1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК
ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазіргі білім берудегі дамытудың негізгі тенденциялары
Ысқақова А.Б
«Бәйтерек» балабақшасы
Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік
әрекетін ұйымдастыру:
- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына қамқорлық
жасау;
- топта тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын құру;
- осы жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды
кіріктіру;
274
274
- тәрбиелеу және оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;
- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;
- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту
жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.
Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында
ұйымдастырылады.
Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:
1. ҚР МЖМБС 1.001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті.
2. Балалардың өмірі мен тәрбиесін күн тізбелік кезеңдерінде, еркін дербес қозғалыс іс-
әрекеттерінде, ойында, ересектермен көркем-тілдік іс-әрекетте ұйымдастыру.
Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін тұтастай және
оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға, температуралық режимге,
жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға қойылатын физиологиялық-
гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.
Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және
эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет түрлерін
орынды кезектестіру қажет.
Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық
үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.
Тәрбиеші қызметінің басты бағыттарының бірі - балалардың қимыл-қозғалыс
белсенділігін арттыру. Әртүрлі қимыл-қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып,
шаршаудың алдын алады, бұлшық етке түсетін күшті кезектестіруді қамтамасыз етеді. Күн
бойында (мысалы, серуенде) тәрбиеші бақылау, қимылды немесе дидактикалық ойындар
ұйымдастырады. Педагог балалардың жағымды эмоционалды жай-күйін қолдай отырып,
дербес ойындар мен мазмұнды іс-әрекеттерге бағыттай келе, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде меңгерген білімдерді бекітіп, алған тәжірибесін қолдануға үйретеді.
Ерте жастағы балалар арасында дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуында
ерекшеліктер байқалады, сондықтан тәрбиеленушілердің әрекеті мен демалысын
ұйымдастыруды саралап қарау маңызды. Ол дәрігерлік-педагогикалық бақылау нәтижесіне,
әр баланың денсаулығына және оның жүйке жүйесі мен даму деңгейінің ерекшелігіне
байланысты іске асырылады.
Күн тәртібінде балалардың гигиеналық күтіміне маңызды орын беріледі. Сондай-ақ,
күнделікті өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, бала дербестігін тәрбиелеу
қажеттілігінің артуы сияқты мақсатты түрде педагогикалық әсер ету белгілі бір орын алады.
Балаларда өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыра отырып, үнемі көмек көрсету
қажет.
1 жас пен 1 жас 6 ай аралығындағы балалар күндіз екі рет, ал 1 жас 6 айдан асқан
балалар 1 рет ұйықтайды, сөйтіп, балалар бір топта тәрбиеленгенімен, екі түрлі режимде
болады
Таңертеңгі ас балалар оянғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң беріледі. Балаларды біртіндеп,
шағын топтармен, балабақшаға келу уақытына байланысты немесе түнгі ұйқыдан кейінгі
гигиеналық шаралардан соң тамақтандырады. Балалардың өздігінен әрекеттерді орындай
алмайтындығын және қажетті дағдылар мен іскерліктерді біртіндеп меңгеретінін ескере
отырып, бір мезгілде көп дегенде төрт балаға ғана тамақ беріп, жуындыру, киіндіру немесе
шешіндіру жүзеге асырылған жөн. Серуенге жиналғанда топтағы балалардың бір жартысын
тәрбиеші мен күтуші киіндіреді (балалардың екінші жартысы бұл уақытта ойнап жүреді),
серуеннен кейін шешіндірген балалар басқаларын күтпей, топқа кіріп ойнай береді.
Әр шағын топта жасы кіші және әлсіз балаларды бірінші кезекте ұйықтауға жатқызып,
ең соңында оятады.
275
275
1 жас 6 ай - 1 жас 7 айлық бала күндіз 1 рет ұйықтауға ауыстырылған кезде сылбыр, не
мазасыз күйде болса, баланы біраз уақытқа бұрынғы режиміне көшіру қажет. Күндізгі
ұйқыдан соң балаларды кезекпен оянуына қарай тамақтандырады.
Қыстыгүні бір жарым жастан асқан балалар таңғы және бесін астан соң күнделікті
серуенге шығады. Жазда, қолайлы жағдай болғанда, балалар жақсы жабдықталған
көгалдандырылған алаңда ойнайды.
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
шағын топпен күннің бірінші және екінші жартысында жүргізіледі. Ерте жастағы
балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру
салаларындағы барлық тақырыптар бір ай ішінде білім, білік, дағдыларды жалпылау, бекіту
мақсатында 2-3 рет қайталануы мүмкін.
Балалардың дербес іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жақсы көңіл күйге жағдай тудыру
ерекше мәнге ие болады. Балалардың жағымды көңіл күйін ән айту, музыкалық аспаптарда
ойнау, көңілді тақпақтар оқу, билеу кезінде тудыруға болады.
Балаларға арналған көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылады: билер, жақсы таныс
немесе жаттап алуды қажет етпейтін қимылды ойындар (мысалы, айнамен шағылыстырған
күн сәулесін, сабын көбіктерін ұстап алу), бұрамалы ойыншықтарды, таныс қуыршақ
театрының кейіпкерлерін (доппен ойнайтын, сүт ішетін, киімге тырмысып өрмелейтін
мысық) көрсету.
Тәрбиеші іс-әрекет үстінде балалардың барлығын көз алдында ұстағаны, педагог
назарын, мейірімін, тілектестігін әр баланың сезгені маңызды.
Жақсы көңіл күй балалардың бір-біріне жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеумен
байланысты. Екі жаста балалардың арасында дау-жанжалдар пайда болуы мүмкін, өйткені
тілдері нашар дамығандықтан бала толық түсіндіре алмайды, сұрай білмейді. Сондықтан,
бірге ойнаған балалардың шаршамауын қадағалау қажет. Балалардың бір-бірімен өзара
қарым-қатынасына кешкі уақыт қолайлы, себебі тәрбиеші барлық уақытын балалардың
дербес әрекетін ұйымдастыруға арнайды, ересек балалардың өзін-өзі ұстауы мен ойын
үлгілерін сәбилердің еліктеуі үшін қолданады.
Балалармен жұмыс істеуде тәрбиешіге бірқалыпты, байсалды дауыс ырғағын сақтап,
еліктеуге лайықты жағдайға назар аударып, ескертуді бір балаға басқаларға сездіртпей жасау
қажет. Белсенді сөйлеудің дамуымен байланысты баланы өзінің қажеттілігін қимылмен емес
(тартып алды, ұрып жіберді), сөзбен (сұрау, тәрбиешіден көмек сұрау) білдіруге үйрету
қажет.
Бала өзін-өзі ұстау ережелері мен ойыншықтарды сақтау орнын топқа келген күннен
бастап білуі тиіс.
Бала үш жаста тұрмыстық процессте, ойында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
дербес, ал қозғалыстары үйлесімді бола бастайды.
3 жастағы баланың күн тәртібін құру барысында, ең алдымен, сергіту уақытының
сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. 2 жастағы балалармен
салыстырғанда дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық
шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты
едәуір кемиді. Бұл жастағы балалар тамақты жылдамырақ ішеді, киімін ауыстыруға да аз
уақыт жұмсайды, сондықтан сергектік уақыты түрлі күрделірек істермен толықтырылады.
Балалар ұзағырақ ойнайды, қоршаған ортаны бақылайды, ересектермен бірге болып, ұзақ
серуендей алады. Әлбетте, сергектік сипаттамасы сергіту уақыты ұзағырақ болғандықтан
өзгермейді, бұл өзгерістер жалпы дамумен анықталатын баланың мінез-құлқындағы
өзгерістерге байланысты жүзеге асырылады.
Баланың жалпы дамуымен байланысты сергектігіндегі өзгерістерге қарамастан, бала 3
жаста жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелiктеріне сай ұзақ уақыт бiр іспен шұғылдана
алмайды: бiрқалыпты іс-әрекеттер мен қимылдар оларды жалықтырады. Сонымен бірге, бала
әрдайым өзінің жай-күйін бағалай білмейді, іс-әрекетінің сипатын, енжарлығын өзгерте
алмайды. Ол үшін күн тәртібін құру барысында бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің
276
276
түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектік уақытында балалардың өздігінен ойыны
тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар -
тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан
оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен
ойнауын ұйымдастырған жөн.
Режимдік процесcтерді ересектердің әңгімелеуімен, түсіндіруімен ұластырған
маңызды. 3 жаста сөз жетекші рөл атқара бастайды, сондай-ақ, жаңа қимылдар мен іс-
әрекеттерді үйретуде көрсету маңызды тәсілдердің бірі болып қала береді. Сөздің көмегімен
ересек адам кейбір әрекет түрлерін баланың есіне салады («Арман, қолыңды жудың ба?»),
есіне түсіреді («Әсел, қолыңды жуып болсаң, үстел басына отыр»), түсіндіреді («Бақыт,
тәрелкедегі тамақты қолыңмен ұстама, екінші қолыңа нан ал»).
Ақыл-ойдың дамуы, бала тұлғасының дербестік, бастамашылық, шығармашылық
жағынан қалыптасуы белсенді іс-әрекет процесінде іске асырылады. Сондықтан, ерте
жастағы балалардың режимдік процесстер мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бос
уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-
әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары,
қимылдар, бағдарлық-танымдық әрекет, бақылаулар, кітаптар мен суреттер қарастыру,
бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері, ересектердің тапсырмаларын орындау.
Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың қызметімен және
неге арналғандығымен таныстырады, қоршаған ортаны тануға бағытталған іс-әрекеттерін
ынталандырады. Осыған байланысты, күннің кез келген уақытында өз қалауынша заттармен
әрекет етуге, ойнауға, қозғалу мүмкіндігіне ие болатын пәндiк-ойын дамытушылық
ортасымен қамтамасыз етілуі қажет. Сол себепті:
- қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойыншықтар және жабдықтармен қамтамасыз
етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін сақтау;
- баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын орналастыру;
- ойын бөлмелерінде өзгертуге жеңіл тақырыптық дамыту орталықтарын жабдықтау:
«Өнер», «Сенсорлық-құрылыс», «Көңілді доп», «Табиғат бұрышы», «Құм және су», «Ертегі
аралы», «Ас үй», «Сәндену бұрышымен»;
- әрбір орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, тәрбиелеу
және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын материалдарын іріктеу;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасындағы жағдайларға қойылатын талаптардың
бірыңғай болуы маңызды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті
білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
2. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына
арналған бағдарлама. Алматы, 2006.
3. Визель. Т.Г. Аномалии речевого развития ребенка. – М.:1995.
4. Григорьева Г.Г., Кочетова Н.П., Сергеева Д.В. и др. – 4-е изд.,перераб. – М.:
Просвещение, 2001.-253 с.
5. Григорьева Г.Г., Груба Г.В. и др. Педагогика раннего возраста. – М.: 1998.
6. Доман Г.И. и др. Как развить интеллект ребенка. – М.: 1998.
7. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной
Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.
8. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985
277
277
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ
РОЛІ
Жексенова Б.О.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Мекадилова С.К.
ЖММ «Болашақ» Академиясы
Қай елде болмасын өткен дәуір мәдениетінің жақсы дәстүрлерін сұрыптап алып, жаңа
мәдениетті қалыптастыруға пайдаланып келгені белгілі. Сондықтан халқымыздың сан-
салалы мәдени дәстүрлерін бүгінгі күн талабына сай жаңартып қолданудың пайдасы зор.
Қазақ халқының ежелгі мәдениетін теңіз десек, соның бір бастауы халық педагогикасы.
Осы бастаудың қайнар көзін жете пайдалансақ қазіргі педагогиканы біршама байытқан болар
едік.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай, біздің алдымызда «бабалардың
игі жолы салып кеткен дәстүрлерін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің
патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр.
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан – анасындай, отанның дегенін істеу
– қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды. Осы айтылғандар
халықтың асыл ойының түйіні, яғни мақал-мәтелдерден өзекті орын алған, мәселен, жас
ұрпаққа ел қадірін «Өз елің алтын бесігің», «Отан – оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды
тік» деген асыл сөздермен білдірген. Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, әлпештеп
өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, Отанын шын сүйетін батыр
етіп тәрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең-жырларын, аңыз әңгімелерін осы тақырыпқа
арнаған.
Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың
сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр
мәдениетінің көрінісі. Осыларды ойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-
отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін
қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш жігерімен ақыл қайратын жұмсап, отаншыл
азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты
білім беру жүйесінде оқушылармен патриоттық тәрбиені дамыту басты мақсат болып отыр.
Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі - өркениетті,
прогресшіл бағыттағы азаматтық, патриоттық қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін
жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең
білімді ұрпақ тәрбиелеу [1].
Мораль нормалары балалардың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана
патриоттық субъектісіне айналады.
Л.Х.Салимованың айтуынша, патриоттық тәрбие – жеткіншектердің патриоттық
нормалар мен ережелерді меңгеруге, оларда патриоттық сезімдерді дамытуға, патриоттық
сана мен сезімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді
шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның
өзін өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі [2].
278
278
Жеке тұлғаның патриоттық дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы
қалыптасады. Тәрбие тұлғаның өз мінез-құлқының патриоттық жақтарын саналы түсінуін
қамтамасыз етеді.
Патриоттық тәрбие берудің маңызды педагогикалық міндеттері –жастардың белсенді
өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін,
патриоттық нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Ол тұлғаның жеке
басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы тұлғаның ата-
анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге
жан-жақты тәрбиені патриоттық тәрбие беруден бастайды. Себебі бұл оның патриоттық
сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.
Қазақстан Республикасы ұлттық энциклопедиясында патриоттық тәрбие ұғымына
былай анықтама берілген: «Патриоттық тәрбие – адам бойындағы гуманистік құндылық,
отаншылдық», «кісілік», «ізгілік», «рух» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың
дүниетанымды мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-
құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей патриоттық белгілерін атап өтуге
болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық,
ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық және т.б.
Бүгінгі әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни патриоттық
тәрбиенің шешуші фактор болуы заңдылық.
Адам тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:
-
өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу;
-
тұлғаның бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
-
тұлғаның санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
-
Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін
күшейту;
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне,
қызығушылығына лайықты жасалады.
Патриоттық тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру
барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады [3].
Патриоттық жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке
дейінгі жаста баланың бастапқы патриоттық сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең
қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-
құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-
қатынастарында көзге түседі.
Сайып келгенде, патриоттық тәрбие үзіліссіз жүргізілетін үрдіс. Ол адамның өмірге
келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны тұлғаның жеке бас
қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Қазақ энциклопедиясында «патриоттық тәрбие – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсері мен
моральдық сананы қалыптастыратын, этикалық білімділікті, патриоттық сезімді дамытудың
сара жолы» деп ұғындырылады.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің
ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі
мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте
қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді
279
279
терең оқытуға тырысса да, патриоттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді.
Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің
не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын
қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Сондықтан білім беру жуйесінің негізін оқушылардың рухани-патриоттық тұрғысынан
кемелденуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын
адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. Ал оның
бәрі адамның бойында жас кезінен бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс
бағыт алып, бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары
көбейіп, сапасы арта түседі.
Патриоттық құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды рөл атқарады. Ұлттық
тәрбиенің қажеттілігі мен күрделілігін ұғыну аса жауапкершілікті талап етеді. Ол әрбір ұрпақ
буындарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыруды қажетсінеді.
Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух
немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс.
Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен орталығы, туған жеріне, тіліне, өскен
ортасына, мінез-құлқына , тарихи ұлттық дәстүрге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді
патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл
ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет [4].
Халқымыздың аса бай тарихы, ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және
батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет.
Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі – тұлға, сондықтан оқытушы оның жеке дара
қабілеттерін дамыта отырып, әр сатыда оқитын жастар моделін болжайды.
Жастардың азаматтық білімі: қоғамның саяси жағдаяттарына дұрыс баға беру, тарихи
және саяси заңдылықтарды түсіне білу; жалпы адамзаттық құндылықтарды саналы
көзқараспен қабылдау; ғылым, техника, экономика, өнер мәселелерін қабылдау, талдау,
қолдану; оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс әдістерін меңгеру; дәстүрлі емес
тәсілдерді қолдану; алгоритм арқылы компьютермен жұмыс істеу.
Психологиялық қасиеттері: қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алу;
төтенше жағдаяттардан шыға білу; күнделікті өмірде кең түрде тіл табыса білу;
Этикалық сауаты: адамды сыйлай білу; өзінің және басқаның мүлкін күте білу; қоғамға
зиян келтірушілерге қатал болу; өз бойында жоғары саналық дарыту; басқаны тыңдай білу;
интеллигенциялық мәдениетті болу.
Эстетикалық мәдениет: ғылым, техника, өнер дамуының деңгейін білу; өзін рухани
байытуға ұмтылу; өнер қасиеттерін өз бойына дарыту: би, ән, сахналық өне қабілеттерін
үнемі дамыту.
Іскерлік қабілеттері: жоғары шығармашылықпен еңбек ету, жаңа озық талаптарды
қабылдау және қолдану, коммуникативтік қабілеттерді дамыту, жағдаяттарға байланысты
өзін ұстай білу.
Тәрбие жүйесінің тиімділігін осындай нәтиже жетістіктер арқылы ғана байқауға
болады.
Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық
рухани құндылықтың бірі – ар-намыс. Бұл борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш.
Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс – қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік-
280
280
психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау
жүйесінің негізі болмақ. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын
айғағы ретінде ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырларды
мадақтап жырға қосу арқылы жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа
тәрбиелеуге тырысқан.
Осыған орай жастарды патриотизмге тәрбиелеуге қатысты ғылыми-педагогикалық
әдебиеттермен ғұлама-ғалымдардың тарихи-философиялық еңбектеріне сүйене отырып,
рухани патриотизмге тәрбиелеу керек деген ойымызды тұжырымдаймыз.
Қоғамдағы жастарға патриоттық тәрбие беру сананы өз елі үшін мақтаныш сезімдерін
қалыптастыру, патриоттық жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы отанның мүдделерін
қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын
тәрбиелеу ретінде айқындалады [5].
Халқымыздың басты ерекшеліктерінің бірі – адам бойында ар мен намысты ерте
қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің, іс қимылдарының
өлшеуі ретінде қарау.
Бүгінде жастарымыздың бойынан патриоттық сезімнен нағыз ұлтжандықтан гөрі,
мендік патриотизмнің өріс алғанын байқаймыз. Яғни олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға
қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан
өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық
тәрбиесіне баулу керек. әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата
салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны –
байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам
көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық
тәрбиенің қазіргі кездегі алатын орны ерекше.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік
белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық – адамгершілік, моралдық, еріктік,
еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып
табылады. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде қоғамымызда атқарылып жатқан
шаралардың бәрі олардың белсенділігінің айғағы болып табылады.
Елінің егемендігін, тәуелсіздігін қорғай алатын, Қазақстанды өркендететін, ұлттық
рухты, ұлттық тәрбиені бойына қалыптастырған, ел үшін намысшыл, нағыз патриоттар болу
үшін қоғамдағы жастарымыз, еңбекке және білімде өздерін жоғары көрсете білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |