21
шартты белгілер. Олардың басты қызметі өзі арқылы басқаның
орнын басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты
шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет
(икона) ретінде де жеткізуге болады. Рəміздер өзінің тасымал-
дауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын,
қомақтылығын білдіртпейді деуге болады.
Рəмізге байланысты тағы бір айта, түсіндіре кететін термин-
дер денотация мен коннотация.
Денотация деп рəміздің жалпы-
ға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал
коннотация деп
барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы
айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті
əрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым
мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, «базар» сөзі
Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл
мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол – денотат. Ал ол сөзді
қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада – «айтылған
сөз» мағынасында пайдаланып жүр. Бұл «базар» сөзінің
коннотациясы.
Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас
үстіндегі кез келген əрекет ақпарат болып табылады. Өйткені
адам əлемі мəнділік əлемі. Сол мəнді беруші де, мəнге назар
аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлеме-
ген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нəрсені аңғаруға
болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға əсерін тигізбей
қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның
бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей
жағдай да болатындығы мəлім.
Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер
болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теле-
дидар жəне т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта
аламыз. Оған вербалды, бейвербалды жəне паравербалды
ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: