Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев


 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда 2-ші бүкіл



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда 2-ші бүкіл 
қазақ құрылтайы өткізілді.
Құрылтайдың  күн  тəртібіне 10 мəселе  қойылды.  Олардың 
ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, ми-
лиция һəм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мəселелері болды. Құрылтай 
делегаттары  Уақытша  үкімет  құлатылғаннан    кейін  қазақтардың 
өмір  сүруінің  өзін  күрделендіріп  жіберген  анархия  (тəртіпсіздік) 
жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі 
берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ə. 
Бөкейханов,  Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ мили-
ция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы – Семей 
қаласы, кейін Алаш-қала атанды.
Қазақ  халқының 20 ғасыр  басындағы  ең  ауыр  кезеңінде, 
толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, елді құрып кетуден 
аман алып қалып, болашаққа бастаған Алаштықтардың еңбегі ора-
сан. Біреуін ғана, ең бастысын айтсақ, 1920 жылы қазақтың Жер 
декреті бекітіліп, шекарамыз алғаш заңды күшіне ие болды.
Алаш  партиясының  басты  бес  бағыты: 1. Жерге  ең  алдымен 
қазақ ие болу керек. 2. Жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайда-
лануы керек. 3. Өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика, 4. қазақ 
тілінің  мемлекеттілігі,  діні  мен  ділінің  үстемдігі, 5. Білімнің  да-
муы, міне осы бес бағыт бір ғасырдан кейін , бүгін де өте өзекті 
болып отыр.
Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов пен Əлихан Бөкейхановтан 
екі-ақ мысал келтіре кетсек. Ахмет Байтұрсынов «Біз бай, білімді, 
əрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін –кəсіп, білімді болу үшін 
оқу  керек.  Ал  күшті  болу  үшін  –Бірлік  керек»  дейді.  Бай  болуы 
- кəсіп, білімді болуы –оқу, яғни зиялылық болса, осы екі басты 
бағыты  біздің  «Ақ  жол»  партиясының  қос  қанаты  болып  келеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 
Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы бағдарламасында «Барлық 
қабылданатын  шешімдер  егжей-тегжейлі  есептеліп,  əлемдік 
тəжрибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дəлелденген ұтымдылық 
қаперге алына отырып қабылдануы тиіс» деген кəсібилік қағидатын 
ұсынды. Ал біздің еліміздің күшті болуына бастайтын Бірлікті Ел-
басымыз Тəуелсіз Қазақстанның басты тірегі ретіндегі темірқазық 

233
бағыт етіп ұстанып, оны бүкіл қазақстандықтар қолдап отырға нын 
бəріміз мақтан етеміз.
Ал  Алашорда  үкіметінің  төрағасы  Əлихан  Бөкейханов 
«қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім болып, əрбір темірі 
өзіне  түйме  болуы  тиіс»  деп,  нарықты  экономикаға  негізделген 
мемлекет қана өркендейді дейді. Жапонияның ұлттық экономикаға 
баса назар аударғаннан бастап, күрт дамып кеткенін үлгі етеді ол. 
Бұл арманын да бүгінгі Қазақстан бейнесінен көруге тиіспіз.
Ендеше  біз  бүгінгі  Тəуелсіз  Қазақстанның  бастауында 
тұрған,  елімізді  алғаш  ұлттық  санаға  көтерген  Алаш  арыстарын 
ардақтауды неге кешіктірудеміз. 
Алаш  арыстарының  рухын  жас  ұрпаққа  сіңіру  үшін,  бұған 
мемлекет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс. Алаштың 
90 жылдығы жергілікті деңгейде ғана аталды. Ал алдағы 95 жыл-
дықты  үкіметіміз  қалай  атап  өткелі  отыр?  Өйткені  Алаш  жеке 
ұйымның немесе жеке партияның ғана меншігі емес, Алаш – бүгінгі 
Тəуелсіз  Қазақстанның  бастауында  тұрған  алғашқы  толыққанды 
үкімет пен саяси партия. 
Біріншіден,  ең  алдымен  мектеп  оқулықтарында  жеткілікті 
көлем  берілуі  керек.  Ал  қазір  «Қазақстан  тарихы»  оқулығында 
бар болғаны бір жарым бет қана. Бұл ешқандай елде болмайтын 
келеңсіздік.  Əрбір  қалада  олардың  ескерткіштері  орнатылуы 
тиіс.  Кітаптар  мен  фильмдер  көптеп  шығарылып,  мектептерді 
қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу орындарында Алаш идеясын 
оқыту  жүйеге  айналуы  керек.  Алаш  оқулары  жолға  қойылып, 
еліміз бойынша қанат жаюы тиіс. Алаш мұрасы мен тарихы тура-
лы кітаптар мемлекеттік тапсырыспен шығарылуы тиіс.
Алаштың ордасы болып, Алашқала аталған қазіргі Семейдегі 
Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Алашорда үкіметі мен Алаш пар-
тиясы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, ол үйді мұражайға 
айналдыру кезек күттірмейтін мəні зор мəселе.
«Ақ  жол»  партиясы  Алаш  қозғалысының 95 жылдығына 
орай  «ХХ1  ғасырда  Қазақстан  қоғамын  жаңғыртудағы  «Алаш» 
қозғалысы  идеяларының  өзектілігі»  тақырыбына  конференция 
өткізу  туралы  шешім  қабылдады.  Конференция  осы  жылдың 
қараша айында Астана қаласында өткізілмек. Онда Алаш туралы 
ғылыми еңбектерге бəйге жариялауды жоспарлаудамыз.

234
Қорыта айтқанда, Алаш идеясы – бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан-
ның да басты идеяларының бірі болуы тиіс.
Баяндалған  мəселелерге  байланысты,  алдағы  Алаштың 
95  жылдықты  үкіметіміз  қалай  атап  өткелі  отырганы  туралы 
хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Парламенті мəжілісінің
«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы: 
А.Перуашев
 
 
 
 
 
 
Е.Никитинская
 
 
 
 
 
 
М.Қазбекова
 
 
 
 
 
 
А. Əбілдаев
 
 
 
 
 
 
С.Сəрсенов
 
 
 
 
 
 
А.Тұртаев
 
 
 
 
 
 
Н. Жазылбеков
 
 
 
 
 
 
Т.Ерғалиев

235
ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР 
РЕСПУБЛИКИ 
КАЗАХСТАН
201   2   жылғы 4 желтоқсан  
                 Астана, Үкімет Үйі 
          «___» __________201____года
№   20-11/6057 
 
 
 
 
           №______________
№______данасы 
 
 
 
 
           экз. №___________
Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мəжілісінің 
депутаттарына
2012 ж. 08.11.
№ДЗ-288
Құрметті депутаттар!
Сіздердің «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалысының 95-жылдығын 
атап өту туралы депутаттық сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. 
Еліміз  тəуелсіздік  алған  күннен  бастап  тарихымыздың  беттерінен 
айрықша  орын  алатын  «Алаш»  қозғалысын,  Алаш  идеясын  насихаттау, 
дəріптеу  жəне  халық  жадында  мəңгі  қалдыру  мақсатында  елеулі  істер 
атқарылуда. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  арнайы  қаулысымен 2008 жылы 
республика деңгейінде Алаш қозғалысының 90 жылдығы атап өтілді жəне 
оның аясында көптеген танымдық, тағылымдық іс-шаралар атқарылды. 
Атап  айтқанда,  Алаш  қозғалысында  арналған  тақырыптық  деректі 
фильм  түсірілді,  облыстық  театрларда  қойылымдар  көрсетілді, «Алаш 
мұрасы»  көркем  əдебиеттер  сериясы  мен  «Алаш»  энциклопедиясы  бас-
падан  шығарылды,  жоғарғы  оқу  орындарында  «Алаш»  қозғалысының 
90  жылдығына  арналған  ғылыми-теориялық  конференциялар  мен  поэзия, 
проза, əуен жəне бейнелеу өнері номинациялары бойынша шығармашылық 
конкурстар  өткізілді,  тарихы  «Алаш»  қозғалысы  өкілдерінің  өмірі  жəне 
қызметімен  байланысты  қалалар  мен  елді  мекендерде  мемориалдық 
тақтайшалар орнатылды, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. 
Ал, 2010 жылдың  қараша  айында  Орынбор  қаласында  «Алаш» 
қайраткері  А.  Байтұрсыновтың  тұрған  үйіне  жəне 1917 жылы  жалпықазақ 
съездері өткен ғимаратқа ескерткіш тақталар орнатылса, 2011 жылы тамыз 
айында Мəскеу қаласының Покровский бульварындағы Т. Рысқұлов тұрған 
үйге мемориалдық тақта орнатылды. 

236
Еліміздің республикалық жəне облыстық мұражайларында халық наза-
рына Алаш қозғалысының тарихын көрсететін тұрақты тақырыптық экспози-
циялар ұсынылған жəне жыл сайын тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып 
отырады.  Сонымен  бірге,  Алаш  қозғалысының  қайраткерлеріне  арналған 
Семей қаласында «Алаш арыстары» – Мұхтар Əуезов», Алматы қаласында 
А.  Байтұрсыновтың,  Солтүстік  Қазақстан  облысында  М.  Жұмабаевтың 
мұражай-үйлері қызмет атқарады.
Көптеген  ономастикалық  объектілерге  Алаш  қайраткерлерінің  есімі 
берілді.
Алаш  қозғалысының  мұрасын  дəріптеу  білім  беру  саласында  да 
жүргізілуде. Атап айтқанда, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академи-
ясында «Алаштану» таңдау курсының оқу бағдарламалары əзірленуде, білім 
беру  ұйымдарының  бағдарламалары  кеңестік  дəуірдегі  «ақтаңдақтардан» 
тазартылып,  қоғамдық-цикл  пəндері  Алаш  қозғалысының  қызметі, 
қайраткерлерінің  өмірі  туралы  материалдармен,  олардың  əдеби  туындыла-
рымен толықтырылды.
Атап айтқанда, «Қазақстан тарихы» пəнінің оқу бағдарламаларына Алаш 
қозғалысы,  оның  тарихы,  мақсат-мүддесі,  көшбасшылары,  қайраткерлері 
жəне  көсемдері  жөнінде  оқу  материалдары  енгізілген. «Қазақ  əдебиеті» 
пəнінің  оқу  бағдарламаларында  Алаш  арыстары  А.  Байтұрсыновтың, 
М. Дулатовтың, Ш. Құдайбергенұлының, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытов-
тың,  С.  Торайғыровтың  халық  ой-санасын  оятуға,  азаттық  идеяларын 
адамгершілік  ұстанымдарын  насихаттауға  бағытталған  ағартушылық 
сипаттағы көркем шығармалары кеңінен қамтылған.
Л.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 2006 жылдан 
бері «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығы қызмет атқарады.
Алаш қайраткерлері Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 
Дулатов,  Шəкəрім  Құдайбердіұлы  сияқты  көптеген  арыстарымыздың 
еңбектері жарық көрді. Тұңғыш рет М. Шоқай туралы фильм түсіріліп, басқа 
елдерге тарап жатыр.
Ал,  Алашорда  автономиясының  орталығы – Семей  қаласында  Алаш 
қайраткерлеріне  ескерткіш  орнату  үшін  оның  таңдаулы  жобасына  бірнеше 
рет байқау өткізіліп, нəтижесінде үздік жоба іріктелді. Бұл ескерткішті Алаш 
қозғалысының 100-жылдық  мерейтойы  қарсаңында  орнату  жоспарланып 
отыр. Бұдан басқа да тағылымды, танымды игі шаралар жалғасын табатын 
болды.
Ел  тəуелсіздігінің  бастауында  тұрған  «Алаш»  ұлттық-демократиялық 
қозғалысының  мерейтойлық  атаулы  күндерін  салмақты  əрі  сапалы 
дайындықпен  жоспарлап,  заңнамалық  белгіленген  тəртіпке  сəйкес  респуб-
ликалық деңгейде 100-жылдығын өткізгенді мақсатқа сай деп ойлаймыз.
С. Ахметов

237
23.01.2013 жарияланды
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С.Н. Ахметов мырзаға
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
«Ақ Жол» партиясының парламенттік фракциясы өткен жылы 
Алаш  қозғалысының 95 жылдығының  қарсаңында  Алаш  рухын 
ардақтауда əлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, 
өзіңіздің атыңызға депутаттық сауал жолдағанбыз. Алашқа байла-
нысты  Қазақстан  Тəуелсіздігін  алғаннан  бері  істелген  жұмыстар 
туралы хабардар еткен Сіз қол қойған жауапты да алдық. 
Одан  кейін  қараша  айының 23-інде  «Ақ  жол»  партия-
сы  осы  датаға  орай  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінің  қолдауымен  «ХХ1  ғасырда  Қазақстан  қоғамын 
жаңғыртудағы  «Алаш»  қозғалысы  идеяларының  өзектілігі» 
тақырыбында  ғылыми-практикалық  конференция  өткіздік.  Осы 
конференцияның жəне Алматыда, бірқатар облыстарда жалғасын 
тапқан  Алаш  тақырыбына  өткізілген  əртүрлі  жиындардың 
қатысушылары  «Алаш»  қозғалысының 100 жылдығын  еліміздің 
өміріндегі  аса  маңызды  тарихи  оқиға  ретінде  бағалап,  оның 
дайындығына  Үкіметті,  Парламентті,  басқа  да  мемлекеттік  ор-
гандар  мен  қоғамдық  ұйымдарды  қазірден  кірісуге  шақырды. 
Алаш  идеясын  ұлықтаудың,  Алаштың  жүріп  өткен  жолы  мен 
тəжірибесінен  сабақ  алудың,  жалпы  ұрпақтар  сабақтастығының 
маңыздылығы аталып көрсетілді. 
Мəңгілікке  ұмтылмайтын  ұлт  жоқ.  Елбасымыздың  Қазақ-
стан-2050»  Стратегиясында  бұл  нақты  көрініс  тапқан.  Мемлекет 
Басшысы  өзінің  Жолдауында  «Бабаларымыз  тірі  болу  үшін  бір 
болса, біз əрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек» деп тəуелсіз 
елімізді  «Мəңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылғанымызды  жариялады. 

238
Жəне оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі, бүгінгі 
буынның  ерен  істері  жəне  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасын-
да сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз». Бұл рет-
те  атқаруға  тиіс  ең  зор  міндетіміз - жасампаз  жəне  өміршең  ұлт 
қалыптастыру жолында еңбек ету, осы мұратқа жеткізетін заңдық 
негізі  қуатты  қоғамдық  тетіктер  (механизм)  жасау.  Соның  бірі 
Алаш қайраткерлерін ардақтаудың деңгейін биікке көтеруді бұдан 
əрі  кешіктірмеу.  Алаш  арыстарының  рухын  жас  ұрпаққа  сіңіру 
үшін,  бұған  мемлекет  кешенді  түрде  келіп,  баса  назар  аударуы 
тиіс. 
Уақыт  тез  өте  шығады.  Алаш  қозғалысының 100 жылдығы 
да  алыс  емес. «Ақ  жол»  фракциясы  осы  ретте  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметіне  мынадай  шараларды  белгілеуді 
ұсынады:
1.  Алаш  қозғалысының 100 жылдығын  мемлекеттік  жəне 
жалпыұлттық  дəрежеде  атап  өту  үшін  Мемлекеттік  комиссия 
құруды, сондай-ақ оған жалпымемлекеттік жəне аймақтық кешенді 
бағдарламалар даярлау ісін жүктеуді.
2.  Жас  ұрпақты  Алаш  идеясымен  кең  ауқымда  жəне  жүйелі 
түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тəрбиелеу мақсатында 
Алаш  қозғалысына  қатысты  архив  құжаттарын,  бірінші  кезекте 
1928-1932 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот 
процестері материалдарын көп томдық түрінде жариялау ісі қолға 
алынғаны жөн. 
3.  Осы  «Алаш  ісі»  сот  процесімен  тікелей  байланысы  бар 
келесі мəселе ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген 
саяси репрессия материалдары. Қазақстан тарихында ұлттық сая-
си басқарушы топқа (элита) жəне шығармашылықтағы зиялыларға 
байланысты  жүргізілген  жаппай  репрессиялау  шараларының  се-
беп-салдары  іргелі  зерттеу  тұрғысынан  əлі  де  болса  жан-жақты 
толық  ашылмаған  күйінде  қалып  келеді.  Бұл  алаңдаушылық 
туғызатын  жағдай.  Мəселе  мынада.  Көрші  Ресей  мемлекетінің 
тарихшы ғалымдары батыстық зерттеушілермен шығармашылық 
бірлікте  КСРО-ның  сталиндік  кезеңіне  байланысты 100 томдық 
зерттеу  еңбектерінен  тұратын  ғылыми  жобаны  іске  асырды. 
Қазақстандағы репрессия тарихы отандық тарихшы-ғалымдардың 

239
күшімен қорытылғаны дұрыс. Ондай болмаған күнде ХХ ғасырдағы 
қазақ тарихына байланысты Ресейлік көзқарасты қабылдауымызға 
тура келеді. Мұндай жолға түсу, əрине, өкінішті болар еді.
Осы мəселелерді ескере отырып, алдағы қабылданатын шара-
лар жөнінде хабардар етуіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
Парламенттік фракция мүшелері: 
 А.Тұртаев
 А.Перуашев
 Е.Никитинская
 Н. Жазылбеков
 А.Əбілдаев
                                         М.Қазбекова
                                               С.Сарсенов
                                               Т.Ерғалиев

240

241

242
28.01.2013
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! «XXI-ғасырдағы 
Алаштың Ақ жолы» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
«XXI-ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ 
БАЙҚАУЫ
Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық  партиясы «XXI-
ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы»  Жалпыұлттық  байқауын  өткізеті-
нін  хабарлайды.  Шараның  басты  мақсаты  «Алаш»  қозғалысының 
шығармашылық  мұрасын  жəне  принциптік  көзқарастарын  зерделеу 
жəне оны қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына тарату болып табылады.
Байқауға қатысуға өз елінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын, 
саяси партияларға мүшелігіне қарамастан студенттер, жас ғалымдар 
жəне журналистер шақырылады. 
Пікірсайыс  үш  кезеңнен,  төрт  номинация  бойынша  шығарма-
шылық байқау пішімінде өткізіледі.
Номинациялар:
1. «Алаш»  қозғалысы  қайраткерлерінің  мемлекет  құрылысына 
жəне  демократиялық  құндылықтарға  көзқарастары,  олардың  қазіргі 
заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
2. «Алаш» 
қозғалысы 
қайраткерлерінің 
экономикалық 
көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
3. «Алаш»  көшбасшылары  жұмыстарындағы  қазақстандық 
қоғамның əлеуметтік жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мəселелері 
жəне олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі. 
4.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ағымдағы  жылда  жария-
ланған  жоғарыда  аталған  кез-келген  тақырыптар  бойынша  үздік 
публицистикалық материал.
Кезеңдер:
1  кезең:  жазбаша  жұмыстарды  (эссе,  шығармалар)  сырттай 
іріктеу.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. 
Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды  қабылдау  мерзімі  аяқталғаннан  кейін,  байқаудың 
арнайы  қазылар  алқасы  бір  айдың  ішінде  əрбір  номинация  бойын-

243
ша 10 үміткерден  іріктеп  алады,  олар  екінші,  бетпе-бет  кездесетін 
пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 
2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікір таластары. 
1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 айдың ішінде 
өткізіледі.
Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер əр но-
минация бойынша баяндамалар жасайды, одан кейін бəсекелестерінің 
сұрақтарына  жауап  береді  жəне  сондай-ақ  олардың  баяндамаларын 
талқылауға қатысады. Пікірталастар əрбір номинация бойынша бөлек 
өтеді.
Пікірталастар  қорытындылары  бойынша  əр  номинациядан 2 
үміткерден финалдық сатыға қатысу үшін іріктеліп алынады. 
3  кезең:  Алаш  Орданың  (Алаш  үкіметінің)  құрылғанына 
96  жылдығы  қарсаңында  «ХХ1  ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы» 
Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі.
2-ші кезеңнің жеңімпаздары барлық номинациялар бойынша ба-
яндамалармен сөйлейді жəне сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың 
қорытындылары  бойынша  байқаудың  басты  марапаттарының 
иегерлері анықталады.
Конференция  материалдары  жеке  басылыммен  жарияланатын 
болады. 
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары 
үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші  кезеңнің  лауреаттары  (əр  номинация  бойынша 10 үздік 
жазбаша жұмыстар) – 25 мың теңгеден;
- 2-ші  кезеңнің  жеңімпаздары  үшін  (əр  номинация  бойынша 2 
үздік үміткер) – 100 мың теңгеден;
- əр номинация бойынша Жалпыұлттық байқаудың жеңім паздары 
үшін – 250 мың теңге. 
2-ші  жəне 3-ші  кезеңдегі  бетпе-бет  пікірсайыстарға  қатысуға 
шақырылғандар үшін іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді. 
1-ші  кезеңге  қатысу  үшін  байқау  жұмыстары ««ХХ1 
ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, 
Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның 
Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына 
немесе alash_akzhol@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.

244
28.01.2013
ВНИМАНИЕ!!! ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ КОНКУРС 
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
Демократическая партия Казахстана «Акжол» объявляет о прове-
дении  Общенационального  конкурса «XXI-ғасырдағы  Алаштың  Ақ 
жолы» (Светлый путь Алаша в XXI веке), задачей которого является 
изучение и популяризация творческого наследия и принципиальных 
подходов движения «Алаш» в современном казахстанском обществе.
К участию в конкурсе приглашаются студенты, молодые учёные 
и журналисты, неравнодушные к судьбе своей страны, независимо от 
членства в политических партиях.
Конкурс проводится на казахском и русском языках по четырём 
номинациям в три этапа.
Номинации:
1. Взгляды деятелей движения «Алаш» на государственное стро-
ительство и демократические ценности, их актуальность для совре-
менного Казахстана;
2. Экономические воззрения деятелей движения «Алаш» и их ак-
туальность для современного Казахстана;
3. Вопросы социальной модернизации и европейского пути раз-
вития казахстанского общества в работах лидеров «Алаша» и их ак-
туальность для современного Казахстана.
4. Лучший публицистический материал, опубликованный в теку-
щем году в СМИ по любой из вышеперечисленных тем.
Этапы:
1 этап: заочный отбор письменных работ (эссе, сочинений). Кон-
курсные работы принимаются до 1 июля 2013 г. Объем представляе-
мых работ – не более 12 с.
После окончания срока приёма работ, специальное жюри конкур-
са в течение 1 месяца отбирает по 10 претендентов в каждой номина-
ции, которые приглашаются на участия во втором, очном этапе.
2 этап: очные дебаты победителей 1-го этапа. Проводится в тече-
ние 3 месяцев после подведения итогов 1-го этапа. 

245
В ходе очных дебатов, претенденты по каждой номинации высту-
пают с докладами, затем отвечают на вопросы конкурентов и также 
участвуют в обсуждении их докладов. Дебаты проходят раздельно по 
каждой номинации.
По итогам дебатов от каждой номинации отбираются по 2 пре-
тендента для участия в финальной стадии.
3  этап:  Проводится  накануне 96-ой  годовщины  создания  Алаш 
Орды (правительства Алаш), в рамках Общенациональной конферен-
ции «XXI-ғасырдағы Алаштың Ак жолы».
Победители 2 этапа по всем номинациям выступают с докладами 
и отвечают на вопросы. По итогам обсуждения определяются облада-
тели главных наград конкурса.
Материалы конференции будут опубликованы отдельным изда-
нием.
Призовой фонд конкурса составляет 3 млн. тенге. 
Для  победителей  и  лауреатов  Общенациональной  дискуссии 
устанавливаются следующие премии:
- для лауреатов 1 этапа (10 лучших письменных работ по каждой 
номинации) – по 25 тысяч тенге;
- для победителей 2 этапа (2 лучших претендента по каждой но-
минации) – по 100 тысяч тенге;
- для победителей Общенационального конкурса по каждой но-
минации – 250 тысяч тенге.
Командировочные расходы для участия приглашенных в очных 
дебатах на 2 и 3 этапе оплачиваются ДПК «Ак жол».
Конкурсные работы для участия в 1 этапе, с пометкой «XXI-
ғасырдағы  Алаштын  Ак  жолы»/  Светлый  путь  Алаша  в XXI 
век» - направлять  по  адресу: 010000 г.  Астана,  ул.  Сарайшык 
д.11,  офис  №5,  Центральный  аппарат  Демократической  партии 
Казахстана «Ак жол» или по электронной почте: alash_akzhol@
mail.ru

246
МАЗМҰНЫ
Сəбит Байдалы
ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН! ....................................................................................................... 3
Азат Перуашев
БІЗ АЛАШ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ƏЛЕУЕТІН ƏЛІ ТОЛЫҚ АША АЛҒАН ЖОҚПЫЗ ......11
Азат Перуашев
НУЖНО РАЗВЕЯТЬ МИФ ОБ «УЗКОЛОБОМ НАЦИОНАЛИЗМЕ» 
ДВИЖЕНИЯ «АЛАШ» ................................................................................................... 21
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы 
Азат Перуашевтің Астана қаласында өткен Алаш қозғалысының 
95 жылдығына арналған «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын 
жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» 
атты ұлттық ғылыми-практикалық конференциясындағы кіріспе сөзі 
(23 қараша, 2012 жыл) ..................................................................................................... 31
Дихан Қамзабекұлы
АЛАШ – ТЕМІРҚАЗЫҚ ................................................................................................. 35
Кабульдинов Зиябек Ермуханович
ЧАЯНИЯ АЛАШСКОЙ ИНТЕЛЛИГЕНЦИИ И ПЕТИЦИОННОЕ 
ДВИЖЕНИЕ КАЗАХОВ В НАЧАЛЕ XX ВЕКА .......................................................... 42
Бəкір Əбдіжəлел 
 «АЛАШ» ПАРТИЯСЫ: ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ИДЕЯСЫ ....................................... 50
Өмірзақ Айтбайұлы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖƏНЕ АЛАШ ТАҒЛЫМЫ........................................... 57
Шанбай Тұрдықұл
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ПАССИОНАРЛЫҚ ҚУАТЫ ........................................... 71
Екатерина Никитинская
ОБ ЭКОНОМИЧЕСКОМ НАСЛЕДИИ АЛАШ-ОРДИНЦЕВ ..................................... 77
Мырзакелді Кемел
СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ .............. 94
Амантай ШƏРІП
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ 
ҮДЕРІСТЕР ЖƏНЕ АЛАШ ТƏЖІРИБЕСІ ................................................................. 104
Қайрат САҚ
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ................................................111
Азамат Əбілдаев
«АЛАШ» ИДЕЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖƏНЕ ХХI ҒАСЫРДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ ................................................................ 121
Анарбек Орман
 АЛАШ КӨТЕРГЕН ƏЛЕУМЕТТІК МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ  
БҮГІНГІ КҮНМЕН ҮНДЕСТІГІ .................................................................................. 130
Людмила Жуланова 
ПРОГРЕССИВНЫЙ ХАРАКТЕР СОЦИАЛЬНЫХ 
ПРЕОБРАЗОВАНИЙ   ПРОГРАММЫ ПАРТИИ «АЛАШ» ...................................... 137

247
Қазыбек Иса
 АЛАШ ИДЕЯСЫ -ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ИДЕЯСЫ .......................................... 146
Амангелді Айталы
АЛАШ ИДЕЯСЫ: КЕШЕ ЖƏНЕ БҮГІН .................................................................... 151
Ханбибі Есенқарақызы
АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖƏНЕ ТƏУЕЛСІЗДІК ............................................................ 158
Омар Темірбеков
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҰҒЫМЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН 
ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: АБАЙДАН АЛАШҚА ДЕЙІН .......................................... 165
Сəбит Байдалы
«АЛАШ» РУХЫ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ........................................................... 171
Əбілхан Төлеуішев
Ғарифолла Əнес
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВТІҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖƏНЕ 
ТАҒЫЛЫМДЫҚ ӨНЕГЕСІ .......................................................................................... 178
Мақсат Жақау
АЛАШОРДАНЫҢ АМАНАТЫ ЖАСТАР ЖАДЫНДА ............................................ 187
Жұмамұрат  Шəмші
АЛАШ ОРДАНЫҢ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНЕ ƏСЕРІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ ............... 190
А.Т. Перуашевтің Алаш қозғалысының 95 жылдығына арналған «ХХІ ғасырда 
Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» 
атты ұлттық ғылыми-практикалық конференциясын жабардағы қорытынды сөзі ...... 203
Асылбек Кожахметов
Приветственное слово на круглом столе НАСЛЕДИЕ  «АЛАШ» 
КАК ОСНОВА НАЦИОНАЛЬНОГО БИЗНЕСА НЕЗАВИСИМОГО 
КАЗАХСТАНА» МАБ, 21.12.2012 ............................................................................... 206
А.Т.Перуашевтің Алматыда 2012 жылдың 21 желтоқсанында Халықаралық 
Бизнес Академиясының  «Алаш» қозғалысының 95 жылдығының құрметіне 
«Ақ жол» партиясымен бірлесіп өткізген «дөңгелек үстелдегі» сөйлеген сөзі ....... 209
Айгуль Тулембаева
АЛАШ – ПАССИОНАРНЫЙ ВСПЛЕСК КАЗАХСКОГО ДУХА, 
АЛАШЕВЦЫ  –  ОТЦЫ-ОСНОВАТЕЛИ КАЗАХСКОЙ РЕСПУБЛИКИ ............... 212
Айжан Капаева
КАЗАХСКИЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЫ НАЧАЛА ХХ ВЕКА .......................................... 220
Сəбит Байдалы
«АЛАШ» ИДЕЯЛАРЫ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС» .................... 224
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 
Парламенттік фракциясының Алаш мəселесі туралы Үкіметке 
жолдаған депутаттық сауалдары жəне оған қайтарылған жауаптар ......................... 231
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ..................................................................................... 235
ВНИМАНИЕ!!! ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ КОНКУРС 
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» .......................................................................... 237

248
XXI-ҒАСЫРДАҒЫ 
АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ
Редакторы Байдалы С.
Техникалық редакторы жəне дизайнері Қожахметов А.
Компьютерде беттеген Акылова А.А.
Басуға 23.05.2013 ж. Пішімі 60×84
1
/
16
.
Баспа табағы 15,5. Шартты баспа табағы 14,4.
Есептік баспа табағы 11,7. Офсеттік басылым.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 4/154-13.
«Экономика» Баспасы» ЖШС
050063, Алматы қаласы, Сайын көшесі, 81-үй.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет