«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет37/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134

Қолданылған әдебиеттер: 

1.    « ҚР   2015  ж   дейінгі   білім   беруді   дамыту   тұжыр ымдамасы » 

2.  М.М.  Жанпейісова   «Модульдік  оқыту  технологиясы  баланы  дамыту  құралы 

ретінде.» 

3.    «Дауыс  &  Көрініс»  Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау  туралы  ұлттық 

журнал 

4.  Қ .М.Нағымжанова «Инновациялы - креативті технологиялар» 



5.    К.С.Құдайбергенова  «Құзырлылық  таби  ғаты  -      тұлғаның  өздік  дамуында»                                                                                                                         

6.  ҚР   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.2014ж. 

 

 

ЖАС ЕРЕКШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЛАЛАРДЫҢ 



АДАМГЕРШІЛІК — ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ 

 

Акмолдина Ж.О. 



«Ақбота» балабақшасы, Қарағанды  қаласы 

 

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие 

беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен 

басталуы керек. 

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш 

болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль  атқарады. 

Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. 

Бір  жағынан  ол  үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді 

ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан, 

сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, 

адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың 

нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.  



269 

 

269 



 

Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерінен  тұрады.  Олар 

адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара  қарым-

қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету, 

өзара  көмек,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің  өзге  де  формалары,  бұл-сананың, 

сезімдердің,  мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес  элементтері,  олардың 

негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.  

Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы  тәрбиеленеді. 

Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру 

арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің 

қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде 

іске асады.  

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, 

жан-жақты  іс  әрекетінде,  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға 

арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.  

Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке, 

ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды 

және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін  бағалауға 

тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.  

Балаларда  ортақ  пайдалы  жұмысты  істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен 

шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда 

болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге 

белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.  

 Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің 

және  алдағы  күндердің  талабы,  оған  педагогтың  күнделікті  көңіл  бөлуі  талап  етіледі.  

«Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты 

дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты 

ролді атқарады.  

Оның  тәртібі,  іс-қимылы,  балалар  және  үлкендермен  қарым-қатынасы  балалар  үшін 

үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның 

ықпалы  неғұрлым  белсендірек  болса,  баланың  сезімдерін  жан-жақты  қамтыған  сайын, 

олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  рухани-адамгершлік  дамуы  балабақшасы  мен 

отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. 

Әрбір  бала  қандай  да  болмасын  бір  міндетті  орындау  үшін,  өзіндік  ерекше  жағдайлар 

жасалады.  

 Мәселен,  ойында  ұнамды  әдеттер,  өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік  сезімдер 

қалыптасады,  еңбекте-еңбек  сүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай-ақ 

ұйымшылдық,  жауапкершілік,  парыздың  сезімі  сияқты  қасиеттер,  патриоттық  сезімдер 

жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.  

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері 

мына  жайлармен  түйінделеді:  ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу,  балалар  мен  үлкендер 

арасындағы саналы қарым-қатынас  тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, 

қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б .                Ұжымға тәрбиелеу, 

балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке 

тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі 

қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай 

болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.  

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен 

әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, 

оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.  

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта 

әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  


270 

 

270 



 

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі 

биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер 

қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат 

беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры 

бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның 

мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-зі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды. 

Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.  

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының 

нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.  Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы 

ұғымдарының  қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан  басталады.  Баланы 

жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың 

әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 

 «Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-  қаларсың 

ұятқа...»  «Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға»  —  деген  мақалдардан  көруге  болады. 

Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау 

адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр 

түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.  

Адамгершілік-адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін 

руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық 

тәрбие болып табылады.  

Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен  сапалары,  қарым-қатынастарында 

қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан, 

адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.  

Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік,  кішіпейілдік,  қайырымдылық, 

жанашарлық,  ізеттілік,  инабаттылық,  қарапайымдылық  т.  б.  Адамгершілік-ең  жоғары 

құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті,  адамгершілік  және  психологиялық 

қасиеттерінің жиынтығы.  

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына 

адамгершілік 

қасиеттерді 

сіңіру- 

ата-ана 


мен 

ұстаздардың 

басты 

міндеті.                              



Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында, 

отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс 

— тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала 

солай бола алады», — дейді.                                                                                                   

Демек,  шәкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның  жүрегіне  адамгершіліктің  асыл 

қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының 

қалыптасуына, 

айналасымен 

санасуына 

ықпал 

етері 


сөзсіз.                                                                                                       

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем 

бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-

ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  өзі  парасатты  болады.  Ондай 

адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. 

Балаларымызды  имандылыққа  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып, 

мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты 

қасиеттерді бойына сіңіру қажет.  Баланы үлкенді  сыйлауға, кішіге ізет  көрсетуге, иманды 

болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. 

Еліміздің  болашағы-жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік-отбасы,  ата-ана  тәрбиесі 

болса,  екінші  бесік  –білім  беру  мекемесі.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тәрбие  -  адам 

қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер 

етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру 


271 

 

271 



 

жұмысын  кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық, 

инновациялық  жаңашылдықты  қажет  етеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беруді  жетілдіру  мәселесі 

толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие 

–  барлық  тәрбиенің  бастамасы,  әрі  жан  –  жақты  тәрбие  мен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін 

қалайтын  орын.  Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  олардың 

өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Әбиев Ж. Педагогика тарихы- А., 2006. 



2.

 

Төреқұлов Н. Нақыл сөздеодің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А.: мектеп, 1971 



3.

 

“Шаңырақ” энциклопедия. – А.: Ғылым, 1989 



4.

 

  Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М. Әлімбаев– А.: Ғылым, 1979 



5.

 

 Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов — А.: Ғылым, 1991 



6.

 

«Адамгершілік  қасиет-ата-бабамыздан  қалған  мұра»  «Отбасы  және  балабақша» 



2008ж 

 

 



ЖАС ҰРПАҚҚА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ-                           

ЗАМАН ТАЛАБЫ 

 

Абилдаева М.Б., Жұмадильдинова А.Қ.                                                           

 Қарағанды қаласы 

 

Отбасында,білім ордасында, қоғамдық орындарда   үлкендер мен бала арасындағы 

сыйластық,махаббат пен     мейірімділік,шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.                                    

Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, халқын сүюге тәрбиелеп отырамыз.Сондықтан 

ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз,                         

берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе,қандай ғанибет!                                  

Сара Назарбаева 

          Бүгінгі  таңда  мемлекетіміздегі  білім  беру  жүйелері  мен  білім  беру  мазмұны 

қоғамдық  сұраныстарға  сәйкес  жаңаруда.Оның  басты  себебі  әлемдік  өрке-  ниетке  ілесе 

отырып  еліміздің  алдыңғы  қатардағы  дамыған  30  елдің қатарында  көріну  идеясын  жүзеге 

асыру.Мұндай күрделі де жауапты мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген міндеттерді жүзеге 

асыру мәселесі  туындайды.Осы  міндеттерді іске асырушы маңызды ортаның ең негізгісі-

ұрпақ тәрбиесімен айналысатын білім беру салалары.                                                                                                       

 

Елбасы  Қазақстан  халқына  жолдауында"Біз  әр  адамның  ар-намысы  мен  беделін 



бағалайтын, рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік мәде-ниеті бар қоғам құруымыз 

қажет"  деген  болатын.Тәуелсіз  еліміздің  көк  бай-рағы  көк  аспанда  еркін  желбіреп  тұрған 

шағында,  қалыптасып-дамып  келе  жатқан  жас  ұрпағымызды  рухани-адамгершілік 

қасиеттерге,  ұлттық,  азаматтық  тұрғыдан  тәрбиелеуіміздің  бірден-бір  жолы  болады  деген 

сеніммен,басты  міндеттердің  іс-жүзінде  орындалуына  үлес  қоса,  еліміздің  барша  бүлдір-

шіндерінен  өз  мейірімін  аямаған  еліміздің  бірінші  ханымы    Сара  Алпысқызы-ның 

бастамасымен жарық көрген "Өзін-өзі" тану рухани-адамгершілік бағ-дарламасының тәрбие 

беруде  өзектілік  танытып,іс-жүзіне  асуына  білім  саласы  ерекше  назар  аударуда. 

Балабақшадан  бастау  алған  рухани-адамгершілік  білім  негіздері-бала    өмірінің  әр 

кезеңдерінде  жүйелі  дамып    жетілуіне,  ерте  жастан  тұлғалық,  азаматтық  келбетінің 

қалыптасуына мүмкіндіктер ашушы үрдіс екеніне көз жеткізудеміз. Қазақ халқы"Ағаш түзу 

өсу  үшін  көшет  кезінде  бапта,үлкен  ағаш  болып  өскенде,  түзете  алмайсың"  деп  бекер 

айтпаған.Осы орайда,бала бойында жастайынан ізгілік, мейірімділік қайырымдылық, жалпы 

адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,өз-өзіне  сенімділікті  ұялата,өмір 

айдынында  белсенді  әрекет  жасауына  бағыт  беруде,өзіндік  таңдау  жасауына  ықпал  етуде 

отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль  атқарары  сөзсіз.Әр  адамның  ұрпақ  тәрбиесіндегі  игі 



272 

 

272 



 

істері,  мейірімділік  пен  жанашырлық  танытуы  оған  күш  сыйлағанмен  бірдей."Өзін-өзі 

тану"пәні-  Адам  тәрбиесімен  айналысатын  ілім.  Адамды  физиологиялық  немесе  интел-

лектуальдық  жағынан  дамытып  қана  қоймай,  оның  ішкі  жан  дүниесін  рухани 

байытатын,заманауи қоғамда ой-өрісі кең,айналасындарға риясыз қызмет көрсетуге дайын 

тұлға дайындайды. Бұл ойы мен сөзі бір жерден шыға-тын,жан дүниесі таза,өз-өзіне сенімді, 

жүрегінде  тыныштық  орнаған  адам  тәрбиелейтін  жанды  білім.Ал,жанды  білім  білім  беру 

мәдениетінің ұшар биігінде 

тұрып:                                                                                                                                             

-адамды 


шабыттандырады;                                                                                                 -

жаңаша өмір сүруге жетелейді;                                                                                            -

ғылымдар көкжиегіне 

шақырады;                                                                                                 -

ойды  жаңа  ізденістерге 

шоғырландырады;                                                                       -

шығармашылық  жетістіктерге 

итермелейді;                                                                          -

эволюциялық   өсумен   дамуды  туындатады.                                                         

Рухани-адамгершілік  білім  тек  баланы  тәрбиелеп  қана  қоймай,баланы  тәр-биелеуші 

адамдарды  да  өзгертеді.Әр  ата-ана  мен  педагогтың  бойында  "Ізгі  ақыл"  мен"Жылы 

жүрек"қалыптастырары 

анық. 

Әр 


адамның 

жүрегінде 

өмір 

сүретін-


ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс  әрекет,ішкі  тыныштық,  қиянат  жасамау  деген  мәңгілік 

құндылықтар  күнделікті  тіршілікте  басты  рөл  атқарады.Ең  басты  ішкі  тыныштықтың 

сақталуына қалған төрт құндылық қызмет жасайды.Халық даналығында "Адамның ішкі жан 

дүниесі  тынышталса,  оның  отбасында  да  тыныштық  болады.Отбасында  тыныштық 

орнаса,қоғамда  да  тыныштық  орнайды.Қоғам  тыныш  болса,мемлекет  те  де  тыныштық 

болады" деген пікір құр айтылмаса 

керек.                                                                                                 

 

Рухани-адамгершілік  құндылықтардың  қайнар  бұлағы-халықта,  отба-сында,олардың 



өнерлерінде,әдет-ғұрпында.Әр  адам  адамгершілік,адами  асыл  қасиеттерді  күнделікті 

тұрмыс-тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан  бойына  сіңіреді.Көрнекті  педагог 

В.Сухомлинский  "Егер  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,ол  да  сондай  бола  алады",-

дейді.  Демек,балаға  жан-жақты  терең  білім  бере  отырып,оның  жүрегіне  адамгершіліктің 

асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  ел  тізгінін  ұстар  жеке  тұлғаның  өзіндік 

көзқарасының қалыптас-уына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Осы орайда, жеке 

тұлғаға  рухани-адамгершілік  тәрбие  берудегі  негізгі  педагогикалық  шарттар  жүзеге 

асырылады.   

 

 

 



 

      Біріншіден,  кешенді  түрде  отбасы  мен  балабақшаның  бірлігі  арқылы  бала-ның 

дүниетанымын,  мінез-құлқының  жақсы  жақтарын,  білімге,еңбекке,өз-өзіне,басқаға 

қатынасын қалыптастыру.   

     Екіншіден,мұғалім  мен  ата-ана  беделінің  өз  деңгейінде  бағалануын  сақтай,  жеке 

тұлғаны жақсылыққа,қайырымдылыққа,мейірімділікке тәрбиелеуді мақсат ете тәрбие беру.                       

Үшіншіден,оқу-тәрбие  жұмыстарының  өмірмен  тығыз  байланысты  бо-луына  назар 

адара,  жеке  тұлғаның  қоғамдық  ортада,  ұжымдық  қарым-қаты-наста  өзін-өзі  ұстау 

дағдылары:ұстамдылыққа, бауырмалдыққа,өзара сый-ластыққа баулу. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Төртіншіден, 

жеке 


тұлғаның  

құндылықты қабылдауында жас ерекшелігіне тығыз байланысты екенін назар аудара, оның 

мінез-құлқының дамуына тәрбие-білім дәрежесіне көңіл бөлу.                                    

 

Бесіншіден,тұлғаның 



шығармашылық 

қабілетін 

дамыту 

барысында 



тұрақтылыққа,жігерлілікке еңбек нәтижесіне қол жеткізуге үйрету.   

Алтыншыдан, 

жеке  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  қалыптастыруда  қоршаған  ортаға,еңбекке 

қызығушылығын арттыра,ойлауын,қиялын жетіл-діруді көздеу.  

 

 

 



Осы орайда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға рухани-адамгершілік тәр-бие беру 

күнделікті оқу қызметі барысында білім саласының барлық бөлім-дерімен кіріктіріле жүзеге 

асырылуда.Оқу қызметінің басында қолданылатын әдістемелік тәсіл - "Шаттық шеңберінің" 

педагогикалық  мәні  зор.Әр  бала  өзіне  таныс  үлкен  достық  шеңберіне  қабылданғанын 

сезінеді,өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады. Ал,"Өзіммен-өзім" тәсілі 

баланың  өзін  және  өзінің  жүрегін  тыңдай  білуіне,  эмоциясының,  жалпы  рефлексияға 



273 

 

273 



 

қабілеттерінің дамуын ынталандырады,әрі бұл тәсіл материалды жаңадан түсіну барысында 

пайдаланылады.Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  барысында  педагогтың  сөзімен 

қатар,сондай-ақ  аудиоқатарлар  (классикалық  музыка,  табиғат  дауыстары  және  т.б.) 

қолданылады."Жағдаяттар  кезінде  ойлану"-  бала-лардың  нақты  өмірлік  жағдаяттарды 

бағалай  білу  қабілеттерін  дамытуға,өзінің  ойы  мен  ісіне,әрекеттеріне  жауапкершілігін 

қалыптастыруға  ықпал  ететін  әдістемелік  тәсіл."Бейнематериалдар  көру  (фильмнен, 

мультфильмнен,  үзінділер  және  т.б.)"-  оқу  ақпараттарын  жеткілікті  көрнекілік  нысанда 

ұсынуға  мүмкіндік  беретін  әдістемелік  тәсіл.Айқын  көркем  бейнелер  балалардың  өтілген 

материалдардың  мазмұнын  қабылдауы  мен  меңгеруін  күшейтеді."Ән  шырқайық,достар!"- 

қосылып  ән  айтуды  ұйғаратын  тәсіл.  Ән  айту  балалардың  сезімдерін  сергітіп,көңіл-күйін 

жадыратады.Бұл  тәсіл  сабақтың  кез-келген  кезеңінде  қолданылады."Сергіту  сәті"-

шаршағанды ұмыттыруға,жалығуды болдырмауға,денеге түскен күшті төмендетуге қажетті 

өзін-өзі тану сабақ-тарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке 

ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі.Осы тәсілді қолдану топта жақсы 

көңіл-күй  тудырады,ұқыптылықты,реакция  жылдамдығын  дамытады,ұжымға  топтасуға 

ықпал  етеді."Жүректен-жүрекке  шеңбері"-әдетте,оқу  қызметін  аяқтайтын,бір-бірімен  пікір 

алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық 

жай-күйін,олардың  тақырыпты  түсіну  дәрежесін  анықтауына  мүмкіндік  туғызатын 

әдістемелік тәсіл. Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстаудың 

дағдыларының  нормалары,ұйымдағы  қарым-қатынас 

мәдениетінің  тұрақтылығын 

қалыптастырады.Қорытындылай  айтқанда,  рухани-адамгершілік  тәрбие  жүйелі  түрде 

жүргізілетін екі жақты қарым-қатынас барысында қалыптасады. Бір жағынан ол үлкендердің, 

яғни отбасында  ата-ананың, балабақшада педагогтардың балаларға белсенді ықпалы,екінші 

жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан,сезімдері мен қарым-

қатынастарынан  көрінеді.  Жас  ұрпақтың  бойына  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру- 

ата - ана мен педагогтың басты міндеті. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

 



 

                                                     

1.Мукажанова Р.А.,Омарова Г.А.,"Самопознание" и другие учебные предме-ты:возможности 

интеграции 

содержания 

и 

методов".Оқу-әдістемелік 



құралы, 

Алматы:"Бөбек"ҰҒПББЖСО,2013ж.                                            

2.С.А.Назарбаева. 

Этика 


 

жизни-Алматы, 

2001ж.                                                                                        

3.Амонашвили Ш.А.Основы гуманной педагогики.Кн.1,2.Как любить  

детей. 

-

М.,2012ж. 



 

 

 



 

 

 



 

                               

4.Иман Ғазали "Бақытқа жету әліппесі" Алматы,2003ж. 

                      

5.Б.И.Иманбекова "Тәрбиеге жетекші" Алматы,2004ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет