АРНАЙЫ КИІМНІҢ МАТАЛАРЫН АПРИОРЛЫ РАНЖИРЛЕУ ӘДІСІМЕН ТАҢДАУ
Ақанова А., студент, Рысқұлова Б.Р. т.ғ.д., профессор
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: a.i.y.m93@mail.ru
Сүт өндірісі жұмысшыларынан арнайы киімдері жайлы жеткілікті ақпарат беретін белгілерді,
оның ішінде материал түрін, түр-түсін және климаттық жағдайларға байланысты өзгерісін анықтауда
анкета жүргізу әдісі пайдаланылды [1].
Сүт кәсіпорнының жұмысшыларынан алынған статистикалық мәліметтерді өңдеу барысында
әр түрлі салаларға бағытталған өзара байланысқан көптеген әсер етуші факторлар, бұл мәліметтерді
статистикалық өңдеуге біршама қиындықтар туғызады. Кейбір жағдайларда берілген мәліметтердің
жетіспеушілігі сезіліп, соның нәтижесінде әлдебір себептерге байланысты сандық формада көрсетілуі
мүмкін болмайды. Бұл сұрақтың шешімі ретінде анкета жүргізіп, мамандардың білімі мен пайдаланатын
тәжірибелері қолданылды. Өз мамандығын жетік меңгерген, саланың шебер мамандарымен әр түрлі
ұйымдастыру әдістерімен кең түрде жүргізілген сауалнама көмегімен өте көп ақпарат беретін белгілер
алуға болады. Көптеген тәжірибеде келесі әдіс қолданылады, яғни зерттеуші қажетті белгілердің
тізбегін алдын-ала жасаса, ал маман сол белгілерді модельдік көрсеткішке әсер етуі бойынша бөліп
талдайды [2].
Мамандардың анкета жүргізуі екі кезеңнен тұрды: анкета толтыру әр жұмысшымен жеке жүргізілді
және зерттеу жұмысының мақсаты сәйкесінше жеке түсіндірілді. Сауалнама сүт кәсіпорнының білікті,
тәжірибесі мол мамандары мен жұмысшыларынан алынды.
Анкета жүргізудің бірінші кезеңі аяқталған кезде, мамандардың алдында сүт өндірісі
жұмысшыларына арналған арнайы және қосымша киім үлгілеріні белгілері нақтыланған сауалнамалар
болды. Анкетада, әр жұмысшыға берілген, арнайы киімнің қандай материалдан тігілетіні және оның
түр-түсі, сонымен қатар әр маусымға арналған белгілер жиынтығы да көрсетілді.
Жауаптардағы жалпы орташа келісу деңгейі белгілердің жалпы жиынтығы бойынша киімнің
маусымдылығын есепке алғанда үйлестіру коэффициентінің көмегімен бағаланды.
Үйлестіру коэффициенті берілген белгі бойынша саралау туралы сарапшылардың көзқарасының
келісу деңгейін бағалайды. Ол 0-ден 1-ге дейін өзгереді. Егер W=0 болса, саралау арасында байланыстың
жоқ екендігін көрсетеді, егер W=1 болса, белгілерді саралау туралы сарапшылардың көзқарасының
толық сәйкес келетіндігі байқалады [3]. Егер маман қандай да бір белгілері бойынша бірдей реттік нөмір
98
99
қойса, онда белгілердің рангтарына байланысты орындарын қайта қарау керек. Рангқа байланысты
конкордация коэффициенті төмендегі формула бойынша есептеледі:
, (1)
, (2)
Байланыстағы рангтар үшін Кендельдің х
2
есептеу үшін төмендегі формала қолнанылады:
. (3)
Маркетингтік әдіс негізінде сүт өндірісі жұмысшыларының арнайы киімін таңдау барысында
көрсеткіштер талданып қарастырылды. Арнайы киімінің түрі, матасы, үлгісі, түсі белгіленді, ол
1-диаграммада көрсетілген. Саралау нәтижесінде рангтардың ең аз жиынтығы бойынша жұмысшылар
үшін қажетті арнайы киімдер: халат,жейде мен шалбар екендігі анықталды.
Диаграмма 1. Арнайы киімнің түрі, матасы, үлгісі және түсі бойынша диаграмма
Сүт өндірісі жұмысшыларына анкета сұрақтары арқылы үйлесімді дизайн, конструкциясын,
пішімін, түсін, арнайы киімнің материалдарын, композиция тұтастығымен, фактурасын таңдауда,
маркетингтік әдісі арқылы зерттеу жүргізілді. Жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және
қорғау қасиеттері жоғары материалдарды қолдану талданды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Г.Н. Крусь, А.М. Шалыгина, З.В. Волокитина. Методы исследования молока и молочных
продуктов: учебник для вузов /; Под ред. А.М. Шалыгиной. - М. : Колос, 2002. - 368 с.
2. Рыскулова Б.Р. Методы научных исследований:Монография, - Алматы: НЦНИИРК, 2011г,
111с.
3. Тихомиров В. Б. Планирование и анализ эксперимента (при проведении исследований в лёгкой
и текстильной промышленности). — Москва: «Лёгкая индустрия», 1974. — 262 с.
100
101
ӘОЖ 687.1
КИІМДІ ӘШЕКЕЛЕУДЕ СУ БЕТІНДЕ СУРЕТТЕР САЛУ ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ
МҮМКІНДІГІН БОЛЖАУ
Ермекбай Д.Ж., студент, Усенбеков Ж. т.ғ.д., проф.м.а.
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: Zh.usenbekov@mail.ru
Киімді әрлеп әшекейлеу құрылмалық және құрылмалық-декоративтік сызықтармен қатар киім
түрінің композициялық элементтеріне жатады, бірақ композицияның жеке элементі болып табылмайды
[1]. Тігін бұйымдары үшін «әшекейлеп әрлеу» түсінігі әр түрлі мағынаны білдіреді. Ең алдымен бұл
аппликация, кесте, жиектеме, бүрме, т.б. түріндегі әшекейлер. Қазіргі уақытта сән көп жағдайларда
фурнитураға, өңдеу материалдарына, қосымшалар мен әшекейлерге байланысты өзгеріп отырады.
Киімді көркем әрлендіріп әшекейлеудің қызықты бағыттарының бірі матамен жұмыс болып
табылады, немесе киім дайындалатын матаны ажарландыру. Киімді көркем әрлендіруде авторлық
қолтаңбаның, шебер қолдарының жанды қозғалысы ерекше бағаланады. Матаға сурет салу бұған үлкен
мүмкіндік береді. Ол суретшінің сезімі мен түйсігін бейнелеу үшін ашық, декоративтік ізденістер,
бейнелеу және графикалық мәнердің әртүрлілігімен оңай үндеседі.
Зерттеудің мақсаты – тұтынушының көркем суреттермен әрлендіріліп әшекейленген киімдерге
байланысты көзқарасын, ықыласын, қажеттілігін анықтау және болжау. Бұл үшін маркетингтік
зерттеулер жүргізу қажет. Зерттеулер келесі мәселелерді қамту керек:
- жалпы тұжырымдама дайындау;
- маркетинг жүйесіндегі тауар;
- тауарды жайғастыру;
- сауалнама дайындау, алынған нәтижені талдау және түсіндіру.
Зерттеу тұжырымдамасын дайындау болжамын анықтау: зерттеу жобасы, мәліметтерді жинау
әдісі және іріктеу көлемінен тұрады. Бұл жерде теориялық болжамды, немесе зерттеу нәтижесін
растауды қажет ететін жорамалды тұжырымдау негізгі мәселе болып отыр. Болжамда белгілі бір
жағдайдың, мәселенің алдын ала түсіндірмесі болады. Қойылған мақсатқа жету үшін тұтынушылар
арасында дәстүрліемес әдіспен безендірілген киімдерінің үлгісіне деген көзқарасы мен сұранысын
анықтау сауалнама әдісі бойынша пікір жинау қажет.
Костюм, тұрмыстағы басқа да зат сияқты, пайдалылық (утилитарлық) және эстетикалық
қызметтерді атқарады. Пайдалылық қызметі оның болмысына сәйкес келеді. Костюмнің пайдалылық
мазмұны оның түрін анықтайды. Ал, эстетикалық қызметі оның пайлалылық қызметімен үйлеседі.
Суда салынған суретпен әрлендіріп көркем ажарландыруды қолдану костюмнің пайдалылығын ғана
емес, эстетикалық қызметін арттыруға мүмкіндік береді.
Заманауи заттарды суда салынған суретпен көркемдеп әшекейлеу мүмкіндіктерін салыстыра
отырып, жеке-дара өндірістік бұйымдарды таңдау қажет. Бұйымдардың көркемдік құндылығы
эстетикалық, пайдалылық, техникалық сапаларының арақатынасының үйлесімділігімен белгіленеді
[2]. Заманауи үлгілерді жобалауда костюмге сурет салуды қолдану ерекше шығармашылықтың
көрінуіне мүмкіндік береді, бұл қоғамның киімнің пайдалылығына ғана емес, эстетикалық сапасына,
әртүрлілігіне, әдемілігіне қоятын талаптарын қанағаттандыра алады.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу барысында мәліметтерді жинау әдісін екі топқа жіктеуге
болады: сандық және сапалық [3]. Біздің жағдайда респонденттер жауап беруі тиіс құрылымдалған
сұрақтарды пайдалану негізінде әртүрлі пікірлерді жинау арқылы жүргізілетін сандық зерттеулер
қолданылды. Мұндай зерттеулердің өзіндік ерекшеліктері, жиналатын мәліметтердің және оларды
жинау дереккөздерінің нақты бір форматы, жиналған мәліметтерді белгілі бір тәртіппен өңдеу болып
табылады. Бұл жағдайда зерттеу жүргізу сауалнамалар арқылы жүзеге асырылады.
Пікір сұрау үшін іріктеу жоспарын жасалды. Іріктеу – барлық тұтынушылардың басты
жиынтығының (тұтынушылардың немесе зерттеу объектілері болып табылатын субъектілердің
жиынтығы) мүддесі мен талғамын көрсететін тұтынушылардың бөлігі болады.
Іріктеу өзінің міндетіне сәйкес болу үшін үш мәселені анықтап алу қажет:
- кімнен пікір сұралады;
- қанша адамнан сұралады;
- пікір сұрау қай жерде жүргізеді.
100
101
Орташа ауқатты адамдар баратын қаланың базарларындағы тұтынушылар арасында 25 адамнан
пікір сұралды. Пікір сұрауды жүргізу үшін, киімді көркем әшекейлеу әдісіне, соның ішінде суда сурет
салу әдісімен көркем әшекейлеу элементтерін қолдануға байланысты сұраныстары мен көзқарастарын
анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтардан құралған сауалнама дайындалды.
Сауалнаманың нәтижелерінің талдауы мен түсіндірілуі:
•
жауап берушілердің 32% жұмысшы және 24% қызметкерлер болды;
•
жауап берушілердің көбі - 32% классикалық стильдегі киімдерді, 20% - ұлттық стильдегі
киімдерді ұнатады. Бірақ сұралғандардың 24% белгілі бір стильді ұстанбайды, сондықтан соңғы топқа
кіретін адамдарды фольклорлық стильде дайындалатын коллекцияның әлеуетті сатып алушылары
болады деп болжам жасауға болады;
•
сұралғандардың көпшілігі - 76% суда сурет салу әдісімен орындалған суретпен безендірілген
киімді ыңғайлы және сәнді деп есептейді;
•
сұралғандардың көпшілігі – 52% үшін киім таңдау кезінде пайдалылық және эстетикалық
қызметтері маңызды;
•
сұралғандардың көпшілігіне суретпен, мережкамен, шілтермен безендірілген бұйымдар
ұнайды;
•
сұралғандардың 44% аксессуарлардың әртүрлілігін жақсы көреді;
•
сұралғандардың 52% гардеробындағы бұйымдарды матасы, түсі, стилі, пішіні бойынша батыл
қиыстырады;
•
сұралғандар түстердің гаммасы әртүрлі болғандығын, бірақ міндетті түрде қызыл түстің болуын ұнатады;
•
сұралғандардың 40% коллекция үшін қолданбалы өнер суреттеріне ұқсас маталарды ұнатады;
•
жауап бергендердің көпшілігі айына бір рет және үш айда бір рет, немесе киімді жаңа маусымға
қарай сатып алады;
•
жауап бергендердің көпшілігі өздерін ешқандай да тауар белгісін ерекше таңдамай, қолжетімді
маркадан сатып алатын немесе қолданыстағы ассортименттен өзгеше зат сатып алуды жақсы көретін
тұтынушылар деп есептейді.
Осылайша пікір сұраудың қорытындысы бойынша суда сурет салу әдісі бойынша салынған суреті
бар киімдер заманауи, эмоционалды айқын, эстетикалық және пайдалылық қасиеттері пропорционалды
үйлескен бұйымдарды ұнататын, басқалардан ерекшеленуге тырысатын 20-30 жастағы респондентер
арасында сұранысқа ие.
Жауап бергендердің көпшілігі суда сурет салу әдісі бойынша ажарланған киімді сәнді, көркем
деп таниды және суретпен көркемделіп безендірілген киімдердің қажет екендігі, олар бояуының
қанықтығымен, эмоционалды айқындылығымен ерекшеленіп, тұтынушыларды қуанышқа бөлеп,
сәндендіретіні анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Моделирование и художественное оформление женской и детской одежды / М.: Легпромбытиздат,
1990. 216 с.
2. Ауанов М.Б., Усенбеков Ж Киімдерді әрлендіретін әшекейлерді жасаудың кейбір жолдары.//
Материалы Республиканской научно-практической конференции «Современные проблемы развития
текстильной и легкой промышленности» Семей. 2015 г. с. 4-7.
3. http://alteredu.ru/new/blog/archives/117.
УДК 677.027.27
СОВМЕЩЕННЫЙ СПОСОБ КРАШЕНИЯ ХЛОПЧАТОБУМАЖНЫХ ТКАНЕЙ
АКТИВНЫМИ КРАСИТЕЛЯМИ С ПРИМЕНЕНИЕМ АКРИЛАМИДА
Климантович В.В., студент, Шириязданова К., студент, Логинова Л.В., магистр техн.
Алматинский технологический университет, г.Алматы, Республика Казахстан,
E-mail: viktoriya-k_95@mail.ru
Для получения на хлопчатобумажных тканях несмываемых аппретов, обладающих повышенной
устойчивостью к стиркам, можно наносить аппрет путем прививки к волокну реакционноспособных
102
103
низкомолекулярных соединений [1]. В этом отношении перспективным продуктом является акриламид
(А/А) - обеспечиваещий высокую устойчивость к внешним воздействиям, в частности к истиранию,
действию атмосферных условий, трению и мокрым обработкам. В щелочной среде акриламид
взаимодействует с целлюлозой по схеме [1]:
Целл─ОН + СН
2
═СНСОNН
2
→ Целл─ОСН
2
СОNН
2
С ростом щелочности среды степень замещения целлюлозы возрастает. Образующиеся продукты
взаимодействия А/А с целлюлозой устойчивы к щелочному гидролизу в условиях бытовых стирок
- после 10 стирок количество аппрета на ткани практически не снижается. В результате обработки
акриламидом устойчивость к истиранию возрастает на 60-100 % [1, 2].
Так как фиксация активных красителей осуществляется в щелочной среде в интервале pH ≈
9,5-11,5, что достигается введением в красильный раствор щелочного агента [1], то применение
акриламида (А/А) может обеспечить получение полифункциональной отделки за счет совмещения
процессов крашения активными красителями и заключительной отделки, а так же позволит сократить
время технологического процесса.
Результатом поставленной задачи стало изучение применения акриламида по совмещенному
способу отделки хлопчатобумажных тканей. Так как в водных растворах акриламид имеет водородный
показатель pH ≈ 7,5-8,5 в зависимости от концентрации, то применение его в процессе крашения может
снизить концентрацию щелочного агента на стадии фиксации активного красителя.
Объектом исследования является отбеленная хлопчатобумажная ткань бязевой группы, артикул
1030, производство ТОО «AlmatyCottonPlant», РК.
Образцы ткани окрашивались по неизотермическому режиму следующими двумя способами
(концентрация красителя составляла 3 % от массы волокна, технологическое время крашения
составляло 20 минут при 80°С):
I.
крашение по типовому режиму при 80°С без акриламида с кальцинированной содой в
качестве щелочного агента;
II. крашение при 80°С с применением акриламида и с кальцинированной содой в качестве
щелочного агента.
При крашении акриламид использовали в пяти концентрациях: 10 г/л, 20 г/л, 30 г/л, 50 г/л и
одновременно варьировали концентрацию щелочного агента от 0 до 20 г/л.
Равномерность окрашивания оценивали по расчетным значениям коэффициентов для каждого
образца. Интенсивность окраски образцов оценивали по значениям функции Гуревича – Кубелки –
Мунка (K/S), определенных на основании коэффициента отражения (R, %), измеренных на приборе
«Лейкометр» [3]. Полученные результаты представлены на диаграмме 1.
Диаграмма 1. Показатели интенсивности окраски в зависимости от рецептуры крашения
0
0,2
0,4
0,6
0,8
1
k/s
1
2
3
4
5
6
7
8
9
k/s
1
Na
2
CO
3
- 15,5 г/л
5
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 30 г/л
2
Na
2
CO
3
- 20 г/л
6
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 50 г/л
3
Na
2
CO
3
-15,5г/л, А/А - 10 г/л
7
Na
2
CO
3
- 5 г/л, А/А - 50 г/л
4
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 20 г/л
8
Na
2
CO
3
– 8,5 г/л, А/А - 30 г/л
9 Na
2
CO
3
- 12 г/л, А/А - 20 г/л
102
103
По данным исследования показано, что интенсивность крашения образцов при использовании
акриламида (А/А) и сниженном количестве щелочного агента (рецептура № 3, 4, 8, 9) соответствует
показателям, полученным при крашении активными красителями стандартным методом - концентрация
Na
2
CO
3
≈ 15,5 - 20 г/л (рецептура № 1-2). Однако увеличение концентрации А/А до 50 г/л несколько
снижает интенсивность окраски и при сниженном (5 г/л) и нормальном (15,5 г/л) содержании щелочного
агента (рецептура 5, 6, 7).
Были получены показатели прочности окрашенных образцов при одноосном растяжении
материалов до разрыва на разрывной машине РТ-250М-2 по стандартной методике (ГОСТ 3813—72).
Полученные результаты представлены на диаграмме 2.
Из анализа данных исследования следует, что применение акриламида в концентрациях при
варьировании щелочного агента (рецептуры 2, 3, 4, 5, 7, 8) увеличивает прочность ткани по сравнению
с образцами, окрашенными по стандартной методике (рецептура 1). При использовании А/А с малым
содержанием щелочного агента (рецептура 6) увеличения прочности не наблюдается, т.к. в данном
случае очевидно из-за недостаточной щелочности среды снижена степень замещения целлюлозы
Диаграмма 2. Показатели абсолютной разрывной нагрузки в зависимости от рецептуры крашения
0
10
20
30
40
50
Раз
ры
вн
ая
н
аг
руз
ка
pa,
к
гс
1
2
3
4
5
6
7
8
pa, основа
pa, уток
1
Na
2
CO
3
- 15,5 г/л
5
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 50 г/л
2
Na
2
CO
3
-15,5г/л, А/А - 10 г/л
6
Na
2
CO
3
- 5 г/л, А/А - 50 г/л
3
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 20 г/л
7
Na
2
CO
3
– 8,5 г/л, А/А - 30 г/л
4
Na
2
CO
3
– 15,5 г/л, А/А - 30 г/л
8
Na
2
CO
3
- 12 г/л, А/А - 20 г/л
По полученным данным проведенного исследования можно сделать следующие выводы:
- наличие в красильном растворе акриламида (А/А) при сниженном использовании щелочного
агента (кальцинированной соды Na
2
CO
3
) обеспечивает необходимые условия для фиксации активного
красителя (pH ≈ 9,5-11,5);
- применение акриламида позволяет совместить процессы крашения активными красителями и
заключительной отделки, что сокращает время технологического процесса.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Кричевский Г. Е. Химическая технология текстильных материалов: Учеб. Для вузов в 3-х т.
Т 2,3. М., 2001
2. «Перспективы развития технологии отделки текстильных материалов», В.В. Сафонов, д.т.н.,
проф., МГТУ им. А.Н. Косыгина – 7-8 июль – август, 2005, «Научный альманах», «Текстильная
промышленность».
3. Базовый лабораторный практикум по химической технологии волокнистых материалов/Под
ред. Булушевой Н.Е.-М.,2000
104
105
ӘОЖ 687.11
ЕРЛЕР КЛАССИКАЛЫҚ КОСТЮМДЕРІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Курбанбаев Н.Т., студент, Талғатбекова А.Ж., т.ғ.к доцент м.а
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: tinko.t@mail.ru
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде
тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері
– форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі.
Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм, шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм,
ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше,
блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер
үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне
байланысты біршама кеңеюде.[1]
Классикалық костюм әдетте бірдей матадан тігілетін екі немесе үш бұйымнан тұратын (пиджак,
шалбар және жакет) ерлер киімі. Классикалық костюм құрамына пиджак, шалбар және жакет кіреді.
Оны жейде, галстук немесе галстук бабочка, классикалық аяқ киім (туфли) толықтырады. Классикалық
костюмдердің әр түрлілігі оның түсінің өзгеруіне (қара түсті, қою көк түсті, сұр түсті, ақ түсті ж.т.б )
қарай ауысып отырады. Ал иық бұйымы түріне қарай пиджак, сюртүк, фрак, смокинг, визитка ж.т.б
болуы мүмкін. Тағыда айта кететін жәйт классикалық костюмдер аксесуарлар тағылуына байланысты
аксесуарлы болуы және лацканның формасының өзгеруі мүмкін. Классикалық костюмдер пішу
технологиясы бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. Солардан ең танымалдарын айтып өтейік. Пішу
технологиясы бойынша пиджак немесе сюртук, смокинг болуы мүмкін, бір немесе екі өңірлі болуы
мүмкін. Бір өңірлі костюмдар көп тараған өйткені оның алдынғы бойдың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігін
аз жауып тұрады, түймелік оң бөлікте болады. Екі өңірлі костюмдар консервативтік стилдің белгісі
іспетті болып қалды. Екі өңірлі костюмдарда алдынғы бойдың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігін көп жауып
тұрады және екі қатар симметриялы түймелер болады. Көбінесе сыртқы түймелер тек декоративті
болып келеді, бірақ кей жағдайларда ілінетін түрлері де кездеседі. Екі өңірлі костюмдар қашанда
элегантты көрінеді және оны тек галстукпен киілген жағдайда. Сонымен қатар костюмдердің пішілуі
бойынша мынадай негізгі топқа бөлуге болады.
Ағылшыңдық – бұндай пиджактар төрт немесе алты түймемен және иығына аздап көтерілген,
бел бөлігінде тарылған, қалтасы жармалы қақпақшалы, екі жармалы болады. Костюм қатаң түрде
ерлерге және қалыпты дене бітімдегі адамдарға арналған болады. Тағыда «гленчек» деп те аталған.
Еуропалық – ұзын пиджак ұлғайтылған иықпен, кең лацкан және жармасыз, сонымен қатар кең
тұратын шалбармен. Мұндай костюмдар толық ерлерге жарасымды тұрады және ұзын бойлы қысқа
иықты ерлергеде сай келеді. Жақын тарихта бұл костюмдардың жіңішке шалбармен үлкен жырықшалы
(лацканмен үстінгі жара арасындағы ашық жері) модификациялары пайда болды.
Американдық – немесе американ сак – қысқа пиджак аздап квадратты, кішкене толықтау
болып тұрады. Иықтағы жастықша болмайды, қақпақшалы және жармалы қалтасы болады. Біршама
шеңберленген лацкан, белде тартылып тұрады, екі немесе үш түйме болады [2].
Сурет – 1. Классикалық костюмдер силуэтінің пластикалық немесе геометриялық бағытқа ауытқуының
графигі.
104
105
Пластикалық формалы тенденцияның күшейген кезіне элегантты және мінсіз көріну стилі,
қынамалы силэуттер, қосымшалардың аз болуы, пиджактың ұзарып шалбардың қысқа болған, пиджактар
денеге тығыз тұратын кезі еді және иық сызығының бұрышының ұлғайған түрлері көбейді. Бұл стил
мен өзгерістер 1912-1923, 1956-1968, 1998-2010 жылдары өзін көрсеті. Бұл кезеңдерде сн журналдары
көбінесе мінсіз –талғампаздықты көрсеткен болып, денди образын (1920-1924 ж), жастардың образын
(1965-1968ж), немесе жаңаша әсемділікті ерлер костюмінде (2008-2010 ж) көсеткен болатын. Кейде
екі тенденцияның қатар қолданылған кездерінде екеуіде бір – біріне қарсылық танытатын, сонымен
қатар пиджактардың ұзарып, шалбардың қысқа болғанын көруге болады. Бұл жағдайлар1910,1954,
1998 жылдары байқалды, яғни әр 44 жыл сайын. Бұдан басқада ерлер костюмінде максимальді
пластиктік форманың болғанын айтып өткен жөн (1922-1924, 1966 -1968, 2008-2010 ж ). Классикалық
ерлер костюміндегі стилистикалық форманың анализінің көрсеткеніндей, жасалған қарастыру әдісі,
аналогтардың кезеңдерін көруге мүмкіндік берді, қай кездерде максималды элементтердің формасы
сай келгенін ( пропорциясы, қосымшалар, проекциялық ауданы, иық сызығының бұрышы, қынамалық
дәрежесі). Құрылымдық анализдің нәтижесінде көріп тұрғанымыздай, бұйым ұзындығының
өзгеруі,пиджак және шалбардың проекциялық ауданы, иық сызығының бұрышының өзгеруі,
қынамалылықтың дәрежесі, бел сызығының орналасуы. Компьютерге салып тексеру, геометриялық
және пластикалық форманың өзгеруі, олардың санымен сапасының параметрлерін салыстыру бұлардың
арасындағы корреляция анықталды және бұл жүйелік зерттеу деп санауға болатынына дәлел. Мысалы:
пластикалық форманың күшейуі ерлердің класскалық костюмінде ақырындап пиджак пен шалбардың
проекциялық ауданның азайғаны, бел сызығының деңгейінің төмендеуі, пиджактың ұзындығының
өзгеруі. Бұл тенденция 1912-1924, 1956-1968, 1998-2010 жылдарда байқалды.
Түстік өзгерістердің динамикасы ерлер классикалық костюміндегі шешімдері костюмнің
образдық характеріне байланысты әсер етті. Ерлердің киімдеріндегі түстік гамма ХХ ғасырдың
басында таңдамалы ұстамдылықты көрсететін болып бұлл ХІХ ғасырдың ортасынан бері сақталған
болатын. Күндізгі күнделікті костюмдерге қара түстегі, қою көк түсті маталармен сұр түстің барлық
түрлері мен «маренго» (сұрғыш -көк) түсі және соңыр түстер таңдалған болатын. Қою түстік гамма
ерлер костюмдерінде әсіресе екеулік (двойка) костюдерде 1900 жылдан бері қолданылып, егер жилет
таңдалатын болса ол да костюмнің түсін қаталайтын болды. Спорттық үлгідегі пиджактар үшін мода
көбірек батыл нұсқалар ұсынды, мысалы: клеткалы немесе сызықты маталар. Ал жаз күндері көбінесе
сюртук немесе пиджак осындай жилет және шалбар нейтральді тондағы (сұрғыш – сары, крем түсті
) маталар таңдалды.[3] Классикалық костюмдердің түстік гаммасының өзгеруін 2 - суреттен көруге
болады. 1. Жарқын (сары, сарғыш, көк ж.т.б) түстердің сұраныста болған кезеңдері. 2. Салқын (сұр,
қоңыр,сұрғылт –қоңыр ж.т.б) түстердің сұраныста болған кезеңдері. 3. Нейтральді (жарқын және
салқын) түстердің қатар қолданылған кезеңдері.
Сурет – 2. Классикалық костюмдердегі түстердің ауысу кезеңдері
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Сән
2. Елизаров А. А. Развитие стилистических форм мужского классического костюма и их
прогнозирование / Дизайн и технологии. Издательство МГУТД. – 2011. – № 25. С. 5 – 14.
3. Елизаров А. А. Прогнозирование развития стилистических форм мужского классического
костюма. / А. А. Елизаров // Материалы XIV Международной научно-практической конференции
«Мода и дизайн: исторический опыт – новые технологии» (июнь 2011 г.) – СПб; СПГУТД, 2011.–
с. 400 – 408.
106
107
УДК 687.17
Достарыңызбен бөлісу: |