Р. Сыздык 1-том indd


Сауда-саттыққа қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет102/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Сауда-саттыққа қатысты сөздер
Абай лекеикасындағы әлеуметтік-экономикалық сала-
ны қамтитын лексика тобына сауда-саттыққа байланысты 
сөздер жатады. Сауда қатынасы – Абай тұсындағы қазақ 
даласының экономикалық өміріндегі көрнекті құбылыстың 
бірі. Қазақтар үшін «сауда», «базар», «ақша», «баға», «тауар» 
тәрізді ұғымдар әлдеқашаннан танық болғанмен, бұларға қоса 
XIX ғасырдың II жартысында көптеген жаңа ұғымдар (демек, 
жаңа сөздер мен тіркестер) пайда болады. Әсіресе Россиямен 
ХVІІ ғасырларда басталған сауда қатынасы XVIII ғасырдың 
II жартысында тіпті күшейеді
167
. Алғашқы кездегі Россиямен 
жүргізілген сауда түрі – айырбас саудасы болуына байланысты 
мұнанай (меновой двор), айырбас сөздері пайда болады. XIX 
ғасырдың орта тұсында-ақ айырбас сауда тауар айналымының 
өсуін қанағаттандыра алмайды, сондықтан жәрмеңке, базар-
ларда жүргізілетін сауданың жаңа түрлері шығады. Сонымен 
қатар ауыл аралап, ұсақ галантерея тауарларымен сауда жасау 
ісі күшейеді. Оларды білдіретін жаңа сөз атаулар пайда бола-
ды
168
. ХІХ ғасырдың ІI жартысында жәрмеңкелер мен бақал 
166
Шахматов В. Ф. О формах феодальной эксплуатации в Казахстане вХ1Х в. // 
Вестник АН КазССР. - 1951. - №11.
167
Шахматов В.Ф. О развитии торговли и обмена в Казахстане в Первой пол. 
XIX в. // Известия АН КазССР. - Серия истории, экономики, философи и права. - 
Вып. 3. - 1956. - С. 47.
168
Зиманов С. Политический строй ... - С. 50.


212
сауда түрлері де аздық етіп, енді дүкендер, лавкалар, көтерме 
складтар пайда болады.
Бұл кезде әсіресе базар сөзі активтенеді. Бұл сөз – қазақ 
тілінде өте әріден келе жатқан сөздердің бірі. Бұрынырақ базар 
сөзі қазақ тілінде «жиынды, думанды жер» деген мағынаны да 
берсе керек. Мысалы, Абайдағы: «Өткен соң базар, Қайтқан 
соң ажар, Не болады құр қожақ?» (I, 90); «Кешегі Оспан – Бір 
бөлек жан, Үйі – базар, түзі – той (I, 151); Дулаттағы: «Жүрген 
жері жақсының – Күнде базар, мереке (59); «Балалы үй – 
базар,баласыз үй – қу мазар» деген мәтелдегі базар сөзі «са-
уда орны» дегенді емес, «жиынды, тіпті думанды жер» деген 
ұғымды береді. Абай аударма өлеңінде «шумный пир людей» 
дегенді де базар деп береді: «Алып шықпа базарға, Асаудайын 
бұлқынтып» (II, 94) – Не выходи тогда На шумный пир людей 
Со своей бешеной подругой (Лермонтов, І, 36).
Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, базар сөзінің 
бұл мағынасы – ауыспалы мағына. Сауда-саттық орны бола-
тын базардың халық көп, у-шу болып жататыны мәлім. Осы-
дан у-шу, думанды жерді (үйді) мағына ауыстырып базар деп 
атаған
169
. Бұлда ықтимал пікір. Дегенмен, базарсөзі қайткенде 
қазақ жеріне орыс саудасының келуінен көп бұрын кірген деп 
шамалаймыз. Демек, базарсөзін қазақтар орыс тілінен алмай, 
шығыс тілдерінен ертеректе алған болу керек (орыстардың 
өзінебұл сөз шығыс тілдерінен енген)
170
. Сондықтан базар 
сөзінің «жиынды орын», одан мағынасы жылысып «думан-
ды, көңілді орын» деген мағыналары (бұның өзі де алғашқы 
кезден-ақ ауыспалы болуы мүмкін) ұзақ уақыттар бойы 
қолданылып келіп, кейін XVII-XIX ғасырларда Қазақстанда 
Россия саудасының етек алуына байланысты, базар сөзі «са-
уда орны» деген ұғымда қайта активтенген болар дейміз. Біз 
талдап отырған кезеңде базар сөзінің негізгі басым мағынасы 
– «сауда жүргізетін жер, жиын»: «...Жылда егін піскен уақытта 
169
Мусабаев Г. Современный казахский язык. Лексика. - Алма-Ата, 1959.
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет