Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге



Pdf көрінісі
бет8/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге 
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
 
1. Техника деген не? Оның шығу тарихы? 
2. Техника мəдениеттің басқа феномендерімен (ғылым, өнер, мораль, 
саясат жəне т.б.) қандай байланыста болады?
3. Адам мен техника қарым-қатынасының амбиваленттігі немен байла-
нысты? 
4. Неліктен ХХ ғасырда табиғи жəне жасанды техникалық ортаның қарым-
қатынасы ғаламдық мəселеге айналды? 
5. ХХІ ғасыр басында қазіргі техника қандай жаңа мəселелер мен 
жағдайлар туындатуда? 


18 
 
 
 
 
 
2. КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ 
КҮРДЕЛЕНУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
МƏДЕНИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ 
 
2.1 Коммуникация жəне коммуникация 
 
құралдары туралы түсінік 
 
Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат
«communicare» - біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. 
Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, 
қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; 
сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді. Оны қазақ тіліндегі 
аудармасын келтіріп бергеннің орнына осы тақырып контекс-
тінде термин ретінде латын тілінде қалдырған орынды деп 
білдік, өйткені байланыс ұғымына адами сарын тəн болып 
көрінеді.
Адам əлемі – коммуникация əлемі. Л. Витгенштейн айтпақ-
шы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен 
коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді 
екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында 
отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен 
сөзге негізделген) жəне бейвербалды (сөзге негізделмеген) 
компоненттерден тұратын кешенді əрі үзіліссіз үрдіс екендігіне 
мəн бермейміз. Бəлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мəдениеті 
бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл 
арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен 
жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың 


19 
қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу жəне т.б.), 
көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөлік-
терден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз. 
«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де 
кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни 
белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те 
қарастыруға болады. Əрине, коммуникация терминіне терең 
талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану 
арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мəнімен қоса 
əлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – 
адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық 
реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін 
көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді 
жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында 
таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге 
асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.
Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар 
да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын 
болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік 
байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы
ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың əлеуметтік шартталған 
процессін айтады. Коммуникация – адам «Мен»-інің өзін 
«Басқадан» табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін 
философиялық категория десек те болады. Коммуникация 
Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз 
персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты.
Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық 
қарым-қатынасы – мəдениеттің маңызды бөлігі. Олардың 
маңыздылығы сонша, көп жағдайда мəдениетті коммуника-
циямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мəдени қарым-
қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мəдениет 
дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мəдениет 
деп теңдестіре қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет