35
Мəдени жады тұқым қуалау жолымен, яғни генмен
берілмейтіндігі белгілі. Демек, ол белгіге айналған, таңбалап
салынған түрде ғана өз мұрагеріне жетеді. Белгі, таңба деп, ең
кең де қарапайым түсінікте, алдын ала бекітілген əлеуметтік
шарттылыққа сүйене отырып, əлдененің орнында тұрған, сол
əлдененің орнын басып тұрғанның бəрін айтады. Адамзаттың
жинақтаған білімі, шеберлігі, дағдысы, өзін-өзі ұстау форма-
лары, салт-дəстүрлері тек қана нақты мəдениет жүйесінде
қалыптасады. Сондықтан да белгі-таңба əрбір жаңа ұрпаққа сол
ұрпақ тиесілі мəдениеттің мəдени ақпаратын сақтап, жеткізу
үшін қажет деген сөз. Ондай тасымал түрлері өте көп (салт-
дəстүр, əдет-ғұрып, өнер жəне т.б.). Солардың ішіндегі ең біре-
гейі тіл деуге толық негіз бар.
Адамзат тарихының өн бойында орасан көп белгі-таңбалар
жасалынды, оларсыз адам əрекетін көзге елестету де мүмкін
емес. Нақты адам үшін сол белгілер, таңбаларды немесе солар-
дың жүйесін игеру, білу оның басқа адамдармен қатынасқа
кіресілі, тиесілі екендігін танытады. Өздігінен бір де бір таңба
құнды емес, ешбір мəні жоқ, тек қана ол нақты бір белгілер
жүйесіне ену арқылы жəне өзара қатынас құруы арқылы бағалы.
Мысалы, сəлемдесуге арналған белгілер жүйесі бар. Біздер қол
алысып, кеуде қағысамыз, біреулер – тəжім етіп, иіледі жəне
т.с.с. Осындағы қол алысу, кеуде қағысу, тəж ету өздігінен
ешқандай құндылық емес, ал, бірақ адамдар арасындағы қарым-
қатынас тұрғысынан алғанда олар үшін аса маңызды рəсім.
Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір социумның
белгілі бір кезеңдегі мəдениетін құрастырады. Əрбір таңбаға
белгілі бір мағына берілген, яғни əр таңба өзінің функциясы
(қызметі) мен мазмұнына ие. Таңба мазмұны күрделі, көпжақты,
сығыңқы ақпаратты бойына сыйғызады.
Белгіге айналған əлем
Достарыңызбен бөлісу: