«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет50/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134

Литература

Методические  рекомендации  по  организации  инклюзивного  образовательного  процесса  в 

детском саду. Выпуск 4. Москва. Центр«Школьная книга».2010 

Интернет материалы Детского фонда ООН (ЮНИСЕФ), 2011 г. 

Верещагина Н.В. «Особый ребенок» в детском саду. – Спб: Детство-пресс, 2009 

Инклюзивная практика в дошкольном образовании\Под ред. Волосовец Т.В., Кутеповой Е.Н. 

– М.: Мозайка-Синтез, 2011. 

 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ  – БІЛІМ 



САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 

 

Бейсембаева А.А. Агадилова  Ж.Б.  

Ғ.Мұстафин атындағы № 83 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 

 

Қазіргі таңда білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын 

әзірлеу ұстаздардан инновациялық технологияларды талап етіп отыр. 

Әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа 

тәрбиелеуді 

жүзеге 

асыратын 



жаңартылған 

педагогикалық 

технологияларды меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда.   

Оқушыларға қазіргі заман талабына  сай сапалы білім  мен тәрбие беруде әр пәнді оқыту 

жоғары  ғылыми  дәрежеде  жүруі  керек.    Бүгінгі  таңда  дүние  жүзінде  білімнің  рөлі  артып, 

білім  беру  әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементтеріне  айналды.  Адамның  болашағы 

оның  қазіргі  алған  білімінің  сапасының  көлеміне,  ойлау  деңгейіне  байланысты.  Біз  жаңа 

мыңжылдықта, ақпараттандыру ғасырында өмір сүріп жатырмыз. 

Барлық жаңа технологияның алдына қойған мақсаты  – оқушының жеке басының дара 

және 


дербес 

ерекшелігін 

ескеріп, 

олардың 


өз 

бетінше 


ізденуін 

арттырып,шығармашылықтарын қалыптастыру.  



359 

 

359 



 

Мұғалім әрқашан сабағында көрнекі құралдар немесе қосымша әдебиеттерді мақсатты 

пайдалана отырып, оқушыларға мүмкіндігінше білім түрлерін кеңірек 

беруге ұмтылғаны жөн.        

        Үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық 

білім беру  жүйесінің алдындағы жауапты міндет.  Ендеше, оқытудың жаңа технологиясын 

тиімді  пайдалана  отырып  дұрыс  түсіндіру,  оның  бағытын  нақты  анықтап,  жүзеге  асыру  – 

басты мақсаттарымыздың бірі.  

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың 

тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны 

«жаңалық»,  «жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал  инновациялық  үрдісті 

«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.  

Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор  тәжірибені 

жұмылдыру қажет.  Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі 

іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір  мұғалім  жаңа 

инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және  өзін-өзі 

қалыптастырады.  

Инновациялық  технологияларды  сабақта  пайдалану  –  өмір  талабы.  Жаңа 

технологияларды  оқушылардың  жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап 

алудың  маңызы  зор.  Оның  тиімділігі  –  әдіс-тәсілдерді  ұтымды  таңдау  арқылы  оқушының 

сезіміне,  ынта-ықыласына  әсер  ету,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру.  Сабақтарда 

түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отыра,  инновациялық  технологияларды  пайдалану  білім 

берудегі ең маңызды әдістердің бірі болып табылады.  

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты 

қолдану,  мұғалімнің  көптеген  қиындаған  қызметтерін  жеңілдетіп,  осы  іскерліктің 

ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.  

Сабақ  беру  үрдісінде  өз  тәжірибемде  мынандай  мақсатқа  қол  жеткізуге  тырысамын: 

оқушылардың  шығармашылық  қызметін  дамыту,  өз  бетінше  жұмыс  істей  білуге  үйрету, 

топтаса жұмыс жүргізе білу, оқушының ой – өрісін, қиялын дамыту, сауатты жазуға үйрету 

арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту. Сабаққа қойылатын талаптар оқушылардан 

үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды 

пайдаланудың маңызы зор.   

Сабақтарда  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отыра,  инновациялық  технологияларды 

пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Осы технологиялар 

арқылы  оқушылар  сабақтарда  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  дамыта  отырып, 

тұжырымдау, пайымдау, дәлелдеу, салыстыру дағдыларын дамытады.  

Қазақ  тілі  сабағында  әдістерді  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  білімге  деген 

қызығушылықтарын  арттыру,  терең  ойлау  белсенділігін  қалыптастыру,  оқытудың  жаңа 

технологиялары  арқылы  жүзеге  асып  келеді.  Қазақ  тілін  оқытуда  ақпараттық  – 

инновациялдық  технологияларды  пайдалану  –  оқушыларды  сауатты  жазуға,  ойын,  сөзін 

еркін жеткізуге, білікті, жан-жақты азамат болуға тәрбиелейді.  

Инновациялық  технологияларды  қолдануда,  әдетте  шынайы  өмірлік  жағдайлар 

келтіріліп,  балалар  салыстыруға,  өз  ойларын сол  тақырыпқа  сай  жеткізе  білуге  итермелеу 

керек.  Рөлдік  ойындар  пайдалану,  білгірлігінің  қалыптасуы  барысында  жеке  белсенді 

позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, 

сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.  

Әрбір  педагогтің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырудың  педагогикалық 

шарттары:  инновация туралы білімі;  инновацияны жан-жақты меңгеру;  инновациялық іс-

әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны 

практикада  дұрыс  қолдану  болып  табылады.  Білім  беру  ордаларында  бүгінгі  таңда  белең 

алып  отырған  кемшіліктері  баршылық,  атап  айтатын  болсақ:  білім  сапасының  төмендігі; 

білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оқудың  нәтижесінің 

болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен 


360 

 

360 



 

білім 


алу 

дағдысының 

болмауы; 

білім  алушылар  мен  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбектерінің болмауы. 

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-

тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын 

арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу болып табылады.  

       Инновацияны қолдану, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені 

әр  мұғалімнің  өз  іс  тәжірибесі  бар.  Бірақ,  инновацияны  қолдану  арқылы  мұғалім  өз  іс 

тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл 

заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс-тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, 

тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық 

көзқараспен қараған оқытушы жаңа инновациалық технологиялар бойынша жұмыс атқара 

алады.  


        Қорыта  келгенде  инновацияның  өлшемдік  бірліктері  оқытудың  әдістемелік  мақсат-

міндеттері, оқу үдерісі, оқытудың нәтижесін бағамдаумен анықталады. Оқу-тәрбие үрдісінде 

жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданудың    өзіндік  ерекшеліктері  бар  болуы. 

Инновациялық  білім  берудің  нәтижесінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңы  әдіс-тәсілдерін 

инновациялық-педагогикалық  технологияны  меңгерген,  психологиялық-педагогикалық 

негізде қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға 

икемді,  шығармашыл  педагог,  зерттеуші  жаңаша  оқытушы  болып  шығуына  мүмкіндік 

береді.  Білім  берудің  мазмұнын  жаңарту,  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  дамыту  және 

оқушыларды бүгінгі күн талабына қарай икемдеп, өз заманның озық өнегесін оның санасына 

сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта дамыту  - бүгінгі күннің басты талабы.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007  

2.

 



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы

 

3.

 



 Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 

4.

 



Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 

Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану 

мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

 

 



 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ 

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

Станқұлова Айзат Амантайқызы 

№134 «Гауһар» балабақшасы 

Тәрбиеші. 



 

Қазіргі  кезде    толғандыратын  өзекті  мәселелердің  ең  негізгісі  –  еліміздің  болашағы. 

Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі 

болып 


жетілуі 

екені 


белгілі. 

Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін 

өсіріп,  мәртебесін  биіктетер  жасампаз  жандарды  шыңдап  өмірдің  ең  басты    сатысын 

қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың 

иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын 

ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының 

қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп 

қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 



361 

 

361 



 

Президенттің  жолдауында:  «Ұлттық  бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім 

деңгейімен  айқындалады»  -  деген  байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны 

дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен 

егіз. 

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы  білім берудің ұлттық 



моделіне  өту  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  жаңа  инновациялық 

педагогикалық  технологияны    игерген,  психологиялық-педагогикалық  диагностиканы 

қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада 

арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға 

икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді. 

          Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 

технологияларын  таңдауда  көпнұсқалық  қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің 

педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай  пайдалану  педагогтан  үлкен 

шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі     жаңа 

технологияны меңгеру-тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 

көптеген  адами    келбетінің    қалыптасуы  ,  өзін-өзі  дамытып  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.      

Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, 

саналы,  сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  қоғамдық  тәрбие  орындарының  бірден  бір 

парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы 

болып отыр. 

 «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. 

Бұл  түсінік  XIX  ғасырдағы  зерттеулерде  пайда  болып,  белгiлi  бiр  мәдениеттің  кейбiр 

элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация 

оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен 

қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. 

Қазіргі 

заман 


инновациялық 

қызметі- 

 

балабақша 



балалармен 

жұмыс 


істеуде      инновациялық  технологиялар  ,әдістер,  балалардың  психологиясы  мен 

педагогикасын  терең  білуі    педагогтарға  нақты  бір  жетістіктерге  жетуге  көмектеседі. 

Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары 

мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. 

          Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 

технологияларын  таңдауда  көпнұсқалық  қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің 

педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай  пайдалану  педагогтан  үлкен 

шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі     жаңа 

технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 

көптеген  адами    келбетінің    қалыптасуы  ,  өзін-өзі  дамытып  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.   

Болашақ  педагог-психологтардың  кәсіби  және  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыру 

Мотивациялық  өлшемдеріне  танымдық  қызығуды  қалыптастыру  бейнесі  жатады.  Оған 

болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық  қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің 

кәсіби  шеберлігін  дамытуға  талпынуы,  болашақ  мамандығын  ерекше  жақсы  көруі,  ұрпақ 

тәрбиесінде  ұстаздың  жетекші  орнын  сезінуі,  кәсіби  жеке  біліктілік  деңгейін  көтеруге 

бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. Мазмұндық өлшемдеріне 

болашақ  маманның  жалпы  мәдениеттілік  дайындығы  мен  пәндік  әдіснамалық 

дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, 

біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық 

білім  негіздерімен  қарулануы  кіреді.  Бейімділік  өлшемдеріне  болашақ  маманның  барлық 

жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта 

өзгерістеріне  сай  қолайлы  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  таңдай  алуы. 


362 

 

362 



 

Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне 

ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен, бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-

тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Танымдық өлшемдері болашақ маманның 

әлеуметтік  кәсіби  қоршаған  ортаны  жедел  тани  алуымен,  өзін  кәсіби  жүзеге  асырудың 

нәтижелі  әдіс-тәсілдерн  пайдалануымен,  инновациялық  педагогикалық  технологияларға 

қызығу  танытумен  ерекшеленеді.  Оған  болашақ  маманның  әлеуметтік  кәсіби  қоршаған 

ортаны  біліп  тануы,  кәсіптік  білімін  өз  әжірибесінде  қолдана  білуі,  инновациялық 

педагогикалық  технологияларды  оқып  меңгеруі,  үйренуі  жатады.  Іс-әрекеттік  өлшемдері 

болашақ  маманның  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінің  мақсаты  мен  міндетін  анықтай  алуы  және 

педагогикалық  қарым-қатынастық  үрдісті  тиімді  жүзеге  асыра  алуымен  өлшенеді.  Оған 

болашақ  маманның  өз пәнін  жете  меңгеруі,  біртұтас  оқу-тәрбие  үрдісінің психологиялық, 

педагогикалық  негіздерін  білуі,  педагогикалық  үрдісті  жоспарлап,  жүзеге  асыра  алуымен 

өлшенеді. Технологиялық өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның 

міндеттерін  анықтай  алуы,  оқытудың  нәтижесін  болжай  алуы  және  психологиялық-

педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-

тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-

қатынасты  жүзеге  асыра  алуы,  біртұтас  педагогикалық  үрдісті  диагностикалай  алуы  және 

сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы 

қажет.  Шығармашылық  өлшемдеріне  шығармашылық  ептілікті,  шығармашылық 

белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ 

маманның  ғылыми-зерртеу  жұмыстарына  өзіндік  талдау  жасай  алуы,  өз  білімін  көтеруге, 

жетілдіруге  талпыныстың  болуы  мен  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  өзіндік 

жаңалықтар,  өзгерістер  енгізумен  және  жаңалықты  шығармашылықпен  қолдана  алуымен 

сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, 

нәтиже  құралады.  Білім  жалпы,  кәсіби,  техникалық,  арнайы  білім болып  бөлініп  кәсіппен 

ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу 

үшін іскерлік қажет.  Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-

шаралар,  дағдыдын  туындайды.  Іскер  болу  үшін  іс-әрекетті  меңгеру  қажет.  Іс-әрекет 

әрекеттен,  операция,  қимыл-қозғалыстан  тұрады.  Барлық  үрдіс  байланыса  орындалғаннан 

соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.МДҰ-ның   балалары  – өз қажеттіліктері, қабілеттері 

және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары  – өз кәсіби  және жеке тұлғалық 

қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар.  МДҰ басшысы   – балалар мен педагогтардың  іс-

әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс 

жасап  келешек  ұрпақты  өмір  талабына  сай  тәрбиелеп  білім  беру,  ал  ең  бастысы  дені  сау, 

рухани азамат дайындау.  

Пайдаланған  әдебиеттер: 

1.       Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық-технологияны меңгеру – міндет Қазақстан 

мектебі. – 2005. - № 9-10. - 25-26 бб.  

2.      Камзина Б.М. Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің 

педагогикалық шарттары // Валеология. – 2006. - № 3. - 4-5 бб.  

3.      Қазақстан-2030 // Егемен Қазақстан. – 1997. - 11 қазан.  

 

 

 



 

363 

 

363 



 

 

ИНТЕРКИВТІ ТАҚТА АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ 



 

Жаукеева Г.Т. 

Қарағанды қ., «№64 негізгі орта мектеп» КММ 

 

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте 



түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына 

кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформас – Қазақстанның бәсекеге нақтылы 

қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап 

көрсетті. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу 

– тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  берудің  бір  бөлігі.  Соңғы 

жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық, 

интерактивті  тақта  қолдану  айтарлықтай  нәтиже  беруде.  Білім  беру  жүйесі  электрондық 

байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар 

арқылы  іске  асырылуда.  Мұғалім  компьютер  желісі  арқылы  әрбір  оқушымен  тығыз 

байланыста  болғандықтан,  оқытуға  тиянақты  түрде  көңіл  бөлініп,  әрбір  баланың  жеке 

деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. 

Интерактивті  технологиялар  өмірімізге  терең  еніп,  оқуда  және  жұмыста  табысты 

жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік беруде. Интерактивті құралдар көмегімен мұғалімнің, 

оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашып  отыр.  Интерактивті  құралдар 

оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер 

енгізуге  мүмкіндіктер  жасайды.  Бұл  оқушының  пәнге  қызығушылығын  арттырады. 

Қарапайым құралдар мен көрнекіліктерден бастап интернет желісіне дейінгі сабаққа қажетті 

барлық материалдардың шоғырланған жері- интерактивті тақта және ол уақыт өткен сайын 

жетілдірілуде. Сондықтан да интерактивті тақтаның дидактикалық мүмкіндіктері шексіз. 

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, 

бейне құжаттарды және интернет ресурстарын қолдана алады.  Мысалы, 5 сыныпта өткен 

«Менің  елімнің  ақшасы»  атты  сабағым  туралы  айта  кетейін.  Сабақ  басынан  аяғына  дейін 

интерактивті  тақта  көмегімен  өтті.  Сабақ  ұйымдастыру  кезеңі  мен  үй  тапсырмасын  сұрап 

болғаннан кейін қысқа бейнефильм тамашалаудан басталды.  

І. «Ойлан, тап!» бейнефильм бойынша сұрақтарды сәйкестендір. Топтық жұмыс. 

ІІ. «Ойлай білгеннің ойы ұшқыр». Жұптық жұмыс. Берілген мақал-мәтелдердің орнына 

сөздерді қойып оқиды. 

Ақшада 

жоқ. Ақша ашпайтын 



 жоқ. Қалтасында 

 -ы  жоқ,түйенің 

тісін ашып көреді. Базар ақшалыға базар, 

сызға назар. Телміріп алған теңгеден, тер 

төгіп  тапқан 

  жұғымды.  Дауыл  -  құйыннан, 

  -  тиыннан.  Теңге  - 

-нан,  тұлпар  -  құлыннан.   

лі  жерде  теңдік  жоқ.     

  болса 


364 

 

364 



 

алақанда,  сауда  қайнайды.  Теңге 

-нан  өсер,  жылқы  құлыннан  өсер.

 

сомың болғанша, 



 досың болсын. Теңге -  

-нан, ынтымақ – ұйымнан. 



ІІІ.  Кім  тапқыр!  «Валюталар  шеруі».  Топтық  жұмыс.  Екі  топқа  әр  елдің  валюталары 

беріледі, олар оны қай елдің валютасы екенін дұрыс анықтайды. 



ІV.  «Кім шапшаң?»  Кестедегі әріптерден тақырыпқа байланысты сөздерді табу (теңге, 

банк, банкнот, курс, ақша, тиын, сом, валюта, касса). Сөздерден неологизмдерді анықтау.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI. Кім жылдам? Тақтада берілген қиықша сөздерден дұрыс сөйлем құрау. 

Тәжірибеде  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жүргізуді  жиі  қолдану  қажет.  Егер 

интерактивті тақта интернет  жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде 

тақырып  бойынша  көптеген  жаңа  ақпараттар  алуға  да  болады.  Әрбір  оқушының  білім 

деңгейін  талапқа  сай  көтеру  үшін  озық  әдістемелік  технологиялар  қажет.  Сол  жаңа  озық 

әдістемелік  технологиялармен  қаруланған,  заман  талабына  сай  оқытудың  жаңа  әдістерін, 

яғни ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды толық меңгерген педагог қана білім 

алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. 

Әрбір  оқушының  білім  деңгейін  талапқа  сай  көтеру  үшін  озық  әдістемелік 

технологиялар  қажет.  Сол  жаңа  озық  әдістемелік  технологиялармен  қаруланған,  заман 

талабына 

сай 


оқытудың 

жаңа 


әдістерін,яғни 

ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы 

білім алуына мүмкіндік жасайды.  

XXI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы 

дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім 

мазмұны  оқытушы  мен  оқушының  арасындағы  негізгі  бастамалардың  барлығы  оқытушы 

арқылы жүзеге асырылады. 

Оқушыға  белгілі  бір  дәрежеде  білім  беру  мен  қатар  оқуға,  үйренуге  деген  ынтасын 

арттыру  әр  ұстаздың  міндеті.  Сабақ  барысында  шәкірттің  білімге  құштарлығын  арттыру, 

еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға 

қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.  

Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. 

Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Сабақ 

барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал 

оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет