Қойгелдиев М.Қ.
Т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан
ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінгі
университеттік
білімнің
гуманитарлық
саласындағы
өзгерістер
кемшіліксіз емес. Өз ойымды қысқаша түсіндіріп көрейін. Біз университетте кеңестік
кезеңде оқыдық. Әр пəннен оқу бағдарламалары орталықта, яғни Мəскеуде даярланып
жəне бекітіліп ұлттық республикалардың жоғары оқу орындарына басшылыққа алуға
жіберілетін. Тарих мамандықтары бойынша сол бағдарламаларда мынадай екі мəселеге
ерекше назар аударылды. Болашақ маман, біріншіден, тарихи процестер мен
құбылыстарды марксистік методология жəне көзқарас тұрғысынан түсіндіруді жəне
екіншіден, əлем тарихын, сондайақ өзекті жібі мен мазмұны Ресей тарихынан тұрған
КСРО тарихын терең меңгеріп шығуға тиіс болды. Жергілікті ұлттық республикалар
тарихы империя тарихы контексінде, яғни үлкен елдің құрамындағы кіші ұлттың
тарихы есебінде оқытылды.
Бұл аталған міндеттерді орындау жолында басымдылық марксизмленинизм
классиктерінің еңбектерін терең оқып игеруге жəне осы дүниетанымдық көзқарас
тұрғысынан тарихи процестер мен фактілерді талдауға алуға берілді. Сол арқылы
университеттік білімді іргелендіру процесі жүрді.
Бүгінгі университеттік білімде марксистік компонент, яғни тарихи процестер мен
құбылыстарды партиялық жəне таптық дүниетаным тұрғысынан түсіндіру ғылыми
ұстаным ретінде бұрынғы ықпалынан айырылды. Бұрынғы КСРО тарихының орнын
Қазақстан тарихы алды. Барлық жоғары оқу орындарында оқытылатын СОКП тарихы
пəнінің орнын енді Отан тарихы пəні басты. Қазақстанның, қазақ елінің тəуелсіз
мемлекеттік статусы білім жүйесінде Қазақстан тарихына пəн ретінде ерекше мəн беру
арқылы белгіленді. Бұл шешімнің толық табиғи əрі негізді шешім екендігі қазіргі
уақытта мойындалған.
Сонымен бірге отан тарихына білім жүйесінде осындай маңызды орын бере
отырып, бұл пəнді оқытуды іргелендіру мəселесі өз шешімін тапты ма деген сауалдың
13
тууы да толық заңды болса керек. Менің түсінігімше бұл сауалға біз əзір
қанағаттанарлықтай жауап бере алмаймыз. Советтік кезеңдегі университеттік білім
тағы да ойға орала береді. Онда тарихшыларға бірінші курстың алғашқы семестірін
бүтіндей ертедегі Руске тиесілі «Русская правда» мен «Повесть временных лет» сияқты
заңдық актілерді талдауға алуға жəне тарихи құжат ретінде игеруге берілетін. Біз
болашақ тарихшылар осы құқықтық материалдарды ежіктеп оқу арқылы көне Рустің
əлеуметтік өміріне тереңдеп еніп, оның əлеуметтіктаптық құрылымын талдауға алып,
жеке əлеуметтік топтарға берілген анықтамаларды жаттап алуға тиіс болдық. Академик
Б.Д.Грековтың «Киевская Русь» жəне «Крестьяне на Руси» аталатын монографиялық
зерттеулері болашақ тарихшы маманның əліппесі міндетін атқаратын. Университеттегі
тарихи білімді іргілендіру процесі міне осы көне Руске тиесілі заңдық құжаттар мен
іргелі монографиялық зерттеулерді игеруден басталатын. Тарихшы мамандарды
даярлау ісіндегі бұл үрдіс бүгінгі Ресейде де сақталып қалды, өзгеріске оның
көзқарастық, яғни методологиялық компоненттері ғана ұшырады.
Біз отан тарихын оқытуды бүгінгі тəуелсіз мемлекеттік жағдайымызға лайықты
дəрежеге көтеріп, бұл үрдісті іргелендіру мəселесін шешуді тым созып алған
сияқтымыз. Дегенмен, əлі де болса бұл істі тиесілі дəрежеге көтеруге міндеттіміз.
Есік қорғанында жерленген алтын сауытты бекзада бұл, əрине, өзара кірігіп
кеткен сақүйсін мəдениетіне тəн ескерткіш. Қорғанда табылған тостағандағы 26
əріптен тұратын мəтіннің «көне түркі руникалық таңбалармен көне түркі тілінде»
(А.Аманжолов) жазылғандығын ешкім де жоққа шығара алған жоқ. Яғни Есік қорғаны
бұл көне түрік мəдениетіне тəн ескерткіш. Ол өзара сабақтас байланыстағы сақ жіне
үйсін мідениетінің жинақы көрінісі. Яғни бұл ескерткіш білім жүйесінде осы ұстаным
тұрғысынан оқытылғаны жөн, əрі негізді болмақ.
Есік қорғанынан шыққан тостағандағы жазудың ертедегі түрік мəдениетінің
тұтастығын сезінуде орны еркеше. Ол, мəселен, Орхон(қазіргі Моңғолия) жəне Іле
бойында(шығыс Түркістан жəне Қазақстан) б.з.д.IIб.з.XIIІ ғ.ғ. аралығында өмір сүріп,
түрлі мемлекеттік құрылымдар жаратқан халықтардың ортақ түрік мəдениетіне тəндігін
айғақтайды.
Б.э.д. мыңжылдықтың екінші жартысы мен б.э. бірінші мыңжылдығының алғашқы
жартысында өрлеу дəуірін бсынан кешірген сақүйсінқаңлы өркениеті ізсіз өте
шыққан жоқтын. Бұл тарихи кезеңді егер түркілер мəдениетінің балаң кезеңі, яғни ерте
түрік кезеңі ретінде қарастырсақ, онда оның ізін ала VI ғасырда (545ж.) өмірге келген
түрік қағанаты, оның өз орнын анықтауға бағытталған белсенді қызметі еуразиялық
кеңістікте негізгі этникалық күшке айналуымен аяқталды. Осы мезгілде «тұтас түрік
елі», «өміршең ел болу» идеясы мен ұстанымы өмірге келді.
Отан тарихын білім жүйесінде оқытудың кезекті маңызды кезеңі міне осы ерте
орта ғасырларға тəн түрік қағанаты кезеңі. Бұл тарихи кезең, əрине, ерте түрік
кезеңімен өзара сабақтас, байланыста оқытылады. Мəселен:
1.Іле жəне Орхон өзендері бойындағы қоғамдардың экономикалық негізі, əлеуметтік
құрылымы мен билік жүйесінде ұқсастықтар анық байқалады. Екі қоғамда да
егіншілікпен айналысқан отырықшы елді мекендер болды. Дегенмен, орналасқан
өңірдің табиғи ерекшеліктеріне байланысты басымдылық мал шаруашылығына
берілді.Мəселен, Іледегі үйсін ауқаттыларының мал басы 45 мың жылқымен саналды.
Сол сияқты Орхондағы Күлтегінге ас берілгенде оның төрт мың жылқысын,
қазынасын, дүние мүлкін таратты. Бұл екі қоғамда да жылқы малы , арғымақ ат,тұлпар
байлықтың, ерліктің,сұлулықтың, мəңгіліктің символы.
2. Үйсіндерде бүкіл елді басқаратын өкіметтік ұйымы болды(Н.Мыңжани). Елді
күнбилер əулеті басқарды. Би, билік айту тəртібі осы кезеңде қалыптасты. Қоғамды
басқару ісінде ерекше еңбегі үшін билік иесіне «ел»»деген жалғауды тіркеп айту
дəстүрі орнықты. Мəселен, Нəнді бидің (б.з.д. 177ж.бұрын) баласын Елжау би
(б.з.д.177104жж. аралығы) атады.
14
Тура осы дəстүр түркі қағанытында да байқалды. Мəселен, елді біріктіру ісінде
ерен еңбегі үшін Құтлұғ қағанды (693ж. өмірден қайтқан) Елтеріс(Елтеруші мағынада
авт.) қаған атады.
3. Бұл екі қоғамның дүниетанымындағы ұқсастық олардың тотемдік сенімдерінен де
байқалады. Мəселен,жауының қолынан өлген үйсін Нəнді бидің нəресте ұлын көк
құртқа(бөрі) емізіп, аман алып қалады. Ал Орхондағы Бұғыты кешеніндегі ұстынның
бас жағына қасқырды еміп тұрған баланың кескіні бейнеленген.
Қорыта айтқанда, Үйсін жəне түрік қағанаты қоғамдары арасындағы өзара
сабақтас байланыстың бар екендігін айғақтайтын фактілік материалдар аз емес. Қазіргі
уақытта бұл байланысты оқу процесінде емінеркін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін
материалдарды негізге алып оқу құралдарын даярлайтын мезгіл жетті.
Ортағасырлық түрік мəдениетінің əлемдік деңгейде танылуы Қарахандар
мемлекетінің өмір сүрген мезгіліне тұс келеді. Қарахандар Орта Азиядағы мұсылман
дінін қабылдаған алғашқы мемлекет болды. Орталық Азиялық түріктердің мемлекет
құру жəне басқару салтын сақтай отырып, олар оны ислам институттарымен байыта
түсті.
Қарахандар
мемлекеті
ортаазиялық
түркілердің
интеллектуалдық
өсу
мүмкіндігіне жаңа өріс ашты: билік ресми түрде ислам дінін қабылдады, білім мен
ғылымға қолдау жасады, медреселер ұйымдастырды , қоғамда білім беделін арттырды
т.с.с. Мемлекттің руханиятқа көрсеткен бұл қолдауы өз нəтижесін берді. Өмірге Жүсіп
Баласағұнның «Құтты Білік» [6] Махмұт Қащқаридың «Түрік сөздігі» [7] сияқты
түркілер өркениетін жалпы адамзаттық кеңістікке алып шыққан ұлы еңбектер келді.
Түркі халықтары мəдениетінің жаңа сапа жəне кеңістікке шығуының жинақы көрінісі
түрік əдеби тілінің қалыптасуы болды.
Бұл ғылымда əбден таныс тарихи фактілер. Бірақ біздің халық жəне мəдениет
ретінде түп тамырымыздың терең жəне берік екендігін айғақтайтын бұл рухани
асылдарымыз бізге жат құндылықтар ретінде ұлттық рухани өндірісте айналымнан
шығып қалған. Оның орнын ойлау жүйемізді жат арнаға салуды көздейтін бұлақтар
басты. Ал бізге қазіргі уақытта өзіміздің көне замандардан ресейлік отарлауға дейін
бірде əлсіреп, бірде қайта жаңғырып, бірақ үзіліссіз жалғасып келе жатқан түркілік
өзегімізді танып білуге жəне оған жаңа серпін беруге бастайтын ойлау мəдениеті
қажет. Бұл ретте біз жоқтан бар жасауды емес, барды өз орны мен дəрежесінде
көрсетіп, бағалауға жол ашатын жаңа ойлау жүйесі мен стилін қалыптастыру жөнінде
айтып отырмыз.
Осы ұстаным тұрғысынан келгенде Ж. Баласағұн мен М. Қашқаридың бізге
қалдырған мұралары заман сұранысы тұрғысынан несімен құнды, соған байланысты
олар еліміздің білім жүйесінде қандай орын алуға тиіс?
Бұл ретте мына жағдайды ескерген жөн. Бұл екі шығарма да төл тума, жергілікті
этнос өмірінен бастау алатын түрік қоғамдық ойының сол мезгілге дейінгі қалыптасып,
жетіліп, еркін дамуының табиғи жемісі, шаруашылық жүргізу, мемлекет құру жəне
мəдениет жасау тəжірибесінің жиынтық көрінісі, сондайақ бұдан былайғы рухани
өсіпөнуінің берік негізі болды.
Алладан соң ұлы шығармашылық иесіхалық. Ал халықтың ең ұлы туындысы
оның тілі. Махмұт Қашқаридың айтуында түріктер Алланың басқа да сүйікті
құлдарының санатында. Ғалым «Тəңірі оларды «Түрік» деп атады жəне оларды
мемлекетке еге қылды», деп көрсетіп, одан ары «заманымыздың хақандарын
түріктерден шығарып, дəуір, халықтың ақылерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты;
оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады»– деген ойды айтып,
түркілердің əлемдік кеңістікке шығып, өзін басқа өркениеттерге мойындатқандығын
білдіреді. Сондықтан да ғалым «түрік тілін үйрену уəжіп, білген абзал» екендігін
ескеріп, сол үшін де «мəңгілік жəдігерлік уа таусылмастүгесілмес, азыптозбас бір
15
байлық болсын деп, бір Тəңірге сыйынып, «Түрік тілдерінің диуаны», аталатын кітабын
жазып шыққандығын баяндайды. [8]
Махмут Қашқари жасаған тұжырымға ұқсас ойды Ж.Баласағун шығармасынан
да оқимыз. «Құтты білік» авторының түсінігінде түріктер құрған мемлекеттік биілік
білімге жəне ақылға сүйеніп, ізгілікті болғанда ғана елге құт əкелмек.Бұл осыдан 945
жыл бұрын,яғни 1069 жылы айтылған пікір. Бүгін оны ешкім де тура емес деп айта
алмайды. Өйткені бұл тұжырым барлық замандардағы кезкелген қоғамға байланысты
жасалған негізді тұжырым. Бұдан шығатын қорытынды: XI ғасырдағы Қарахандар
əулеті басқарған түркілер мемлекеті жалпыадамзаттық даму арнасында тұрды, сол
сияқты ол мемлекеттің Жүсіп Баласағұн жəне Махмұт Қашқари сияқты ғұламалары да
жалпыадамзаттық арнада жəне деңгейде ойлап, еңбек етті.
Осы ретте «Құтты біліктің» жеті жүз елуінші бəйітінде айтылған мына жолдарға
көңіл аударайық:
Сендей жанды аңсап, іздеп жүр едім,
Тəңір берді, қабыл болды тілегім. [9]
Бұл білімнің елге құт əкелетіндігіне көзі жеткен Күнтуды Елік ханның ақыл иесі
Айтолдының кеңесін тыңдаған соң жасаған тұжырымы. Айтолды халықтың арасынан
шыққан зиялы адам, өзінің жеке қасиеті мен білімін халық игілігіне жаратуға бел
буып, билік басындағы Қүнтуды Елік хан сарайына аттанып, жолын тауып ханмен
кездесіп, өзінің мақсатын білдіреді.Осы ретте Жүсіп Баласағұнның айтпағы не?
Әділдікке жол бар қоғамда оның əрбір мүшесі мемелекетті басқару, заң даярлау жəне
сот ісіне ат салысуға тиіс. Сол арқылы ғана қоғамдағы азаматтардың теңдігі жүзеге
аспақ. Осылайша ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұн өз шығармасында билік пен білім
арасында жарасымдылық орнатады. Қоғамда əділ заңның, əділдіктің салтанат құруын
ұлы ойшыл күннің жерге төккен нұрымен ған теңестіреді. Ал əділдік пен заңдылықтың
салатанат құруы биліктің ерікжігеріне байланысты.
2006 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратының кіші залында Түрік
республикасының Білім министрмен бір топ ғалымдардың кездесуі болып өтті. Сол
кездесуде сөйлеген сөзінде министр мырза араб халифаты кезіндегі мұсылман
шығысындағы ғылым мен білімнің өркендеуіне тоқталып, осы дəстүрді жаңғыртудың
жолдары қандай? деген сауал тастады. Орынды қойылған сауал. Бұл сауалға жауап
іздейтін адамдар бар сияқты. Исламның бастапқы кезеңінде мұсылман елдері қоғамдық
дамуда үлкен жетістіктерге жетті өз жерінің байлығын өздері игерді, əлемдік саудада
белсенді рөл атқарды, өз халықтарының мүддесін қорғай алды т.б.с.с. Бұл араб
халифтарының білім мен ғылымға жасаған қамқорлығының нəтижесі болатын.
Өкінішке орай, бұл жағымды үрдіс мұсылман əлемінде кейін жалғасын таппады. Осы
мəселе жөнінде тұшымды пікір айтқан, Малайзия үкіметінің басшысы доктор
Махатхирдың пікірінше мұсылмандар батыстағы өнеркəсіптік революция тұсында
ұйқыда жатты, өз елдерінде ғылым мен білімді өрістету ісін қолға алмады.жаңа
територияларды игеруден шет қалды, əлемдік саудадағы бұрынғы белсенділігін
жоғалтты, яғни сырттан келетін табыс көздері жоқтық қасында болды. Соның
нəтижесінде капиталдың бастапқы қорлану үрдісі жүрмеді. Бұл тоқырауға аяқ басудың
көрінісі еді. Шамамен ХV ғасырдан бастап, қоғам өмірінде ғылым мен білімге ерекше
қолдау жасап, ағартушылық үрдісін өрістеткен еуропа елдері қарышты даму жолына
түсті, содан бері олар əлемдік дамуда инициативаны өз қолдарында ұстап келеді.
Патшалық, оның орнын басқан Советтік биліктердің қазақ елін басқарудағы
басты қателігі олар енгізген басқару түрі жергілікті халықтың түпкілікті мүддесіне
сəйкес келмеді, ал оларды өзара үйлестіру əрекеті қарсылыққа тап болды, тіптен
ұлттық басқарушы топқа қарсы бағытталған репрессиялық шараларға ұласып отырды.
Ұлттық негізді, ерекшеліктерді ескермеу, тіптен оған тəкаппарлықпен жоғарыдан
менсінбей қарау, халықты ешқашанда орындалмайтын қияли бағдарламалармен
16
алдарқату бұл біздің тарихымыздың советтік кезеңіндегі үкіметіне тəн іргелі ұстаным
болатын.
Енді міне біз тəуелсіз мемлекет жағдайында өмір сүрудеміз. Тəуелсіздігімізге
сəйкес мемлекет басқару ұстанымы қандай негіздерге сүйенуге тиіс? Бұл қатардағы
нəрсе емес. Бұл мəселеге өз елінің азаттығына ғұмырын арнаған талай қайраткер
тұлғалар жауап іздеген. Солардың бірі Куба елінің перзенті Хосе Марти. Ол өзінің «
Наша Америка» атты еңбегінде «Тəуелсіздік мəселесі басқару түрінің алмасуымен
шектелмейді, сонымен бірге басқару рухының да өзгеруі маңызды»,[16] деген
тұжырымға келеді.
Ал басқару рухы неден басталады? Әрине, сол елдің, сол жұрттың төл тарихына,
ана тілінен, шындығынан бастау алады. Үкімет сол елдің перзенті, ал басқару рухы
оның халқының рухынан туындауға тиіс ( Х. Марти). Сондықтанда жас буын,
болашақта елді басқаратын оқушы жəне студент жастар өз елінің тарихы мен
шындығын түсініп жəне оларды бойына сіңіре алатындай тəрбие алуға тиіс. Мемлекет
құру жəне дамытуда, əрине, əлемдік тəжірибе ескерілгені жақсы, бірақ ол шешуші
фактор бола алмайды, шешуші фактор сол елдің əлеуметтік құрамын жəне олардың
басындағы түйіткіл мəселелерін анықтаудан жəне оларды шешу жолдарын
қарастырудан құралады.
Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында (2014)
ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге көтеру
жөнінде айтты. Өте құптарлық шешім. Ғылымға көрсетілген мұндай қолдаудың
нəтижесінде жаратылыстану ғылымдары мен қатар гуманитарлық саладағы ғылымдар
да жаңа сапаға көтерілуге тиіс. Олардың ең басты міндеті отандық шындықты, оның
тарихын, рухани тəжірибесі мен бүгінін қазіргі сұранысқа лайық деңгейде қорыта
алуда, осы негізде жас тəуелсіздікке тіреу бола алатындай қоғамдық сана, патриоттық
сезім қалыптастыруында болса керек.
Қазіргі уақытта елімізде жүріп жатқан қазақ тарихын заман сұранысына лайық
дəрежеде қорыту үрдісі ұлттың жүріп өткен жолындағы тарихи кезеңдер мен өнегелі
істерді елепекшеп қоғамның қажетіне жарату болса керек. Ал ұлттың бүгінгі
дүниетанымы мен талғамына сүйеніш бола алатын оның төл тарихындағы өнегелі
істер, иншалла, жетіп артылады. Міне сондай тарихи кезеңдер қатарында еліміздің
рухани бұлақтары бастау алатын ертетүркілік, түрік қағанаты жəне қарахандықтар
мемлекеті кезеңдері ерекше орын алады. Мəселе осы тарихи құндылықтарымызды
жаңа буын ұрпақтың санасына тура жеткізе білуде болса кер
Ескертулер
1 Смағұлов О. Қазақ халқының антропологиялық тарихы (морфофизиологиялық
зерттеу). Алматы,2011, 269 б.
2 Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177б.з.222 жылдары) 1
кітап. Басылымның ғылыми жетекшісі Ж. Мырзаханұлы, бас редакторы Қ.Мұқанұлы,
жауапты редактор Қалиұлы. Алматы, өнер, 2006, 269 б. ; Қытай жылнамаларындағы
қазақ тарихының деректері (б.з. 275840 жылдары). 2 кітап. Басылымның ғылыми
жетекшісі Ж. Мырзаханұлы, бас редакторы К.Қайыржанұлы, жауапты редактор А.
Сағатұлы. Алматы, өнер, 2006, 344 б; қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының
деректері (б.з. 275840 жылдары). 2 кітап. Басылымның ғылыми жетекшісі Ж.
Мырзаханұлы, Үрімжі 2012 ж
3 Сонда,1 кітап, 5б.
4 Бұл ретте мəселен проф. Н.Мұхаметханұлының “қытай жылнамаларындағы
көшпенділерге, Орталық Азия елдеріне қатысты деректер ең алғаш орыс тіліне
аударылып əлемге мəлім болды. Оны аударушы орыс синологиясының атасы –
Н.Я.Бичурин (Иакинф). Ол «Тарихнамада» бірінші рет кездесетін Wu¬¬sun (қазіргі
қытай тілі фонетикасы бойынша) деген екі иероглифтен тұратын атауды Усунь – деп
17
орыс тілінің ерекшелігіне бейімдеп транскрипциялаған. Ал одан соңғы пайымдауда
айтылатын үйсіндер « xing guo – көшпенді мемлекет» деген сөзді ол «Это кочевое
владение» деп тəржімелеген. «Хань шудағы (Хань патшалығы тарихындағы») «Wu¬¬
sun guo – У сүнь го – Үйсін мемлекетінің үлкен күнмиі (күнбиі, гуньми) Чигу, деп
аударған. Мұнда аудармашының қытай тілінде «guo – го» мемлекет деген өте
маңызды сөзді «владение» деп аударуы немесе оны аудармай кетуі, əсте жаңылыстан
немесе ол сөзді түсінбестіктен жіберген ағаттығы емес, ол қытайтанушы ғалымның
ғылымилықтан гөрі саяси идеологиялыққа бой ұрғандығының көрінісі болса керек.
// Мұхаметханұлы Н. Қазақ тарихының өзекті мəселелері. Павлодар, 2010, 98 б.
5 Ежелгі үйсін елі. Құрастырушы Жадымен Ахметұлы. Үрімжі, 2005, 390б
6 Қашқари М. Түрік сөздігі. Үш томдық. Аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктері
жазып, баспаға дайындаған ақын, сыншы, филология ғылымдарының кандидат Асқар
Құрмашұлы Егеубай. Алматы, 1997, 1998; Махмұд ал –Қашқари Диван Лугат атТурк.
Перевод и предисловие 3. А.М.Ауэзовой. Индексы Р.Эрмерса. Алматы, 2005, 1288 с.
7 Баласағұн Ж. Құтты білік. Көне түрік тілінен аударған, алғы сөзі мен ғылыми
түсініктерін жазып, баспаға дайындаған ақын, əдебиет сыншысы, филология
ғылымдарының кандидаты Асқар Құрмашұлы Егеубай. Алматы, 2006, 640 б.
8 Қашқари М. Түрік сөздігі. 1т, 3031 б.б.
9 Баласағұн Ж. Құтты білік, 143б.
10 Сонда, 168 б.
11 Сонда, 155 б.
12 Игнатенко А.А. В поисках счастья. М., 1989, с.15
13 Сонда, С.47.
14 Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяния. М, 1992, С.502
15 Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Т.3, А. 1985, С.326
16 С е а Л. Философия американской истории. Судьбы Латинской Америки. М., 1984,
с.326
УДК 1 (091)(4/9)
Габитов Т.Х.
Д.филос.н., проф.,Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
Алматы, Казахстан. E-mail: tgabitov1947@gmail.com
ТЮРКСКИЙ МИР В КОНТЕКСТЕ ДИАЛОГА КУЛЬТУР
Abstract. This report deals with ethnoculture of Turk people in the context of dialogue
between the Eart and the West. The comparavistic analysis of response of different
ethnocultures to westernization is given and the idea of careful atlitute to cultural heritage is
indelined as basic trait of maturity of the national idea. Critical analysic of negative trends
related to cultural luritage of Turk people is given.
The problem of "Dialogue of cultures and interaction of civilizations" is taken as a way
of being of the culture within the space and time; the synthesis of the two beginnings of the
human culture is defined as a paradigm of modern civilization and a vector of its development.
Furthermore, the tendencies of the modern common to all mankind culture were analyzed, and
among them the interaction of civilizations is allotted a basic typical line of humankind
development.Author gives the typology of world cultures using modern scientific methodology
and provides new arguments, which refute "europecentristic" directions of some culture
philosophers.
Достарыңызбен бөлісу: |