«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет40/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақ тілі  терминдерінің  салалық ғылыми сөздігі. Информатика және компьютерлік 

технология. - Алматы «Мектеп», 2002. – 456 б. 

2.  К.М.Беркінбаев,  Б.Д.Сыдықов.  Информатикалық  пәндерді  оқытудың  педагогикалық 

технологиясы. // Қазақстан мектебі. 2006, №11, 33-35 б. 

3. Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактическая проблема, 

перспектива использования // Информатика и образование. 1991, №4, 18-25 б.  

4.  Голубкова  О.  А.  Использование  активных  методов  обучения  в  учебном  процессе

учебно-методическое пособие. СПб., 1998. 42 с. 

5.  Панина  Т.  С.  Современные  способы  активизации  обучения  /  Т.  С.  Панина,  Л.  Н. 

Вавилова. М.: Изд. Центр «Академия», 2008. 176 с.  


289 

 

289 



 

6.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы. 

7. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001ж - №2 

8. Демеуова Л. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. // «Қазақстан мектебі» №12 Алматы, 2003 

ж 

 



 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН 

ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ 

 

Жолымбекова Л.Д., Оразбаева Ж.Т., Ізбасарова М.С., 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  стратегиялық  жолдауында,  1999 



жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 

жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей 

қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде 

білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-

ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім 

беру басымдығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» 

моделіне көшуге негізделген. 

Қазіргі  кезеңде  Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  Қазақстандық 

білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие 

үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  білім  беру  парадигмасы  өзгерді, 

мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.  

Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген 

заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, студенттің даралық қабілетін дамыту (ойлау, 

өз бетінше жұмыс істеу, т.б) білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі 

білім беру кеңістігіндегі  ауадай қажет  жаңару  оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен 

шығармашылық  жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір  студенттің қабілетіне қарай білім 

беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын 

инновациялық  технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы  қажет.  Өйткені, 

мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  инновациялық 

технологияны ендіруді  міндеттейді. 

Жоғары оқу орындары оқытушыларының алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – 

оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи технологияларды меңгеру. 

Қазіргі  таңда  оқытушылар  инновациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ 

барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 

«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар 

берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:  «Инновация- нақтылы бір 

адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс.  Біз одан 

жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. 

Қазір жоғары оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің 

қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта  білім 

берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 

идеялар, жаңа технологиялар бар.  

Сондықтан,  әртүрлі  оқыту  технологияларын  әрбір  студенттің  жеке  дара 

ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде пайдалану, сынап көру маңызды болып табылады. 



290 

 

290 



 

Заманауи  инновациялық  әдістерді  ендіру  өзара  байланысқан  енгізілген  технологияның 

ерекшеліктері және жаңалықты енгізу жолдары арқылы анықталады. 

Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін оқытушылық аса зор тәжірибені 

жұмылдыру қажет.  Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі 

іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір  оқытушы  жаңа 

инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және  өзін-өзі 

қалыптастырады.  

XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кәсіби  бейімделуін 

қалыптастыру  мәселелері–кезек  күттірмейтін  өзекті  қоғам  талабы.  Болашақ  мамандардың 

жаңа  инновациялық  технологияларды  қолдануға  даярлығын  қалыптастыру  мына 

көрсеткіштерді қамтиды:  

 

мотивациялық өлшемдері - танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған 



болашақ мамандарды қалыптастыру, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға 

талпынуы,  өз  мамандығын  жақсы  көруі,  кәсіби  жеке  біліктілік  деңгейін  көтеруге 

бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері; 

 



мазмұндық өлшемдері - болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайынды 

ғы, мамандығы бойынша білімі, жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы;  

 

бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу 



қабілеті,  бейімділік  жағдаятына  бағдарлана  алуы,  микроорта  өзгерістеріне  сай,  қолайлы 

инновациялық технологияларды таңдай алуы; 

 

танымдық өлшемдері - болашақ маманның кәсіби қоршаған ортаны жедел 



тани  алуымен,  өзін  кәсіби  жүзеге  асырудың  нәтижелі  әдіс-тәсілдерін  пайдалануымен, 

инновациялық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленуі;  

 

іс-әрекеттік өлшемдері - болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақ- 



саты мен міндеттерін  анықтай алуы; 

 



шығармашылық өлшемдері - шығармашылық  ептілік, белсенділік, болашақ 

маманның  шығармашылық-ізденушілік   дамуы; 

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже 

құралады.  

Білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технологияларды  оқып,  үйреніп, 

сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:  

1) білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология 

түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  және  одан  шығатын  нәтиже  оқытушының  кәсіби 

біліктілігіне тікелей байланысты; 

2) жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде 

ғана жетістікке жетуге болады; 

3)  жаңа  инновациялық  оқыту  технологияларын  енгізу  барысында  әрбір  оқу  орнының 

материалдық-техникалық  базасының  бүгінгі  талапқа  сай  еместігі,  әрі  жетіспеуі,  кадрлық 

әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды. 

Қазіргі 

жас 


ұрпақтың 

саналы 


да 

сапалы 


білім 

алуының 


бірден-

бір    шарты  –  оқу      орындарындағы      білім      беру      процесіне      жаңа  инновация  лық 

технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті.  

Сондықтан, 

ғылыми-

техникалық    прогрестен      қалыспай,      жаңа      инновацияларды    дер    кезінде 



қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  оқытушының   негізгі міндеті болып 

табылады.  



291 

 

291 



 

Біздің  ойымызша,  оқу  орындарында  инновациялық  басқару  жүйесін  енгізіп,  оны 

жүзеге  асыру  міндет.  Ал,  жаңа  инновациялық  технологияның  негізгі  міндеттеріне  –  әрбір 

білім  алушының  білім    алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты  түрде  ұйымдастыра 

білу,  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу, өз бетінше 

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық ойлау қабілетін дамыту жатады. 

 

Әдебиеттер 

1 Ступина С.Б. Жоғары оқу орындарындағы оқытудың интербелсенді технологиялары: оқу-

әдістемелік құралы. – «Ғылым» баспа орталығы, Саратов, 2009.. 

3 Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 

4 Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 

5 Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007. 

 

 

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖӘНЕ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 



 

Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің 

ШТ-15-3(11) тобының студенті Қанат Назерке 

Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А. 



 

Қомпьютердің  пайда  болуы  адамзат  қоғамына  көптеген  өзгерістер  әкелді.  Ғылым  мен 

техниканың  қарқынды  дамуы  және  әлеуметтік  экономикалық  өзгерістер  жас  ұрпақты 

тәрбиелеуге  жаңаша  көзқараспен  қарауды  талап  етуде.      Бүгінгі  білім  беруді  жаңарту 

жағдайында заманауи технологияларды қолдану басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі 

күні  әлемнің  барлық  елдерінің  қоғамдық  даму  негізі  -  білім,  ақпарат  және  заманауи 

технологиялар болып табылады.  

       Қазіргі  таңда  республикамызда  білім  беруде  заманауи  технологияларды  қолдану 

негізінде  біртұтас біліми  заманауи орта құру арқылы мемлекеттік білім сапасын арттыру. 

Оқыту жүйесінде заманауи технологияларды қолдану қазіргі таңда білім беруді жетілдірудің 

негізгі бағыттарының біріне айналды. Яғни, оқу үрдісінде заманауи технологияны қолдану: 

1.

 

оқу үрдісін жетілдіруде заманауи технологиялардың беретін мүмкіндіктері; 



2.

 

бастауыш  мектепте  мұғалімдердің  заманауи  технологияларды  қолданудың  мүмкін 



нұсқалары; 

3.

 



заманауи технологияларды сабақта қолдану үшін пән мұғалімі мен оқушыға осыған 

сай дағдылары мен білімінің болуы. 

Қазіргі  білім  беру  электрондық  оқытуға  көшу  жолында  жер-жерлерде  замнауи 

технологияларды - компьютерлер, программалар,  заманауи педагогикалық құралдарын т.б. 

қолдануға  негізделген.  Ол  өз  кезегінде  әр  түрлі  деңгейдегі  білім  беру  мекемелерінің 

түлектерімен  қатар  бастауыш  сынып  оқушыларының  білімдерінің  өзгерістерін    жедел 

бақылауға мүмкіндік береді.  

Расында,  мектеп  түлектерді  қазіргі  заман  өндірісі  жағдайында  –  заманауи 

технологияны қолдана алатын, өндірістік қызмет үрдісінде жұмысқа дайындауы керек. Бұл 

тек компьютердің тетіктерін басып, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау деген түсінік емес, 

ол  заманауи  технологиямен  жұмыс  жасай  білуі  керек.  Мектептер  де  қазіргі  қоғамға  сай 

болуы  үшін  заманауи  технологияны  қолданып  оқыту  негізіне  көшуі  керек.  Сондықтан  да 

білімді дамытудың басым бағыты ол – электрондық оқуға (e-learning) көшу мәселесі  болып 

табылады.  Осыған  орай,  білім  беру  мекемелерінде  заманауи  технологияларды  барлық 

пәндерді  оқытуда  тиімді  қолдану,  барлық  кабинеттердің    осыған  сай  жабдықталуы  және 

мұғалімдер мен оқушылардың осындай жаңалыққа дайын болуы. 



292 

 

292 



 

Заманауи технологияларды қолдану оқушылардың берілетін білімді игерулерулеріне 

айтарлықтай  үлес  қосады,  сабақ  материалын  балаларға  жеткізуді  жақсартады,  сабақты 

түсіндіргенде оның көңіл-күйлік, эстетикалық және ғылыми маңыздылығын арттырады. 

Заманауи  технологияларды  сабақта  қолдану  оқушылардың    сол  пәнге,  оқытушыға 

деген көзқарасын өзгертеді, тәртіп пен үлгерімді де жақсартады. 

Заманауи технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында 

мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы 

қабылданған  ақпаратты  есінде    жақсы  сақтап  қалуына  мүкіндік  береді.  Пәнді  оқыту 

барысында  мұғалімнің  оқушыларға  қоятын  талаптардың  бірі:  ой-өрісінің  дамуына,  түрлі 

заманауи технологиялармен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу 

арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Егер де, оқушының пәнге деген 

қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына 

әсер етеді.    

Заманауи технологиялардың негізгі міндеттері ол - бүгінгі мектеп білімінің сапасын 

арттыруға қол жеткізу. Заманауи технологиялар екі мәселенің шешілуіне көмектесуі керек. 

Білім бұл – барлығына және білімнің жаңа сапасы –әр қайсысына. 

Бастауыш 

сынып 

үшін 


бұл 

білімнің 

мақсаттарын 

анықтатаудағы 

басымдылықтарының  ауысуы:  мектепте  алғашқы  сатыда  білім  алу  мен  тәрбиенің 

нәтижелерінің  бірі  ол  –  баланың  заманауи  компьютерлік  технологияны  меңгере  отырып 

білім алуға дайын болуы.  

Осыларды  жүзеге  асыру  мақсатында  бастауыш  сынып  мұғалімінің    тәжірибелік 

қызметінде  балаларды  үйрету  үшін  білім  беру  мен  тәрбие  жұмыстарында  заманауи  

технологияларды  қолданудың  қажеттілігі  туындады.  Заманауи  технологияларды 

қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында қоршаған ортадағы заманауи ағында бағдар 

таба  білуге,  заманауи  технологиялық  құралдарды  қолдана  білуге  ,  қажетті  заманауи 

технологиялармен  жұмыс  жасай  білу  әдістерін  үйренуге  мүмкіндік  береді.  Бастауыш 

сыныпта  заманауи  технологияларды  қолдану  сабақты  біржақты  түсіндіруден  екі  жақты 

байланыс арқылы түсіндіруге ауысады. Бұнда оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысу арқылы 

берілген  материалдарды  оңай  меңгеруге  мүмкіндік  алады.  Балалар  «сабақты  түсіну  қиын 

деген»  ойларынан  оңай  арылады.  Бастауыш  сыныпта  заманауи  технологиларды  қолдану 

мынадай мүмкіндіктер береді: 

 

оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға; 



 

сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация); 



 

әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей 



жұмыс жасау. 

Осылайша, заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде заманауи технологияларды 

қолдану  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Бүгінгі  күн  мұғалімі  өзі  беретін  пәні  бойынша 

заманауи технологияларды қолдана отырып сабақ дайындап оны өткізе білуі тиіс. Заманауи 

технологияны  қолдануымен  өткізілетін  сабақ  бұл  –  түсті  бояудағы  көрнекі,  интерактивті, 

оқушы  мен  мұғалімнің  уақытын  үнемдейді,  балаға  өз  жылдамдығында  жұмыс  жасауға 

мүмкіндік беретін, әр оқушымен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы, білім сапасы мен нәтижесін 

жылдам және толық  бағалауға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бастауыш сыныпта қазіргі 

заманауи  технологияларды  оқу  үрдісінде  қолдану  оқушылардың    білімді  сапалы  да 

шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар 

қабылдаушы  ролінен  осы  үрдістің  белсенді  субъектісіне  айналуына  да  қолайлы  жағдай 

туғызады.

    

Бұл мәселені шешудің негізгі мақсаты білім беру үрдісін жетілдіру, бірыңғай білім 

беру ортасын құру, білім беру сапасын арттыру. Ол үшін мыналар қажетті: 

 



әр түрлі пәндік салаларды интеграциялау

 



пәнді оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау; 

 



білім беру ресурстарын жинақтау; 

293 

 

293 



 

 



мұғалімнің заманауи технологияларды игеруі; 

 



тұлғалық-бағытталған

 

оқытуды ұйымдастыру; 



 

оқушы  мен  мұғалім,  мұғалім  мен  мұғалім  арасында  шығармашылық  өзара 



байланыс. 

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс: 

 

оқушыларда  заманауи  технологиялар  кеңістігінде  бағыт-бағдар  таба  білу 



дағдыларының дамуы; 

 



жүйелі-талдап ойлай білетін адамдарды тәрбиелеу; 

 



оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық бірлесіп жұмыс жасауына жағдай 

қалыптастыру және дамыту; 

 

оқушыларда  компьютерге  деген  танымдық  құрал  ретіндегі  көзқарасты 



қалыптастыру; 

 



білім  беру  қызметінің  барлық  бағыттары  мен  формаларында  заманауи 

технологияларды  қолдана білу. 

Болашақта  отандық  білім  беруде  басқа  да  білім  беру  формаларын  енгізу  қажет. 

Заманауи  технологияларды  тек  білім  беру  үрдісінде  ғана  емес  тәрбие  жұмыстары  мен 

ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарда да қолдануды үйрену керек 

Қазіргі  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  жолында  Қазақстанда  білім  берудің 

өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді. 

Білім  берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Ол  балаға  өзін-өзі  дамытуға,  өзін 

толытуға  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылатын  дамушы  тұлға  ретінде  қалыптастыруға 

бағытталған. 

Дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  кіру  мақсаты  көзделіп,  еліміздің  дамыған  елдермен 

қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен  білімі мен ғылымы, мәдениеті 

мен  заманауи  технологиясы  теңесуі  үшін  маңызды  істер  атқарылуда.  Мұндай  өзгерістер 

білім  беру  жүйесінің  даму  бағыттарын  2011-2020  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды. 

Білім  беру  жүйесіне  жаңа  заманауи  технологияларды  енгізу  арқылы  оқыту  үрдісін 

жетілдіру,  оқушының  танымдық  қабілетін  дамыту  саналы  деңгейге  көтеру  –  бүгінгі  күнгі 

күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, 

ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың 

міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. 

«Технология»  дегеніміз  не?    Технология  –  tehne    (шеберлік,  өнер,  білім)  деген 

мағынаны  білдіретін  грек  сөзі.  Академик  В.М.  Монаховтың  айтуы  бойынша:  технология- 

оқушы  мен  ұстазға  бірдей  қолайлы  жағдай  тудырушы,  оқу  процесін  ұйымдастыру  және 

жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал 

педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде 

былай  дейді:  «Оқу  тәрбие  процесінің  алдын  ала  жүйелі  түрде  жоспарлануы  және  оның 

тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».  

        Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте 

үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің заманауи іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол 

заманауи педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы 

оқушылардың  білім  сапасын  арттыруы  қажет.  Сонда  ғана  заманауи  педагогикалық 

технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған  әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі 

даму жағынан көре алады.  

Мұғалім алғаш заманауи  педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, 

меңгереді,  үшіншіден,  заманауи  педагогикалық  технологияларды  тәжірибеде  қолданады, 

төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.  



Технологияның 

артықшылықтары. 

Әдістемеге 

қарағанда 

технологияның 

артықшылықтары көп. 


294 

 

294 



 

Біріншіден,  технологияда  түпкі  нәтиже  дәл  анықталады.  Дәстүрлі  педагогикада 

мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл 

анықтауға мүмкіндік бар. 

Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін 

жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. 



Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. 

Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде 

жұмыс  істейтін  мұғалім.  Ал  технологияда  оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  түрлері  және 

мазмұны  көрсетілген  жобада  жасалады.  Әдістеме  бойынша  әр  мұғалім  сабақ  жоспарын 

өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. 

Мақсат  бізге  керекті  түпкі  нәтиже,  нәтижені  көріп  "Мақсатқа  жеттік  пе?"-  деген 

сұрақтарға  жауап  беру.  Мұндай  мақсатты  педагогикада  "диагностика  арқылы  анықталған 

мақсат"  дейді.  Диагностика  арқылы  оқушылардың  білім,  іскерлік,  дағды  деңгейлері  және 

қабілеті  анықталады,  нәтижесінде  оқушыға  тағы  да  қандай  білім,  іскерлік,  дағдылар  беру 

керектігі жоспарланады. 

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:  

1.     жаңа тақырыпты түсіндіру; 

2.     төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;  

3.     оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;  

4.     оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай; 

5.     оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.  



     Мақсаты:  

1.     әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; 

2.     денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;  

3.     дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;  

4.     оқушының ынтасын қабілетін арттыру.  

     Ерекшелігі:  

1.

 



таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте 

түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;  

2.

 

оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;  



3.

 

білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;  



4.

 

түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру; 



5.

 

үлгермеушілерді анықтау және іріктеу; 



6.

 

олармен  қосымша  жұмыстар  өткізу,  материалдарды  қайталау.  Осы  жұмыстардан 



кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру; 

7.

 



оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау. 

       Заманауи технологияны қолдану дегеніміз, заманауи технологияны шаблон, трафарет 

ретінде  пайдалану  емес,  өйткені  әр  мұғалімнің  өз  іс  тәжірибесі  бар.  Бірақ,  заманауи 

технологияны  қолдану  арқылы  мұғалім  өз  іс  тәжірибесін  байытып,  еңбегін  жеңілдетіп, 

белгілі  бір нәтижеге  жету-  педагогиканың  ең  асыл  заты  болып табылады.  Ушинский К.Д. 

айтқандай, іс-тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. 

Осы  негізгі  ойды  түсініп  оларға  шығармашылық  көзқараспен  қараған  мұғалім  заманауи  

технология бойынша жұмыс атқара алады.  

Қазіргі заманғы білім беру үрдісінде оқу үрдісін жақсарту мақсатында көптеген білім беру 

заманауи технологиялары қолданылады. Соларға қысқаша тоқталып өтейік. Олар: 

Бағдарламалап оқыту технологиясы 

Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке 

қасиеттерін  ескере  отырып  оқыту.  Оқыту  құралдарының  көмегімен  бағдарламаланған  оқу 

материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген. 

Ойын арқылы оқыту технологиясы  


295 

 

295 



 

Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-

әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына  сүйенеді. 

Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 

Заманауи педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл 

болардай  қатқыл  ғылыми  жоба.  Әрі  сол  жобаның  дәл  жаңғырып  іске  асуы. 

Заманауи педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, 

идеяларды,  құрал-жабдықтарды,  сонымен  бірге  жоспарлау,  қамсыздандыру,  бағалау  және 

білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі мәселелер шешімін басқаруды қамтиды. 

Заманауи педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске 

асуының  екі  ғана  жолы  бар.  Біріншісі  –  теориялық  негізде  орындалуы  (В.Б.Беспалько, 

В.В.Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. 

Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет