Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет100/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

абақты, қараңғы үй сөздері кірді. Түрме, кәтелешке – орыс 
сөздері болса, абақты, кейбір зерттеушілердің айтуынша, га-
уптвахта сөзінен, ал басқа бір мамандардың талдауы бойын-
ша, лабақ деген түркі сөзінен
164
пайда болған. Қайткенде де бұл 
сөз – бұрын көп қолданылмайтын, кейін активтенген лексема. 
Қараңғы үй сөзі – орыс тіліндегі темница сөзінің калька жо-
164
Сүлейменова Б. Лабақты//абақты // Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық 
сөздігі. - Алматы, 1966.


205
лымен алынған түрі. Бұл сөз Абайдың Лермонтовтан аударған 
өлеңінде қолданылған: Қараңғы үй терезесі – тұтқын орны
(II, 98) – Молча сижу под окошком темницы (Лермонтов,
I, 51).
Қараңғы үй атауы өткен ғасырда Қазақстанның көп жерінде 
пайдаланылғаны байқалады. Батыс Қазақстанда өмір сүрген, 
өзі ұстауда, түрмеде болған Сары Батақов (1863-1895) деген 
ақында да қараңғы үй сөзі бар: «Ішінде қараңғы үйдің бұ да 
жатыр» (Сары, 339). Сөздіктер де темницаны қараңғы үй деп 
береді.
Түрме, абақты, қараңғы үй сөздері синонимдік қатар 
түзейді. Түрмеге қарағанда абақты сөзі көбірек кездеседі: 
«Абақтыға жатарсың» (Шортанбай, 163); «Он екі ай абақтыда 
жатқанымда» (Сары, 339).
Абай кәтелешке сөзін де келтіреді: Кәтелешке көбейді, 
Сөгіс естіп тозды ажар (I, 82). В.Дальдің көрсетуі бойынша, ка-
талажка сөзі орыс тілінің шығыс (Сибирьді қоса) өлкелерінде 
«сибирка, блошница, каменный мешок, тюрьма, арестант-
ская при полиции» (В.Даль, Толковый словарь, Т.II С. 96) де-
ген мағынаны берген. Осы мағынада каталажка сөзі Семей 
өлкесінде (Сибирь) актив атау болғанға ұқсайды және ол нағыз 
үлкен түрменің өзінен гөрі, «арестантская камера при поли-
ции» дегенді көбірек білдіргенін М.Әуезов те көрсетеді: «Он 
шақты күннен бері Абай Семейде каталашкада отыр. Үлкен 
абақтының өзі емес» («Абай жолы»).
Абақты, түрмелерді бейнелеп атау да Абайда жоқ емес: 
Көрмей тұрып күсемін Темір көзді сарайды (I, 82).
Қазақ даласына түрме ұғымы мен атаулары келгеннен 
кейін, оған қамалатын адамның атауы да, қамау әрекетінің ата-
уы да келуге тиісті. Тұтқын сөзі бұрын соғыста қолға түскен 
қарсы жаудың адамын білдірсе, енді түрмеге түскен адамды 
білдіреді: «Қараңғы үй терезесі – тұтқын орны» (II, 98); «Ба-
тыр ем, тұтқын болдым осы жайда» (Сары, 339). Тұтқынға алу 
тіркесінің жаңа мағынасы – «түрмеге жабу». Оның дублеті – 
Абайда ұстау етістігі: «Ұстаудағы кісідей мезгілі бар» (I, 35). 
Осыған қарағанда қазіргі «түрмеге жабу» мағынасында ұстау 
сөзінің қалыптасуы өткен ғасырдан, Абай кезеңінен бастала-


206
ды. Өткен ғасырдағы сөздіктер «арест» ұғымын ұстау, «аре-
стовать» етістігін ұстауға түсіру, «арестованный, задержан-
ный» сын есімін ұстаулы деп береді.
Атылу, айдалу етістіктерінің де заң-сотқа қатысты нақтылы 
іс-әрекет атаулары ретінде қолданылуы өткен ғасырда пайда 
болды. Бұрынғы право бойынша, жер аудару (каторгіге ай-
дау) немесе ату жазасына кесу дегендер болмағаны айтылды. 
Империя сотының үкімі бойынша, жазалыларды жер аудару, 
каторга жұмыстарына жіберу (айдау), атуға бұйыру фактілері 
басталады. Абайдың лексикасы бұл құбылысты да білдіреді: 
...Азар болса атылып я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-
ақ (II, 186).
XIX ғасырда патша үкіметінің каторга орындарының көбі 
Сибирьде болғаны мәлім. Сондықтан да қазақ тілінде әуелден-
ақ Сібірге айдау, жер Сібір тіркестері пайда болған: Сібірге 
Исатайды айдаған бек (Шернияз, 129). Букин сөздігі заточе-
ние, ссылка дегенді жер Сібір деп береді. «Ссылка» ұғымын 
айдалатын территория атымен білдіру амалы жалғыз жер Сібір 
емес, омбы деген сөзден де көрінеді. Тағы да Букин сөздігінде 
«заточение, ссылканы» омбы деп те береді.
Куә, айғақ, қылмыс сөздері бұрыннан бар болғанмен, қазақ 
жеріне Россия империялық сотының келуіне байланысты жаңа 
терминдік мағынаға ие болып, жиі қолданыла бастайды. Ал 
бұрын әдет-ғұрып соты куә, айғақ дегендерге мән бермеген, 
өйткені бейтарап куә дегендер болмайды
165
. Абай бұл сөздерді 
жаңа терминдік мағынасында жұмсайды: «Өз қағазы өз көзін 
Жоғалтуға жарайды. Тауып алып жалғанын, Қылмысыңды 
санайды» (I, 82); «Өтірік көрмегенін көрдік деуші куәлар да 
әлдеқашан дайындап қойылған» (II, 160). Бұлардың осы жаңа 
мағынасын сол тұстағы сөздіктер де тіркеген: айғақ – свиде-
тель, доказчик. Кісінің мойнына бірнеме салмақ үшін айғақ 
керек – чтобы уличить, нужен свидетель (Ильминский, 38).
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамындағы 
үлкен қылмыстың бірі – мал ұрлау болғаны мәлім және бұл 
– жоқтықтан, мұқтаждықтан күнкөріс үшін жарлы-жақыбай 
165 
Судебная часть в Туркестанском крае и степных областях. Сост. И.И.Крафт. - 
Оренбург, 1898. - С. 100.


207
істеген қылмыс емес, барлар, байлар, белділер ұйымдастырып 
жүргізген әрекеттері болды. Мұны қоғам тіршілігіндегі ауыр 
қылмыстың бірі деп таныған Абай ұры (21 рет), ұрлық (19 рет), 
ұры-қары, ұры-бұзақы сөздерін тіпті жиі қолданған.
Сөйтіп, заң-сот системасының жаңа түрі Россия империя- 
лық правосы қазақ тіліне, оның жазба әдеби үлгісіне көптеген 
жаңа ұғымдар, демек, жаңа сөздер әкелді. Олардың бірқатары 
мағына ауысу арқылы бұрыннан қолданылып келе жатқан 
сөздер (арыз, қағаз, шағым, сұрау, тергеу, іс, ұстау, тұтқын), 
бірсыпырасы орыс тіліне орай калька жолымен жасалған сөздер 
(қараңғы үй, атылу, айдалу, жер аудару), енді бір тобы орыс 
сөздері (закон, түрме, кәтелешке, дознание, прошение, сот, 
судья) болды. Бірқатар сөздер (заң, куә, қылмыс) активтенді.
* * *
Абай тұсында (және одан бұрын да) қазақ даласында 
болған правоның үшінші түрі – ислам дініне сүйенген шариғат 
заңы екенін жоғарыда айттық. Бұның күш-әрекеті алдыңғы 
екеуіндей Қазақстанның байтақ территориясына түгел жайыл-
маса да, оңтүстік аудандарда, Орта Азия халықтарымен шек-
тес жерлерде айтарлықтай болғанын заң мамандары көрсетеді. 
Сондықтан өткен ғасырдағы қазақ әдеби тілінде шариғатқа 
қатысты сөздер де өмір сүрген. Олардың барлығы дерлік араб-
парсы сөздері: Абайда бұл саладан қазы, шариғат, күнә, талақ, 
әділет, адал, адалдық, арам, арамдық (харам) сөздері бар.
Қазы сөзін Абай не қазақтың би сөзімен, не орысша судья-
мен шатастырмайды. Шариғат бойынша төрелік айтатындар – 
қазылар.
Ал заңға қатысты терминдік мағынасы жоқ «төреші, 
төрелік айтушы» деген жалпы мағынада ақын үш атаудың кез 
келгенін қолдана алатынын көрсетеді: «Нені сүйдім, дүниеде 
неден күйдім, Қазысы оның – арым мен бір-ақ Құдай» (II, 110) 
– Как я любил, за что страдал – Тому судья лишь Бог да со-
весть (Лермонтов I, 26); «Рахымсыз билеріңді қарғамаймын» 
(II, 109) – Судей бесчувственных моих Не проклинаю... (Лер-
монтов, II, 258); «Таразы да, қазы да өз бойында» (I, 27); «Сен 
аттың жөнсіз оқ, Тәңрі – қазы, Тас таразы, Тентекті Сұрамас 
деп қалма» (І, 102).


208
Қазы сөзі өткендегі қазақ тілінде «төреші», «төрелік ай-
тушы» деген ауыспалы жалпы мағынада да қолданылғанын 
көреміз: «Ханекем, қазым да – сен, төрем де – сен» (Шер-
нияз, 129); «Жақсы болған қазылар қара қылды қақ жарар»
(Дулат, 63); «Қазы, болыс қойыпты Некесіз туған шатасын» 
(Шортанбай, 162); «Дау еткің келсе – қазыға жүр» (Алтынса-
рин, 1879-60).
Күнә сөзі – шариғатқа қатысты ұғымның атауы. Қазақтың 
әдет-ғұрып правосы бойынша, жаман іс, жаман қылық, жазық 
сөздерімен Россия заңына байланысты активтенген қылмыс 
сөзі осы күнә сөзімен синонимдес. Бір ұғымды білдіретін бұл 
үш түрлі сөздер тобы әр правоның өзінде қалыптасқан.
Талақ сөзі – қазақ тіліне шариғатпен қоса кірген элемент, ол 
мен сенен талақ, талақ ету, талақ қағаз түрінде қолданылған, 
бұл – шариғат заңы бойынша, жұбайлардың арасындағы некені 
бұзу. Абай бұл сөзді өз мағынасында емес, ауыспалы мәнде 
жұмсайды: Талақ етіп бұл ғаламды, Болды мәлім кеткенің
(II, 85).
Сөйтіп, Абай шығармаларының сөздік құрамында өз дәуі- 
рінде қазақ қоғамында болған заң-сот (право) ісінің картина-
сын толық көрсететін лексика тобы бар. Бұл салада Абайда әр 
ұғымды дифференциациялап атау тенденциясы мен сөздерді 
терминдеу процесі болғаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет