«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет62/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Артықова Т.М.  Қыстаубаева Ж.  Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж. 

2.  Садуова  Ж.Н.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  арқылы  болашақ  мұғалімдердің 

кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 

  

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА 



ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Гайнуллина М.А., Нурлыбаева З.Л. 

Ғ.Мұстафин атындағы № 83 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 

 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-

қатынасын дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан 

Республикасынының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. [5] 

Мұғалім  үшін  басты  міндет  –  оқушының  қызығушылығын  арттыру,  оның  дамуына 

жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. 

Мен  сабақ  беретін    5-ші,  7-ші  сыныптарда  тұлғаны  өзіндік  әрекетке  бағыттайтын 

технологиялар  арқылы  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытуда  қойған 

мақсатым:  технологиялардың  тиімді  тәсілдерін  қолдана  отырып,  қазақ  тілінің 

орфографиялық  нормасын  оқытуды  қалыптыстыру,  қазақша  сауатты  жазудырту,  сөздерді 

бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы сөйлем құрату. 

Тілдің  құрылымын  үйрену  үшін  мынадай  екі  жағдайды  білуіміз  қажет.  Тілдің  жүйесі 

қалай  құрылған,  екіншісі  –  оны  практикалық  жағынан  оқушыларға  қалай  меңгертуіміз  

керек? 


Ең  алдымен  тілдің  фонетикалық-интонациялық  ерекшелігіне  басты  назар  аударуымыз 

керек.Сабақ  барысында  әрбір  дыбыстың,  әрбір  сөздің  дұрыс  айтылуы  мен  жазылуын 

түсіндіріп  отырамын.Көп  жағдайда  дыбыстарды  дұрыс  айтпау,  дұрыс  жазбау  сөздің 

мағынасын өзгертеді. Мысалы: «ұлы» деген сөзін алатын болсақ оқушы «ұ» дыбысын «у» 

етіп айтса, «улы»  болып сөз мағынасы өзгереді. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстардың 

баспа  және  жазба  түрін  көрсетіп,  бірнеше  рет  қайталап  айтқызамын.  Қосымша  аудио 

үнтаспалар арқылы айтылуын тыңдатамын.  

Сабақты  бекіту  кезеңінде  4-5  минуттік  «фонетикалық  жаттығулар»  ойынын 

ұйымдастырамын.Оқушыларды екі топқа бөлемін. Мысалы:ерекше дыбысты адам аттарын; 

қала аттарын; аңдар, құстар, жеміс- жидектерді атаңдар деген сияқты тапсырмалар беремін. 

Қай топ көп сөз атаса сол топ жеңімпаз аталады. 

Өз  тәжірбиемде  қай  сынып  болсын  сабақты  тілдік  жаттығудан  бастаймын.Тілдік 

жаттығулар: жаңылпаш немесі бір шумақ өлең, не болмаса санамақ, не әріпке байланысты 

тақпақ аламын. Мысалы:«Қазақ тіліне тән дыбыстар» 



Құлақ күйін табайын, 

Қобыз үні ғажайып. 

Қобызға тіл бітірген, 

Қарт күйшіге қарайық! [4

 Мұндай  тілдік  жаттығу:  біріншіден,  сөздерді  дұрыс  айтуды  меңгертеді,  екіншіден, 

баланы жалықтырмайды. Оқушы сабақта сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасайды. Сөйлесу 


461 

 

461 



 

барысында  көркемдік  құралдарды,  яғни  мақал-мәтелдерді,  халық  даналығын  сабақтың 

түріне байланысты жиі қолданып отырамын. Мысалы: 

Өнер іздеген өсер, 

Өсек іздеген өшер. 

Оқушыны  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  сабақта  техникалық 

құралды пайдаланумен қатар, сабақты ойын түрінде өткіземін. 

     Ойын  технологиясы  арқылы  сабақты  жоспарлаудың  маңыздылығы-баланың 

шығармашылық  қабілетін  дамытады,  эстетикалық  сезімін,  зейінін  тәрбиелеуге  қолайлы 

жағдай туғызады. [2] 

     Ойын 

элементтерін  сабақты  пысықтау,  қорытындылау  кезінде,  қайталау 

сабақтарында пайдаланамын. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен  

мазмұнына  сәйкес  алып  отырамын  .Мысалы  фонетика  мен  сөз  таптарын  өткеннен  кейін 

сабақты пысықтау мақсатында келесі ойындарды қолданамын.  

І. Зымыран сұрақтар: 

1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты  

не деп атаймыз?  «Дыбыс» 

2. Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер «Антоним»  

3. Қазақ  дәстүрі бойынша  тура айтуға  тыйым  салынғандықтан, бұрмалап атылған 

сөздерді не дейміз ? «Табу» 

4. Жұрнақтың неше түрі бар? «Екі түрі бар» 

5.Сөз таптарын ата  «Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, 

Еліктеу сөз, Одағай». [1] 

Қазақ  тілін  ұтымды  үйрету  жолдардың  бірі  тірек-сызбаларды  қолдану.  Оның  негізгі 

мақсаты:  тірек-сызбалар  арқылы  сөздік  қорын  молайту,  еркін  сөйлеуге  дағдыландыру. 

Сондықтан  сабақ  барысында  мен  көптеген  тірек-сызбаларды  жиі  қолданамын.Күтілетін 

нәтижесі: оқушы жаңа сөздерді тез меңгере алады, мемлекеттік тілге қызығушылығы артады, 

әрбір  баланы  жан-жақты  тани  аламын.  Мысалы:  5-сыныптағы  «Достар»  мәтіні  бойынша 

оқушыларға  төмендегі  берілген  мақалдардың  қайсысы  мәтіннің  мазмұнына  сай  екендігін 

айтқызамын. 

 1.Адам  досымен,  ағаш  тамырымен  мықты.  2.Досыңның  көзінде  болғанша,  көңілінде 

бол. 3.Жолдасы көптің-олжасы көп. 



І. Мысалы: Әсия қандай дос екендігін кесте арқылы сипатта. 

 

                                             Мейрімді               Адал        



 

Әсия 

 

Ашық              Ықыласты      [3]  



ІІ. Кестені толтыр 

Досыңның мінезі 

Досың қандай болу керек? 

Досым  сабырлы,  салмақты,  үлкенді 

сыйлай біледі, үнемі көмек қолын созады, 

досын ұятқа қалдырмайды. Т.б. 

Мейрімді,  адал,  ашық,  әділ,  шыншыл, 

батыл,  ержүрек,  әдемі,  сыпай,  сабырлы, 

ақылды болу керек. т.б. 

Мен  өз  сабақ  жоспарын  құруда  бірнеше  технологиялардың  элементтерін  қолдана 

білемін.Солардың  бірі  деңгейлік  оқыту.  Деңгейлік  тапсырмаларды  жеңілден  қиынға, 

қарапайымнан  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатындай  етіп  құрамын.Кейбір 

оқушылар оқу жылының ортасына қарай міндетті деңгейден күрделі тапсырмалар орындауға 

көше бастаса, кейбірі қарапайымнан міндетті деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшеді. 



462 

 

462 



 

Тапсырмаларды орындау барысында байқағаным – оқушылар төмендегідей тапсырмаларды 

орындауға құмар. 

қарапайым тапсырмалар           

міндетті деңгейдегі тапсырмалар 

шығармашылық сипаттағы тапсырмалар 

Әр оқушы ұстаздың бағыттауымен дұрыс орындалған тапсырмаларды «+» белгісімен өзі 

белгілеп отырады. 

«Жүз  рет  естігеннен  бір  рет  көрген  артық»  деген  сөздерді  ескере  отырып  сабағымда 

мүмкіндігіме қарай мультимедиялық проекторды пайдаланамын. Осы технологияның тиімді 

тұстары:оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады,  танымдық  қабілеттілігі 

қалыптасады, оқушы шығармашылық жұмысқа бейімделеді, мұғалімнің уақыты үнемделеді. 

Яғни,  сабақтарда  слайдтар,  флипчарт  қолдану  арқылы  әр  сабағымды  қызықты  өткізуге 

тырысамын. 

Лексикалық  тақырыптар  мектеп  бағдарламасында  күнделікті  тілдесімге  байланысты 

тақырыптардан құралған. Сондықтан да сол тақырып аясында сөздікпен дұрыс жұмыс жасау 

жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сөздікпен жұмыс жасаудың бірнеше түрлері бар. Олар: 

1.Мұғалімнің үлгісі бойынша оқу; тізбектеп оқу; хормен оқу; аударма арқылы оқу; жаңа 

сөздермен сөз тіркесін құру; сөз тіркесінен сөйлем кұру; 



Мысалы: «Кітап» сөзі. 

1.Сөз тіркесінде: он кітап, қызықты кітап, қалың кітап. 

2.Осы сөздерге жұрнақ жалғау арқылы түсіндіру. 

Кітап 


 

кітапша    

  кітаптар              кітапхана 

 

2.Ұйқасын тап.                                       3.Артықты тап. 

 кітап 

 

дала                                       сүт      нан                     



 қала                мектеп                                     кітап    май   

 

Сабақ барысында тиімді  нәтижеге жету үшін мен біріншіден, білім беру мен тәрбиелеу 



бағыттарында инновациялық технлогияларды қолданамын, екіншіден оқушылардың өзіндік 

жұмыстарының  орындалуын  қадағалаймын,  үшіншіден,  баланың  жас  ерекшеліктерін 

ескеремін. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. №12,2008. 

2.

 



«Қазақ тілі». Оқыту әдістемесі. 2009. 

3.

 



Т.М.Артықова. «Қазақ тілі» 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2010. 

4.

 



Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, «Өлеңдер, ертегілер», «Жалын», Алматы, 

1989. 


5.ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекетті жалпыға міндетті 

мемлекеттік стандарты. ҚР МЖБС(2.3.4.01-2010)Астана 2010. 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ   



 

Жақыпбай Ж.М. 

Қарағанды қаласы «№16 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі 

 

Ғылым  мен  техниканың  қарқындап  дамуып  келе  жатқан  бүгінгі  таңда  білім  беру 



саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. 

463 

 

463 



 

Оқушылар  өздерін  қоршаған  ортада  басқа  адамдармeн,  топпен  қарым-қатынас  орнатуға, 

жалпы  нәтижеге  қол  жеткізуде  өзіндік  пікірін  білдіруге,  басқа  ұлт  өкілдерімен  қарым-

қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзырeттілік негізінен 

тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдiсінде қалыптасады.  

Жүсіпек  Аймaуытов  «Баланы  тілге  жаттықтырудың  мағынасы:  баланы  сөйлеуге, 

басқалардың  сөзін  ұғуға,  өз  бетімен  жaзуға,  оқуға  төселдіру.  Бірақ  бұл  мағынасыз 

әдеттендіру, құрғақ төсeлдiру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады» деп 

деп жазады [1]. 

 «Коммуникативтік  құзыреттілік»  (лaтын  «соmpetere»  сөзі,  қол  жеткізу,  сәйкес  келу, 

деген  ұғымды  береді)  –  оқушылaр  және  қоғам  үшін  күнделікті  оқуда,  қатысымдық 

міндеттердің  тіл  арқылы  шеше  білу  қабілеттілігі;  қатысымдық  мақсатты  іске  асыруда 

оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен 

тікелей  немесе  аралық  қарым-қатынас  барысында  сол  тілдің  нормалары  мен  мәдени 

дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені [2]. 

Сонымен, оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыратын коммуникативтік немесе тілдік 

дағдыларға:   

1)

 



тыңдалым;  

2)

 



айтылым;   

3)

 



жазылым;   

4)

 



оқылым дағдылары жатады.  

Тілдік  осы  төрт  дағды  (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым)  оқушының  сөйлеу 

әрекетін  қалыптастырады.  Оқушылардың  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым 

дағдыларын  қалыптастыру  –  еркін  қарым-қатынас  жасау,  сын  тұрғысынан  көзқарасын 

білдіру, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Әрбір оқыту 

әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама 

арқылы  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу  әрекетінің  түрлерін  (  айтылым,  жазылым, 

тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.  

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым 

әрекеті  болып  табылады.  Тыңдалым  дағдысы  дегеніміз  не?  Тыңдалым  («аудирование») 

термині  –  «есту  арқылы  түсіну»  деген  мағынаны  білдіреді.  Тыңдалым  дағдысы  бойынша 

оқушылардың негізгі ойды түсінуі, ақпаратты анықтауы, түсінгенін практикада қолдана білуі 

бағаланады [3]. 

Тілді меңгеру және сөйлеу дағдылары, әсіресе сөйлеcім, тыңдау арқылы дамиды. Тыңдау 

арқылы  жаңа  сөздерді,  сөйлемдерді  қабылдау  және  түсінуге  болады.

 

Күнделікті  өмірде 



оқушы ақпаратты сағат сайын естіп, көріп, тыңдайды. Кез келген ақпаратты тыңдау арқылы 

түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы 

тауып үйренсе, ол басқа айтылым,жазылым,оқылым сияқты үш дағдыны да қалыптастырады, 

әрі  айтылып  жатқан  мәліметті  түсінеді;  өз  ойын  білдіре  алады  және  басқалармен  қарым-

қатынас  жасай  алады;  тақырыпқа  қатысты  деректі  түсініп  оқиды;  көтерілген  мәселеге  өз 

көзқарасын жазбаша жеткізе алады.  

Тыңдалым дағдысын дамытуда тыңдалымның мақсатын нақты түсіну керек. Бастауыш 

сыныптарда осы үдерістің мақсаты диалогқа түсінушілердің сөзін түсіну болып табылады. 

Осылайша  қарапайым  әрекеттерден  бастап  ары  қарай  түрлі  мазмұндағы  және  түрлі 

дәрежедегі  оқу  мәтінін  түсінуге  көшу  керек.  Коммуникативтік  міндеттер  аудиомәтінді 

түсіну,  оның  түрлерін  және  қабылдау  жағдайын  түсіну  деңгейін  анықтайды.  Бастауыш 

сынып оқушылары үшін мәтіндер: сабақтағы сөйлесім (мұғалімнің нұсқауы, оқушының сөзі, 

тілдік ойын барысындағы айтылым, қиын емес мәтіндер) болуы керек. 

Тыңдалымға  арналған  белсенді  жұмыс  түрлері:  оқушыларды  қоршаған  ортадағы  кез 

келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі 


464 

 

464 



 

белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп пайдасын тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын 

қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті. 

 

Тыңдалым  дағдысын  дамытуда  келесі  жаттығу  жұмыстарын  орындату  тиімді  болып 



табылады:  

І. Оқушының асте сақтау қабілетін жаттықтыруға арналған жаттығу жұмыстары. 

1. Берілген дыбыс, сөз, сөз тіркесі немесе сөйлемдер арасынан естіген дыбыс, сөз, сөз тіркесі 

немесе сөйлемдерді табу; 

2. Екі үш қысқа сөйлемдерді тыңдау, оларды бір сөйлемге біріктіру;  

3. Қысқамерзімді есте сақтау көлемінен асатын сөйлемдерді тыңдау және мұғаліммен бірге  

қайталау.  

4.  Мәтінді  тыңдау,  оны  қағаз  бетіндегі  мәтінмен  салыстыру.  Түсініксіз  сөздерді  белгілеп, 

мәтінді қайтадан тыңдау. Осы тұста сөздік жұмысын өз бетімен іздеу арқылы орындатудың 

пайдасы зор. 

5. Тыңдаған мәтін бойынша дұрыс, бұрыс сөйлемдерді табу; 

6. Тыңдаған материалды әрі қарай өзінше дамытып жазу. 

ІІ. Болжай алу мүмкіндігіне арналған жаттығу жұмыстары.  

1. Сурет, сұрақ, тірек сөздер, тақырып бойынша мазмұнын анықтау;  

2. Сөз тіркесі, сөйлемді аяқтау дағдысын дамыту;  

3. Мәтіннен адам аттарын, тақырыптқа қатысты жаңа сөздерді табу, өтілген грамматикалық 

тақырып  бойынша  сол  формада  тұрған  сөздерді  белгілеу  және  оқушылардың  білімін 

түсінгенін болжауға қолдану [4].  

Қазіргі  уақытта  техникалық  құралдар  оқушыларға  мәтін  үзіктерін,  мәтіндерді, 

мультфильм, балаларға арналған фильмдерден үзінділерді аудио және бейне таспаларға оңай 

жазып  алуға  мүмкіндік  береді.  Жұмыс  істеу  тәжірибесінен  байқағаным,  есте  сақтауды 

дамытуға арналған жаттығу жұмыстары өте нәтижелі болып табылады, яғни оқушылардың 

мәтінді тыңдап, кейін оны қағаз бетіндегі мәтінмен салыстыруға мүмкіндіктері мол. Қажетті 

жағдайда қайталауға болады. Тыңдаушы жаңа сөздермен танысады, жиі кездесетін сөздерді, 

сөз тіркестерін естетерінде сақтап қалады, әрі тілдік болжауларды дамытады. 

 Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа 

үйренеді,  жеке,  жұппен,  топпен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  бір-бірін  тыңдауға,  талдауға, 

салыстыруға, қорытындылауға үйренеді. Сондықтан түсініп тыңдау дағдысы оқушылардың 

тілді игеруде алға жылжудың барын сезінуге мүмкіндік береді және барлық сөйлеу үдерісін 

белсенді ете түседі. 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі: 

1. Ж.Аймауытовтың  5 томдық шығармалар жинағы.  Алматы, 1998 ж. 

2. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2002ж.  

3. Н.Қ.Мухамадиева, Н.Ә.Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2002ж.  

4. Фокина К.В., Тернова Л.Н., Костыгева Н.В. Методика преподавания иностранного языка

Москва, 2008. 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕР МЕН ЖАҢА ОҚЫТУ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

 

Исабай А.К. 

М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті,  

Уфа қаласы, Башқұртстан Республикасы 

Жолкенова Г.Ж. 

ККАО «Болашақ» 

 


465 

 

465 



 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту 

технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 

жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 

жоғарылатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар 

қолданудың маңызы зор.  

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының 

жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, 

оның  тиімділігі  мен  сапасын  арттыру  мұғалімнен  оқу  үдерісінің  ғылыми  теорияға  және 

оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап 

етеді. Ондағы негізгі мақсат – оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас 

ұрпаққа  кез  келген  пәнді  ұғындырудың  тиімді  жолы  –  жаңа  технология  негіздері  болып 

табылады. 

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесіне  қатысты  дидактикалық  мәселелер  Ы.  Алтынсарин, 

А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алып, онда тілді үйрету үйренушінің мүмкіндігі мен 

қабілетіне қарай бейімделе жүргізілуі керектігі негізделген [9, 21]. 

Соңғы  жылдары  оқытудың  жаңа  технологиялары  білім  беру  саласында  кеңінен 

қолданылып  келеді.  Олардың  ішінде  отандық  әдіскер  ғалымдар  жасақтаған  «Модульдік 

оқыту  технологиясы»  (М.  Жанпейісова),  «Деңгейлік  тапсырмалар»  (Ж.  Қараев),  әсіресе, 

қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н. Оразақынова), 

т. б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістерінде кеңінен 

ендірілуде.  Бірақ  біз  бұл  жаңа  әдістерден  бұрын  Б.  Құлмағамбетова,  И.  Ұйықбаев, 

Х. Арғынов, А. Ошкаров, А. Ысқақов, М. Нұрғалиева, А. Исабаев секілді ғалымдар да орта 

мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқандығын айта кеткеніміз жөн [5, 12]. 

Әдістеме (методика) бірнеше терминдік мәнді топтастырады; біріншіден, бұл – жоғары 

оқу орындарының оқу жоспарына енгізілетін оқу пәнінің атауы. Екіншіден, оқытушының өз 

жұмысында  қолданатын  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиынтығы,  басқаша  айтқанда, 

оқытушының кәсіби-практикалық қызметінің технологиясы. Үшіншіден, әдістеме атауының 

мағынасы оқытудың теориясын зерттейтін педагогикалық ғылым дегенді де білдіреді.  

«Әдістеме  әлемінде»  деген  ғылыми-әдістемелік  жинақта  Ақтөбе  педагогикалық 

институтының оқытушысы Есенова Гүлшат Серікқызының «Қазақ тілі жаттығулары» атты 

мақаласында  –  қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінде  жаңа  заман  талаптарына  сай  оқыту 

технологиясын жетілдіру талаптарына баса назар аударғанын байқаймыз. Соған орай педагог 

мамандар  оқытудың  әлемдік  жетістіктеріне  барлау  жасап,  оқытудың  ең  тиімді  әдіс-

тәсілдерін зерттеп, оқу үрдісінде, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Оқыту саласында әлемдік 

деңгейде танылған озат оқыту технологиялары қазіргі мектепте, жоғары оқу орындарында 

кеңінен қолдау тауып, жан-жақты пайдаланылып келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра 

қарау  арқылы  әр  мұғалім  өздерінің  мүмкіндігі  мен  бейімділігіне  қарай  оқытудың  жаңа 

технологияларын  таңдап,  сұрыптап  өздерінің  күнделікті  білім  беру,  оқыту  әрекеттерінде 

қолдануға мүмкіндік береді [2, 244]. 

А. Байтұрсынұлы өзінің «Қай әдіс жақсы» мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен шығатын 

нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, 

сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. 

Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне 

де қолайлы болуы мүмкін», - дейді [4, 368-370].  

Сондықтан Н.А. Крупскаяның даналығында «Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді 

білуге, ал онан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімді оқушыларды қызықтыру үшін 

қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең 

мәнді  нәрсені  екінші  қатардағы  мәселеден  ажырата  білу,  осының  бәрі  нақты  мысалдар 

келтіре отырып айтып беру – зор өнер... Бұл өте үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай 

оншалық  оңай  емес»,  -  деп  көрсетілгендей  ұстаздық  еткен  жан  жалықпай  үнемі 

шығармашылық  ізденісте  болып,  педагогикалық  іс-тәжірибесін  замана  талабына  ағымдап 

отырғаны абзал [8]. 


466 

 

466 



 

Осындай  оқыту  технологияларының  әдіскер-оқытушылардың  арасында  кеңінен 

қолданып  жүрген  әдістердің  бірі  –  жаттығу  әдісі.  Қазақтың  педагог-ағартушысы 

Ы.  Алтынсарин:  «Жаттығу  әдісі  оқушыларды  білім  алауға  үйретіп,  дүниетанымын 

кеңейтетін әдіс», - деп есептеген [1].  

Жаттығу  іріктеу  –  сипаты,  міндеті,  дидактикалық  талаптары  анықталғаннан  кейінгі 

басты мәселелердің бірі.  

Қ. Сарбасова жаттығу іріктеуде мынадай талаптар ескерілуі тиіс дейді:  

1. Жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы

2. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір ретпен келуі, жүйелі ұсынылуы; 

3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын арттырарлық болуы; 

4. Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; 

5. Шығармашылық сипаттағы жаттығулардың (түсіну сезімі арқылы) болуы; 

Жаттығулар  арқылы  оқылып  жатқан  материалмен  жүргізілетін  оқу  әрекеті  жүзеге 

асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде тіл үйренушілердің ақыл-ой әрекеттері, ақыл-

ой  қызметінің  белсенділігі  қалыптасады,  дамытылады.  Жаттығулар  бір  мақсатқа 

бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді [2, 246]. 

 

 



 

Сурет 1. Сабақ түрлерін топтастыру 

 

Дидактика ілімінде оқытудың интерактив әдістеріне мыналарды жатқызып жүр: 



 

пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;  



 

ми шабуылы («мозговой штурм»); 



 

«дөңгелек үстел» әдісі; 



 

іскерлік, рөлдік ойындар



 

драматизациялау (драмалау); 



 

ТОҚ (дыбыстық-бейнежазбалар), мультимедия жүйесі. 



Сонымен қатар, осы жаңа үздік технологиялардың әрқайсысына анықтама бере кетеді [3, 

249]. 


Оқушыларға  білім  беру  барысында  дәстүрлі  әдіспен  қатар,  заман  талабына  сай 

коммуникативтік қабілеттерін дамыта отырып, қызығушылғы мен белсенділіктерін арттыру 

мақсатында  дәстүрлі  емес  әдістерді  пайдалана  отырып,  озық  педагогикалық 

технологияларды пайдалана білген қажет. 

Сабақ 

түрлері


Дәстүрлі

- Аралас


- Жаңа сабақты 

түсіндіру

- Пысықтау

-Қорытындылау

- Қайталау

- Өзіндік 

жұмыс

- Білім, 



білік-

машықты 


дамыту

- Жаттығу

Дәстүрлі 

емес


- Ізденіс

- Саяхат


- Аукцион

- Сайыс


- Көрініс

- Пікірталас

- Семинар

- Дебат


- Есеп беру

467 

 

467 



 

Бұл  ретте  оқу  үрдісінде  пайдаланатын  педагогикалық  технологиялардың  бірі  – 

М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» 

атты еңбегіне сүйенеміз [6]. 

Модульдік оқыту – сөйлесу қатысымдық әрекет негізінде ұйымдастырылады. Мәселен, 

М.М. Жанпейісова бұл оқыту оқушылардың өзара әрекет ету мен олардың танымдық әрекеті 

әр сабақта оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту, яғни қатысымдық икемділіктері 

тілдік білім негізінде құрылатыны туралы пікір білдіреді [7, 9]. 

Нәтижесі:  

1.  Оқушылар  әр  тақырыптардан  алған  білімдерін  бір-бірімен  байланыстырып  ретке 

келтіреді, жүйелендіреді. 

2. Модуль бойынша әңгімелейді. 

3.  Тілдің  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  әрекеттерін  пайдалану 

арқылы қазақ тілін сапалы үйренеді. 

Модульді  оқытуды  практикада  кеңінен  қарастырған  әдіскер-ғалым  М.  Жанпейісова 

бақылау-зерттеу  нәтижелерін  жинақтай  келе:  «...осының  арқасында  оқу  процесі 

«модульдық»  сипат  алып,  құрылымы  ортақ,  бірақ  мазмұны  әр  түрлі  жеке  блоктардан 

жасалады», - деп модульді сабақтың құрылымын нақты береді [7, 21].  

 

Үш кезең бойынша өткізіледі: 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 2. Сын тұрғысынан ойлау жобасының кезеңдері. 

 

Нәтижесі: 



 

Басқаларды  тыңдауды,  кез  келген  жауапқа  сыйластықпен,  түсінікпен  қарауға 



үйренеді; 

 



Өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге дағдыланады; 

 



Керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді; 

 



Өз бетінше ізденуді қалыптастырады; 

 



Балалардың белсенділігі өте жоғары болады [6, 75]. 

Оқу  процесінде  ұстаз  -  Жұманова  Сара  Сейітқызы  осы  технологияларды  пайдаланып, 

мынадай жетістіктерге жеткен: 

 

 



Қызы-

ғушы- 


лықты 

ояту 


 

Мағынан


ы 

ажырату 


 

Ой 


толғаны

с 

 



468 

 

468 



 

 

 



Сурет 3. Оқытудың үздік технологияларын пайдаланудағы жетістіктер. 

 

Мұғалім жетістікке жету үшін мотивацияның тәсілдерін де білу керек. Олар (3-



суретте): 

 



мұғалім мен оқушының ынтымақтастық қарым-қатынасын құру; 

 



оқушыларды ұжымдық жұмыс түріне баулу; 

 



оқушыларды бағалау әрекетіне үйрету; 

 



мадақтау мен жазалауды дұрыс қолдану; 

 



жетістікке, нәтижеге бағыттау (сенімін ояту) [3, 256]. 

Мұғалімнің сабаққа алдын ала дайындық жұмысы (модульдік технологиясы бойынша).  

1- қадам. Бағдарламадағы бөлімнің, тақырыптар блогының немесе тақырыптың мақсаты 

мен міндеттерінің, білім, білік, дағдының міндетті деңгейін анықтау. 

2- қадам. Оқу материалының (берілген модуль бойынша) жалпы мазмұнын білу. 

3-  қадам.  Негізгі  ойға  (кілті,  өзегі)  түсінік,  тірек  сөздерді  анықтау,  олардың  өзара 

байланысы мен тәуелділігін анықтау. 

4- қадам. Диалогтық бөлімді жоспарлау (сабақты ұйымдастыру формасын ойлластыру). 

5- қадам. Тақырып бойынша тірек сызбаларды құру. 

6-  қадам.  Оқу  модулінің  барлық  мазмұны  бойынша  тестік  тапсырмалар  жүйесін 

құрастыру. 

7- қадам. Сұрақтар мен тапсырмалар болгын құру (сынақ, диктант, бақылау). 

Сабақ  өткізу,  жаңа  сабақты  меңгерту  әдістемесі  (сыни  тұрғысынан  ойлау  жобасы 

бойынша). 

Бұнда С.С. Жұманова өз тәжірибесінде осы жоба стратегияларын қалай қолданғандығы 

және сабақты осы тәсілмен қалай өткізетіндігі жайлы сөз қозғалады. 

Жаңа сабақты меңгерту алгоритмі.  

1. Ой салу, ой қозғау қадамы. Мақсаты: жеке, жұп болып іздену, ой қозғау. 

2.  Мағынаны  ашу  қадамы.  Мақсаты:  жаңа  меңгеретін  білімді  жеке,  жұптасып  немесе 

топтасып талқылау, өз ойын білдіру, ұжымдық жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.  

3.  Ұқсастық  қадамы.  Мақсаты:  оқушының  қай  ойы  немесе  білімі  сәйкес  келгенін 

айтқызу, бұрынғы білімі мен жаңа білімін салыстыра білу.  

4. Мағынаны түсіне білу. Қолданыс қадамы (Белсенділікке баулу). Мақсаты: оқушының 

өзі түсінген, қабылдаған білімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауына көмектесу. 

ЖЕТІСТІКТЕР

Оқушылардың 

тілдік, сөйлеу, 

коммуникативтік 

құзыреттілігі 

қалыптасады. 

Тұжырым 

жасау, шешім 

қабылдау 

қабілеттері 

дамиды.

Бір-бірімен 



қарым 

қатынас жасау 

дағдысы 

дамиды. 


Тілдік орта 

құрылады.

Топ алдында 

сөйлеу, ой 

білдіру 

құзыреттілігі 

дамиды.

Сөйлеу 


мәдениеті 

дамиды, ойлау 

қабілеттері 

артады.


469 

 

469 



 

5. Ойтолғаныс қадамы. Мақсаты: өз ойларын, алған білімдерін өз сөздерімен айта алу 

және де бір-бірімен ой алмастыру. Ойды қайта түйіп, өзгерістер жасайтын кезең.  

6. Бағалау қадамы. Мақсаты: өзінің, сыныптасының біліміне, іс-әрекетіне баға бере білу, 

пікір білдіре білу. 

7. Нәтиже қадамы. Мақсаты: әр оқушы түсінгенін, алған білімін жариялай алу, сабаққа 

эмоционалдық баға беру [3, 257].  

Модульдік оқыту технологиясының оқыта үйрету ойындары жайында Г. Рыскелдиева: 

«Оқу  моделінің  сөйлесу  бөлімінде  қолданылатын  оқытудың  белсенді  формаларына  оқыта 

үйрету ойындары жатады. Мысалы: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Бақытты сәт», «Саяхат», 

«Білім  биржасы»,  «Өз  жартыңды  тап»,  «Киностудия»  және  т.б.  Осы  ойын  ережелеріне 

тоқталып, қазақ тілі сабағының тиімділігі артатыны сөзсіз» ,- деп жазады [8, 58]. 

Қорыта  айтқанда,  оқыту  үдерісінің  нәтижелі  болуы  оқытушының  сабақ  беру 

шеберлігіне,  сабақты  қызықтыра  жүргізіп,  зейін  қойдыра  білуіне,  оқушылардың  өздігінен 

білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының 

өз бетімен оқып-үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды 

жасай  алуына,  сөйлеу  мәдениетінің  өсуіне  ықпал  етеді,  білім  сапасын  арттырады.  Оқыту 

технологияларын  сабақта  қолдану  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды, 

олардың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-

мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз 

анық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет