Дейді Б. Асылов. Олар ешқандай шара



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#6582
1   2   3   4   5   6

Құбаш САғиДоЛЛАҰЛЫ

P.S.

Қорғаныс саласында кадрлар алмастырудың емес, оны қайта 

құрылымдаудың уақыты жетті. Қытайдағыдай халық-азаттық әскерін 

үкіметке емес, мемлекеттік және партиялық орталық әскери комиссияға 

бағынышты ететін немесе АҚШ-тағыдай Пентагон секілді Қорғаныс 

министрлігін тікелей Президенттің құзырына өткізсе деген ұсыныс 

білдіргіміз келеді. Түбегейлі идеологиялық-тәрбиелік реформалар 

жүргізгенде ғана әскери өркениетімен әлемді бас игізген ежелгі батырлық 

рухымызбен қайта қауышуымыз кәдік. 

Көп кешікпей өз 

отанындағы қазақтардың 

саны тағы да ондаған 

мың жанға көбейетін 

болды. Кеше Ақордада 

Мемлекеттік хатшы 

Қанат Саудабаевтың 

төрағалығымен Қазақстан 

Президенті жанындағы 

Азаматтық мәселелер 

жөніндегі комиссияның 

кезекті отырысы өтіп, 

Қазақстан азаматтығын 

алуға берілген 14 000-нан 

астам адамның өтініші 

қаралды.

ма ты облысы, Іле ауданы, Қараой ауылы 

маңындағы  әскери  бөлімшедегі  оқ­дәрі­

лердің  жойқын  жарылысынан  бірнеше 

адам  қаза  болуы  әскердегі  салақтық  пен 

тәртіпсіздіктің көрінісі демеске лаж жоқ. 

мемлекет тарапынан әр сарбазға бө­

лінетін қыруар қаржы діттеген жеріне жет­

пейді.  Аты­жөнін  айтпауды  өтінген  бір 

офи цердің айтуынша, 500 сарбазға бө лі­

нетін қаржыны әскери штабтағылар олар­

дың атынан жалған 500 түрлі қол қойып, 

өз  қонышына  басып  қалатын  кө рінеді. 

Бармақ басты, көз қыстымен тұтас әскери 

қосынды  теп­тегін  құрылысқа  жегетін 

кеңестік  дәстүр  қазір  тіптен  ас қынып  тұр. 

Әскерге  бөлінген  азық­түліктің  жартысы 

жоғары шенді офицерлердің хан сарайын­

дай  үйінің  ұрасында  шіріп  жататынын 

әскерде  болған  кез  келген  адам  жақсы 

біледі.  Ал  әскердегі  әлімжеттік  кесірінен 

өліп кететін сарбаздардың қаншамасының 

құны сұраусыз кетіп жатыр! Бір ғана Қап­

шағайдағы әскери бөлімдерде бейбіт за­

манда жыл сайын он шақты жас қыршы­

нынан қиылатын кө рінеді. Көбісінің өлімі 

жұмбақ күйінде жа сырылады. 

ШЫңғЫС хАННЫң 

«яСАСЫНАН»:

«Ондықтан біреу қашса, 

онда ондықтағы қалған 

сарбаздың басы түгел 

алынады». 

емес,  тенниспен  айналысатын  балалар 

екен.

Елбасы үлкен форум соңында осын­



дай  ірілі­ұсақты  мәселелерді  шешуді 

облыс  басшысы  Бердібек  Сапарбаевқа 

шегелеп  тапсырды.  Басқосудан  кейін 

өңір экономикасын өрлетеді деген төрт  

бірдей келісімшартқа қол қойылды. 

Өскемен

Нұрғис


а ЕЛЕ

уБЕК


о

В (фо


то)

?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Еуропалықтар азайып, азиялықтар көбейіп келеді



Жыл сайын Еуропа халқының саны азайып бара жатыр. Есесіне Азия мен Африка 

тұрғындарының саны ұлғаю үстінде. Менің білгім келетіні, жер бетіндегі адамдардың 

саны азайып жатыр ма, әлде керісінше көбею үстінде ме?

Аслан ЖАҚЫПов, Жезқазған қаласы

Жер  бетіндегі  адамдардың  саны  жыл­

дан­жылға  көбейіп  келеді.  оны  мына  мы­

салдан  байқауға  болады:  әлемде  әр  се­

кундта 21 адам дүниеге келіп, 18 адам көз 

жұмады  екен.  Ғалымдардың  шама лауын­

ша,  б.  э.  д  15  мың  жыл  бұрын  жер  бе тін               

3  миллиондай  ғана  адам  мекен  ет кен.  

Б.э.д.  2000  жыл  бұрын  олардың  саны  50 

мил лионға  жеткен.  Алғашқы  мыңжыл дық 

аяқ талар  тұста  жер  басып  жүрген  адам 

атау лының  саны  275  миллионға  кө бейді. 

Ал  өткен  ғасырдың  60­жылдары  жердегі 

тұр ғындардың саны 3 миллиардты көрсетті. 

2003  жылғы  адам  санақтарының  қорытын­

дысы  бойынша,  жердегі  адамның  саны                

6,3  мил лиардқа  жеткендігі  анықталса,  ай­

нал     дыр ған  5  жылдың  ішінде  бұл  көр сет кіш 

6,8 мил лиардқа дейін көтерілді. Бо лашаққа 

болжам айтар болсақ, шамамен 2012 жыл­

дар дың соңына қарай жер бетін дегі адамдар­

дың  саны  7  миллиардқа  жетсе,  2050  жыл­

дары 9 мил лиардты бағындырады.

Персона нон­грата – сүйкімсіз саясаткер 



Қазіргі кезде «персона нон-грата» деген сөзді оңды-солды көп қолданып 

жүр. Бұл ұғымның түпкі мағынасы қайдан шыққаны туралы айтып     

бересіздер ме?

Қайрат БАЗАров, Орал қаласы

Негізінде,  бұл  –  дипломатиялық  тер­

мин.  Persona  non  grata  –  латын  тілінде 

«қажетсіз  адам»  дегенді  білдіреді.  Дип­

ломатиялық  тәжірибеде  дипломатиялық 

өкілге  шетел  үкіметі  оның  келуіне  агре­

мандық  бермей,  сенімсіз,  қажетсіз  деп 

жариялауын «нон­грата тұлға» деп атай­

ды. Егер шетелде қызмет етіп жүрген елші 

ағат кеткені, тыңшылық жасағаны немесе 

тұрып  жатқан  елдің  заңын  бұзғаны  үшін 

нон­грата деп жарияланса, ол дереу еліне 

қайтарылуы тиіс. Қазіргі кезде бір елдің ар­

намысына  тиетін  мәлімдемелер  жасайтын 

кейбір сүй кімсіз саясаткерлерді «нон­грата 

адам»  деп  атап,  босағасынан  аттатпайды. 

ТмД  бойынша  «нон­грата  адам»  деп 

жарияланған  сүйкімсіз  саясаткерлердің 

қара  тізімінен  көз  сүрінеді.  украина  ресей 

депутаттары  Владимир  Жири новскийді, 

Константин  затуллинді,  теле жур налист 

михаил Леонтьевті, саясаттанушы Алек­

сандр  Дугин  мен  глеб  Павловскийді 

«нон­грата  адам»  деп  жариялады.  Ал 

ресей  оған  жауап  ретінде  украиналық 

ше неу ніктер  Петр  Порошенко  мен  Ни­

колай Жулинскийге сенімсіздік таныт қан 

болатын.  Сол  сияқты  Латвияның  Борис 

Березовский,  Дмитрий  рого зин дерге 

есігі тарс жабық. Әзірбайжан Таулы Қа­

рабаққа бола ресейлік ән шілер Надежда 

Бабкина,  Катя  Лель,  Валентина  Лег ко­

ступова, Александр Песков, Ирина отие­

ва,  «Чай  вдвоем»  тобына  жылы  қабақ 

танытпай қойды. оны айтасыз, маргарет 

Тэтчердің ба ласы марк Тэтчерді монако 

елі жақ тырмайды екен. 

Бұл  бұрынғы  министр  Даниал  Ахме­

товтің жоспары болатын. осы «саяхаттың» 

алдында  бір  күн  бұрын  орнынан  түскен 

министрдің  орнына  министрдің  орын­

басары  Азамат  ойнаровтың  журналис­

термен бірге жолға шығуына тура келген. 

Бізбен  бірге  ұшаққа  әлгі  қаруларға 

қатысы  бар  израильдік  ІмІ  фирмасының 

вице­президенті  Натан  Векслер  де  мінді. 

ресей  сарапшылары  да  бар.  Бірақ  жур­

налистер Натан мырзаның маңынан шық­

пай  қойды.  Ал  сынақ  алаңында  бізді  ми­

нистрдің  орынбасары  міндетін  атқа ру шы, 

Халық қаһарманы, генерал­лей тенант Ба­

қытжан Ертаев күтіп алды. Іле­шала қаһар­

манның  қарамағындағылар  120  мил ли­

метрлік  «Айбат»  минометін,  «Сем сер» 

гау бицасын, дүркіндетіп от шашатын «Най­

за» ракеталық қаруын алып шығып, ат қы­

лай бастады. Құдды соғыс алаңында жүр­

гендей  болдық.  Жер  дірілдейді.  Көк жиек 

шаң  мен  түтіннен  көрінбейді.  Сол даттар 

болса  әмірді  мүлтіксіз  орындауда.  Қате­

кем шіліксіз. Арасында жауынгер қыз дары­

мыз  да  дамылсыз  өз  қызметтерін  орын­

дауда. Бірі байланысқа жауап беріп жүрсе, 

енді  бірі  ұшқышсыз  ұшатын  аппа ратты 

сайлап жатыр. Бір байқағанымыз, компью­

терленген,  автоматтандырылған  жүйе 

қыз          дарымызды  да  соғыс  ісіне,  әс кери 

қызметке баулуға мүмкіндік береді екен. 

Атқан оқ нысанаға дөп тиіп жатқанын 

экраннан бақыладық. 

Бізге  керегі  Израильден  келген  өкіл­

дердің  тындырған  шаруасы  болды.  «Бұл 

дивизион  соғысқа  абсолютті  түрде  қа бі­

летті. Қару техникаларын бағдарла малық 

қамтамасыз  етуде  шамалы  кемшіліктер 

мен механикалық олқылықтар болды. Біз 

оның бәрін жойдық. Тексеріс кезінде шық­

қан  кемшіліктерден  екі  айдың  ішінде  то­

лықтай  құтыламыз.  осы  екі  ай  бойы  да­

мылсыз жұмыс жасамақпыз», – деп жатты 

тілшілермен тілдесуінде Натан Векслер.

Ал  елдің  бір  айналдырғанды  шыр 

айналдырмай, бір демде бітетін істі талап 

ететіні  белгілі.  Өйткені  бізге  Натан  емес, 

отан қымбат болатын.

Салтан СӘКЕН, 

Астана – Сарышаған – Астана

СыНАҚ


Натан не десе де, бізге отан қымбат

Қорғаныс министрлігіндегі былыққа байланысты ҰҚК 190 миллион 

долларға түскен қару түрлерінің 80 пайызы бірнеше рет қана оқ атқан соң 

істен шығып жатқанын анықтағаны белгілі. Бірақ Қорғаныс министрлігі сол 

қарулардың («Айбат» минометі, «Найза» ракетасы, «Семсер» гаубицасы) 

атқан оғы нысанаға дөп тиіп жатқанын көрсеткісі келіп, бір топ 

журналистерді Сарышаған сынақ алаңына «саяхаттатып» қайтты. 

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№100 (100) 



20.06.2009 жыл, сенбi

www.alashainasy.kz

3

?



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Үш ішекті домбыраның артықшылығы неде?



Қазақта екі ішекті домбырадан бөлек, үш ішекті домбыра бар ғой. Оның қандай 

ерекшелігі бар? Және ол домбыраны тарихта кімдер тартқан? Бүгінгі таңда орын­

даушылары бар ма?

Еркежан СЕЙІТҚАЗЫ, Ақмола облысы

Үш ішекті домбыра – көне түркі фольк­

лорлық аспабы. Үш ішекті болған соң, екі 

ішекті  домбырадан  үндестігі  артық.  Ас­

тыңғы  мен  ортаңғы  ішектер  оң  бұрауда 

(кварта),  ортаңғы  мен  жоғарғы  ішектер 

теріс  бұрауда  (квинта).  Үш  ішекті  аспап 

қазақ,  қырғыз,  моң  ғол,  алтайлықтарда 

бар, әсiресе, Алтай­Тарбағатай аймағында 

көп  қол данылған.  ХІХ  ғасырда  Семейдің 

Шың ғыстау  өңірінің  өнер паз дары,  Абай­

дың  ай на ласындағы  ақын,  шә кірттері 

тарт қан.  Абай   дың  өзі  тартқан  үш  ішекті 

домбыра  Жи  дебайдағы  қорық­мұ ражайда 

сақтаулы.  Еліміз  Тәуелсіздік  алған  тұста 

Елбасымызға  бата  берген  қария  Шәкір 

Әбенов  те  үш  ішекті  домбырада  ән  салып, 

айтысқан.

Жоғалып  бара  жатқан  көне  аспапты  60­

жылдары қайта жаңғыртып, тудырушы күйші, 

өнертанушы ғалымдар Болат Сарыбаев, Жар­

қын Шәкерім. Ол кісілер үш ішекті домбыраға 

арналған  көне  сарындарды  өңдеп,  күйге 

айналдырған. Бұл аспапты меңгерген шәкірт­

тері де бар.

Би­Би­Си 35 тілде қызмет көрсетеді



Би­Би­Си телеарнасы қанша тілде қызмет көрсетеді?

 Әлия МұрАТҚЫЗЫ, Өскемен

Би­Би­Си (British Broadcasting Cor­

po ra tion, BBC) – Ұлыбританияның ра­

дио  және  телевизия  кешені.  Әлемге 

тарайтын  телерадиокешен  мемлекет­

тік  БАҚ  емес,  бұл  –  ағылшын  пат­

шайымы бекіткен құрамында 12 қам­

қоршысы бар Бақылау кеңесінен тұра­

тын қоғамдық ұйым. Би­Би­Си телеар­

насының тарихы 1922 жылдан бастау 

ала ды. Ал Би­Би­Си­дің халықаралық 

қызметі 1932 жылы басталды. Бүгінде 

Ұлыбри танияда Би­Би­Си­дің 20 теле­

арнасы,  14  ұлттық  сандық  радио­

стансысы,  бірнеше  интернет­сайты, 

40  шақты  журналы  бар.  Сондай­ақ 

корпорацияға  BBC  Prime,  BBC  Canada 

және BBC America секілді халық аралық 

арналар да қарайды. Жалпы, әлемнің 

35  тілінде  қызмет  көрсете тiн  Би­Би­

Си­дің  көрермендері  мен  тың дар­

мандары жер шарының бар лық елінде 

бар. Әлемнің ең танымал теле арнасы 

тәулігіне 24 сағат бойына үзіліс сіз ақ­

парат таратады.

Қандай да жолмен талпынып, тырмы­

сып,  заманның  көшінен  қалмауға  тыры­

суымыз  керек.  Ал  алпауыт  елдердің  өр­

кениетімен  иық  тірестіруіміз  үшін  біз 

олармен  тең  дәрежедегі  сұхбатқа  дайын 

болуымыз  керек.  Бізде  әлемдік  өр­

кениеттер диалогына сүбелі үлес қоса ала­

тындай  терең  білімді,  өткір  ойлы  аза­

маттарымыз бар. Айталық, Олжас Сүлей­

менов,  Мұрат  Әуезов  секілді  айтары  бар 

айбынды  адамдар,  басқа  да  жас  жігіт­

теріміз қазақтың мәдениетін әлемдік дең­

гейге жеткізуге еңбек етіп жүр. Әрине, ал­

пауыт  мемлекеттердің  тегеурінінен  үрей­

ленетіндей де бар. Бірақ бұға беруге бол­

майды. Біздің болашағымыз жарқын, бәрі 

тамаша  десек,  бұл  –  бос  ұран  болады. 

Сон дықтан алдымыздағы тұманды сейіл­

туге әрекет жасап, күресуіміз керек. Кү рес­

тің бір түрі – осы сұхбат. Әлем өркениеті­

мен өзімізді салыстырып, олармен жа ры­

Із.ДЕн.ІС

«Бастаудың» 

бастамасы 

жаман емес

Шараның ұйымдастырушысы «Дарын» 

РҒПО  директоры  Тілдаш  Битуованың  ай­

туынша, қазақстандық оқушылар 33 түрлі 

халықаралық  олимпиадалар  мен  жарыс­

тарға  қатысып,  800­ден  астам  медаль­

дарға  ие  болған  екен,  сондай­ақ  бұл 

жарыстарда республика құрамалары орта 

есеппен  10­орынды  иемденеді.  «Бастау» 

республикалық  турниріне  жиналған  оқу­

шылар  да  болашақта  білім  көкжиегіне 

көтеріліп, олимпиадалық құрама резервін 

толықтыратынын жасырмады. 

Үш  кезеңнен  тұратын  турнир  қазақ 

және орыс тілдерінде өткізілді. Турнирдің 

«Шашу» деп аталатын алғашқы кезеңі үй 

тапсырмаларының  тұсаукесері  негізінде 

өт се, топтық жұмыс істеуге машықтайтын 

«Ма тематикалық көкпарда» әр командаға 

ар найы  тапсырма  берілді.  Ал  сайыстың 

«Ма тематикалық  бәйге»  кезеңі  бірдей 

маз мұндағы  тапсырмалардың  жауабы 

ауыз ша  түрде  қабылдануымен  ерек ше­

ленді. 


Турнирдің әр кезеңінде тұлғалық және 

командалық біріншілік белгіленген. Қаты­

сушылардың  бәріне  сертификаттар  тап­

сырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 

I,  II,  III  дәрежелі  дипломдармен,  мақтау 

қағаздарымен  марапатталды.  Жеңімпаз­

дарға  турнирдің  бас  демеушісі  болған 

«Адал  азамат»  қоғамдық  қоры  дайын­

даған сыйлықтар салтанатты түрде тап сы­

рылды. 


Үмбетәлі МЕЙМЕШ

Басы 1

­бетте

Ой-КөКпар



Мұрат СӘБИТ, 

философия ғылымының докторы

профессор

Жүсіп ПИЛТАН, 

Иран-Ирак соғысының ардагері

Әлемдік өркениеттер сұхбатының 

қазақ мәдениетіне тигізер пайдасы бар ма?

сып,  шамамызды  байқап,  жақсы мызды 

асырып,  жаманымызды  жасырсақ  қана 

алға  ұмтыла  аламыз.  Әйтпесе  бізге  еш­

кім жол бермейді, басқалардың шаңын 

қауып  қаламыз.  Егер  біз  заманның 

ағымына  ілесе  алмай,  техника,  техно­

логиядан хабарсыз болсақ, көзіміз та ңу­

лы,  құлағымыз  жабулы,  өмірге  бейім­

делмеген, кезінде Абай сынаған дай қа­

зақ  болып  қала  берсек,  ешкім  елеп­ес­

кермейді де. Сондықтан біз өзі мізді­өзі­

міз тәрбиелеп, жетіле түсуіміз керек. Біз­

де қазір тәрбие, діни сауат тылық мәселесі 

ақсап  жатыр.  Көпшілікті  алаңдатарлық 

осы келеңсіздікті біз барша қоғам болып 

қолға  алайық.  Біз  өркениеттер  сұхбат­

тастығы арқылы басқа елдердің тәжіри­

бесімен  алмасып,  олардың  жақсы  жақ­

тарын  сіңіргеніміз  жөн.  «Үйрен  де  жи­

рен» демекші, тек «біз өзіміз бәрін біле­

міз,  данышпанбыз»  деп  кеудемсоқтана 

бермей,  жақсыға  ұқсап  бағып,  кейде 

еліктей де білген дұрыс. Ал пайдасы бар 

дүниені үйрен геннен кейін ары қарай өз 

жолыңмен  сайратып  әкетуге  болады. 

Қанымызда бар дарынымызды, ақылы­

мызды  то лықтырып,  бай  мәдени  мұ­

рамыз бен рухани құндылықтарымызды 

жинақтап,  бір  жүйеге  келтіріп,  саналы 

түрде  бас қалармен  аралассақ,  одан 

ұтпасақ, ұтыл май мыз. 



Болашағы жарқын елдің әр азаматы ұлтына жаны ашитын, ұлт болашағы 

үшін алаңдайтын патриот болғанда ғана мемлекетіміз алға жылжиды. Ал 

біз әзірге қай салада болсын жоғарыдан түсетін бұйрықты орындау үшін 

жүрген робот секілдіміз. Айталық, егер «Мәдени мұра» туралы бағдар­

лама  қабылданбаса,  сонда  құндылықтарымыз  әр  жерде  шашылып 

қала  берер  ме  еді?  Бұл  бағдарламаның  өзі  ары  кетсе  5­10  жылға 

созылатын науқандық шара деңгейінде қалып қоймауын тілейік. Сол 

секілді  өркениеттер  диалогына  үн  қосамыз  деп  жүріп,  басқа  біреудің 

әніне басып кетпесек болғаны.

Дайындаған Айнұр СЕНБАЕвА 

«Діндер түйіскенде өркениеттер қақты­

ғы сады»  деген  қойыртпақ  әңгімелер  ай­

тыл  ды.  Ал  дәстүрлі  діндер  қақтығыс  де­

генге  қарсы.  Сондықтан  ислам  әлемінің 

атынан Иранның Президенті Хаттами «өр­

кениеттер қақты ғысы» емес, «өркениеттер 

диалогы»  дегенді  ойлап  тапты.  Мұндағы 

мақсат  –  қақтығыстың  екпінін  азайтып, 

әлемді  өр кениеттер  диало гына  шақыру. 

Бұл  деге німіз  –  бүкіл  әлем  бір­бірімен 

етене араласып, бауырласып кетеді деген 

сөз  емес.  Қашан  болсын  әр  ұлт  өзінің 

мәдениетін басқалардан жоғары са найды. 

Мысалы,  Батыс  пен  Шығыстың  ара сын­

дағы диалог туралы қанша жиындар, кон­

ференциялар өтіп жатыр. Бірақ әркім сан­

саққа  тартады.  Сондықтан  қазіргі  кезде 

ымыраға  келуге  әлі  ерте  секілді.  Мүмкін, 

өр кениеттер сұхбаты 1000­2000 жылдан 

кейін нәтиже берер. Бірақ қазіргі жағдайда 

адам дардың  санасы  бейбіт  түрде  сұх­

баттасуға  дайын  емес.  неге?  Себебі 

Батыстың  мақсаты  –  әлемді  жаулап  алу. 

Ал  олардың  қазіргі  қарқынымен  бұл  әб­

ден мүмкін. Мысалы, Батыстың мәдение­

тін,  оның  ішінде  музы ка сын,  жастардың 

киім киісін алайық. Жас та рымыз түгелдей 

дерлік  Батыс  үлгісімен  киі неді,  солардың 

музыкасын  тыңдайды.  Мә селен,  қазақ 

музыкасында ешқашан «поп» деген жанр 

болған  емес.  Ал  қазір  сол  поп­музыка 

дәстүрлі  музыкамызды  басып­жан шып 

тастамады  ма?  Мәдениетімізді,  ұлттық 

құндылықтарымызды  дәріптейтін  бір 

теле арна бар ма бізде? Барлық ақпараттың 

70  пайызы  орыс  тілінде  тарайды.  Осы 

секілді  мыңдаған  мысалдар  келтіруге 

болады. Егер осы процесс жалғаса берсе, 

қазақ  жер  бетінен  ұлт  ретінде  жоғалуы 

мүмкін. Сонымен қатар қазақ – жан­жақ­

тан  көп  нәрсе  алуға  тырысатын  өте  елік­

тегіш  халық.  Әсіресе,  жастар  не  нәрсенің 

ақ­қарасын  ажыратпай  жатып,  бірден 

бейім деле кетеді. Осындай осал тұсы мыз­

ды пай даланатын эконо ми касы қар қынды 

да мы ған алпауыт елдер қаржысына се ніп, 

үстемдіктерін  жүргізеді.  Олардың  ақша­

лары болған дықтан, өз дүниелерінің бәрін 

жақсы  жарнамалауға  мүмкіндіктері  мол. 

Ал жарнама құдіретінің қаншалықты еке­

ніне бүгінде көзіміз әбден жетіп отыр. Сон­

дықтан  мәдени  шекара мыздың  да  шегі 

болу керек. 

ТҮР

ТКІ


Елімізде ислами телеарна неге жоқ?

Ата  заңымыз  бойынша,  Қазақстан  – 

демо кратиялық  зайырлы  мемлекет.  Ал 

де мократия дегеніміз – азшылықтың көп­

шілік  пікіріне  құлақ  асуы  деген  сөз.  Егер 

осы  тұрғыдан  алып  қарайтын  болсақ, 

республика халқының 70 пайызын құрай­

тын мұсылмандарға арналған бағдарлама 

немесе  хабар  емес,  тым  құрығанда  бір 

ислами  телеарна  болуы  керек  емес  пе? 

Алайда жағдай керісінше...

Тіпті біздің жағдайымыз Ресейдің қол 

астындағы  татар  бауырларымыздан  да 

кейін. Олардың «ТнВ­Татарстан» телеар­

насында  айына  екі  рет  «насыйхэт»  атты 

ислами  бағдарламаның  пайда  болға­

нына  бес  жылдан  асты.  Жақында  ал­

ғашқы мерейтойын атап өткен редакция 

ұжымы  бұдан  былай  көгілдір  экранға 

аптасына  бір  рет  шығуды  жоспарлап 

отырғандарын айтты. Осы уақытқа дейін 

түрлі  ислами  та қырыптағы  120  бағдар­

ламаны өз ана тіл дерінде дайындап, кө­

рерменнің на зарына ұсынған. Сондай­ақ 

«Ресей­Татарстан»  телеарнасында  «Ру  ха ­

ни мұ ра» атты асыл дінімізді уағыз дайтын 

ха барлары тағы бар. Ал Ресей Президенті 

Дмитрий  Мед ведев  Қазанға  жасаған 

ресми  сапарында  Ислам  университетін 

аралап,  республика  мұсылмандарымен 

кездесуінде  право сла виені  уағыздайтын 

«Слова пастыря» атты күн сайын шығатын 

бағдарламаға ұқсас ислами хабар ашуға 

Қазіргі жаһандану заманында телеарналардың ықпалы 

зор. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарағанда, адамдар 

ақпараттың 60 пайыздан астамын теледидардан алады екен. 

Демек, әр мемлекет теледидар арқылы­ақ өз саясатын жүргізе 

алады деген сөз. Қазіргі кезде ең қауіптісі – ақпараттық соғыс. 

Осы соғыста кім жеңіске жетсе, соның мерейі үстем. 

көмектесетіні жайын да уәде берді. «Алла 

қаласа,  бұл  арма нымызға  да  қол  жет­

кізетін шығармыз», – дейді татар бауыр­

ларымыз.

Медведевтің мұсылмандарға деген оң 

көзқарасы  шешендерді  де  рухтандыра 

түскендей.  Президенттің  Қазан  қала сын­

дағы айтқан сөздері дем берді ме қайдам, 

олар да ел аумағына хабары тарайтын Ис­

лам телеарнасын ашу керек деген шешімге 

келіпті. Республиканың Бас мүфтиі Сұлтан 

Мырзаев  осыдан  соң  шұғыл  түрде  дін­

танушы және теолог ғалымдардың басын 

қосып, бұл мәселені талқылап, өз ұсыныс­

тарын Президент Рамзан Қадыровқа жет­

кізген. Өз кезегінде ол да аянып қалмасын 

білдірген.  Сонымен,  кішкентай  ғана  Ше­

шен станда жақын арада Ислам телеарнасы 

ашылып  жатса,  таңғала  қоймайтын  шы­

ғармыз.

Техниканың қарыштап дамуына байла­



нысты спутниктік және кабельдік желідегі 

телеарналар  заманы  жүріп  тұр.  Қазір 

әлем дегі  барлық  діндер  мен  секталар  өз 

ұстанымын уағыздау үшін аянып қалмауда. 

Әрине, исламды уағыздайтын арналар да 

баршылық.  Бірақ  олардың  дені  араб, 

ағыл шын  және  урду  тілдерінде  хабар 

тара тады.  Демек,  халқымыздың  басым 

бөлігі  спутниктік  желіге  қосылғанымен, 

оны түсінбейді деген сөз. Есесіне орыс ті­

лінде христиан дінін уағыздайтын теле ар­

налар  жетіп­артылады.  Солардың  бірі  – 

CNL  христиан  телеарнасы.  Әлемдегі  300 

мил лион  орыстілділердің  басым  бөлігі 

осы телеарнаны көретіндігін әлеуметтану­

шылар  анықтап  отыр.  «Олардың  ішінде 

діннің  не  екенін  түсінбейтіндер  де  бар. 

Тіпті  бұрынғы  Кеңес  Одағының  аумағы 

тұрғындарының  арасында  атеистер  де  аз 

емес.  Бірақ  біз  орыс  тілін  пайдаланып, 

Иса ның кім екенін оларға ұқтырып, жү ре­

гін  ашамыз»,–  дейді  телеарна  басшыла­

ры. Міне, тілдің құдіреттілігі осында!

Өркениет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет