«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет64/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. Астана . 2004. 28-б 

2.  С.Е.  Шишов.  Понятие  компетенции  в  контексте  проблемы  качества  образования 

«Государство и образование», 2002. 88-б 

3.    Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы,1999. 

4.    Г.Қ.Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. –Алматы: Ғылым, 1999. 

 

 



ҚАЗІРГІ  ЗАМАНҒЫ  БІЛІМ  ЖҮЙЕСІН  ЖЕТІЛДІРУ 

 

Мағдатова Қымбат Жанатовна,  Оспанова Жадыра Мейрамовна 



Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 

экономика, бизнес және құқық колледжі 

 

Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. 



Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, 

барынша күрделене түседі. 

Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан 

үлкен үміт күтілуде. 

«Ойдағыдай  тәрбиелеудің  сыры  оқушыға  деген  құрмет  сезімде  жатыр»деп  Р.Эмерсон 

өзінше  баға  бере  білген.  Мектептегі  басты  тұлға  ұстаз  десек,  білім  саясаты  ең  алдымен 

ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз  – рухани 

жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы 

жиналып  сақталған  мұраларын  келешек  ұрпақ  игілігіне  жеткізе  алатын  мәдени  ошақтар, 



478 

 

478 



 

ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, 

қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең 

өзекті мәселелердің біріне саналды. 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  бүкіл  әлемдік  білім  кеңестігіне  ену  табалдырығында.  Өмір 

ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан 

заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық  оқытуға  көшумен 

тікелей байланысты. 

Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие 

берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, 

оны шешу бағыттары  айқындалған. Қоғамның білім деңгейі  мен интеллектуалдық әлеуеті 

ұлттық  байлықтың  маңызды  құрамы  ретіндегі  сипатқа  ие  болуда,  ал  адамның  білімділігі, 

кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете 

білуі  Қазақстан  Республикасының  өрлеуіне  негіз,  ал  тұрақты  дамуы  мен  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  шарт  бола  алады.  Жаңа  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі 

жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін 

шығармашылықпен  жүзеге  асыра  білуге  икемдейтін,  күтілетін  нәтижеге  бағытталған 

құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет. Жалпы орта білім беру сапасын арттыру 

мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму тракториясын белгілеу 

және  соның  негізінде  күтілетін  нәтижеге  бағытталған  құзыреттілік  тұрғысынан  келуге 

бағытталған  білім  беру  жүйесін  жетілдірудің  қажеттілігі  арта  түсуде.  Қазақстан 

Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде білім 

беруді  жетілдіру  бағыттарын  айқындауға  үлкен  мүмкіндік  туады.  Қазақстанның  әлемдік 

білім беру кеңістігіне кіруі, елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның 

мазмұнын  ашуды  талап  етуде.  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру  жүйесіне  көшудің 

тұжырымдамалық  негіздерін  жетілдіру  қазіргі  күн  тәртібіндегі  негізгі  мәселелердің  бірі 

деуге болады. 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу  - әлемдік білім кеңістігіне еркін 

енуді  көздейтін  заман  талабынан  туындап  отырған  мәселе.  Жас  жеткіншектің  әлеуметтік 

және  қоғамдық  өмірдегі  өзгерістерге  икемделе  отырып,  болашақ  өмірге  еркін  енуіне 

дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп 

отыр  Кез  келген  жаңа  идеяның  өмірге  еніп,  жүзеге  асырылуы  оның  ғылыми- 

тұжырымдамалық негізін жасаудан басталатыны белгілі. жалпы орта білім  берудің жоғарғы 

сатысындағы    оқытуды  саралау  жүйесі  ретінде  қарастырылады.  2007-2008  оқу  жылында 

бағдарлы оқыту 11-сыныптарды қамтуы тиіс. Бағдарлы оқыту оқушылардың кәсіби өзін-өзі 

анықтауына,  әлеуметтенуіне  себебін  тигізуі,  мектеп  пен  кәсіби  білім  арасындағы 

сабақтастықты  қамтамасыз  етеді.  Оқушының  әр  түрлі  іс-әрекет  түрлерінде  өзін  байқау 

мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар туғызу 

қажет. 


Бүгінгі  күнде  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  -  жаңа  қоғам  мектебі,яғни  болашақ 

мектебі.  Халықтық  мәдениетке  интеграцияланған,  баланың  жеке  басының  дамуына 

педагогикалық  жағдай  жасайтын,  рухани  жағынан  таза,  дүниеге  тік  қарайтын,  қоршаған 

ортамен  жүйелі  байланыс  түзетін,  білімнің  жаңа  мазмұнымен  байланысқан,  бәсекеге 

қабілетті  жаңа  ұрпақ  өсіріп,  дамытып  жетілдіретін  мектеп  болуға  тиіс.  Елге  танымал  аты 

шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген 

бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының 

тірегіне  айналдыру  баршамыздың  міндетімізге  айналуы  тиіс.  Менің  ойымша  білім  беруді 



479 

 

479 



 

тәрбиеге  негіздеудің  екі  қанаты  бар.  Олар  білімді  ұлттық  құндылықтар  мен  өркениетке 

негіздеу.  Шәкіртті  өз  күш-жігерін  пайдалануға  баулу.  Бұл  екеуі  құстың  қос  қанатындай, 

бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. 

Ендеше  сапалы  білім  беретін  мектеп  бүгінгі  күнде  өзіндік  мектеп  реформасын  қажет 

етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін 

ғана  қамтып  қомай,  сол  мектептің  бала  оқытатын  мұғалімдері  жаңа  бағытқа  қарай  кәсіби 

шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар. 

Қазақстандағы  білім  беру  саласын  жетілдіру  бойынша  Мемлекет  Басшысы 

Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  14  желтоқсандағы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  түбегейлі  жаңа  мақсаттар  қойылып,  білім 

саласы  жеке  жетілдіру  бағыты  ретінде  көрсетілген.  Өйткені,  білім  -  ұлттың  бәсекеге 

қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады. 

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте 

балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін 

инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. 

Білім  беру  саласын  жетілдіру  бойынша  2011  жылы  білім  саласын  дамытудың 

заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болса, 2012 жылы білім және ғылым саласында 

көптеген  жаңартулар  болды.  Бірқатар  маңызды  жетістіктерге  қол  жеткізілді.  40-тан  астам 

түбегейлі  жаңа  базалық  механизмдердің  көпшілігі  тәжірибеге  енгізілді.  Мектепке  дейінгі 

тәрбие жүйесінде «Балапан» бағдарламасының арқасында балаларды қамту 2011 жылдан екі 

есе өсіп, 71,5%-ға жетті. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне 

жақындаймыз  (80%  жуық).  Мемлекеттік  -  жеке  әріптестік,  жан  басына  қаржыландыру 

механизмдері іске қосылды . 

Жалпы  орта  білім  беретін  білім  беру  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 

ұйымының оныншы-он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда жалпы орта 

білім  беретін  білім  беру  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымын  бітіруші 

және  (немесе)  оның  ата-анасы  (өзге  де  заңды  өкілдері)  білім  беру  саласындағы  жергілікті 

атқарушы органға шағымдануына болады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында    «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 

коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым 

мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби 

шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»  -  деп атап көрсеткендей, 

қазіргі кезде әрбір оқытушының  алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың 

әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық  үдерістегі технологияны 

меңгеру. 

 

1.  Назаpбев  H.  “Қaзақстан  —  2030”  Баpлық  қазақстандықтаpдың  өсiп-өркeндеуі, 



қауiпсіздігі  жәнe  әл-aуқатының  aртуы,  Eл  Пpезидентінің  Қaзақстан  хaлқына  Жолдауы. 

Алматы: Білім, 1997ж. 

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011  - 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңы. 

 

 


480 

 

480 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТУ-

ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНДА  

АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Сакенова А.М 

                                                                    Исина Н.С 

       Мухаммедина С.Г 

   Темирбаева Г.Т 

№145 «Балапан» б/б КМҚК 

 

«Тек қана ата-аналармен бірге,  



жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында  

педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»                                                                                

В.А.Сухомлинский 

 

   Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқытып  тәрбиелеу,  әр  баланың  өзіндік 



ерекшеліктерін, жасын ескере отырып, оның жеке адам болып қалыптасуы мен өсуіне және 

дамуына  жағдай  жасайтын  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі.                                                                                                                                                                                     

Өкінішке орай, біздің елімізде кейінгі кезде тіл кемістігі бар балалар көптеп кездеседі. Қазіргі 

кезеңде  тілінде  кемістігі  бар  балаларды  мектеп  жасына  дейінгі  арнайы  балабақшаларда, 

топтарда тәрбиелеп оқыту жұмыстары қолға алынды. Балабақшалардың арнайы топтарында 

тәрбиелеу  және  оқытудағы  жұмыстар  олардың  жалпы  сөйлеу  мүмкіндіктерімен  даму 

ерекшеліктері,  ой-өріс,  мінез-құлықтары  ескеріле  отырып,  жалпы  балабақшалардың 

бағдарламасына  сәйкес  жүргізіледі.  Дегенмен  бағдарламаның  өзіндік  ерекшеліктері  бар.                                                                                                                                               

Логопед маманы өз жұмысын жоспарлауда алдына бірнеше мақсаттар қояды: 

 -баланың дыбысталуын түзету.                                                                                                                                                   

-баланың фонематикалық естуін дамыту.                                                                                                                  

-баланың сөздік қорын кеңейту.                                                                                                                                       

- сөйлеудің лексико-грамматикалық құрылысын қалыптастыру.                                                                                                                                      

-байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту.                                                                                                                                                 

-бала қолының ұсақ моторикасын дамыту, қолын мектепке жазуға дайындау.                                                         

-психикалық процесстерін дамыту.                                                                                                                                                                

-тіл дамуының деңгейіне және мінез-құлықтарына сәйкес жұмыс жүргізу.                                                                       

Баланың сөйлеу қабілетін түзету мен дамуында тездік және сапалы нәтижелерге жету 

үшін психолог, невропатолог мамандарының көмегімен жүргізіледі.Сонымен қатар түзету-

дамыту 


жұмыстарында 

тәрбиешілердің 

де, 

атқарар 


көмегі 

зор.                                                                                                                                                                   

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардағы  тілдік  кемістікті  жою  мақсатында,  түзету-дамыту 

жұмыстарында, ата-аналардың қатысуы ерекше роль атқарады.                                                                                                                                                           

Ата-анамен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ  жарасым 

тапқан  жағдайда  оның  бала  тәрбиесіне  тигізетін  ықпалы  да  нәтижелі  болмақ.                                                                                                                                                                                                                           

Логопедтің ата-аналармен жұмыс жасау барысы бірнеше кезеңнен тұрады:                                                                

1.Ұйымдастыру  кезеңі:  ата-аналармен  жұмыс  балалардың  топқа  келуінен  басталады. 

Осы кезеңде қызметтес болуға отбасының психологиялық дайындығы, балаларды тексеру 

нәтижесі  туралы  ата-аналарды  таныстыру.    Сауалнама,  көрнекі-ақпараттық  түрлері,  ата-

аналар  жиналысы,  тақырыптық  кеңес  беру,  логопедиялық  ұйымдастыру  оқу  қызметтеріне 

ата-аналарды шақыру және басқа шаралар қолданылады.                                                                                                                               

2.Негізгі    кезеңі:  Осы  кезеңде  ата-аналарды  оқыту  –түзету  жұмысына  тығыз  қарым-

қатынас орнату. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда, ата- аналар қатысса логопедпен баланың  

жұмысына  оң  әсерін  тигізеді.  Егер  бұл  қатысушылық  саналы  түрде  болса,  жақсы 


481 

 

481 



 

жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді бола түседі.  Ата-аналарды тіл кемістігі 

бар балаларды дәрігердің де бақылауында ұстау негіздері туралы хабардар етуі керек. Ата-

аналарға  олардың  баласына  сөйлеу  дамуының  деңгейі  туралы  ақпарат  беру  қажет.  Ата-

аналарға сөйлеу дамуының бұзушылық себептерінің түрлерінен бағыт- бағдар беру керек. 

Баланың  білім  алу  маршрутын  жобалау  туралы  түсінік  беру.  Алдағы  логопедиялық  

жұмыстағы  ата-ана  ролін  анықтау.  Ата-аналармен  байланыс-жеке  және  топтық  жұмыс 

түрлерінде жүзеге асады. Ол-семинарлар, кеңес беру, әңгімелесу, ашық ұйымдастырылған 

оқу қызметі, көрнекі насихат, ақпараттық көрмелер, сауалнамалар  өткізу. Ата-аналар үшін  

көрнекі ақпарат түрлі жайма папкалар,тақырыптық папкалар және т.б.  Сөйлеу бағытында 

балалардың тіл дамуы  саусақтың қозғалуына  байланысты екенін   ата-аналардың назарын 

аудару. Саусақтың қозғалуы,баланың жасына сай болуы керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың 

тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.                                                                                                               

Ұсақ  моториканы  дамытудың  маңыздылығы  неде?  Адамның  бас  миында  саусақ 

қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға 

әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты 

да дамыта аламыз. Логопедтің мақсаты-ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының 

маңыздылығын  ұғындыру.  Баланы  қызықтыруда  және  жаңа  хабарларды  игеруіне 

көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру қажет.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың 

икемдігі  бас  миының  құрылымының  даму  деңгейін  көрсетеді.Сондықтан,қол қимылдарын 

дұрыс басқара білу қажет. Баланы ешқашан мәжбүрлеуге болмайды. 

Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де 

озады»  деген  атталы  сөздің  сырына  жүгенсек  мектеп  алды  баланың  ойынға  деген 

қызығушылығы,  қарым  –  қатынасы,  мінезі  олар  өсіп  есейгенде  де  өмірінде  жалғаса 

береді.Ойын баланың негізгі әрекеті.                    Халқымыз бала тілінің дамуына ойын әрекеті 

елеулі орын алатынын ерте кезден-ақ болжап білген.Ойын кезінде баланың ортамен қарым-

қатынасы 

кеңейіп,таным 

қабілеті 

өседі,ойын 

үстінде 

бала 


жолдастыққа, 

көпшілікке,тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.                                      

Осы негіздерді ескере отырып,ата-аналардың назарын баланың ойын әрекетіне көбірек 

көңіл аудара отырып, жағдай жасау және уақыт бөлуіне талап ету.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Жалпы  моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін 

зерттей келе қазіргі заманда жалпы тіл дамуы жетілмеген балалар көп кездеседі.Осыдан келе 

мынындай  қорытынды  шығаруға  болады:егер  тілінің  дамуында  ақау  болса,онда  бұл  ұсақ 

моториканың мәселесі.Өкінішке орай, көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму 

деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа 

хабарларды  қабылдаумен  қатар,  икемге  келмейтін  саусақтармен  қарындашпен  жазып 

үйренуі  керек.  Халық  өзінің  өмір  тәжірибесінде  тіршілікте  қалай  қолдануына  қарай, 

саусақтарға  ат  қойған,  осыған  байланысты  ұсақ  моториканы  дамытуға  арналған 

жаттығулардың пайдасы өте зор. Олар өте қызықты, шығармашылық қызметін және тілдерін 

дамытады  .Саусақ  ойыны  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып, 

ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашады.Саусақтарының  қозғалыс  – 

қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген 

сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі 

қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен, және т.б. түсініктерді бағдарлай алуды 

үйренеді. Осы ойындар айналадағы ақиқатқа жататын заттарды, жануарларды, адамдарды, 

олардың іс – әрекеттерін және табиғаттағы құбылыстарды (жел, жаңбыр, күн, ағаштардан 

түсіп  жатқан  жапырақтар)  бейнелейді.  Бұл  ойындардың  барысында  балалар  үлкендердің 

қимылдарын  қайталап,  өз  қолдарының  моторикасын  белсенді  дамытады.  Саусақ 



482 

 

482 



 

ойындарының    нәтижесінде:  баланың  сөйлеу  тілі  жетіледі,  қимыл  –  қозғалысы  артады, 

икемділігі артады, логикалық ойлауы дамиды, танымдық деігейі артады.  Баланың қол еңбегі 

мен  тілін  арттыру  үшін  қандай  ойындар  мен  жаттығуларды  және  т.б.  әрекеттерді 

қолданатының ата – аналарға ұсынуға болады. Мысалы: қолмен ермексазды жұмсарту, жуан 

жіпке  түймелер,  моншақтар  кигезу,  түрлі  –  түсті  жіңішке  сымды  катушкаға  орау,  қалын 

арқан, жіп ұшарын байлау, түймелерді,  ілгіш, замок, қақпақтарды жабу,  ауада сурет  салу, 

құммен,  сумен  ойнау,  сурет  салу,  бояу,  штрихтау,  мозаикамен,  конструктормен,  пазлмен 

жұмыс және т.б.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Тіл  ақауы  бар  балалардың  сөйлеуін  дамыту  барысында  үй  тапсырмаларының 

орындалуының маңызы өте зор. Үй тапсырмалары бірнеше бөлімнен тұрады:                                                                                                                

-Дыбысты қою кезеңіндегі артикуляциялық жаттығулар.                                                                                                                                                       

–Алдағы  жұмыста  дыбыстарды  машықтандыруға  арналған  артикуляциялық 

жаттығулар  қосылады  (  буында,сөзде,сөз  тіркестерінде,еркін  сөйлеуде  қойылған 

дыбыстарды дұрыс айту)                                                                                                                                                                                                          

-Фонематикалық қабылдауын  дамытытуға арналған тапсырмалар.                                                                                                                         

–Лексико-грамматикалық жаттығулар мен ойындар.                                                                                                                             

–Байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған тапсырмалар.                                                                                                                             

–Ұсақ 

моториканы 



дамытуға 

арналған 

тапсырмалар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Тапсырмалар  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  және  сөйлеу  деңгейіне  сәйкес  беріледі.                                                 

Үй тапсырмасын орындау барысында ата-аналар төмендегі нұсқауларға көңіл бөлу керек:                                                                                                                                       

–Баланың дені сау тамақтандырылған, ұстамды болған жағдайда ғана үй тапсырмасын 

орындау қажет.                                                                                                                                                                                                   

–Үй тапсырмалары жүйелі түрде логопедтің ұсынғаны  бойынша орындалып отырылуы 

қажет.                                                                                                                                                                                                                     

–  Тапсырмаларды  бала  өзі  орындауы  тиіс,  ата-ана  тек  қана  тапсырмалардың 

дұрыстығын бақылайды және керек жерде түзетулеріне болады.                                                                                                                                   

–Бала шаршаған жағдайда демалуына мүмкіндік берілуі керек.                                                                                            

–Баланы жиі мадақтау керек.                                                                                                                                                             

3.Қортындылау кезеңде логопедпен ата-аналардың арасындағы байланыс болуда келесі 

мәселелер  шешіледі:отбасы  мен  жұмыс  жасаудың  тиімді  әдістерін  анықтау,  түзету-оқыту 

жұмысын қорытындылау. Жұмыстың негізгі түрлері:сауалнама, ата-аналар жиналысы, жеке 

және 

топпен 


сұхбаттасу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

                                                         

                                                                                                                                                                               

Біздің мақсатымыз  XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты                                                       

сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет