Омар Жəлелұлы Темірбеков,
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
қазақ əдебиеті кафедрасының
доценті, филология
ғылымдарының кандидаты.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҰҒЫМЫНЫҢ
ГЕНЕЗИСІ МЕН ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ:
АБАЙДАН АЛАШҚА ДЕЙІН
ХХІ ғасыр – ұлы өзгерістер мен қақтығыстар ғасыры. Бүгінгі
əлем саясаткерлері осы тұжырымды бір ауыздан мойындауда. Та-
лай теперішті басынан өткерген көрші қытай халқы: «Өзгерістер
заманында дүниеге келуден құдай сақтасын!» деген мағынада
қанатты сөз қалдырыпты. Адам заманын өзі таңдап алмайды,
біз де осы аумалы-төкпелі заманымызды таңдай алмасақ керек.
Бізден тек осы заманды сана сарабынан өткізу талап етіледі.
Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың өліарасы – бүкіл əлемді
шарпыған экономикалық дағдарыспен əйгілі. Бұл дағдарыстың
сыры мен мəніне үңілген əлем ойшылдары дағдарыс кілтипаны
экономикалық заңдылықтарда ғана емес, өмір сүру ғұрпы мен жал-
пы өмір сүру ұстанымдарында екенін ашып айтқанын да көз көріп
құлақ естіді. Экономика мен саясатта бүкіл əлемді аузына қаратып,
жетекші рөл атқарған Батыстың басынан өткерген экономикадағы
бұл күйзелісі осы кезге дейін ұстанып келген парадигмалардың
өзгеруіне əкеп соқты. Батыста əспеттелетін тұтынушы қоғам
идеясы өз өміршеңдігін жоғалтып, өз ойшылдарынан жаңа пер-
спективалар мен жаңа ой үлгілерін талап ете бастады. Ал жаңа
дегеніміздің өзі ұмыт болған, ұмыт бола бастаған ескінің өзі емес
пе? Ендеше біз де ақыры осы «ескіге» қайта оралдық. Тəуелсіздік
166
алып, егеменді ел атанып, желкенін керіп əлемдік саясат айды-
нына шыққан Қазақ елінің де алдында жаңа жағдайдағы жаңаша
көзқарас қалыптастыру міндеті тұрды. Əлемдік өзгерістерге сер-
гек үн қата білген Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы «Қазақстанның
əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай
20 қадам» атты мақаласында: «Тұтынудың бұл идеологиясы
бүлдіруші болғанына бүкіл əлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол
əлемнің дамыған елдерінде жаппай əлеуметтік масылдық туын-
датты жəне жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі бо-
лып табылады , - деп атап көрсете отырып, - Ақыр аяғында, əлемдік
өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық жəне
мəдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес,
адамның еңбегімен жасалады», - деп тұжырым жасайды. Жəне
батыстық тұтынушы қоғам идеясына балама ретінде Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Сөйтіп саясат сахнасы-
на, бүгінгі күннің ең өзекті мəселесі, өмір сүру үрдісі мен тіршілік
кебінің негізі ретінде Еңбек ұғымының шыққанына куə бола-
мыз. Бұл жайт бізге қазақ руханияты мен мəдениетіндегі Еңбек
ұғымына, Еңбек феноменіне зер сала үңілуімізді қажет етеді. Несін
жасырайық, бастапқыда Еңбек ұғымы қазақ түсінігінде негативті
мəнге ие болғанын көруге болады. Сөзіміз дəлелді болу үшін қазақ
тілінің лексикалық қорындағы Еңбекті деген ұғымға тоқталып
өтсек те жетіп жатыр. Қазақ ұғымында «Ер егіз, еңбекті жалғыз»
деген мақал бар. Мұның шешуін Мəшһүр Жүсіп былайша тара-
тады: ««Жəне қазақта бір мақал бар: «Ер – егіз, еңбекті жалғыз».
Ердің өзіне лайықты қатын жолықса, сонда «егіз» болады. Қатын
жаман болса, ағайын жаман болса, бала да жаман болса, «еңбекті»
деп, соны айтады. Ерлі-байлы екеуі аман тұрған күнде «егіз» есепті.
Бірінен-бірі айырылып қалса, қай қалғаны «еңбекті» сол болады.
Істеген ісі оңға басқан адам «егіз» есебінде: өзі біреу болса да, ісі
орынға тұрғандықтан, онымен – «егіз». Істеген ісі оңға баспаған
адам «жалғыз» есебінде, «еңбекті» деп соны айтады. Басы – аман,
малы – аман – бүтін тұрған адам – «егіз» есебінде, қаза-пəлеге
ұшыраған адам: «еңбекті» деп соны айтады. Қазақ мақалында бар:
«Еңбектінің үйінен етік басындай өлім шықсын!» – деген. Жəне
айтады: «Еңбектіге қара жер ойылады» – деген: «Құрғақ жердің өзі
167
оған саз балшықтай - басқан аяғын суырып ала алмай, əуре бола-
ды» – деген сөз». Жəне де бұл ұғымның генезисіне əрі қарай үңілер
болсақ, жас сəбидің əлі қатып үлгермеген басындағы былқылдап
тұрған жерін де Еңбегі деп атайды. Ə дегенде біз тəптіштеп
жазған осы мағыналық жағынан ұқсас, туыстас сөздердің ара-
сында ешқандай байланыс жоқ секілді. Бірақ назар салып, жіті
үңілер болсақ, əңгімеге арқау болар біраз жайттарды байқаймыз.
Енді осы көңілге түйген ойларды ортаға салайық. Алдымен, бұл
сөздің дүниеге жаңа келіп, адамның қан тамырының соғысындай
бүлкілдеп тұрған нəрестенің бас сүйегімен мағыналық байланысы
біраз ойға жетелейді. Əдетте жас сəбиге құмартып, құшып-сүйіп,
қолға алғысы келген адамдарды «байқа, əлі еңбегі қатпаған!» деп
ескертіп жатады. Иə, «еңбегі қатпаған»: өмірге енді келіп, жарық
дүниеге, тіршілікке əлі қалыптаса қоймаған сəби туралы əңгіме.
Өмірге құмартып, тіршіліктің дəмін алған нəресте енді біраздан соң
еңбектей бастайды. Еңбектеу барысында бас сүйегі қатайып, адам
санатына кіруге талпынады. Бəлкім, іңгəлап жарық дүниенің есігін
ашқан сəбидің ең алғашқы еңбегі де осы еңбектеуден басталатын
шығар... Тізерлеп, етпеттеп жүру , кейін бой тасалай, бұғып
жүру мағынасына ұласатын еңбектеу ұғымының антонимі – бой
жазу . Бұл сөз: а) денесінің құрысқанын тарқатты ; ə) дем алды,
денесін сергітті; б) кеңшілік алды, еркіндікке қол жеткізді , - де-
ген мағыналарды береді екен. Осы өзара қарама-қарсы ұғымдарды
салыстыра келіп, еңбектің адамға оңай тимейтінін аңғарамыз:
мұнда жан қиналу/ еңбектеу , жорғалау, өрмелеу, тырмысу /,
адамның табиғи еркіне тұсау салу / бой тасалап, бұғып жүру / бар.
Бəлкім қарапайым пенденің табиғи түйсікпен еңбектен қашатыны
да осыдан болар. Қалай болғанда да, осы сөздердің астарына
үңіле отырып, еңбектің еркіндік сүйгіш, өз еркімен жүріп-тұруға
құмар, қалағанын істеуге бейіл адамға берілген бір «жаза» екенін
түйсінеміз. Əрі «бой тасалай бұғып, тізерлей еңбектеп жүрген
адам ғана түптің түбінде əйтеуір бір бой жазады» деген де мағына
шығады. «Еңбек түбі зейнет» деп келетін қанатты сөздің шығу
төркіні де осыған меңземей ме?!
Ал осыдан келіп, «адам неден жазды?» немесе: «неден
жазықты болып қалды?» – деген сүйкімсіз сауалдар бас көтереді.
168
Жасыратыны жоқ, біз осы кезге дейін – «адамды адам еткен
еңбек!» – деген қағидаттты ұстандық. Қағида дұрыс болғанымен,
түбі шикі еді: бұл қағидатты тудырған маркстік-лениндік филосо-
фия бойынша адамның арғы тегі маймыл, оны адамға айналдырған
еңбек! – делінеді. Ал шынтуайтына келгенде, бұл қағидат Қасиетті
кітаптардан бастау алады. Тəурəттə бұл оқиға былай суреттеледі:
Адам ата мен Хауа ана жазықты боп, жылан кейпіндегі шайтанның
тіліне еріп «жеме!» деген жемісті жейді. Сонда Алла Тағала бəрін
алдына алдырып, əркімге тиісті жазасын беріпті. Жыланға Адам
ата мен Хауа ананы азғырып, тура жолдан тайдырғаны үшін: ендігі
жерде қарныңмен жорғалап боқ асайсың, – деп, жыланды аяқтан
айырған екен. Жыланның тіліне бірінші болып еріп, өзі жегенімен
қоймай, Адам атаға да жегізгені үшін Хауа анаға: сенің жазаңды
үстегеннің үстіне үстей түсемін, оны аты – жүктілік, - депті. Адам
атаға: семіздікті қой ғана көтереді дегендей, жұмақтағы шат-
шадыман өмірді көтере алмадың, ендігі жерде наныңды маңдай
терің тамшылап еңбекпен табасың, – депті. Осы ой жүйесін үзбей
жалғастырар болсақ, шынында да еңбек Адам атаға берілген
«жаза». Бірақ бұл жазаның антропологияда зор мəнісі бар: осы
«жаза», яғни еңбек арқылы ғана адам адам санатында болады екен.
Сонда біз қарастырып отырған еңбек – адамның жаратылысымен
біте қайнасқан ұғым болып шығады. Абайдың:
Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын,
– деп айтуында бір үлкен хикмет бар: еңбек адамның маңдайына
жазылып, жаратылысын анықтап тұрғандықтан да еңбек етпе-
ген адам бірден аза бастайды. Сондықтан Құдайдың тарапынан
берілген бұл «жазаның» адам болмысының ашылуындағы рөлі
зор, оң мағынаға ие.
Ал қазақ мəдениетінде еңбек ұғымының пайда болу қай кезең
деген сұраққа əліміз келгенше жауап беріп көрелік. Мұхтар Əуезов
өзінің «Абай Құнанбаев» атты монографиясында бұл мəселе тура-
лы: «Осыдан соңгы сан өлеңінде Абайдың бұрын қазақ ақындары
айтпаған бір тақырып етіп алатын айнымас ойы – еңбек туралы бо-
лады. Еңбекті Абайдың қадірлеуі қазақ поэзиясы үшін аса бір соны
сөз еді» – дейді. Ал əдебиеттанушы Амантай Шəріп өзінің «Қазақ
поэзиясы жəне ұлттық идея» атты монографиясында Əуезовтың
169
осы сөздерінің мəн-мағынасын ашып береді: «Ұлы ақынның өз
замандастарын тың үрдіске тəрбиелеуі əркез оның озғын ойлары-
мен жəне сыншылдығымен сабақтасып жатты. Мысал үшін мына
шумақтың мəніне үңілейік:
Адасып алаңдама, жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.
Халқын «түзу жолға шығуға» шақырған Абайдың бəрінен
бұрын: «Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай», – деп күйзелуінде
біраз сыр бүгулі. Себебі əлі көшпенділіктен көз жазбаған
жұрттың ата кəсібімен «араздасуы» – ең болмаса мал баға ал-
мауы тозғындықтың басталу белгісі емес пе?! Оның орнына «не
ғылым, не еңбек» жоқ. Ақын концепциясында «еңбекпен мал
табу» ұғымы бар, бірақ «мал бағу» мен «еңбек» бір мағынаны
білдірмейді. «Мал бағу» – өткен өмірдің атрибуты; «еңбек» – бүгін
мен болашақтың қарекеті. Ақын шығармашылығындағы еңбек
культі сол тұстағы қоғамдық қажеттіліктен, бұл қажеттілікті оның
қапысыз танып-түйсінуінен туған еді». Əдебиет зерттеушісінің
бұл пікірі қазақтың ата кəсібі – мал бағу мен жаңа заман талабы –
еңбектің ара-жігін айқын ажыратып беруімен құнды.
Ұлт ұстазы Абайдың қалыптап берген Еңбек культі идеясын
оның лайықты ізбасарлары Алаш қайреткерлері жалғастырады.
Абай айтпаған, айтпаса да тұспалдап кеткен Еңбектің Күрес
ұғымына
трансформациалануын
Алаш
қайреткерлерінің
мұрасынан анық байқаймыз. Алаштың ақтаңгері Əлихан
Бөкейханов: «Тіршілік – бəйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек
пен езге жол, бəйге, сыбаға, мүше жоқ. Тіршіліктегі жүйріктік –
ақылда, ұсталық пен жанкештілікте. Байлық түбі – ақыл һəм қол
ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымай-
ды», - дейді. Осы алтынға бергісіз ой маржандарын зерделей оты-
рып Ұстаз айқындап берген Еңбек культін Алаш қайраткерлері
саналы күрес жолына айналдырғанын байқаймыз. Жəне де
Абайдағы біртұтас еңбек ұғымы Алаш қайраткерлерінің сарала-
уында Ой еңбегі (Ақыл) мен Қол еңбегіне (Ұсталық) ұласқанын
170
аңғаруға болады. Бұл идеялар бүгінгі күні өз жалғасын тауып,
Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясына ұласқанын
байқаймыз. Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, Абайдан бастау
алған Еңбек культі Алаш қайраткерлерінің азаттық жолындағы
саналы күрес идеясына ұласса, бүгінде жаңа жағдайда, өзгеше
тұрпатта, тəуелсіздік пен ой еркіндігінің арқасында Еңбек ұғымы
жалпы қоғамның өмір сүру үрдісіне айналып отырғанын көреміз.
Оған дəлел Елбасының бізге ұсынып отырған «Қазақстанның
əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай
20 қадам» атты мақаласындағы қазақ əлеуметінің жаңғыртылуы
туралы идеялар. Сөз соңында Ахмет Байтұрсынұлының «Жиған-
терген» атты өлеңіндегі: «Еңбексіз ит жер, бейнетсіз бит жер» де-
ген халық даналығының үлгісін келтіргіміз келеді. Бұл сентенци-
ядан күнделікті күйбең тіршіліктегі адамның татар дəм-тұзы тек
қана еңбекпен келуі керек деген ойды оқимыз. Көркемдік ойлау
жүйесі образға, бейнелеуге құрылған халық даналығы жатып ішер
жалқауды адамның қанын теспей соратын битке, немесе тамақ
аңдып көрінгенге телмірген итке теңейді. Бұған қарама-қарсы, осы
айтылған əлеуметтік кеселге ем ретінде, еңбекпен ішер астың се-
беп-салдарлы байланысын халық даналығының қайнар көзі - қазақ
мақалы: «Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар» деп тұжырады.
Ендеше, осынша əлеуеттік қоры күшті, мəдениеті мейлінше бай,
еңбек мəдениеті қалыптасып үлгерген халықтың кедей болуға,
əлемдегі елдердің соңғы қатарында болуға еш һақысы жоқ қой деп
ойлаймыз.
171
«АЛАШ» РУХЫ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Биылғы жыл – Алаш қозғалысының 95 жылдығы. 1917
жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші
жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Яғни, 1917
жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің
- Алашорданың дүниеге келген күні. Ғұмыры ұзақ болмаса да
қазақтың тұңғыш үкіметі – Алашорда үкіметі құрылып, қазақ
халқының мемлекеттілікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш
қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен
бағдарламалары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруды мақсат
етті. Кез келген ұлт үшін мемлекеттілік басты құндылық болып
табылады. Əлихан Бөкейханов «мемлекеттілігі жоқ халық – жетім
халық» деп санай отырып, Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ
ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің бо-
луына ерен күш жұмсады. Міржақып Дулатов «Автономия алу –
мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді өз алдымызға мемлекет
боламыз деп тұрмыз» деді. Алашорда көшбасшылары халықтың
арманы болған өзін-өзі билеу идеясын аз уақытқа болса да іске
асыра алды. Ал бұл сөз жоқ, еліміздің ұлт-азаттық қозғалыс тари-
хында елеулі кезең болып саналады.
Алаш
қайраткерлерінің
қазақ
қоғамында
жүргізген
жұмыстарының бірі жəне бірегейі – автономиялық басқару
жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік
Сəбит Байдалы
«Ақ жол» партиясы Орталық
Кеңесінің идеологиялық жұмыс
жөніндегі хатшысы
172
тіл саясаты еді. Олар тіл жоқ жерде ұлт жоқ екенін, тілдің біздің
барлық рухани құндылықтарымыздың тұғыры екенін күллі жан-
тəнімен сезді. Олардың ана тіліне деген жауапкершілігі мен оның
беделін көтеруге жұмсаған күш-жігері, жанкештілігі ғаламат бо-
латын. Ана тілі - ата бабадан қалған ең асыл мұрамыз. Ал енді
тəуелсіздіктің арқасында мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болған
сол ана тілімізді көздің қарашығындай сақтап, қастерлей білу -
баршамыздың қасиетті парызымыз.
Осы қасиетті парызымызға жүрдім-бардым қарайтындарға,
мемлекеттік тілдің мəн-маңызын түсінбейтіндерге Алаш
арыстарының тіл мəселесіндегі қимыл - қарекеттерін үлгі етіп
ұсынуға əбден болады. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деп
жар салғанын жұрттың бəрі біледі. Халел Досмұхамедов «Өз
тілін өзі білмеген ел - ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт -
жойылған жұрт... Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу
- ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу
– ол сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор
қате» - депті. 1905 жылы Əлихан Бөкейхановтың Мəскеуде зем-
ство жəне қала қайраткерлері съезінде сөз сөйлеп, сол кездегі 5
миллион қазақ халқының тең құқығын үзілді-кесілді талап еткенін
ұмытсақ, оны мүлде кешіруге болмас еді. Кейінгі қалдыруға бол-
майтын əлеуметтік мəселелермен қатар ол өз сөзінде тіл, сайлау
еркіндігі проблемасын да көтерді: «...қазақтардың жуық арадағы
мұқтажы, əсіресе алдағы сайлау үгітіне байланысты қажет бо-
латын ана тілін қолданудағы еркіндік болып табылады жəне мен
съезде жергілікті тілдер құқықтарына орай барлық шектеулерді
дереу жоюды жақтап пікір айтылуын өтінген жолдастардың
ұсыныстарына қосыламын».
Алаштың саяси көсемінің осыдан бір ғасырдан астам уақыт
бұрын патшалы Ресейдің дəуірінде айтқан «қазақтардың жуық
арадағы мұқтажына» - ана тілінің еркіндігіне əлі қол жеткізе ал-
май отырмыз. Сəкен Сейфуллин Қазақ үкіметін басқарған тұста
қылышынан қан тамып тұрған кеңестік кезеңнің өзінде басыма
қатер төнеді-ау демей «қырғыз» атауын қазақ деп түзеп, «Қазақты
қазақ дейік» деп мақала жазған. Партияның қарсылығына қарамай,
төтенше сессия шақырып, Декрет қабылдауға ұйытқы болған.
Сонда «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, іс қағаз қазақ тілінде
173
жүргізілсін, ол қазақ аудандары мен болыстарында 1924 жылдың
1-інші қаңтарынан шілдеге дейін жүзеге ассын. Ал 1-інші шілдеден
əрі қарай қазақ пен орыс аралас отырған жердің барлығында да іс
қағазы қазақ тілінде жүргізілсін» деп жазылған. Бұл сол кезеңнің
тұрғысынан алғанда көзсіз ерлік, күнің біреуге қарап тұрған за-
манда басты оққа байлау. Осыны айтқан Сəкенді де қызылдардың
жыршысы деп кергігендердің болғаны жасырын емес. Тағы бір
Алаштың ұлына жүгінейік. Сəкен Сейфуллиннің орнына кел-
ген Нығмет Нұрмақов əділет комиссариатының алқа мəжілісіне
қатысып, «аралас аймақтағы сот қазылары мен тергеушілері
орысша да сауатты болсын. Мұндай аймақтардағы қазақ тілін
білмейтін, қызметке жарамсыз барлық іс жүргізушілер жұмыстан
босатылып, қазақша жетік білетіндермен алмастырылсын», - деп
талап қойған. Сол кездегі үкімет құрамында үш-ақ қазақ болып-
ты. Ақыры кеңестік империяның жендеттері олардың түбіне жетіп
тынды. Енді осы Алаш арыстары қазіргі тұста ұлттың рухына ай-
налуы тиіс емес пе?
ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары көтерген тіл мəселесі
бүгінгі ХХІ ғасырда да өзекжарды мəселе болып отыр. Бұл –
бір адамның, тіпті бір ғана Парламенттің мəселесі емес, бұл
бүкіл ұлттың абыройы, мəртебесі. Ұлт, Мемлекет жəне ұлттың
күретамыры - Тіл ұғымдары: біртұтас ұғымдар. Бұл егемендігін
алған қай елдің болмасын саяси-философиялық іргетасы. Сол
себепті де Алаш жолын ұстанған «Ақ жол» партиясы мемлекеттік
тілді игеру жəне дамыту, оған өзінің тиісті мəртебесін беру мəселесі
өне бойы «кейінге қалдырылатын», «екінші дəрежелі» міндет деп
емес, мемлекеттік құрылыстың ең басым мақсаттарының бірі деп
қарастырылуы тиіс деп санайды. Ол партия жасаған құжаттарда
өз көріністерін тапқан. Мəселен, 2009 жылы қабылданған ҚР-
ның 2010-2020 жылдарға арналған жаңа Ұлттық саясатының
Тұжырымдамасында, 2011 жылдың соңына қарай қабылданған сай-
лауалды тұғырнамасында мемлекеттік тіл мəселесіне де жеткілікті
дəрежеде көңіл бөлінген. Ал бұл Тұғырнама сайлауалды құжат ғана
емес, сайлаудан кейінгі істеріміздің де бағдарламасы. Онда келесі
басымдықтар белгіленген: Қазақстанның басқа этностарының
тілдік жəне этномəдени өзіндік ерекшелігін құрметтей отырып,
қазақ тілінің мəртебесін арттыру жəне қолданыс аясын кеңейту;
174
мемлекеттік тілді дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражаттың
тиімді пайдаланылуы мен іс жүзіндегі нəтижелілігіне кепілдік
беру; 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90 пайызының
мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу.
Партия төрағасы Азат Перуашев басқарған «Ақ жол»
партиясының Парламенттік фракциясы ағымдағы жылдың ма-
мыр айында сайлауалды тұғырнамасында жазылған келесі
ұстанымының, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының
азаматтығын қазақ тілін, ҚР Конституциясын жəне Қазақстан тари-
хын білуі жөнінен емтихан тапсырғаннан кейін беруді заңнамалық
тұрғыдан бекітуге күш салып, мемлекеттік тілді қолдану мен пай-
далану аясын кеңейту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Парламенттің қарауына заң
жобасын ұсынды. Мұндай қағида Қазақстан Республикасының
«Азаматтық туралы», «Тілдер туралы» туралы заңдарына тиісті
толықтырулар енгізуді талап етеді. Шет елдердің заңнамасына
салыстырмалы-құқықтық талдау мұндай заңнамалық талаптардың
дамыған құқықтық жүйеге ие көптеген елдерде бар екенін
көрсетті. Мысалы, Германияда азаматтық алу үшін заңды түрде
сегіз жыл бойы тұру, өзін жəне асырауындағы отбасы мүшелерін
материалдық жағынан қамтамасыз ету қабілетінің болуы, неміс
тілін жеткілікті дəрежеде білу жəне сол сияқтылар болып табы-
лады. Біздің ниетіміздің дұрыс болғандығын жуырдағы Ресей-
де азаматтық алу түгілі, уақытша күнкөріс үшін келген қоныс
аударушылардың өзінен орыс тілі мен ресей заңнамаларын білу
бойынша сынақ ала бастағаны да дəлелдейді. Мұндай заңнамалық
талаптар азаматтық алғысы келетін адамдарды мемлекеттік тілді
үйренуге, өзінің жаңа Отанына – Қазақстан Республикасына, оның
конституциялық құрылысына, мəдениетіне, дəстүрі мен тарихына
құрметпен қарауға ынталандырар еді.
Қоғамдық өмірдің əртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің
қолданылу жəне пайдаланылу саласын кеңейту, сондай-ақ кад-
рларда қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында əлеуетті
инвесторларға
(шетелдік
компанияларды
қоса
алғанда)
инвестициялық преференцияларды бергенде, концессиялық шарт
қоюда, жер қойнауын пайдалануға құқық алуға келісім-шарттарда
конституциялық нормаларға сəйкес мемлекеттік тілді міндетті
175
түрде пайдалану талабы белгіленуі қажет. Мұндай нормаларды
«Инвестициялар туралы», «Концессиялар туралы» жəне «Жер
қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарда бекіту
ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілге енгізіліп жатқан жаңа
терминологияны ретке келтіруге септігін тигізетін, мемлекеттік
қызметшілердің мансаптық өсуін қамтамасыз етуге жағдай жасау
мақсатында мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуды
ынталандыратын ұсыныстарды енгізе отырып, оның ешқандай да
əлеуметтік-экономикалық салдарларды көздемейтінін, қосымша
бюджет шығындарын талап етпейтінін, жалпы алғанда заң жоба-
сын қабылдау мемлекеттік тілдің қолданылу жəне пайдаланылу
аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретінін нақты дəлелдей алдық.
Біздің алған бағытымыздың дұрыстығын заң ғылымының елге та-
нымал ғалымдарының қатысуымен жасалған ресми ғылыми жəне
құқықтық сараптамалардың нəтижелерінің оң болуы да растай-
ды. Алайда, 31 мамыр күні партияға аталған заң жобасы бойын-
ша Үкіметтің теріс қорытындысы келіп түсті. Елбасымыз барша
қазақстандықтар мемлекеттік тіл аясында бірігуі керек дейді. Ал
Президентіміздің бұрынғы үкіметі мемлекеттік тілдің мəртебесін
көтеруге бағытталған заң жобасына қарсы шығады. Фракция
мемлекеттік тілді өзінің тиісті тұғырына қондыру үшін елімізге,
халқымызға аса қажет патриоттық бастамасынан бас тартпақ
емес. Мəселе күн тəртібінен əзірше алып тасталынды.
Ал күнделікті тірлікте мемлекеттік тілді нығайтудың қазіргі
заңнама шеңберіндегі практикалық қадамдарын жасай беруіміз
қажет. Оның үлгісін жақында тағайындалған жаңа Премьер-Ми-
нистр Серік Ахметов «Үкімет енді өз мəжілістерін мемлекеттік
тілде өткізетін болады» деп үкімет мəжілісін қазақ тілінде өткізіп
көрсетті. Енді осы үрдісті тоқтатып алмай, оны дамыта түсіп,
біздің үкімет келесі қадамға барса тіпті абзал болар еді. Тиісті та-
лап қойып, барлық салалық министрліктерде жəне республиканың
барлық облыстарында іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін
жуыр маңда қамтамасыз етулерін міндеттеулері керек. Соны-
мен қатар Үкімет жəне жергілікті билік органдары диаспора
өкілдерінің шоғырланып тұрған аймақтары мен елді мекендерін
нақты анықтап, соларда қажеттілігіне орай орыс тілі жəне басқа
тілдерді қолданудың жағдайларын жасауды тиянақтап қойғандары
176
жөн. Үкіметті бақылап, олардың қазақша сөйлеуін талап етуге тиіс
Парламенттің өзі де қазақша сөйлеуді қажетсінетін емес. Парла-
ментте қазақша сөйлеуге кім кедергі болып отыр? Ешкім де. Ең
бастысы ниет болуы керек. Өкінішке қарай ниет, ынта-ықылас
болмай тұр. Қазақ елінің заңдарын дайындап, ұсыну, талқылау,
қабылдауды мемлекеттік тілге көшірудің тетіктерін ойлап жатқан
ешкім жоқ. Орыс тілінен аударып, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізіп жатырмыз деген кешегі «жетістігіміз», бүгінгі біздің
басты кедергіміз. Ендеше өзімізді-өзіміз алдауды доғарайық.
Көзбояушылыққа бармайық. Арымыздың алдында адал болайық.
Мемлекеттік тілдің мəселесінің биліктегілердің пенделік, өткінші
мүдделерінің тасасында қалып қоймауын азаматтық қоғам
қадағалауын тоқтатпауы керек. Конституцияның, Заңдардың та-
лаптарын орындау салтанат құратын елде өмір сүруге барлығымыз
мүдделі болуға тиіспіз.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы мем-
лекеттік тілдің толыққанды дамуы жəне оны еліміздің барлық
азаматтарының меңгеруі əрбір қазақстандық үшін елді ажырату-
шы емес, біріктіруші мақсат болуы керек деп санайды жəне осыған
қызмет етеді. Партияның өз ішінде облыстардың бірқатарында
партия филиалдары жанынан мемлекеттік тілді оқыту мектептері
ашылып, олар өз жұмыстарын бастап та кетті. Біз қазіргі таңда
мемлекеттік тіл болып отырған қазақ тілінің күнделікті өмір
пен отандастарымыздың өзара қарым-қатынасында кеңінен
қолданылуы Алаш арыстарының да аңсаған арманы болғанын
ешуақытта естен шығармауымыз керек.
«Алаш» қозғалысының мемлекеттік тілге, мемлекеттілікке,
жалпы ұлттық құндылықтарға көзқарастары Алаш жолын
ұстанған «Ақ жол» партиясы үшін теориялық қана мəселе емес,
бұл ең алдымен, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық мəселе.
Сол себепті де біз бүгінгі «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын
жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» атты
ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты етіп, Алаш
мұрасын жаңа заманның талаптарына, сұраныстарына сай зерде-
леуге, Алаш идеяларының іске асырылуының тəуелсіздігімізді бе-
кемдеп, нығайта түсуге қызмет ететініне қоғамдық пікір туғызуға
тырысып отырмыз.
177
Бүгінгі Қазақстан Республикасы - Алаштың бұл арманының
іске асқанының көрінісі. Алаш көшбасшылары қазақ қоғамын
біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен
ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақты
жағдайларға бейімдеуді өздерінің анық та айқын мақсаты тұтты.
«Алаштың» асыл мұраттары қазіргі таңда халқымыздың қолдауына
ие болып отырған Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ə.Назарбаевтың еліміздегі əлеуметтік, сондай-ақ глобальды
экономикалық жəне саяси үдерістер үшін тұжырымдамалық маңызы
аса зор Əлеуметтік жаңғырту бағдарламасының бағыттарымен
үндес. Шын мəнінде, бұл бағдарлама мемлекетіміздің дамуы-
на жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай
келетін, Алаш арыстары армандаған жаңа құндылықтар жүйесін
қалыптастырып отыр.
Енді 5 жылдан кейін - 2017 жылы Алаш қозғалысының,
Алашорданың құрылғанына 100 жыл толады. Ал одан бір жыл
бұрын - 2016 жылы Алаштың саяси көсемі Əлихан Бөкейхановтың
150 жылдығын да кеңінен атап өту парызымыз. Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Мұхтар Əуезов, Шəкəрім Құдайбердиев жəне
басқа да қазақтың көрнекті қайраткерлері, тіпті Ресейдің сол
кезеңдегі озық ойлы интеллигенциясы Əлихан Бөкейхановты қазақ
халқының көшбасшысы ретінде бағалап, мойындаған. Біз осы ұлы
тұлғаның да бағасын өз дəрежесінде бергеніміз жоқ. Алдағы 4-5
жыл аралығында қоғамдық санаға сілкініс енгізіп, Алашорданы,
Алаш қайраткерлерін лайықты ұлықтау қажет екендігіне қазақ елі
үкіметінің, баршаның көзін жеткізіп, түсіндіруіміз қажет. Алаш
мұрасымен сан ұрпақ сусындап, Алаш рухын бойына сіңіріп,
халыққа қызмет етудің, əлемдік бəсекеге төтеп берудің үлгісін
алуы керек.
178
Достарыңызбен бөлісу: |