22
кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан
жақтырмай суық амандас-
қанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған
əсер – түрліше. Ал
паравербалды арналарға
интонация, дауыс
ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.
Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей
болып келеді:
1. Ақпараттық қызмет
2. Əлеуметтік қызмет
3. Экспрессивті қызмет
4.
Прагматикалық қызмет
5. Интерпретациялық қызмет
Ақпараттық қызмет – адамдар арасында ақпарат алмасуды
жүзеге асырады, ал əлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара
қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет
біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды,
қандай да бір орын
алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады.
Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысы-
нда бір-бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді.
Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңыз-
ды екендігі кімге де болса мəлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-
ақ бет əлпетімен де жеткізуге болады.
Прагматикалық қызмет арқылы
коммуникацияға қатысу-
шылардың іс-əрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі.
Ол сол коммуникацияның көздеген түп мақсатына сай жүргі-
зіледі.
Интерпретациялық қызмет коммуникацияға бірге түскен
адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр
түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп
қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсін-
діреді, интерпретациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: