Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

 
 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге 
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Коммуникация дегеніміз не? 
2. Коммуникация құралдарына не жатады? 


23 
3. Коммуникацияның атқаратын қызметтері қандай? 
4. Коммуникация, байланыс жəне сұхбат ұғымдарының арақатынасын 
талда.
 
 
2.2 Коммуникация құралдарының түрөзгерісі 
жəне оның мəдениетке тигізетін əсері
(М. Маклюэннің концепциясы негізінде) 
Коммуникация құралдарының түрөзгерісі сол құралға 
түбегейлі тəуелділік танытатын мəдени шындықты да өзгертпей 
тұрмайды. Адамзат тарихының алдыңғы даму сатыларымен 
салыстырғанда, соңғы бір-екі жүз жылдықтар күрт өзгерістер 
əкеліп отыр. Ауызекі сөзден жазылған хатқа, одан басылған 
кітапқа өткен адамзат мəдениеті бүгіндері аудио-визуалды 
экрандық мəдениет тұтқынында. 
Коммуникация құралдарының күрделену үрдісі өз ландшаф-
тында, өз тұрмыс-тіршілігі аясында шектелген мəдени қауымды 
ашықтыққа, қарым-қатынас өрісіне сүйрейді. Фиксацияланған 
(қағазда, кітапта, электронды дискте…) адам тəжірибесі орын-
далған жеріне байлаулы болудан қалып, басқа мəдениеттер 
иелігіне емін-еркін өте алады. Соның нəтижесі ретінде мəде-
ниетаралық байланыстар өрбіп, мəдениеттер сұхбатының заңды 
жемісі – өркениет пайда болады. Күнделікті сөз қолданысында 
болсын, талай ғылыми кітаптар мен монографияларда "əлемдік 
мəдениет" деген сөз тіркесін кездесіп тұрамыз, бірақ соның өзі 
пікірталасты нəрсе екендігін осы тұста айта кеткен жөн. 
Герберт Маршал Маклюэн – ХХ ғасырдың 50-ші жылдары 
бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат қоғамына тигізетін 
əсерінің салдарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып кіріскен 
ғалым. Содан бері “Торонтодан шыққан пайғамбар” – электрон-
дық дəуірдің ізашары, жаршысы деп есептелінеді. Оның кітап-
тарынан алынған сөздəйек ретіндегі үзінді-цитаталар қанатты 
сөз қатарына өтіп кетті. Мысалы, екінің бірі таңертеңмен тұра 
салып өзінің электронды поштасына сонау алыс Америкадан 


24 
əлде Африкадан келіп түскен жора-жолдастарының хатын алып, 
арадағы алыс шақырымдарды жақындатқан əлемдік Интернет 
жүйесіне рахметін айта отыра ғаламшардың “бір уысқа” сыйып, 
бір кішігірім ауылдай болып қалғанына риза болады. Əлемнің 
арғы бетінде не болғанын бір-екі минуттай ғана кідіріспен білу 
мүмкіншілігі дəл бір айқайласаң айғайыңды көшенің аяғы естіп 
қоятын ауылды көзге елестетеді. М. Маклюэннің кезінде айтқан 
“жаһандық ауыл” дегені осы да. Немесе, “Гутенберг галактика-
сы” деген сөз тіркесі де сол М. Маклюэннің еңбектерінен кейін 
орнығып, сіңісіп кеткен бейне жолдар. Кітап оқудың өз маңызы-
нан айырылып қалғандығын, кітапханадан оқырманның кетуін 
осы күні біз “Гутенберг галактикасының” өлімі деп күйзелеміз. 
М. Маклюэннің адамзат тарихы сол адамзаттың өмір сүріп 
отырған қоғамындағы жетекші коммуникация құралдарының 
алмасуынан құралады деген болжамы, “The Medium is the 
Massage” деген оның кітабының атауынан кейін танымал болып 
кеткен анықтамасы жəне т.б. – қазіргі өркениетті сананың 
қағидаларына айналып кеткендігі белгілі. М. Маклюэнді бүгінгі 
таңдағы коммуникатологиялық дискурсты қалыптастырушы-
лардың бірі десек жаңылмаймыз. 
Жалпы, оның коммуникация құралдарына нені жатқызатын-
дығының өзі бір қызық тақырып. Өйткені ол коммуникация 
құралдарына киім-кешек, көлік, ақша, жарнама, электр жарығы, 
қатынас көлік жолдары, үй, сағат, фотосуреттер, ойындар, қару-
жарақ жəне т.б. көптеген нəрселерді жатқызады. Бір сөзбен 
айтқанда, коммуникация құралдары деп адамның қоршаған 
ортасы (мейлі табиғи орта болсын, мейлі əлеуметтік орта 
болсын) мен қарым-қатынасына түбегейлі өзгерістер енгізетін 
технологиялар түрін айтады. Коммуникация құралдары өзінің 
түр өзгерісімен бірге адамның дүниені қабылдау тəсілін қайта 
құрып, адамдардың өмір салтын өзгертеді. 
Коммуникация құралдары адамның өзін сыртқы əлемге дейін 
“кеңейтуі, ұлғайтуы” болып табылады. Мысалы, телефон, 
телеграф – оның Саққұлағы (құлағының ештеңені қалт жібермей 
естігіштігі), самолет, ғарыш кемесі – оның Желаяғы (қатынас 


25 
құралы – аяқтың жылдамдауы), теледидар, компьютер – оның 
Көреген қырағы көзі, жаңылмас миы жəне т.с.с.
Кез келген сезім өзінің интенсивтілігінің, үдеруінің ең биік 
деңгейіне жеткенде басқа сезімдердің күшін əлсіретіп, білдірт-
пей тастайтын анестетик ретінде əсер етеді. Мысалы, қазірде 
стоматологтар тіс емдеу барысында пациент тісінің ауырғанын 
сезбес үшін музыканы немесе бөтен шуды пайдаланады емес 
пе? Адамнан "бөлектенген" оның сезім органдары оны өзіне 
тəуелді етеді, өйткені, адамның өз бойында жаратылысынан бар 
қабылдау мүшелері əлгілердің əсерінен семетін көрінеді. М. 
Маклюэн оны сезім мүшелерінің “ампутациясы” деп атайды. 
Технологиялық инфрақұрылымның дамуы адам қабілеттерінің 
бірте-бірте семе бастауына əкеп соғады. Мысалы, əбден 
калькуляторға (есептегіш машинаға) үйреніп кеткен адам 
ойында қосу, алу, көбейту дегеннен аулақ, əбден теледидар 
немесе компьютердегі виртуалды шындыққа меңдеп алған адам 
нақты өмірде нақты адамдармен, нақты іске, нақты сезімге кел-
генде шорқақ жəне т.б. деген сияқты ғой. Ақыр аяғы, коммуни-
кация құралдары күрделене келіп, адам санасын “ампутацияға” 
ұшыратпаса болғаны, əйтеуір. 
М. Маклюэннің аталған əрі талқыланып отырған шығарма-
сының гештальты (тəмамдалған мазмұн-бейнесі), орталық тезисі 
– “Хабарды (ақпаратты) жеткізуші құралдардың өзі – хабар 
(ақпар)” –“The Medium is the Massage”. Ол адамзат тарихындағы 
мəдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының 
өзгерісіне байланыстылығы туралы мəселені көтерген болатын.
Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз – тіл, 
баспасөз, ғылым, компьютерлер, теледидар жəне тағы басқалар. 
Тарата айтар болсақ, ақпаратты жеткізуші құрал сол кезге тəн 
əлеуметтік ұйымдастырылу ретін танытады. Басқаша жеткізер 
болсақ, берілетін ақпараттың мазмұны ғана емес, сол 
ақпараттың қалай, не арқылы тасымалдануы, яғни ақпарттың 
формасы да негізі маңызды рөлге ие. 
1967 жылы М. Маклюэннің кітабы “The Medium is the 
Massage” (“Хабарды (ақпаратты) жеткізуші құралдардың өзі – 
ақпар”) деген атпен шыққанда көбісі ондағы “Massage” сөзін 


26 
типографиядан кеткен қате деп ұққан болатын. Дұрысы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет