Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

Субъективизм деп əлемді танушы субъектінің орны мен рөлін 
танылатын объектке (əлемге) қатысты басым тұрады деп 
қарастыратын ұстанымды айтады. Еуропалық дəстүрде адам 
тұлғасы абсолютті құндылық ретінде алынады. Соның 
нəтижесінде онда адам құқықтарының теңдігі мəселесі өткір 
қойылған. 


13 
Адам құқықтары мəселесінен демократияға дейінгі аралық 
қашық емес. Демократия туралы айтқанда сөз қайдағы бір 
абстракты демократия туралы деп ойламаған дұрыс. Қашанда 
сөз демократияның тарихи шындықтағы нақтыланған бір түрі 
туралы болатындығы белгілі. Мысалы, көбінде буржуазиялық 
капиталистік еуропалық демократия нышандары басқа əлемге 
үлгі ретінде ұсынылады. Бірақ осы тұста еуропалық типтегі 
демократияның адамзат қоғамын ұйымдастырудың тиімді жол-
дарының жалғызы еді деу сыңаржақтық болар еді. 
Адамзат демократиялық принциптерден тиімділігі тұрғысы-
нан асып түсетін адам қоғамын заңды түрде ұйымдастырудың, 
үйлестірудің əдісін əлі ойлап тапқан жоқ. Сондықтан қоғамның 
əлеуметтік тұрғыдан болсын, экономикалық тұрғыдан болсын 
дамуының оң динамикасын беретін демократиялық құрылыс 
басымдығын ешкім жоққа шығара алмайды.
Мəдениеттің прагматикалануы, яғни «пайда» ұғымы 
тұрғысынан негізделуі де осы қазіргі заманның айдары. Адам 
əрекетінің барлығы практикалық бағыт алып, келтіретін нақты 
пайдасы, есепке алынатын нəтижесі тұрғысынан құрылымдана-
ды. Есеп, пайда жəне ұтымдылық – міне, бүгінгі прагматика-
лық əлемнің ұрандары осылар. 
Ақпараттану идеологиясы бүкіл əлемді компьютерлік желі-
нің торына айналдырған ақпараттық технологиялардың күрде-
лене əрі жедел дамуының арқасында ақпараттық мəдениет фе-
номенін дүниеге əкелді. Қазіргі заман мəдениетін басқашалай 
ақпараттық мəдениет деп те атайды. Өйткені қазірде ақпарат 
қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің барлық 
саласына əсер етіп отыр.
Ақпарат алмасу саласындағы жаңа технологиялық төңкеріс 
болып табылған – Ғаламтордың пайда болуымен етене байла-
нысып жатқан əлемдегі адамзаттың өзара тəуелді байланысы-
ның қалыптасуы жаһандану үдерісін туындатты. Жаһандануға 
адамзат өміріне саяси-экономикалық өзгерістер əкелетін кұбы-
лыс деп қана қарауға болмайды. Жаһандану ұлттық құндылық-
тарды сақтай отырып, ғаламдық қатынастарға бейімделу деген 
үлкен мəселені күн тəртібіне қойып отыр. 


14 
Міне, қысқаша қайырсақ, қазіргі заман мəдениетіне тəн 
сипаттамалар реті осындай. Қазіргі заман мəдениетінің бедерін 
салып отырған ақпараттық технологияларға, олар туындатқан 
рухани мəдениет үлгілеріне келесі тарауларда нақтырақ 
тоқталатын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет