Пайдаланған әдебиттер
1.
Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер.//Ана тілі – А., 2005
2.
Балтабай Е. Қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру. // Ұлағат
2002 № 6
3.
Наурызбаев Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. А., 1996
4.
Орлова А.Н. Народные традиции и современные проблемы воспитания. А., 2008
5.
Тальников Т.В. Многоуровняя система образования. М., 2000
281
281
ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ
ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ
Нуркенова Г.Қ.
п.ғ.м., аға оқытушы «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.
Сарсембай Г.Қ.
ПиП 13-2 топ студенті, «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.
Жеке адамның эмоционалдық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретінің
ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салауатты өмір
сатын үйретіп, «әр оқушының білімі мен қабілет денгейінің тиімділігін» [ I ] арттыру қажет
екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезіңде
диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде
көмек көрсету көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары
қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: « Біріншіден, осы өңірде
тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиалық орналасуы
жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өнірде есірткі таратудың тыйылмай
отыруы» эмоцияның теріс көріністері еркеше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық
көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік
әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологиялада дәлелденген.[ II ]
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен
соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен
көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі
орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар
өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін
«сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп
жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын
кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір
өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.
Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады.
Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта
құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік
қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы
барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық
үлкен күшті талап етеді;
Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын
кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін
морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге
ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы
жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден
осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі
жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді.
Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік
282
282
ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский
өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе;
Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса,
өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта
балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа
құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис
тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық
моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.
Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы
және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның
тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо
(«Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі
тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар,
жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл
кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты.
Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі
әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа
ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы
оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын
жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті.
Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас
ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік
орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың
салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.[ III ]
Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған
нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын
басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.
Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы
уақытты кризистік жас деп айта аламыз.
Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір
жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші
жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік
ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.
Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның
орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да,
өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде
қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да,
қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол
кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы
өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы
заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік
қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты
кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.[ IV ]
283
283
Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа
құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас
кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.
Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген
зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік
кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта
мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар,
оқушылардың
дүниеге
көзқарасы, жағымды
қасиеттерінің
қалыптасып
келе
жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып,
Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері
нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды.
Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп
тұратындығын 14-15 жастағы 15000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде
жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі
бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания»,
шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру
симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма
болып табылады деген қорытындыға келеміз.
Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО
мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық
апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану
деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып
табылатын жасөспірімдер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас
аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен
қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская
«проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды.
Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс
үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде
көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және
ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас
сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да
үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану
деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі
эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және
эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.[ V ]
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық
мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік
құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының
үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы.
Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің,
махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында
қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай
жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек
алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше
дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты
284
284
жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті
«басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді.
Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті
түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды.
Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы
қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша
балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары
дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден
бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады.
Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың
шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда
болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда
«ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау
тереңдік алып отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты
әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі
қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.[VI]
Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен де
сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері
эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын
қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды
психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен
балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі
және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға
қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы,
бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете
бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда
болады. [VII]
Жалпылап айтқанда эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын және одан шығу
жолын В.М.Астапов көрсеткен.
Осы нұсқа бойынша мазасыздану ыңғайсыз күй-жағдайдың орын алуына түрткі
болады, сонымен қатар мазасыздану орын алғанда одан шығудың көптеген варианттағы
жолын іздеу функциясын атқарады. Мазасыздану жеке тұлғалық (ағзада орын алған ішкі
үйлеспеушілікке байланысты), және ситуативті (сыртқы ортада орын алған көптеген
қайшылықтар, дау-дамай, келіспеушілік т.с.с. себептерге байланысты. Осы тұрғыдан
талдағанда жеткіншектер мазасыздануы мектептік, отбасылық т.б. баланың өмір сүру
ортасына байланысты орын алады. [VIII]
Қорытындылай келе соңымен эмоционалдық үйлеспеушіліктің жеткіншек жаста жиі
кездесетінің, және оның түрлеріне акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау,
агрессияның аңық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа мектепке деген ынтасының
төмендеуі, ашушан, ызақор болуы және денсаулығына байланысты жағдайлар арқылы
көрініс беретінің аңықтадық. Мазасыздану агрессияның орын алуына негіз болады.
Сондықтан жеткіншектерге психокорекция жүргізгенде оларды өздерінің мінез
ерекшеліктерін, қарым – қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің
қарсықтылығы тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоцоналдық жағдайын үйлесімді
етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.
285
285
Пайданылынған әдебиеттер тізімі:
1.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2007.
2.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған
«Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.
3.
Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т.,
Психологическая служба в вузе – Алматы: 2004.
4.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология – Алматы: 2004.
5.
Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.
6.
Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың
ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. - Алматы: 2005.
7.
Битянова М.Р. Практическая психология. - М.: 1997.
8.
Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для
отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991.
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ
Қ. Сатмухамбетова, П.З. Ишанов, Н.К.Медеубаев
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске
асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын
қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізгі құжаттардың бірі болып танылады[1].
Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін
ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру.
Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту
кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны
оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Баяндамада оқушының ойлау
қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану
әдістері туралы айтылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және
болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік
жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына
көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық
әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену
болып отыр. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол
себепті қазір жалпы барлық жоғарғы оқу орындарында оқытудың инновациялық
технологиялары қолданыла бастады.
Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның
профессор-оқытушы құрамдарының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру,
286
286
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын
диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін
жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының
болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін
тигізеді.
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму
мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және
қабылдау жоғарғы оқу орындарында үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз
білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді
үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз.
Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс
ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді [2].
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа
қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу
орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби даярлығына
қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде.
Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және
жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып
отыр және дербес меңгеруді талап етеді.
Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің
түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен
маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе
жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.
Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа
ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын
пайдаланатын процесс.
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология
[1].
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді
ақпараттандыру – білім беру сферасын әдістемелік және техникалық жабдықтармен
қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына
негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс
төмендегі әрекеттерді іске асырады:
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған ғылыми-
педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру;
- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне
сәйкес оқыту, тәрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын әдістерін, сұрыптау
стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру;
- студенттердің интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу дағдыларын
қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тәжірибелік-зерттеу әрекеттерін іске асыруға,
ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың
әдістемелік жүйелерін құру;
-студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік
тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану.
Педагогикалық бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік
технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің кәсіби
даярлықтарын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесі
буындарындағы оқу үдерісін жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру
әрекеттерін іске асырады.
И.Роберттің [3] ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық технология құралдарын
педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:
287
287
1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін
қарқындату бағытында, яғни
- оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;
- танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;
- пәнаралық байланыстарды тереңдету;
- қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге
өзіндік дайындықтар, яғни
- түрлі ойлау қабылеттерін дамыту;
- байланыс жолдары қабылеттілігін дамыту;
- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;
- компьютерлік графика мен мультимедиа технологиаларын пайдаланып, эстетикалық
тәрбиелеу;
- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
- жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту;
- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни
- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;
- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау;
- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.
Жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру мәселелеріне арналған ғылыми және
ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі ақпараттық іздеу, осы кезге дейін «Оқытудың
ақпараттық технологиясы» түсінігінің дәл, нақты анықтамасы жоқ екенін көрсетті.
Осы түсініктерге байланысты әртүрлі дереккөздерден «Жаңа ақпараттық
технологиялар», «Компьютерлік оқыту технологиясы», «Компьютерлік-педагогикалық
технологиялар» және т.с.с. синоним сөздерді кездестіруге болады. «Жаңа» сөзі
педагогикалық дерек сөздерде жиі қолданылады. Бұл жерде негізгі ой түрлі салалардың
сонымен қатар педагогикалық саланың да құрамын түбегейлі өзгертетін жаңашылдық
жайлы.
ЖОО-дарда компьютерлердің білім беруде қолдану мүмкіндіктерін арттыратын жаңа
құрылғылық және бағдарламалық жабдықталуын құрайтын ортамен (техникалық орта;
бағдарламалық орта; пәндік орта; технологиялық орта) сипатталатын «ақпараттық
технологиялар» терминінің «компьютерлік технологиялар» түсінігін ығыстыруына алып
келді.
Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің анықтамаларын кең
мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші тәсіл,оқытудың ақпараттық технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің
заңдылықтарына сәйкес және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және
бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және құрылғыларын оқыту
жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс
ретінде қарастыруды ұсынады.
Екінші тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын оқытудың
белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.
Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса, екіншісінде - оқу
үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады.
Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру
мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді
талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді
екенін айқындайды.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында компьютерлік техника мен бағдарламалық
жасақтаманың қарқынды дамуы оларды ЖОО-дардың білім беру үдерісіне белсенді түрде
288
288
енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық
тәжірибеде қолдану сол кездегі ЖОО-ның барлығына бірдей мүмкін болмады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте
алатын психологиялық-педагогикалық зерттеулер көп өткізілсе де, мұның барлығы білім
беруді ақпараттандырудың дидактикалық-әдістемесін және теориялық-әдістемелік
негіздерін жасап шығарудың информатика саласындағы ғылыми-техникалық дағдарыстан
әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр.
Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды қолдануға деген
әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни компьютерлік технологияларды
материалды меңгеруде қолдануды толық терістеу мен компьютерлік оқытудың
мүмкіндіктерін толық қолдану аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде
өзінің оң және кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және күшті
жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты мақсатына назар аудару
қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады.
Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап шығаруға сынақтан өткізу
мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте
күрделі болып, олар көптеген психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және басқа да
мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар:
1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселесіне қатысты
бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсілді енгізу жолдары.
2. Практикалық тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану әдіс-
тәсілдерін ұсыну.
3. Болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияны меңгеруге даярлау жолдарын
теориялық және әдістемелік тұрғыда көрсету.
4. Пайдаланушылардың білім мен біліктілігін арттыру мақсатында, болашақ
мұғалімдерді компьютерлік технологияларды оқытуға даярлау.
5. Білім беру мекемесін материалдық-техникалық базасын жабдықтау.
6. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару.
Компьютерлік технологияларды қолданудағы басты мәселе болашақ маманның
интеллектуалдық мүмкіндіктерін кеңейту жолдары мен оқыту сөзінің өзіде өзгеруде: білімді
меңгерту, ақпаратты қолдану, оны компьютерден алудан кейінгі орында тұр.
Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану-заңды құбылыс. Бірақ
оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп жағдайда «оқытушы-студент» деген
күрделі қарым-қатынас жүйесінен туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың
алатын орнына тәуелді компьютерлік технологиялар студенттердің дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды.
Осы жоғарыда аталған немесе ұсынылған инновациялық технологияларды
мүмкіндігімізше оқытылатын пәндерімізде кеңінен қолданылса онда, болашақ маман иесі
тәжірибелі ұстаз болып білім және тәрбие алатынына сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |