  қүрастырылған 
«Тарту»  атты  оқу кітабы  басылды  (Тарту.  Әбубәкір Диваев  жинаған
238

әдебиет 
түрлерінен 
тізілген 
оқу 
кітабы. 
Тізуші- 
Мағжан 
Жүмабайүлы.-Ташкент.  1924.-216 б.)  Бүл хрестоматияны қүрастырып, 
Ә.Диваев туралы 3  бет жене  і  бет алғысөз жазған белгілі қазақ ақыны 
Мағжан  Жүмабайүлы  еді.  Жинақта  Ә.  Дивасв  жинаған  фольклор 
үлгілері ішінде: түрмыс-салт жырлары (бет ашар, жар-жар, жарамазан, 
жоқтау,  көціл  айту,  бақсы  сарыны,  бәдік,  т.б.),  көбінесе  қазақ 
ертегілері  (30  ертегі  бар),  сондай-ақ  мақалдар.  жүмбақтар  алынған. 
«Әбубәкір  ақсақал  Диваев»  атты  кіріспеде  М.  Жүмабаев  ғалымның 
өмірбаянын,  атқарған  қызметтерін,  есіресе  қазақ  фольклортану 
ғылымы  саласындағы  еңбектерін  қысқаша  саралап  өткен:  «Әбубәкір 
ақсақа.чдың  еңбегі бір  адалтыц  өміріне  татырлык.  Әбубәкір  ақсақал 
қырық  жыл  бойына  қазақ-қыргыз  елінің  ауыз  әдебиетін,  жол- 
жорасын жинаган.  Елдің елдігін сақтайтып әдебиеті,  тарихы,  жол- 
жорасы.  Қазақ-қыргыз  елінің  ел  болуын  тілеген  Әбубәкірдің 
әдебиеті,  жол-жора  жинау  жолына  кіруінің  мәнісі  осы»,-  деғен  (4 
бет).
Ал,  «Тарту  туралы»  алғыеөзде  М.  Жүмабаев  бүл  оқулықтың 
Ә.Дизаевтың  қырык жылдық 
еңбек 
тойына арналғандығын ескертеді. 
Мәселен:  «Ауыз  әдебиет  һәм  этнография  көзінен  қараганда 
«Тартудың»  әжептәуір  багалы  болуына  күмән  қылмаймыз.  Бірақ 
«Тартуга»  таза  мектеп  балаларының  оқу  кітабы  деп  қарау  керек 
еді.  Алайда  мүгалім  сайлай  білсе,  бастауыш  мектептің  соңгы 
сыныптарына, 
әсіресе, 
әдебиет 
теориясы 
оқылатын 
орта 
медреселерге  һәм  жалпы  оқи  білетін  азаматқа  «Тартудың» 
бірталай  пайдасы  тиер  деп  сенеміз»,-  дегея  автор  ой-пікірінен  (6 
бет),  біз  хрестоматияның  оқу-ағарту  мзқсатта  жазылғанын,  және 
кімге,  қай  сынып  балаларына 
арналғаньш 
да  білеміз.  Демек  бүл  оқу 
кітабьпшң  фольклортану,  этнографня 
ғ«яым  салаларыңа 
да  бағалы 
дерек көзі боларын Мағжан Жүмабайүлы жаксы түсінген.
Сондай-ақ,  М.Әуезовтің  ортг  мектептін  6-класына  арналған 
«Әдебиет  хрестоматнясы»  1937  ж оае  1938  жылдары  екі  дүркін  жеке 
кітап 
болып  басылған  [304]. 
Бүл 
екі  басылымның  арасында 
айырмашылық  бар.  Екі  хрестоматия  ішіне  белгілі  қазақ-орыс  ақын- 
жазушылары  Махамбет,  Абай,  Сүлтаіімахмүг,  Сәбит  Дөнентаевпен 
бірге  Пушкин,  Лермонтов,  Гоголь,  Некрасов,  Шевченко  турасында 
кішігірім  мақала  түріндегі  еипаттамалары  енгек.  Сонымен  бірге  бүл 
хрестоматияларда  қазақ  фолъклорыка 
катысты  ой-пікірлер  де 
камтылған.  Егер  алғашындз.  яғни  1937  жылты  хрестоматияда,  бар- 
жоғы  4  мәтін  төңірегінде  ғалым  пігарі  берілее  («Қамбар  жырыньщ 
қысқаша мазмүны», «Алдаркөсе»,  «Жчренше тпешен», «Қожанасыр»), 
ал,  кейінгі  1938  жылғы  хрестоматпяға тағы  да үш  нүсқа турасындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет