38
салған. "Тайға таңба басқандай" деген тұрақты сөз тіркесі де
соны аңғартады.
Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғым-
дар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін
сияқты болып көрінеді.
Дегенмен, олардың аражігін ашып
алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы
таңба ұғымының мағынасынан əлдеқайда кең əрі дерексіздеу,
абстрактілі.
Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы
адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелері-
мен қабылдаған шындық əлемінің нысанын адам өз санасында
белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі
сөз арқылы көз алдында
ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.
Ал
таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен
айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу
үшін қажет əрекет нəтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба
əлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып
беру қызметін атқаратын құрылым жəне
сонысымен де ол
абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен
салыстырғанда "жерге жақынырақ" тұрған сияқты. Осы орайда
малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын
рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына
əкелуі мүмкін екендігін бірнешеме əліпбилер түпнегізінде
жатқан белгілерді салыстыру арқылы дəйектеген
ғылыми
еңбектер барлығын да айта кеткіміз келеді. Таңба интернацио-
налдық термин "штамп" дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын
ала кескіндеп алып, соны əлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне
басып отыру – таңбалау қызметі.
Осы орайда,
тіл болмысты
Достарыңызбен бөлісу: