Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


əлемді секуляризациялауға



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

əлемді секуляризациялауға, яғни діни билік құрсауынан 
шығаруға, ғылым-білімнің жетістіктерін өмірде кеңінен пайда-
лануға жəне адамның жеке тұлғасының қадір-қасиетін мойын-
дауға алып келгендігін айта аламыз. 
Сонымен қазіргі заман мəдениетінің негізгі сипаттамаларына 
азғантай тоқтала кететін болсақ, мына төмендегілерді баса айту 
керек сияқты. 
Қазіргі заман мəдениеті адам өмірінің қай саласында болма-
сын рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рациона-
лизм – таным мен іс-əрекеттің түп тамырын адамның ақылымен 
байланыстырып пайымдайтын көзқарастар жиынтығы. Қазіргі 
мəдени дəстүрдің рационалистік дəстүр екендігін ешкім жоққа 
шығармайды. Бірақ ол дегеніміз бұған дейінгі мəдени кезең-
дерде рационалистік көзқарас жоқ еді деген сөз емес, өйткені 
адамзат мəдениетінің қай-қайсысына болсын ақыл-зердеге 
(рациоға) негізделу тəн. Демек, əр мəдениеттің, тіпті, əр тарихи-
мəдени кезеңнің өзіндік рационалистік дəстүрі бар екендігін 
ескергеніміз жөн. 
Ал жалпы адамзаттық рационализм арасынан осы қазіргі 
замандағы рационализм несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, 
оған шындыққа деген ерекше қатынастың тəн екендігін айта 
аламыз. Атап айтар болсақ, бұл рационалистік дəстүрде шындық 
қадағалау мен бақылауға, есептеуге келетін шындық есебінде, 
яғни көз алдыңа нақты елестетуге болатын шындық есебінде 
алынады. Есептеу, соның негізінде нақты жоспарлау, 
жоспарланғанның орындалуын қатаң қадағалау – міне, шындық-
ты нағыз көзге көрінерлік шындық ететін рационализм, немесе, 
қазіргі рационализм деген осы. 
Бұл рационализмнің еуропалық рационалистік дəстүрден 
бастау алатындығын да баса айтқан жөн. Еуропалық рациона-
лизмнің кредосын жасап берген кезінде Рене Декарт болды. 
Оның түсінігінде, əлемдегі кез келген бар нəрсені əдіс (метод) 
арқылы, демек, белгілі бір процедуралар жүйесі арқылы тануға 
болады. Ғылыми танымның əдісі танымның математикалық 
операцияларына сүйенген шақта ғана дəйекті де ақиқат нəти-


12 
желер береді деп білген Декарттан бастап осы тəсіл тек қана 
жаратылыстанымдық ғылымдарда ғана емес, гуманитарлық 
ғылымдарда да қолданыла бастады. 
Сол кезеңнен бастап, «білім дегеніміз күш» деген қанатты 
сөз тағы бір рационалистік ұстанымдағы Ф.Бэконның арқасында 
ел арасына кең тарады. Адамның ақыл-ойынан тысқары қалатын 
ештеңе жоқ деген қағидатты ұстанған, ғылыми əдістеме арқылы 
барлығын танып-білуге талпынған адамзаттың еуропалық 
бөлігінің экспансиясы сол еуропалық мəдениеттің əлемге 
кеңінен тарауына бірден бір себеп болды. Бірақ сол экспансия 
арқасында басқаларды бодандау саясаты мен табиғатты аяусыз 
қанау да жүзеге асырылғандығын ұмытпаған абзал.
Рационализмнің соңынан ерген ғылым-білім ғасыры техника 
əлемі деген ғаламатты туындатты. Техниканың жетістіктері 
адам мен оны қоршаған ортаны танымастай өзгертті. Жеке 
бастың еңбек үдерісін көпшілік-конвейерлік өндіріске дейін 
көтерген техникалық прогресс жер шарын бір үлкен фабрика-
зауытқа, ал тіршілікті қандай да бір алып механизмнің əрекетіне 
айналдырып жібергендей. Қазіргі заман мəдениеті техницистік 
мəдениет, яғни техникалық прогресс пен техниканың маңыз-
дылығына құдайдай сенетін мəдениет.
Техницизм қатаң мамандану процессін тудырмай қоймай-
ды. Техникаға негізделген өндіріс процесі барысында адамдар-
дың көпшілігі техникалық процесске қажетті бір бөлшек есебіне 
жүреді.
Осы жоғарыда келтірілген рационализмнің тағы бір қисынды 
көрінісі субъективизмде жатыр. «Ойлаймын, демек, тіршілік 
етемін» деген жоғарыда аты аталып өткен картезийліктің 
(Р.Декарттың) тағы бір танымал формуласы ақыл-ес иесі адам 
баласының субъективтілігін жоғары құндылыққа айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет