Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
178
179
да қара сөмке.
Әдетінше бір мойындап сығалай қарайды. Иегі
қалтылдап күбірлейді.
Бір уыс бетін көміп кеткен ұсақ-ұсақ әжімдер
құрт құсап жыбырлап қашып байыз таппайды.
Соңынан бір қара қаншық салақтап еріп келеді.
– Әй, сөмкеңдегі не?
– Күшік. Үйге апарып тастайын. Аш жатыр.
– Не жапағам?
– Құрғырдың әкесін танитын ем. Обал! Мынау
жарытпайды екен.
Күшіктер қыңсылап, сөмкені тырмалайды.
– Әкесі көрші ауылдағы сары төбет қой, – деп Ан-
тонина қара қаншыққа саусағын безеді. – Біліп ем.
Жыл сайын істейтіні осы. Аузыңды аштырып...
Осыдан көзіме көрінсін. Бір-ақ атайын.
Қара қаншық бұларға айыпты көзбен мөлиіп қа-
райды.
Пошта жақтан бір қырындай басып Ерлепес те
жетті. Төрт көз түгенделді. Алғашқы шөлмек
ашылды. Өзі алған араққа иелік еткен Ерлепес:
– Бәрібір пәршиби дүние. Енді біз құрастырып
жарытпаспыз, – деп лақылдатып тең бөліп құйды.
Осыным қалай дегендей, қалған үшеуді қысыңқы
көзімен әжептәуір тінткіледі. Қоңқақ мұрны қол-
паш дәметіп, одан әрмен көтеріліп басылды.
– Солай!
Сұлудың көз жасындай мөлтілдеп тұрған араққа
қатар қол созысты. Ішке түскен ыстық бу кәрі
буынды қуалап бара жатты.
– Айына бір бас қосып, өз көңілімізді өзіміз кө-
термесек, несіне жер басып жүрміз?
ец. В руках чёрная сумка.
Как обычно, вглядывается искоса. Его рот, за-
вершающийся дрожащим подбородком, бормочет
что-то невнятное.
Мелкие морщины, покрывающие его узкое лицо,
не могут найти успокоения, шевелясь и распол-
заясь, словно черви. Увязавшись, следом за ним
плелась чёрная сука.
- Эй, что у тебя в сумке?
- Щенки. Несу домой. Голодные.
- Зачем они тебе?
- Пропади он пропадом, знал их отца-самца. Жал-
ко. Эта не может их насытить.
Щенки, скуля, царапали сумку.
- Отец их – рыжий волкодав из соседнего аула, -
заметила Антонина, указывая почему-то пальцем
на чёрную суку. – Знаю его. Ежегодно творит одно
и то же. Только попадись мне. Уложу одним вы-
стрелом.
Чёрная сука, напустив на себя виноватый вид,
смотрела на них поникшим взором.
Со стороны почты, прихрамывая на одну ногу, по-
явился Ерлепес. Все четверо были в сборе. Была
раскупорена первая бутылка. Будучи её хозяином,
Ерлепес произнеся:
- Всё равно, паршивая жизнь. Мы уже её не попра-
вим, - разлил водку по стаканам, да так ровно, что
будто считал дозы по бульканью. Прищурившись,
он поочерёдно взглянул на остальных, будто ждал
поддержки своим словам. Его расплющенный
нос, раздувшись, еле-еле принял прежний вид.
- Вот, так-то!
Протянули руки к водке, по прозрачности напо-
минавшей слезинку красавицы. Жар, попавший
внутрь, побежал по старческим суставам.
– Если мы сами раз в месяц не поднимали друг
другу настроение, то зачем нам ступать по этой
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
180
181
– Солай!
– Зейнетақы өспепті.
– Былтыр алты жүз теңге қосты ғой.
– Өй, – деп Санақбай қолын қалпағынан асыра
сілтеді. – Қоспай кетсін!
– Рас. Кеңшардың көшін қара нардай сүйреген
біздей озаттың алатыны тиын-тебен. Ал күймей
көр!
– Озат атанамын деп бір жамбасты беріп шықтың,
– деп Антонина іліп-қақты.
Санақбайдың жүзіне күлкі қонып ұшты. Корей
шалдың аузы күбірлеп, қолы жыбырлап басылды.
Айтса айтқандай... Қара жер бусанып, мейірімін
төккен жыл еді. Шағыр мен жусан аттың үзеңгісі-
не оратылып, омырауын қағып жүргізер емес.
Шөп шапқан, тай-тай ғып үйген тракторшылар
ала шаңның астында.
Бригадир Ерлепестің тфу десе түкірігі сол күзде
жерге бір түсіп, бірде түспей, шөп басына ілініп
тұрды.
Содан Октябрь мейрамында қара үзіп, шаппай
бер бәйге алсын. Бригадасына уыстап шашып
ақша үлестірсін.
Көзі майланып, есірік меңдеген тракторшылар
жайына тұра ма? Кеңшар кеңсесінің алдында
мұны ортаға алып, әлпештеп көкке атсын. Қағып
алып, төбелерінен асырып тағы лақтырады.
– Ерім-ай! – дейді.
– Атыңа затың сай Ерлепесім-ай! – дейді.
– Сен жүрген жерге шөп шығады ғой, – дейді.
земле?
- Именно так!
- Пенсию не повысили.
- В прошлом году добавили шестьсот тенге.
- Да ну их, - Санакбай отмахнулся, подняв руку
выше шляпы. – Хотя бы и не добавляли вовсе.
- Верно. Мы, передовики хозяйства, носившие на
своих горбах всю тяжесть его, получаем гроши.
Как тут не горевать!
- Ради того, чтобы стать передовиком, отдал одну
ногу, - съязвила Антонина.
Улыбка Санакбая, не успев возникнуть, тут же ис-
чезла. Старик-кореец что-то пробормотал, а руки
его, расшевелившись, затихли.
На самом деле так и произошло.… Был год, ког-
да земля, выпуская пар, щедро одаривала своими
милостями. Бурьян и полынь, опутывая стремена
и набиваясь в них, не давали проехать.
Трактористы-косари, прицепщики, покрывшись
пылью, работали, не покладая рук.
Той осенью даже плевки бригадира Ерлепеса це-
плялись за головки высоких трав, падая на почву
лишь через раз.
Потом во время Октябрьских праздников получи-
ли премии передовиков. Он раздавал деньги боль-
шими горстями, одаривая всех членов бригады.
Разве могли спокойно вынести это событие опья-
нённые успехом трактористы? Перед конторой
совхоза они, чествуя, стали подбрасывать его к
небесам. Подхватывая, подбрасывали выше своих
голов вновь и вновь.
- Герой нашего времени! – кричали одни.
- Дело твоё едино с именем твоим, наш Ерлепес!
– восклицали другие.
- Там, где проходит он, буйно вырастает трава, -
добавляли третьи.
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
182
183
Аяқ-қолы шашылып:
– Тағы да, тағы, – деп бұл шалқалай түседі.
Осы кезде: – Тез! Директор жинап жатыр, – деген
шаңқылдаған әйел даусы естілген.
Бәрі кеңсеге лап қойыпты. Әуелетіп атып жібер-
ген мұны қайтадан қағып алайық, аяғымен жер
бастырайық деген жан болса ше?
Бұрқ етіп тақырға өзі түсті. Өкіре құлады. Жамбас
сүйегі морт кеткен.
Содан бері бір қырындай басады. Содан бері қара-
уында істегендермен амандаспайды.
Дүкенге Санақбай бас сұғып оралды.
– Бұрынғыдай кезек жоқ. Дүние көздің жауын
алады, – деп бір қойды. – Әттең...
– Давай, осы тосты Антонина үшін алайық! – де-
ген ұсыныс корей шалдан түсті
– Алайық.
– Әйел нәсілінен бізге жалғыз серік осы.
Астрахань облысынан бұл отбасының көшіп кел-
геніне де ширек ғасыр асты. Күйеуі – ұзын сары
Петро пешші еді.
«Ол салған пешке тіпті тамызық керегі жоқ, көмір
өзі тұтанады», – десетін қатын-қалаш.
Рас шығар. Тек аздаған қулығы бар. Ал деп іске
кіріскенде, қолына тастан бұрын қылқитып бір
шөлмек ұстатасың. Әйтпесе мұржаң түтін сор-
майды. Сорса, шығармайды. Қақалып-шашалып
жатқаның.
Жатпай-тұрмай балық аулайтын. Қызылқанат пен
Раскинув по сторонам руки и ноги, он лежал
на этих руках, желая, чтобы этот момент славы
продлился бы дольше.
В этот миг неожиданно раздался визгливый жен-
ский голос: - Живо! Всех вызывает директор.
Все лавой ринулись в контору. Где тогда была
хоть одна душа, заметившая, что надо его, подки-
нутого снова вверх, подхватить и плавно опустить
на землю?
Тело грохнулось оземь, да ещё и на твёрдый грунт.
От боли раздался дикий крик. Его тазовая кость
получила закрытый перелом.
Ходит с тех пор, ковыляя одной ногой. С тех же
пор перестал общаться с теми, кто работал под
его началом.
Из магазина, не задержавшись, вернулся Санак-
бай.
- Нет прежней очереди. Глаза разбегаются от оби-
лия сортов и ассортимента, - заметил он вскользь.
– Обидно…
- Давайте, этот тост поднимем за Антонину, -
это предложение поступило от старика-корейца.
Выпьем!
- Из всех женских существ она единственная
наша отрада.
С тех пор, как она переехала сюда вместе с семьёй
из Астраханской области, минуло уже четверть
века. Мужем её был высокого роста рыжий печ-
ник Петро.
- Для печи, выложенной им, лучинка даже не нуж-
на, уголь разгорается сам по себе, - поговаривали
аульные жильцы.
Наверное, правда. Только была у него маленькая
уловка. Прежде чем подать кирпич для кладки,
следовало всучить ему в руки горлышко бутылки
водки. Иначе труба не давала тяги. А, если и дава-
ла, то дым не выпускала. Сами же хозяева зады-
хались от кашля.
Он был отменным рыбаком. Нанизывая на верёв-
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
184
185
табанның желбезегінен тізіп, майын тамызатын
да қоятын.
Сол судың құрты ақыры ажалына жолықты ғой.
Шәуіш қатқан шақта қайығы аударылып, Шора
өзені жұтып тынды.
Басына шырақ жағып, жылап отырған Антони-
наға: «Петро умер. Эта – плёху. Пуст земля ему
будет пухуем. Но не гори, дарагая… А это – ат нас
тебе падарак», – деп көрші-қолаңның атынан аз
орысшасымен көңіл айтып, Ерлепес конвертпен
ақша ұсынған.
Сонда өзге түгіл Антонинаның өзі біреу қытықтап
жатқандай сықылығын баса алмай қойған.
… Өзі алдымен дүкен ұстады. Артынан қара-
уылға өтті. Қолында тот басқан сүйір мылтық.
1937 жылы Пензада құйылған.
«1986 жылы желтоқсан айында таңдайына оқ сал-
дым» дейтін. Содан бері атылмапты...
– Қанішкенге жүретін автобусқа кемпірің өрме-
леп мініп жатқан.
Бір қырындай басып Ерлепестің де көрмейтіні
жердің астында.
– Балгерге кетті. Сегізкөзімді сипатамын деп.
– Біздің жасымызда домбыра мен әйелді күйге
келтіру оңай іс емес.
– Ой, бұ заманда заңгер мен балгерге сенім
қашқан. Екеуі де алдымен тамырыңды басып
көреді. Бас шайқайды. Иманыңды ұшырады, –
деп корей шалдың тілі шықты.
Бір уыс бетін көміп кеткен ұсақ-ұсақ әжімдер құрт
құсап жыбырлап қашып байыз таппайды.
– Айтпақшы, өткен жұмада ауданға барғам. Опы-
рып жейтін Орбайды көрдім.
Ауыздарына аңдаусызда ащы түсіп кеткендей жа-
нындағы үшеуі бірдей тыжырынды.
ку воблу и лещей за жабры, вялил их до капания
с них жира.
В конце концов, властелин воды и забрал его к
себе. В самом начале ледостава лодка его пере-
вернулась, а он сам ушёл на дно реки Шора.
Плачущую от горя Антонину посетил Ерлепес:
- Петро умер. Эта – плёху. Пуст земля ему будет
пухуем. Но не гори, дарагая… А это – ат нас тебе
падарак, - утешал он её на коряво-ломанном рус-
ском языке, всучив конверт с деньгами, собран-
ными сельчанами и соседями.
В этот момент не только другие, но и сама Анто-
нина, как будто кто-то её щекотал, не смогла сдер-
жать смех.
… Сначала она была продавщицей. Затем стала
охранником. Носила покрытое ржавчиной одно-
ствольное ружьё. Отлитое в 1937 году в Пензе…
Говорила, что последний раз заряжала его в 1986
году во время декабрьских событий. С тех пор
оно уже не выстреливало…
- Видел, как твоя старуха вскарабкивалась на ав-
тобус, идущий в Ганюшкино. То, что не замечает
ковыляющий на одну ногу Ерлепес, наверное, за-
рыто под землёй.
- Поехала лечиться. К целителю.
В нашем возрасте настроить добмру и женщину –
дело непростое.
- Эй, сейчас нет доверия ни к врачу, ни к юристу–
толмачу. Оба они сначала прощупывают пульс
твоего денежного состояния. Качают головами.
Нагоняют страхи, - прорезался голос старика-ко-
рейца.
Мелкие морщины, покрывающие его узкое лицо,
не могли найти успокоения, шевелясь и располза-
ясь, словно черви.
– К слову, на прошлой неделе ездил в райцентр.
Встретил лежебоку Орбая.
Все трое его сотрапезников, словно глотнув нечто
горькое, брезгливо поморщились.
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
186
187
– Үстінде өзім тіккен ақ кенеп бешпент. Ақ кепкі.
Иығынан бастап етегіне дейін жарқ-жұрқ етеді.
Қаптаған орден-медаль. Ал керек болса!
– Оңбаған ит! – деді алдымен Санақбай.
– Ұятсыз доңыз! – деді Ерлепес іле-шала.
– Осыдан көзіме көрінсін. Бір-ақ атайын! – деді
Антонина тот басқан мылтығын әрлі-берлі қозғап.
Опырып жейтін Орбай – бұрынғы пермі бастық.
Жекешелендірудің алақызба тұсында асап қалған-
ның бірі. Аузынан ақ май ақтарылып жүріп, ақы-
ры аудан орталығына көшкен.
– Осы ауылға жалғыз құрым киізбен келіп еді,
пепілдетіп керуен түзеп көшкенін қарашы, – деп
әйелдер жағы қыт-қыттаған.
Оны да қойшы, әлгі саудыраған орден-медальді
айтсаңшы!
Ел егемендікке жеткен елең-алаң тұста қысқа жіп
байлауға келсе де күрмеуге келмей... «Ой, пірім»
деген шақта: «Несін айтасың, әлгі Орбайдың кен-
же ұлы бизнесмен екен.
- Екі қап ұн беріп, Ленин орденін сатып алыпты.
- Елу кило қантқа Еңбек Қызыл Ту,
- Палас төсенішке «Құрмет Белгісін» сұрапты.
- Медаль берсең он қадақ кір сабын ұстатады», –
десіп ел-жұрт елеурескен.
Сауда қызды. Сақал сипағанша небір озаттың
өңірін әшекейлеп тұрған атақ-абырой сылдыр
қағып со баланың қоржынына түсті.
– Әлгі сиыршы Сайлаудың борпаяқ әйелін білесің
ғой?..
– Ал...
- На нём белая кепка и сшитый мною холщёвый
пиджак. Блестит от плеч до пупка. Сплошь ордена
и медали. Вот диво!
- Подлая собака! - не сдержался Санакбай.
- Бессовестный кабан! – добавил Ерлепес.
- Пусть только попадётся на глаза. Уложу одним
выстрелом, - присоединилась к ним Антонина.
Лежебока Орбай - бывший завфермой. Один из
тех, кто в лихие годины приватизации, отхватил
и проглотил огромный куш. Того добра хватило,
чтобы ему переехать в райцентр.
- В своё время переселился сюда, имея всего лишь
один палас, а теперь же под звуки клаксонов пе-
рекочевал с целым караваном, - судачили аульные
женщины.
Это, оказывается, ещё цветочки, а что сказать про
ордена и медали, что висят на его груди, слово
грозди ягод!?
… Ещё на заре независимости, когда короткой
нити хватало лишь для обвязывания, но не хвата-
ло для плетения… В то время, что там говорить,
младший сын Орбая стал бизнесменом.
- Два мешка муки обменял на орден Ленина.
- За пятьдесят килограмм сахара он стал владель-
цем ордена Трудового Красного Знамени.
- А за палас, оказывается, просил даже орден
«Знак почёта».
- За медаль же он всучит тебе десять кусков хо-
зяйственного мыла, - возбуждённо тараторили
сельчане.
Торг шёл полным ходом. Не успели погладить бо-
роды, - масса наград передовиков производства со
звоном перекочевали в сокровищницу этого юнца.
- Знаешь же, жену-неряху скотника Сайлау, ро-
дившую десяток детей.
- Ну…
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
188
189
– Соның да бала көп тапқаныңның байғазысы
деп үкімет берген «Алтын қатын» деген медалін
жымқырып кеткен.
– Тұзақ үзген алаяқ!
– Оны айтасың, Орбай сол орден-медальді
жарқылдатып тағып Астанаға барыпты. Үй сұрап-
ты.
Ондағылар «Ореке, сіздей қадірлі қарияға пәтер
бергеніміз жараспас. Қонақтаған тауық құсап
бірінің үстіне бірі мінгескен үйде қалай тұрасыз?
Үш қабатты коттедж соғып сыйлайық» деп дереу
іске кірісіпті.
Корей шал иегі қалтылдап, әдетінше жанындағы-
ларға бір мойындап сығалай қарайды.
– Оңбаған ит! – деді алдымен Санақбай.
– Ұятсыз доңыз! – деді Ерлепес сазарып.
– Осыдан көзіме көрінсін! Бір-ақ атайын! – деді
Антонина тот басқан мылтығын әрлі-берлі қозғап.
– Онсыз да қасқыр соғатын жағымда отыр екен-
сің. Күйдірме бізді. Тоқтат! – деп Ерлепес ежірей-
іп барып ес жиды. – Қой алдымызға одан да бір
шөлмекті!
Бір уыс бетін көміп кеткен ұсақ-ұсақ әжімдер құрт
құсап жыбырлап қашып, өз қалтасын өзі тінткен.
Ышқырын қопарып жатып төрт бүктелген екі жүз
теңгені әрең тапты.
Үшінші шөлмектің басы бұзылған соң арқа-жарқа
күйге енді. Дүние жайланып, жадырады...
– Соңғы кезде кемпірім түсіме жиі енеді.
Бойын арақ билеген корей шал тыңнан сөз баста-
ды.
– Жұмаққа кіреді. Саспа!..
– Рас па?..
- Если бы ей дали медаль «Золотая баба», то и её
он бы прибрал к своим рукам.
- Обошедший сети проходимец!
- И не говори, нацепив эти блестящие ордена и
медали, Орбай, оказывается, поехал в Астану.
Просил квартиру.
А тамошние чиновники даже уговаривали: «Оре-
ке, такому уважаемому человеку, как вы, не к лицу
какая-то квартира. Как же вы, как курица на насе-
сте, будете жить в многоэтажном доме? Лучше
построим для вас прекрасный коттедж», - решили
они, срочно приступив к строительству.
Старик-кореец, с дрожащим подбородком, посмо-
трел на всех, как обычно, искоса.
- Подлая собака! - не сдержался Санакбай.
- Бессовестный кабан! – добавил Ерлепес.
- Пусть только попадётся на глаза. Уложу одним
выстрелом, - не отставала от них Антонина, пере-
бирая в руках своё ржавое ружьё.
- Молчать! – вскрикнул неожиданно Ерлепес. - Не
подливай масла в огонь. Не забудь, что ты сидишь
под той рукой, которой я одним ударом убиваю
волка! – возбуждался он, с трудом приходя в себя.
– Лучше поставь сюда бутылку.
Хозяин мелких морщин, которые шевелились и
расползались по его узкому лицу, словно черви,
стал копаться в своих карманах. С трудом выта-
щил откуда-то из-под ремня сложенную вчетверо
купюру в двести тенге.
Как только была откупорена третья бутылка, на-
строение присутствующих поднялось на новый
виток. Мир вокруг заиграл другими красками.
- В последнее время часто снится моя старуха, –
издалека начал разговор старик-кореец, опьянён-
ный водочными парами.
- Не беспокойся, попадёт в рай!
- Правда, да?
Рахимжан Отарбаев •
АНГЕЛЫ НЕ СПЯТ
ПОСИДЕЛКИ
Рахымжан Отарбаев •
ПЕРІШТЕЛЕР ҰЙЫҚТАМАЙДЫ
ҚАЙДАҒЫ-ЖАЙДАҒЫ
190
191
Тігінші шалдың мұнда қалай тап болып, тұрақтап
қалғанын ешкім тап басып айта алмайды. Сөзі
шоттың тасындай санаулы.
«Камчаткада туып-өстім. Түбім Кореядан», – дей-
тін.
Дөңгеленіп піскен майлы тоқаштай домаланған
кемпірі бар-ды. Ауылда бақша ұстаған жалғыз өзі.
Қауын-қарбызды көгендегі қозы-лақтай ғып тізіп,
тоқал тамның көлеңкесінде тиын сауып отыратын
жарықтық!
Осы Антонина баяғыда көйлек тіктіргелі сол
тоқал тамға беттепті.
Етженді, шикіл сары келіншектің бұлғақтап
тұрған кезі. Бояуы жұқа, аспан түстес көгілдір
көзі күлім қағып, найқала баспай ма? Ішіне құпия
бүгіп, наздана қарамай ма?
Сонда осы антұрған көйлектің өлшемін аламын
деп бесті биенің сауырындай былқылдап тұрған
бөксесін сипалай беріпті. Сипалап жатып:
– Осы келіншекті-ай, тым болмаса түсімізде оңа-
ша көрсек, бұ дүниядан армансыз өлер едік, –
депті.
Домаланған Дусясы түскір қайдан шыдасын, шар
ете қалыпты. Шатақ бастапты.
Матаны жұлып алып терезеден атыпты. Байын
жұлып алып есіктен атыпты. Әйтеуір, өле-өлген-
ше осы әйелмен алакөз боп өтті.
Сол қызғанышты қызылды-жасылды дүние бұл
күнде бұлардың көзінде ғана қалды. Өзі жоқ. Бұл-
дыр-бұлдыр бір елес. Не біржола қашып кетпей-
ді, не қусаң жеткізбейді. Зырылдаған қара мәшен-
кесін құшақтап корей шал, тот басқан мылтығына
сүйеніп Антонина қалды. Не дерсің бұған?..
– Корея дамып кеткен. Керемет! – деді ақыры жа-
нарында беймәлім жылтыл оянып. – Телевизор-
дан көрдім. Көшетін шығармын.
– Россияның жағдайы жақсы, – деді Антони-
Никто не мог ответить на вопрос, откуда и когда в
этих краях появился, поселился этот старик-порт-
ной. Количество слов им применяемых сосчита-
ны, как костяшки на счётах.
Говорил, что родился и рос на Камчатке, а корни
остались в Корее.
Была у него старуха, круглая и спелая, как баранка
в масле. В ауле только она одна содержала огород.
Когда поспевали дыни и арбузы, сбив их в кучу,
словно ягнят и козлят, пусть земля ей будет пу-
хом, сидела в тени своего домика на отшибе и до-
ила деньги.
… Давно это было, вот эта самая Антонина, ре-
шив сшить себе платье, вошла в этот домик на от-
шибе.
Пухлая, цвета соломы женщина была в то время
кокетлива. Разве она не стала бы строить глазки,
покачивая бёдрами при плавном шаге?
Тогда этот неверный, под видом того, что снима-
ет мерку, стал без конца гладить её бёдра, мягкие
и гладкие, как круп кобылицы. Поглаживая, он к
тому же приговаривал:
- Ах, какая женщина, хоть во сне бы встретиться
с ней наедине, другой мечты в этой жизни и не
надо!
Как такое могла выдержать его круглая, как ба-
ранка в масле, Дуся, - не выдержала, взорвалась.
Возник скандал.
Вырвав отрез, выкинула его в окно. Схватив мужа
за воротник, выбросила из двери и его.
… Ревностно и жаль, но от этого мира, канувшего
в небытие, остались одни только горькие воспо-
минания. Самого его уже нет. Только сплошные
смутные видения. Не исчезают бесследно, не дают
оживить себя вновь. Он остался со своей швейной
машинкой, как и Антонина - с ржавым ружьём,
опираясь теперь на него, как на посох. Что можно
сказать про этот бренно-мнимый мир?!
- Корея бурно развивается. Это здорово! – про-
светлев на мгновенье, сказал он. – Видел по теле-
визору. Наверное, перееду.
- Положение у России тоже хорошее, - встряла в
Достарыңызбен бөлісу: |