Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,57 Mb.
#6475
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Əбілхан Төлеуішев
саясаттанушы, 
ҚР Мəдениет 
қайраткері, «Ақ 
жол» ҚДП Атырау 
облыстық кеңесінің
мүшесі
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВТІҢ ӨМІР ЖОЛЫ 
ЖƏНЕ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ӨНЕГЕСІ
Екі  ғасыр  тоғысында  бодандықтың  бұғауындағы  бейқам 
халқын  өркениеттің  өріне  сүйреген  көсемдер  мен  серкелердің 
көзге  ерек  шалынар  басты  қасиеті – олардың  қай-қайсысы  бол-
масын жан-жақты, «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар-тұғын. Са-
яси  күрескер,  жалынды  жаршы-публицист,  əрі  ғалым,  əрі  киелі 
өнер  иесі  жəне  белгілі  бір  мамандықтың,  соны  саланың  бастау-
көзінде  тұрып,  ізашар  болу – халқымыздың,  маңдайына  біткен 
осы  үркердей  шоқжұлдыздардың  несібесі.  Осындай  алып,  нар 
тұлғалардың бірі əрі бірегейі – Халел Досмұхамедұлы.
Халел  Досмұхамедұлы 1883 жылы  сəуірдің  соңғы  күндері 
қазіргі  Атырау  облысы,  Қызылқоға  ауданындағы  Тайсойған 
құмында  дүниеге  келіп, 1938 жылдың 26-ншы  шілдесі  күні 
Ресейдің Воронеж қаласында үй-ішімен айдауда жүрген жерінде 
Ғарифолла Əнес
филология 
ғылымдарының 
докторы, 
халелтанушы

179
НКВД-ның  тұтқынына  алынды.  Одан  Мəскеуге,  кейінірек 
Алматығы  жеткізіліп,  егер  сол  жылдары  өз  елін  өз  қаңқасып 
қырғынға ұшыратқан Ішкі істер органдарының мəліметтеріне сен-
сек, 1939 жылы 24-інші  сəуірде  «əскери  трибуналдың  үкімімен 
атуға  бұйырылады»,  ал 19-ынша  тамызда  “түрме  ауруханасында 
өкпе туберкулезінен қайтыс болады”.
Сол  бір  азалы  жылдардың  азабын  сараптағанда,  əрине,  ең 
алдымен,  жазықсыз  жалаға  душар  болған  шейіттердің  қасіретті 
қазасы  тілге  оралады,  əйтсе  де,  ең  бір  өкініштісі,  жаңадан  тəй-
тəй  тұрып  келе  жатқан  қазақ  қауымы  үшін,  ұлттық  асыл  мүдде 
үшін, сорпа бетіне шығар жақсылар мен жайсаңдардың ел, жұрт 
қамы үшін істер тіршіліктерінің, асыл еңбектерінің шорт кесіліп, 
зая  кеткендігі  еді...  Қаншама  айтылмаған  сөз,  жазылмаған  кітап, 
ашылмаған  жаңалық...  сол  бейкүнə  кеуделерде  мəңгіге  өшті 
десеңізші?! Ондай өкініш табы біз өзіміз сөз еткелі отырған Ха-
лел  Досмұхамедұлының  өмірі  мен  шығармашылығын  көктей 
шолғанда да көз алдыңа еріксіз көлбеңдейді.
Бар-жоғы 55-56 жыл ғұмыр кешкен Халекеңнің қысқа да мəнді 
өмірбаянын, біздіңше, төрт кезеңге бөліп қарастырған орынды:
 Тұлғалану жылдары (1916-ншы дүрбелең жылдарға дейін);
 Ат үстінде өткен, күрес жылдары (1916-1920);
 Ғылыми-шығармашылық  һəм  қоғамдық-педагогикалық 
қызметпен айналысқан жылдары (1921-1928);
 Қуғын-сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1929-1939).
Біздің  бұлайша  аз  ғана  ғұмырды  жіліктеп-жіктеп  көрсетіп 
отырған  себебіміз,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  біріншіден, 
бүгінгі  біздің  қолымызға  тиіп  отырған  оның  мұралары  негізінен 
екі  қолдың  он  саусағын  бүксең  жетер-жетпес  аз  ғана  жылды 
қамтитын  үшінші  кезеңде  шыр  етіп  дүниеге  келгендігін  баса 
көрсету болса, екіншіден, қолынан қаламы еріксіз алынып, орны-
на кісен-бұғау салынбағанда əлі қаншама тың еңбектер жазылып, 
кітаптар жарыққа шығар еді-ау деген өшпес өкінішімізді тағы бір 
қайталау ғана. (Əрине, халқым, ұлтым деген «ыстық қайрат, нұрлы 
ақыл, жылы жүрек» қарап жатпасы анық...).
Енді  қысқаша  Халекеңнің  өмір  жолындағы  осы  бел-белесті 
кезеңдерге тоқтала кетелік.

180
Халел он балалы Досмұхамед отбасының жетінші болып көр-
ген қызығы, ұлдан (Хасен, Халел, Құлбайыс, Құлымжан) екіншісі 
еді.  Кішкентайынан  ауылдағы  молдадан  хат  танып,  одан  соң 
жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі. Тайсойған құмының 
Сорқуыс атты мекенінде айналасына мəлім «Машақ ауылы» деген 
қоныс болған. Машақ би – Досмұхамедтің əкесі, Халелдің атасы, 
сол  себепті  де  кейбір  құжат-документтерде  Халекең  «Машақов» 
болып та жүреді. Машақ əулеті Кіші жүздегі Он екі ата байұлының 
Беріш  тармағынан,  оның  ішінде – Жайық-Беріштен  тарайды. 
Жайық-Беріштің шартарапқа кең танылып, аты шыққан – атақты 
Алдар  би  жəне  оның  немересі,  Исатай-Махамбеттердің  тілеулес 
серігі – Байнақ би. Сол Алдар бидің шөбересі, Байнақ бидің ұлы 
Машақтың  бел  баласы,  Досмұхамедтен  үлкені – Дəулетүмбет 
(1848-1907)  алғашқы  оқыған  азаматтың  бірі.  Үйшіктен  орысша-
қазақша училище ашқан.
Осы  оқыған  ағаның  нұсқауымен 1894 жылы,  он  бір  жа-
сында  Халел  Орал  қаласындағы  əскери  реальді  училищенің 
дайындық класына қабылданып, онда орыс тілін тез меңгеруімен, 
зеректігімен танылады. 1902 жылы оны үздік бітіріп, тағы бір жыл 
дайындық класында оқып, 1903 жылы алыс астана – Петербордағы 
Императорлық  Əскери-медициналық  академияға  латын  тілінен 
қосымша  емтихан  тапсырып  түседі...  Міне,  осылайша  құмда 
өскен  алаш  ұлының  шыңға  өрлеу  баспалдағы  басталады.  Бұрын 
да, кейін де санаулы ғана қазақтың басына қонған бақыт – аста-
на  Петерборда  оқу,  ақ  түнді  қарсылай  жүріп  білім  нəрін  жинау 
Халел Досмұхамедұлы өміріндегі ең бір жарқын, сəулелі жылдар 
болатын.
Студент  Халел  академияда  оқыған  кез (1903-1909) – берісі 
Ресей,  əрісі  Еуропа  тарихындағы  аумалы-төкпелі,  аласапыранды 
уақыт екені белгілі. 1905-1907 жылдардағы ел ішіндегі қоғамдық-
саяси  тұрақсыздық,  саяси  белсенділік  өрекпіп  өршіген  жылдар 
оның қалыптасуына əсерін тигізбей қоймады.
Оны əсіресе оңшылдардың ұлыорысшыл шовинизмі, бұратана 
халықтардың тағдырына немқұрайлы көзқарастары ашындырды.
Осы жылдары ол ел ішінде – Орал облысында үгіт жүргізеді, 
жергілікті  «Фикр» («Пікір»), «Уральский  листок»  газеттері 

181
бетінде  патшалықта  болып  жатқан  саяси  толқулар  мəнін 
халыққа  түсіндіреді. 1905 жылдың  соңында  Орал  қаласында  бес 
облыстың  делегаттары  бас  қосып,  съезге  жиналып,  құрған  Ре-
сей  кадеттер  партиясының  жергілікті  бөлімшесі  есепті – «Қазақ 
конституциялық-демократиялық  партиясының» 9 адамнан 
тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен 
бірге сайланады.
Халекеңнің ата қонысы – Тайсойғанның Сорқуысында, Жəйім 
шағылында  бүгіндері  жерлестері  орнатқан  үлкен  тас,  ескерткіш-
белгіге «Халелдің ставкасы» деген жазу ойылып жазылған. Міне, 
осы жерге Халел сол студент кезінің өзінде-ақ арнайы төрт бөлмелі 
үй салғызып, өзі каникулға, кейіннен демалысқа келген кездерінде 
осы үйде ауру-сырқауларды қабылдап, елдің үлкен-кішісінің бəрін 
медициналық тексеруден өткізіп отырған.
Ғасыр  басындағы  көшпелі  қазақ  ауылындағы  медициналық 
көмек  көрсету  жағдайы,  санитарлық-эпидемиологиялық  жұмыс 
жүргізу ісі өте мүшкіл халде болатын.
Тəн  саулығының  шипагері,  доктор  Халел  туған  халқының 
дəрігерлік  көмекке  мұқтаждығын,  түрлі  аурулар  алдындағы 
дəрменсіздігін  күнделікті  көзбен  көріп, «қолмен  ұстады»;  өзі  де 
қарлығашша  шырылдап,  қанатымен  су  септі,  бар  білім-білігі 
мен  азды-көпті  тəжірибесін  аямады.  Өз  қолымен  онды,  жүзді 
емдегенімен,  мыңдарға,  миллиондарға  білгенін  үйретіп,  ақыл 
кеңес  берудің  жолы – баспасөз,  қалам  күші  екенін  ұқты.  Өзінің 
кəсіби алғашқы мақалалары – «Тамыр дəрі хақында», «Сары кезік 
– сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды ізашар еңбектерін Ах-
мет  Байтұрсынұлы  шығарып  тұрған  бірегей  басылым – «Қазақ» 
газеті (1913-1918) бетінде жариялай бастады. Осылайша, оның ел 
ішіндегі өзі секілді аздаған оқыған дəрігер, докторлардан өзгеше 
қыры – дəрігер-қаламгерлігі  басталды,  үлкен  шығармашылық 
жолының  бастау-көзі  ашылды.  Дəрігер,  жанкешті  азамат  əрі 
қаламгер-көсемсөзші – «доктор  Халел»  көптің  көзіне  шалынды, 
аты ауызға ілінді.
1917 жылғы 21-28-ші шілде аралағында Орынбор қаласында 
болып өткен Бірінші жалпықазақ съезінде Халел Досмұхамедұлы 
басынан аяғына дейін төрағалық етті. 

182
Хатқа  түспеген,  ауызша  жеткен  кейбір  деректерде  бұл  жаңа 
партияның атын «Алаш» деп қою туралы Халел Досмұхамедұлы 
ұсыныс енгізді делінеді.
«Алаш» партиясы ресми құрылған, «Алашорда» мемлекетінің 
(үкіметінің)  негізі  қаланған,  Орынборда 1917 жылғы 5-13-ші 
желтоқсанда  болып  өткен  кезекті  (екінші)  Жалпықазақ  съезінде 
оны  «арнайы  шақырылған  делегат»  ретінде  көреміз.  Бақыткерей 
Құлманұлы  төрағалық  еткен  бұл  басқосуда  Халекең  Əлихан 
Бөкейханұлы, Ғұмар Қараш жəне Əзімхан Кенесариндермен бірге 
төралқаның қосымша төрағасы болады. Осы съезде қазақтың бар-
ша бетке шығар көшбасшылары бір ауыздан тарихи «Жалпықазақ 
съезінің қаулысын» қабылдады.
Алаш  мемлекеті  мен  үкіметінің  бас  органы – Ұлт  (Халық) 
Кеңесі құрамына Орал облысынан Халел Досмұхамедұлы, Бөкей 
Ордасынан  Уəлихан  Танашұлы,  облыстардан  тыс  Жаһаншаһ 
Досмұхамедұлы сайланды. Кеңес төрағасы, яғни жаңа жарияланған 
Қазақ Елінің тұңғыш Елбасысы болып Əлихан Бөкейханұлы бала-
малы жағдайда сайланды.
Халел  мен  Жанша 1918 жылдың  наурыз  айын  Мəскеуде 
өткізді:  елдің  жаңа  басшысы  В.И.Ленинмен  жəне  Ұлт  мəселелері 
жөніндегі  Халық  Комиссары  И.В.Сталинмен  көзбе-көз  сөйлесіп, 
Алашорданың  талаптарын  айтты.  Большевиктер  кеңес  өкіметін 
толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, ал олар Алашордаға 
ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік жəне сот жүргізу), 
өз əскері болу (халық милициясы) сияқты талаптарын, қазақтар көп 
шоғырланған жердің бəрін, ата қонысты қазаққа түгел қайтарып, бір 
орталыққа алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды 
тоқтату, қаржылай көмек алу сияқты шұғыл шешімін табуы қажет 
мəселелерді өткір қойды. Соның кейбіріне қол да жеткізді.
1918  жылдың 18-21-ші  мамыры  аралығында  Жымпиты 
қаласында  Орал  өңірі  қазақтарының  кезекті  төртінші  съезі  бо-
лып өтті. Таяу арада жалпақ Ресейде бүліншілік тоқталып, боль-
шевиктерден  басқаның  бəрі  асыға  күткен  Құрылтай  Жиылысы 
шақырылды,  Ресей  федеративтік  демократиялық  республикасы 
орнап, тарыдай шашыраған қазақтар өз автономиясын алады деген 
үміттен көз жазбаған олар осы съездің шешімімен Қазақстанның 
бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым 

183
– «Ойыл  уəлəятының  Уақытша  үкіметін»  жариялайды.  Оның 
төрағасы болып Жаһаншаһ Досмұхамедұлы сайланады. Қыркүйек 
айының ортасында кеңес үкіметіне қарсы оппозициялық күштердің 
Уфа директориясын жариялауға жиналған мəжілісіне келген Ала-
шорда  қайраткерлері  бұл  шешімді  мақұлдап,  Ойыл  уəлəятына 
«Алашорданың  батыс  бөлімі»  деген  атпен  пəрмен  береді.  Олар 
тездетіп қарулы жасақ – Алаштың атты əскерін ұйымдастырады, 
Самарадағы  Комуч  үкіметінен  қару-жарақ  алады.  Ұлттық  банк 
ашады, баспахана ұйымдастырады, «Еркін қазақ» газетін жарыққа 
шығарады.  Ең  бастысы – Ырғыз  бен  Маңғыстау  арасын  мекен-
деген  қалың  қазақты  ақтың  да,  қызылдың  да,  казачествоның  да 
талауына  бермей,  қорғап  тұрады. 1918 жылдың  аяғы  мен 1919 
жылдың басында Орталық Алаш үкіметінің қайраткерлері Кеңес 
өкіметін  амалсыздан  мойындады.  О  бастан  большевиктік  иде-
яны  қабылдамаған,  қызылдармен  қарулы  қақтығысқа  түскен 
қазақ  оқығандарының  қыл  үстіндегі  тағдырын  Мəскеуге  арнайы 
барған Ахмет Байтұрсынұлының қажырлы еңбегі бір жолға аман 
сақтап  қалды.  В.И.Лениннің 1919 жылы 10 шілде  күні  «Қазақ 
өлкесін  басқару  жөніндегі  революциялық  комитет»  құруы  жəне 
оның  төрағасының  орынбасарлығына  А.Байтұрсынұлының 
тағайындалуы – Кеңес  өкіметі  алдында  тізе  бүккен  Алаш 
қайраткерлерінің жалп етіп өшкен үміт отын қайта тұтатты.
Қызылдардың  тез  арада,  үзілді-кесілді  берілуін  талап  еткен 
шешіміне  Батыс  Алашордасының  басшылары  келісе  қоймады. 
Өздерінің  халық  сайлаған  заңды  үкімет  екендігін  алға  тар-
тып,  Қызылқоға  бекінген  ақтардың  қалдығын  екі  жақтап,  бірге 
талқандау  жоспарын  ұсынды.  Бірақ  Қызыл  армия  штабы  үзілді-
кесілді  берілу  талабынан  қайтпады.  Осындай  сын  сағатта 1919 
жылдың  желтоқсанның 27-сі  күні  Алаш  атты  əскері  (жалпы 
Күнбатыс  Алашордасында  əр  жылдарда  екі  мыңнан  үш  мыңға 
дейін  тұрақты  қарулы  қол  болған)  таңғы 7-де  Қызылқоғаға 
бекінген Елек корпусының штабын басып алады. Генерал Акутин 
бастаған  офицерлерімен  қоса 500 жасақты  тұтқындап,  көп  қару-
жарақ олжалайды. Екі күн бойы оларды құтқармақ болған казак-
тармен ұрыс жүргізеді.
Қызылқоғаға  келіп  жеткен  Қызыл  армия  бөлімдері  Алаш 
əскері қолға түсірген олжаның бəрін иеленеді, Алаш үкіметі мен 

184
жасағын таратады, ал оның басшыларына кешірім беру не бермеу 
мəселесі талай айлар бойы өз шешімін таппайды. Оған М.Фрунзе 
бастаған  майдан  басшыларының  Жанша  мен  Халелге  нағыз  жау 
деп қараған көзқарас, пиғылдары себепші болды. Ұзақ дау-дамай-
дан соң Кирревкомның 1920 жылғы наурыздың 5-де қабылдаған 
қаулысына  сəйкес  ұлттық  Алашорда  үкіметі,  белсенді  басшыла-
ры халықтан оқшауландырылып, Жаһаншаһ Досмұхамедұлы, Ха-
лел Досмұхамедұлы, Иса Қашқынбайұлы, Кəрім Жəленұлы жəне 
Беркінғали Атшыбаев Мəскеуге, Ресейдің орталық губерниясына 
жіберіледі. Осылайша Халекеңнің ат үстінде өткен қайраткерлік, 
күрескерлік  жылдары  аяқталады.  Ең  бастысы – «қырық  жыл 
қырғын болса да, ажалды өледі» дегендей, қаншама оттың орта-
сында жүрсе де, құдай елеп, аман-сау қалады...
1920  жылғы  жаздың  соңына  таман  Х.Досмұхамедұлы  Таш-
кент  қаласына  келеді.  Ташкент  бұл  кезде  бірнеше  туыстас 
түркі  халқының  басын  біріктірген  Түркістан  Автономиялы 
Республикасының орталығы болатын.
Санаулы  ғұмырының  қас  қағым  сəті – «Ташкент  кезеңі» 
Халел  үшін  бар  күш-қуат,  интеллектуалдық  білім-білік,  зор 
ұйымдастырушылық қабілетін жарқырата көрсеткен жемісті жыл-
дар болды. Сарғайған еңбек кітапшасына үңілсеңіз, онда басшылық 
та, қосшылық та қызмет-дəреже қоса-қабат жарыса жазылып жүр: 
ординатор, мектеп дəрігері, əрі Түркістан Денсаулық сақтау халық 
комиссариатының бөлім меңгерушісі, коллегия мүшесі, институт-
та оқытушы, проректор, əрі баспагер һəм ғалым... Оның сыртын-
да «Талап» сынды қоғамдық бірлестік құрғаны, «Сана» журналын 
шығарғаны... тағысын тағы жұмыстары бар.
1920  жылы  тамыздың 21-і  күні  Түркреспубликасы  Халық 
ағарту  комиссариаты  жанынан  Түркістан  халықтарының  оқу-
ағарту, мəдени һəм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы Білім 
комиссиясы ұйымдастырылады. Халел Досмұхамедұлы, алдымен, 
осы комиссияның мүшесі (ол кездегі төрағасы – Иса Тоқтабайұлы), 
кейіннен  төрағасы  болады.  Осылайша  бір  кезде  Петерборда 
тірнектеп жинаған білім қазынасын туған халқына қайтарар, руха-
ни қарыз-парызын өтер кезі де дөп туады.
Əмбебап  ғалым,  энциклопедист  Х.Досмұхамедұлының  қала-
мынан  туған  кітаптар  мен  оқулықтарға  көз  салсақ,  оның  ба-

185
сты  екі  салаға  жіктелетінін  көреміз.  Заман  қажеттілігінен  туған 
«Табиғаттану» оқулығынан басқа сүбелі еңбектері – өз мамандығына 
тікелей қатысы бар, яки медицина-биология ілімі аясынан туын-
дайтын шығармалар. Бұл тұста өз мойнына ауыр жүк алған ғалым 
тыңға түрен салады. Еуропа ғалымдарының үлгі-өнегесіне сүйене 
отырып, қазақ тілінде төл терминдік қор жасап, мүлде жаңа сапалы 
оқулықтарды дүниеге əкеледі. Х.Досмұхамедұлының үш бөлімнен 
тұратын «Жануарлар» сынды оқулығы ол кезде Орта Азияда жаңа 
мəдени  құрылыс  құрып  жатқан  халықтардың  еш  бірінің  тілінде 
жазылмаған, дүниеге келмеген кезі еді. Сол себепті де Түркістан 
республикасындағы  барша  тұтас  түркі  жұртшылығы,  олардың 
алғашқы оқығандары, ұстаздар қауымы бұл оқулықтарды өздеріне 
жолбасшы құрал ретінде пайдаланды, үлгі тұтты деп айтуға толық 
құқығымыз бар. Медицина мен гигиена, биология мен адам ана-
томиясы һəм жалпы табиғаттану саласында өз заманында шыңға 
шығып, қоғам сұранысын өтер соны да төл іргелі еңбектер жазған 
жаратылыстанушы ғалым рухани, қоғамдық ғылымдар саласында 
да өшпес іс, қайталанбас қайрат туғызары кім-кімді болса да тəнті 
етері сөзсіз.
Х.Досмұхамедұлының  мəдени  тарихымыздағы  «ерен  еңбегі 
не?»  дегенде,  алдымен  ойға  оралары – əдебиетіміздің  классигі 
Махамбетті  «тірілткені»,  оның  алдаспан  жыр-толғауларын 
бүгінгі  ұрпаққа  мирас  қылғаны.  Тарихын  қастерлеген  халықтар 
үрдісіне  ден  қойсақ,  Х.Досмұхамедұлы  артына  басқалай  іс-жол 
қалдырмағанның өзінде, біздіңше, осынау жалғыз ерлік-еңбегімен 
ғана өз-өзіне мəңгілік ескеркіш орнатқандай еді... Мұрат Мөңкеұлы, 
Шернияз шешен, Ығылман жырау, «Қарасай-Қази», «Қыз Жібек», 
«Кенесары-Наурызбай»,  Абай,  Мағжан,  Бернияз...  Сол  бір  қиын 
кезде, осылардың бəрін хатқа түсіріп, тасқа бастыру – ерлік емей, 
немене!?.
1930 жыл, қыркүйектің 15-і. Ф.И.Голощекиннің «тазалауының» 
екінші  толқыны («бірінші  толқынға»  А.Байтұрсынұлы  бастаған 
Мағжан,  Жүсіпбек,  Міржақып  т.б.  арыстар  іліккен  болатын) 
өз  үйіріміне  тағы  бір  арысты – Х.Досмұхамедұлын  да  ала 
кетеді:  сүйікті  ісі  мен  қолдағы  қаламынан  еріксіз  айырады. 
1932  жылдың 20-шы  сəуірінде  ОГПУ  үштігінің  (тройкасының) 
шешімінен  Ресейдің  қаратопырақты  аудандарының  біріне  жер 

186
аударылуға үкім кесіледі. Сөйтіп ол қалған санаулы ғұмырын от-
басы, бала-шағасымен бірге Воронеж облысы мен қаласында бас 
бостандығынан  айырылып,  құқығы  шектелген  айыпкер  ретінде 
өткізеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де, елге оралмайды. 
Сірə,  Қазақстан  аспанын  шарлап  жүрген  «қара  қарға»  жемтігіне 
айналудан сақтанғаны шығар... 1938 жылы екінші рет қамалғанда 
шиеттей бала-шағасына: «Енді мені күтпеңдер. Елге көшіңдер...», – 
деп тіл қатып қана үлгереді... Мəскеу түрмесі, Алматы абақтысы... 
Сұраусыз  қан,  құнсыз  өлім...  Белгісіз  қабір...  Ескерткішсіз, 
ескерусіз  қалған,  əдейі  ұмыт  қалдырған  жарты  ғасыр...  Жарты 
ғасырлық жартас үнсіздік...
Халқы  Халел  еңбектерін  іздейтін,  жоқтайтын  күн  туды. 
Аймақтық  Халел  Досмұхамедұлы  қоры  құрылды  (президенті 
–  Д.Е.Əбдірахимова).  Туған  топырағында  елді  мекен  мен 
университетке,  Атырау,  Алматыда,  т.б.  қалаларда  орталық 
көшелерге  есімі  берілді.  Ғұмыр  жолы  мен  шығармашылығы 
зерттеліп,  конференциялар  өткізілді,  тұрақты  «Халел  оқулары» 
ұйымдастырылды,  жоғары  жəне  орта  оқу  орындарында  стипен-
диялар  тағайындалды...  Бүгінде  Х.Досмұхамедұлының  есімі  мен 
еңбегіне  жоқшы  болып  жүргендердің  аты-жөнін  түгелдей  атап 
шығудың өзі үлкен күш. Əр саладан осы абыройлы, əруақты іске 
ат  салысып  жүрген  кейбір  азаматтардың  ғана  атын  атап  кетер 
болсақ, олар: ғалымдар – З.Қабдолов, К.Нұрпейісов, Ш.Сарыбаев, 
Б.Хабижанов,  А.Мектепов,  диссертант  Р.Əлмұқанова,  туыста-
ры – Қарашаш  Халелқызы  мен  жиені  Д.Əбдірахимова,  жазушы, 
баспагер  М.Құлкенов,  меценат – Ж.Нəбиев,  қоғам  қайраткері 
Т.Ізмұхамедов һəм тағысын тағы азаматтар... 
Халел  Досмұхамедов – халқымыздың  біртуар  перзенті, 
Алаш  партиясы  мен  Алашорда  қозғалысының  белгілі  де  беделді 
жетекшілерінің бірі болған қоғам қайраткері, əмбебап ғалым. Біз 
бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған, елімізді алғаш 
ұлттық  санаға  көтерген  Алаш  арыстарын  ұмытпауымыз  жəне 
ардақтауымыз  қажет.  Алаш  арыстарының  рухын  жас  ұрпаққа 
сіңіру үшін күресе беруіміз керек. Алаш идеясы – бүгінгі Тəуелсіз 
еліміздің  басты  идеяларының  бірі  болуы  тиіс.  Алаш – бүгінгі 
Тəуелсіз  Қазақстанның  бастауында  тұрған  алғашқы  толыққанды 
үкімет пен саяси партия.

187
Мақсат Жақау
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық 
филиалы төрағасының 
орынбасары, саясаттанушы 
АЛАШОРДАНЫҢ АМАНАТЫ ЖАСТАР ЖАДЫНДА...
Бүгінгі күндері, біз ХХІ ғасырдың бай да, дəулетті марқайған 
ұрпағымыз. Айтайын дегенім, тəуелсіздіктің толық құндылығымен 
өмір сүріп отырған буынбыз, кешегінің тұяқ серпіген, тамырымен 
құлатса да, қасқайып діңгегін сақтаған, ұрпағым үшін деп ары мен 
намысын  жəннатқа  ала  кеткен  Алаш  бабаларымыздың  аңсаған 
бақытына  сүңгіген,  піскен  ыстық  күлшедей  күннің  жылуына 
бетімізді емен-жарқын қыздырған жастарымыз. 
Еліміздің  білдей  бір  партияның  өз  саяси  өмірінде  Алаш 
идеясын  байрағына  айналдырып,  халықтың  сана-сезімін  бір 
күндігіне азық болатындай емес, бар өмірінің азығына айналдырар 
ағартушылық бағытын тұрақты түрде үзбей жүргізіп келе жатуын, 
бүгінгі өтіп жатқан конференциясынан көруге болады. 
Конференцияның  мақсаты  маңдайынан  миы  көрінгендердің 
бір-біріне білгендерімен бөлісуін қамтамасыз ету емес, барынша 
тыңдайтын жас құлақтардың сана-түйсіктеріне жеткізу болып та-
былады.  Сондықтан  ғылыми-практикалық  жиналыстың  форма-
тында  жиналған  қауымның  жетпіс  пайызы  жастардан  құралуы, 
жас маман ретінде мені қуантып отыр. 
Өкінішке  орай,  мына  ақпараттық  заманда  көп  əрекеттердің 
нəтижесіздігі орын алуда. Осы уақытқа дейін қаншама конферен-
циялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өтуде. Оның дені көбі, 
əкімшіліктік жолмен ұйымдастырылып, жай есептің қорытындысы 

188
сипаттағы  науқанға  айналағанына  етіміз  де  үйренді.  Ары  кетсе, 
1000  тиражбен  кітаптар  том-томымен  шығарылады,  брашюралар 
жинақталады. Бірақ ұрпаққа берер еш пайдасы жоқ. Сонда, осының 
бəрі кім үшін, не үшін деген заңды сауал туындайды?! Егер жас 
буын оқымаса, оған деген ынта-жігерімен бұқаралық қолдауға ие 
болмаса, алаштың аманатын кім алып жүреді?!
Мына жерде, жастарға қарап отысақ, қолдарында ұялы теле-
фон, аңдығандары ішіндегі мобильдік агент, жедел ақпарат алма-
сып,  жұмысын  тындырып  отырған  құтты  іскерліктің  өкілдері... 
бірнеше алдымда құнды дүниелерді айтып өткен баяндамашылар 
болды.  Алайда  олардың  сөздері  тыңдаусыз,  аяқсыз  қалды.  Сон-
да  жастар  саналы  түрде  тек  қажетті  ақпаратты  қабылдауды  жөн 
көруде.  Меніңше,  біз  өмірдің  жаңа  талаптарымен  санасуымыз 
керек. Егер кірер есікті алдымыздан жапса, терезеден кіруіміз ке-
рек, ал терезеден болмаса, ұялы телефоннан я ғаламтор желісінен 
кіруіміз керек болар. 
Соңғы  жылдары  күрт  дамып  келе  жатқан  технологияның 
ізімен ақпараттық күресте ең тиімдісіне көшу керек. Бұлар - сайт-
тар, əлеуметтік желілер, м-агент, смс-ақпараттар, интеллектуалдық 
орталарды жасақтау жобалары. Осы бағытта алаш тақырыбымен 
жастардың арасында көпір орнатуымыз шарт. 
Қажетті өмірлік ақпараттарды тарату, алаш қайраткерлерінің ба-
стамаларынан, жүріп-өткен жолдарынан, ғылыми жетістіктерінен, 
ақыл-ойларынан,  түрлі  оқиғаларымен  таныстырып  отыру  ке-
рек.  Əлиханның  өсиеті,  Ахметтің  білімі,  Міржақыптың  арманы, 
Мағжанның сенімі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтқан емес. Бір 
ғана Ə.Бөкейхановтың жас Мұхтар Əуезовке берген тілек батасы 
келешек ұлт жаршысы Абайдың, одан қазақ халқының бүткіл бол-
мысын сомдамап па еді?! 
Əлиханға  іні,  Мағжанға  аға  дегенмен,  сол  жағалауда  жүріп, 
қол  ұшын  созып,  ірі  мемлекет  қайраткері  болған  жүрегі  алаш 
деп  соққан  Нəзір  Төреқұловтың, «Ислам  мен  коммунизмнің  бір 
ғана  өлшемі  бар,  бұл  имандылық,  имандылық  һəм  имандылық» 
деп,  елдің  тек  саяси  сауатсыздығы,  біліми  надандығымен  қоса, 
жаңа  биліктің  имансыздығы  ертеңгі  күнде  халықтың  рухани 
дағдарысына, қанды қырғынына алып келетіндігіне қам жеген бо-

189
латын.  Соңғы  тұжырымдардың  тарихи  шындыққа  айналғанына 
өткен ғасыр куə болды. 
Азаматтық  қоғамның  табалдырығынан  аттап  басқан  жас 
еліміздің  əлеуеті  жас  болған  соң,  жаңа  дүниелерді  қолдануымен 
жылдам.  Мұның  алдыңғысында  əрине  жастарымыз  жүреді. 
Олардың  алаш  тақырыбына  қызығушылықтарын  ояту  терең 
əлеуметтік,  педагогикалық  зерттеулерді  қажет  етеді.  Осы  ретте, 
батыл азаматтық-ағартушылық жобаларды шығару, оларды қолдау 
мына  партияның  атқамінер  серкелердің  еншісінде,  естеріңізде 
болса,  сол  алаш  қайраткерлерінің  өздері  бар  малын,  мүлкін, 
жиған-тергенін,  дəулетін  ортақ  іске,  ұлттық  саясатқа,  баспаға, 
ағартушылыққа  салған.  Олардың  араларында  сол  заманның  бай-
лары, кəсіп иелері, ел билеген азаматтары, шет ел асып, ең озық 
білім иелері болған. 
Егер «Ақ жол» ҚДП өзін Алаштың ізбасарымын деп есептейтін 
болса, сондай-ақ болсын, ата ізін қусын, жоғын жоқтасын, жасын 
тəрбиелеп  өсірсін,  əлсізге  демеу,  əділетсіздікке  қас,  əділеттілік 
пен заңдылықтың, жариялық пен жасампаздықтың жаршысы бол-
сын.  Мал  бір  жұттық,  игі  іс  мың  құттық.  Аманаттың  жүгі  ауыр, 
тек  білімділік,  кəсібилік,  іскерлік,  имандылық,  ортақ  идеялық 
мүдде ғана жолсерік бола алады. Сонда ғана алашшылдықпен жас 
ұрпақтың сабақтастығы орнамақ. Қазіргі міндет осы сабақтастықты 
жалғау мына сіздер мен біздердің еншімізде. 
Тыңдағандарыңызға рахмет!

190

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет