«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет65/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

«Отбасы және балабақша» №3  2014ж 



2.

 

«Отбасы және балабақша» №9  2015ж 



3.

 

«Бала мен балабақша»        №7    2014ж 



 

 

 



 

483 

 

483 



 

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Тусупбекова Диана Асылбекқызы 

Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі 

 

Қазіргі заманғы білім беру  жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа 

білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі  мүмкіндіктері арасында. 

Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеяларынан (жан 

жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім 

алу қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етіп отыр. Сонымен, жаңаша оқытудағы 

басты  нәрсе  бұл  білім  алу  және  өздігінен  білім  алу  негізінде  адам  қабілеттерін, 

икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  алу  парадигмасында  тұлғаның  қызығушылықтарын 

қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те 

шешуші  рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе  студенттің басты мақсаты көптеген 

пәндерден,  олардағы  ұшан  теңіз  ақпараттардың  ішінен  ең  негізгісін,  мәндісін  таба  білу 

қажет.  Тәуелсіз  ел  тірегі  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған  мәселе 

білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім 

беру  жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 

бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар:  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, 

білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу» 

деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздеп отыр. Сондықтан, қазіргі даму 

кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. 

Бүгінгі  күннің  басты  ерекшеліктерінің  бірі,  «Қазақстан  Республикасының  ақпараттық 

кеңістіктің  бәсекеге  қабілеттілігін  2006-2009  жылдарында  даму  тұжырымдамасында» 

келтірілгендей,  ақпараттың  ақылға  симайтын  шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның 

биологиялық мүмкіндіктерінің «артық» мөлшерде дамуы болып табылады. Сол себепті де 

оқу оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты 

жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. 

Бұл талап білім беру саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың оқытудың негізі 

ретінде  тұлғалық  дамуды  қарастырады,  өйткені  бұл  дәуірдің  идеологиялық,  әлеуметтік, 

саяси  сұраныстары  адамнан  төмендегідей  құзырлықтарды  талап  етеді:  ақпараттың  ішінен 

өзіне  қажеттісін  таңдап,  оны  пайдалану;  проблемаларды  шешу  және  шешім  қабылдау; 

өзіндік  пікір,  идеялар,  тұжырым,  түсінік  келтіру,  оларды  дәлелдей  және  қорғай  білу; 

социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, 

жанжалдарды болдырмау; өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, 

құндылықтарын  жалпы  адами  құндылықтармен  байланыстыру;  өздігімен  үйрене  білу,  өз 

білімін  әрқашанда  дамытып  отыру  қажет.  Қазіргі  заманғы  үздіксіз  өзгеріп  жатқан 

жағдайында жоғары мектеп өз әрекетінде білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) 

қабілеттерінің  дамуына  бағытталуы  қажет.  Өз  кезегінде  бұл  қасиет  білім  алушыларға 

«техникалық, экономикалық және мәдени өзгерістер мен олардың сан алуандығын саналы 

түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік рух пен икемділік секілді қасиеттерді қабылдап, 

қазіргі  заманғы  өндірістік  ортада  өзіне  сенімді  түрде  еңбек  ету  мүмкіншілігін  береді». 

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық 

өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа 

сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім 



484 

 

484 



 

мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асының басты 

шарты. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, 

өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты 

тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.  

Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының  нұсқауы,  төмендегі  принциптердің  қатысуымен  жасалуы  тиістігі 

анықталып отыр: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру 

принципі; 

-сәйкес  келетін  педагогикалық  жүйелердің  өзін-өзі  дайындау  механизміне  әсер  ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 

-оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  оның  танымдық  қабілеттілігіне  оқыту 

процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген  білімдерді  құру  үшін  оптимальді  жағдай  жасайтын  оқу  ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық 

технология 

әр 


түрлі 

жағдайлардағы 

нақты 

өзара 


іс-

қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 

негізінде 

компьютер 

мен 

техникалық 



құралдар 

қолдану 


арқылы 

да 


ұйымдастырылады.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың 

айқындалған  көптеген  технологияларын  пайдаланып  жатқандығы  белгілі  болып  отыр. 

Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру 

әдістеріне,  ең  маңыздысы  -  әлемнің  дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін 

қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен 

"үйрену"  процестерін  игеру  үшін  3  тілді  меңгеруі  қажет:  ана  тілін,  ғылым  тілін  және 

технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру 

процесінде  тұлғалық  қасиеттің  дамуында  нәтижелі  шешімге  жету  мүмкіндігі  қамтамасыз 

етіледі. 

"Педагогикалық 

технология" 

оның 


ішінде 

"оқыту 


технологиясы" 

ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіріп 

отыр. Олар: 

-  іс-әрекетінің  жиынтығы  түріндегі  қажет  ететін  үлгіні  дәл  анықтау  негізінде  оқытуды 

жоспарлау; 

- оқытуды талап ететін әрекетті  қалыптастыруды іріктеген  қатаң тізбекті әрекеті түріндегі 

оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". 

-алғашқы  белгіленген  эталонмен  оқытудың  нәтижесін  салыстыру.    М.Чошанов  оқыту 

технологиясы  негізінен  педагогикалық  процестегі  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек?» 

мәселесін  шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы  жөніндегі  ой-пікірлерді 

саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі 

нақты  қадамдарды  және  олардың  үйлесімділігін  зерделейтін  ғылым  саласы;  екіншіден, 

оқытудың  нақты  жағдайда  нәтижелі  жүзеге  асырылуын  белгілейтін  жобалау  немесе 

модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. 

  

Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді 



төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді: 

а)  оқытудың  мақсаты  диагностикалық  операционалды  анықтаулы  тиіс,  яғни  иерархиялық 

тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет; 

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері 

ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет

б)  оқытудың  белсенді  әдістерін  басым  түрде  түрде  пайдаланып,  оқыту  әдістерінің  басты 

аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет; 


485 

 

485 



 

в)  оқытудың  формасы  оқушының  жеке  даму  траекториясын,  сондай-ақ  педагогикалық 

жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз 

ететіндей түрде жетілдіруі тиіс; 

г)  оқыту  құралдарын  жетілдіру  компьютерлік  техника  мен  ақпараттық  технологияларды 

олардың  дидактикалық  мүмкіндіктері  нақты  анықталып,  дәстүрлі  құралдармен  үйлесімді 

бірге пайдалануға бағытталуы қажет. 

Ш.Т.Таубаева  оқытудың  қазіргі  технологияларының  аттарын  атап  көрсетіп,  олардың 

мақсаттарын,  тұжырымының  және  мазмұны  мен  әдістерінің  ерекшеліктерін  сипаттап 

көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған . 

Сонымен  педагогикалық  технологиялардан  төмендегілерін  бөле  жарып  көрсетуге 

болады: 


-  ойын арқылы оқыту технологиясы

-  проблемалық оқыту технологиясы; 

-  тірек сигналдары арқылы оқыту; 

-  деңгейлік саралап оқыту; 

-  міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; 

-  бағдарламалап оқыту технологиясы; 

-  оқытудың компьютерлік технологиясы; 

-  дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; 

-  дамыта оқыту технологиясы; 

-  модульдік оқыту. 

Жоғарыдағы  мақсаттарға  жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің  Отандық  және 

әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының 

негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология 

арқылы  жету  көзделеді.  Қазіргі  уақытта  модульдік  оқыту  технологиясын  көптеген 

оқытушылар  пайдалануда.  Модульдік  оқыту  1960  жылдардың  аяғына  қарай  шет  елдерде 

(АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның 

«өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген

яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру болып табылады. Қазіргі уақытта 

қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  үлгісі  қалыптасып  келе  жатыр.  Модульдік  оқу 

технологиясының  негізі  білім  алушының  танымдық  белсенділігін,  танымдық  іс  - 

әрекеттерінің әртүрлі іс - әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және 

сөздік  130  байлықтарын  дамыту.  Айта  кетер  тағы  бір  тиімді  жағы  бірізділігі,  жүйелілігі, 

дарынды  оқушылармен  жұмыс  істеуге  қолайлы.  Модульдік  оқыту  технологиясымен 

оқытунұсқасында  білімді  толық  игеруді  негізге  ала  отырып,  қазіргі  дидактика  талабына 

сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, 

оқу  үрдісін  диалогтік  қарымқатынас  негізінде  құруға  болады.  Бұл  оқу  үрдісі  мен 

оқытушының  жұмысына  мынадай  өзгерістер  туғызады:  біріншіден,  оқушы  мен  оқытушы 

оқудың  ұйымдастырушысына  айналады;  екіншіден,  мұғалім  сабаққа  алдынала  зерттеу 

жасап,  уақыттың  көпшілігін  сабақты  даярлауға  жұмсайды  да,  сабақ  барысында  тек 

бақылаушы,  үйлестіруші  қызметін  атқарады.  Ал  дәстүрлі  оқытуда  білім  беру  процесі  көп 

жағдайда  білім  алушының  сабаққа  «таза  парақ»  күйінде  келіп,  оқытушының  оны  сабақта 

біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім 

алып,  сабақтан  кейін  оны  бекіту  жұмысымен  ғана  айналысады.  Инновациялық  оқу  оқыту 

барысында  үйренушілер  әрқашанда  белсенді  болып,  өзіндік  пікір  қалыптастырып,  өз 

ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды 

тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Қазіргі заманғы білім беру 

жүйесін  құру  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін  енгізу  педагог 

қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қойылып отыр. 

Жаңа  оқыту  технологиясын  меңгеруде  оқытушылардың,  педагог  қызметкерлердің  жан 

жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, 

педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім 


486 

 

486 



 

алушылармен  ортақ  тіл  табыса  алатын,  білімді,  іскер,  шебер  болуы  керек.  Жаңа 

педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері  өсіп  келе  жатқан  жас  тұлғаны  жан  жақты 

дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық  идеялар  мен 

жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, 

ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз 

керек.  Қазіргі  білім  алушы  дүниетаным  қабілеті  жоғары,  дарынды,  өнерпаз,  ізденімпаз, 

талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек.  

Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  педагогикалық  іс  әрекеттердің 

мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. 

Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін,  электрондық  оқулықтарды,  мультимедиялық 

технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық 

коммуникациялық  технологиялар  кеңістігін  құруға  жағдай  жасайды.  Оқытудың 

педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын 

ұйымдастыруға  бағытталып  отыр.  Қазіргі  уақытта  білім  мазмұнын  жаңарту  мен  сапасын 

жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту 

әдістерінің  50ге  жуық  үлгілері  ұсынылып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізіле  бастады. 

Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана 

жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі.  

         Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол 

жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым 

стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының 

өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін 

ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін 

аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық 

сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко 

технологияның  классификациялық  параметрлері  тұрғысынан:  қолдану  деңгейі,  негізгі 

дамыту  факторы,  меңгеру  тұжырымы,  жеке  тұлғаның  құрылымына  бағдарлау,  мазмұн 

сипаты,  басқару  типі,  ұйымдастыру  формалары,  балаға  ықпал  ету  тәсілдері,  әдістердің 

басымдылығы,  жетілдіру  бағыттары,  оқушылар  категориялары  бойынша  нақтылап 

көрсетеді. 

Бүгінгі  таңда  қазақстандық  ғалымдарымыз  Ш.Қаланова,  Ж.Қараев,  Ш.Таубаева, 

М.Жанпейісова,  Ә.Жүнісбек  және  т.б.  ғалымдарымыздың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа 

технологиялары  жан  жақты  қарастырылды.  Оқыту  үрдісінде  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  тиімді  қолдану  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  рухани, 

адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын 

тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды 

жасай  білуін,  өз  білімін  өзі  бағалай  білуіне,  қисынды  ойлау  қабілетін  қалыптастырып, 

шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Педагогикалық  жүйедегі  негізгі  өзекті  мәселе  -  оқушылардың,  студенттердің  ойлау 

қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру 

болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі 

пайдалану қолдау табуда. 

 

Қолданылған әдебиет:  

1.

 



Әбенбаев  С.,  Ахметова  Г.,  Әбенбаева  И.  Дәстүрлі  емес  сабақ  турасында  //Мектептегі 

шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16. 

2.

 

Әбиев Ж., С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика А., Дарын., 2004 



3.

 

Курт  Мередит,  Джинни  Стил,  Чарлзь  Тэмпл,  Скот  Уолтер.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 



тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал.Алматы, 2000. 

4.

 



Қуанбаева  Б.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде  жетілдірудің 

дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет. 

5.

 

Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12 



487 

 

487 



 

 

 



ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 

 

Мутайхан М.З 



Астана «Гуманитарлық колледж» 

 

      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп 



–  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің  шығармашылығындағы 

ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, 

оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін 

,  барлық  шәкіртін  ,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам.Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация 

мұғалімі  – педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген, тұрақты өзін-өзі  жетілдіруге 

талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі 

табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 

талаптар  :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі, 

әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

       Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі-  рефлекцияға 

қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық  ,  зерттеушілік,  дидактикалық  - 

әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа 

құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық 

жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 

       Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында 

жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру 

үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап 

отыр. 


       Біліктілік  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты  білімнің 

мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені 

жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен 

потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. 

      Сондықтан  олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен 

ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, 

қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге 

арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен  мәдениет 

жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға 

бағытталған  танымдық  іс-әрекетке  ынталандыру  үшін  білім  беру.  Қазіргі  білім  беру 

парадигмасы  «білікті  адамға»  бағытталған  білімнен  «мәдениет  адамына»  бағытталған 

білімге  көшуді  көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-  оның  философиялық  , 

психологиялық,  педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен  тәжірибесін  тереңірек  қайта 

қарауды қажет етеді. 

     Сондықтан  бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға 

негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

      Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау, 

ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің 

үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті 

оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына 

жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

       Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 

мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 

ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 



488 

 

488 



 

атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін 

оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 

және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. 

       Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда 

еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 

жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 

Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, 

зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті 

мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  – 

мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге 

қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге 

бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну  –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті  мәселелердің  бірі. 

Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы 

–  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл 

аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. 

       Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – 

жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде 

беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді»  деп  көрсетеді.  Бұл  жайлы 

Б.Тұрғанбаева  «...  өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік 

мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз »  деп  анықтаса,  Ресей 

ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір 

адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». 

      Латын  тіліндегі  «  компетенс»сөзін  ғалым  К.Құдайбергенова  «Құзырлылықты 

білімін,  біліктілігін,  дағдысын,  тұлға  мінез-  құлқын  ,  ең  бастысы  тұлға  мүмкіндігін 

бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай 

болса,  құзырлылық,  нәтижеге  бағдарланған  жаңа  білім  беру  жүйесінің  сапалық  критерийі 

ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева 

«Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі 

молаяды.  Осы  жағдай  біліктілікті  арттырудағы  екінші  үлгіге  көшірудің негізі  бола  алады. 

Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты 

мақсаты » деп көрсетеді. 

      Қ.Құдайбергенова  «Құзырды  әртүрлі  кенеттен  болған  ситуацияларда  мәселелерді 

шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация 

арасындағы  байланысты  орнату  мүмкіндігі  ретінде,  ал  құзырлылықты  адамның  өзіндік 

деңгейіне,  даралық  қасиеттеріне  тікелей  байланысты  тұлғалық,  теориялық,  практикалық 

өлшеу  дәрежесі  жоғары  деңгейде  кіріктірілген  құрылым  ретінде  қарастыру  ұсынылады» 

деген тоқтам жасайды. 

12 жылдық білім беру 

     Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  педагог 

кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 

12  жылдық  білім  беруде  педагог  төмендегідей  құзыреттіліктерді  игеруі  міндетті  деп 

көрсетілген. 

1.

 

Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 



2.

 

Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 



489 

 

489 



 

3.

 



Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін 

қолдана білу қабілеті. 

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының 

өзін  -өзі  өзгерте  алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады.  Білім  саясатындағы  түбегейлі 

өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын 

көрсетілген.  Студенттер  оқытушы  қауымнан  тек  білімге  ғана  емес,  өмірге  үйрететін 

қабілеттілікті  қажет  етіп  отыр.  Демек,  болашақ  педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан 

қалыспай:  жедел  ойлаушы:  жедел  шешім  қабылдаушы:ерекше  ұйымдастырушылық 

қабілетті:  нақты  бағыт-  бағдар  беруші  болып  шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның  талабы.Міне, 

құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  мұғалім  -  қазіргі  студенттердің 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың  ,  интеллектуалдық  белсенділіктің 

жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету 

арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ. 

Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде 

белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. 

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: 

 

бағдарлы  құзіреттілік  (азаматтық  белсенділік,  саяси  жүйені  түсіну,  баға  бере  білу, 



елжандылық, т.б); 

 



мәдениеттанымдылық  құзіреттілік  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу,  өз  халқының 

мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

 

оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай 



білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

 



коммуникативтік  құзіреттілік  (  адамдармен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу, 

мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде  қатынас 

дағдылары болуы); 

 



ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік  (ақпараттық  технологиялармен,  техникалық 

обьектілер  көмегімен  бағдарлай  білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  таңдай,  талдай  білу,  өзгерте 

білуді жүзеге асыра білу қабілеті); 

 



әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, 

шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес 

ықпал ете білу қабілеті); 

 



тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси 

қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). 

     Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы 

әлеуметтік  білім  беру  құзыреттіліктерінің  жан-  жақты  болуы  талап  етіледі.Егер  педагог 

өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу 

арқылы  тұлғаның  алған  білімін  өмірде  қолдана  білетіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына 

алатын жағдайда болғанда ғана студент  құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. 

Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның 

жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана 

алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. 

     Кәсіби деңгейдің дамуы 

      Психологтер  де,  педагогтер  де  адамның  рухани  интеллектуалдық,  кәсіби 

шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, 

ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік 

еңбекті  адамтану  ғылымы  ,  адамның  жан  дүниесі  ,  рухани  әлеміне  бойлай  алу  өнері  дей 

отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда 

педагогикалық  шеберлік-  кәсіби  әрекетті  жоғары  деңгейге  көтеретін  мұғалімнің  жеке 

қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова 

мұғалімнің  кәсіби  деңгейге  көтерілуінің  төмендегідей  психологиялық  критерийлерін 

анықтаған. 



490 

 

490 



 

     Обьективті  критерийлер.  Мұғалімнің  өз  мамандығына  қаншалықты  сәйкес 

әлеуметтік  тәжірибеге  қосар  үлесі  қандай  екендігі.Жоғары  еңбек  көрсеткіші,әртүрлі 

мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді. 

     Субьективті  критерийлер.  Адамның  мамандығы  қаншалықты  оның  табиғатына, 

қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен 

байланысты.  Мұғалім  еңбегіндегі  субьективті  критерийлерге  кәсіби  –  педагогикалық 

бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне 

позитивті көзқарастың болуын жатқызады. 

      Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол 

жеткізіп  отыр  ма  деген  мәселе  тұрғысынан  қарастырады.Біреулер  нәтиже  ретінде 

оқушылардың  білімдерінің  стандартқа  сай  болуын  алса,  енді  біреулер  олардың  қарым- 

қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда 

ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің 

педагогикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін  шешуге  қолдана 

алуы. 


      Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол 

арқылы  өз  тәжірибесін,  еңбегін  өзгерте  алуы  жатқызылады.Шығармашыл  мұғалім  үшін 

біреудің  тәжірибесін  қайталағаннан  гөрі  өз  жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін 

басқаларға  ұсына  алуының,  шығармашылық  бағыттылықтың  болуының  мәні  зор. 

Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі 

тиіс.  А.Маркова  оның  кезеңдерін  төмендегідей  етіп  бөледі:  мұғалімнің  өз  мамандығына 

бейімделу  кезеңі:  мамандықта  өзін-өзі  өзектендіру  кезеңі:мамандықты  еркін  меңгерген 

кезең:  мамандықта  шығармашылық  деңгейге  жеткен  кезең.  Осылайша  ғалым  кәсіби 

құзыреттіліктің  сипаттамасын  шебер-  мұғалімнің  ,  жаңашыл-  мұғалімнің,  зерттеуші- 

мұғалімнің,  кәсіби  дәрежесіне  көтерілген  мұғалімдердің  жиынтық  бейнесі  ретінде 

қарастырады. 

      Ең  бірінші  кезекте  мұғалімнің  «  өзіндік  жаңалығы»  болуы  қажет.  Ғылым 

жаңалығын  түрлендіруде  өз  үлесін  қосу  арқылы  жасаған  нәтижелі  жұмысы  өзгелердің 

тәжірибесін  толық  көшірмей,  жаңа  ортаға  икемдеп,  өзіндік  іс-  әрекет  жиынтығы  арқылы 

айтарлықтай  нәтижеге  қол  жеткізу  керек.Қазіргі  кәсіптік-  педагогикалық  қызмет  қандай 

мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, 

күрделі  әлеуметтік-мәдени  жағдайларда  еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық 

процестерді  басқара  алатын,  адам  туралы  ғылымның  жетістіктерін,  оның  даму 

заңдылықтарын,  компьютерлік  оқыту  өнерін  терең  меңгерген  жан-  жақты  дамыған 

шығармашыл тұлғаны талап етеді. 

      Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз 

пәнін  жетік  білетін,  оқушының  шығармашылығы  мен  дарындылығының  дамуына  жағдай 

жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің 

іс-  қимылын  жүйелілікпен  атқаруға  қабілетті,  оқытудың  жаңа  технологияларын  толық 

меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай 

алатын,  отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді  шығармашылықпен  қолдана  білетін  кәсіби 

маман педагогті айтамыз. 

1)

 



А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988. 

2)

 



А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993. 

3)

 



В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996. 

4)

 



Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б 

5)

 



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б. 

6)

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б 



7)

 

Қазақстан 



Республикасында 

2015жылға 

дейінгі 

білім 


беруді 

дамыту 


тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б. 

491 

 

491 



 

8)

 



Советский 

энциклопедический 

словарь// 

М., 


Издательство 

«Советская 

энциклопедия», 1984. 613-б 

9)

 



С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка» 

// М., 2004. 288-б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет