197
сонымен қатар
жан (беру) терминінің әлі де ескірмегенін,
тіпті анттан гөрі
жан беру вариантының
тілде жиірек
қолданылатынын және көрсетеді:
ант (обыкновеннее
жан)
– присяга (Ильминский,44),
ант – присяга (чаще
жан) (Кр.
русск-кирг. сл. 1897).
Қазақтың әдет-ғұрып правосы бойынша қолданылып кел-
ген сөздердің бір тобы тексерілген істің нәтижесіне (жаза т.б.)
қатыстылары. Олар:
айып, ат-тон айып, күн, тоғыз, барым-
та, дүре,
,
салауат т.б.
Айып сөзінің өзі – қазіргі күнде абстракт ұғымның атауы
(айыбы жоқ, айыбын мойнына алу, айып-шам т. б.). Ал әдет-
ғұрып правосы бойынша
айып – тартатын жазаның, яғни
конкретті ұғымның атауы. Сондықтан да
ат-тон айып, айып
төлеу түрінде қолданылады. Әрине,
айып – дәл осы күнгі
штраф дегенмен дәлме-дәл мағыналас емес,
сонымен қатар
«жаза, төлеу» (вознаграждение в пользу потерпевшего) деген
мағыналарды да қамтитын термин. Демек,
айып – жазаны зат-
тай (малдай) тарту. Сондықтан да оның дифференциацияланған
атаулары сан алуан
тоғыздар (бас тоғыз, орта тоғыз, аяқ
тоғыз, үш тоғыз, тоқал тоғыз) мен
айыптар (ат-тон ~ ат-
шапан айып) болып және бөлінеді. Жоғарыда айтылған гоно-
рар ретіндегі
билік пен
хандық сөздері, сондай-ақ
жасауыл
ақы, жаушыға жіп кесер тәрізді
төлеулер де осы айыптың
түрлері болған.
Абай тұсында да бидің шешімін айыппен өтеу (яғни мал,
бұйыммен төлеу) практикасын кеңінен қолданылғаны мәлім
(мамандар қазақтың әдет-ғұрып правосы 1917 жылға дейін
қолданылып келгенін айтады). Демек, Абай тілінде бұлардың
барлығы бірдей орын алмаса да,
айып сөзінің дәл осы
көрсетілген мағынада сол тұста жұмсалғандығын аңғарамыз.
Абайда:
Ат-шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса «қу»
(I, 59). Өзгелерде:
Қонақасы бермесе,
Ат-шапанға ілік боп
(Дулат, 88).
Сонымен қатар Абайдың «Кімі тентек, кімде
айып» (I, 108)
дегендеріне қарағанда, бұл сөздің терминдік мәнімен бірге,
абстрактік мәні де
(күнә, кінә-лармен мағыналас) ертеден келе
жатқанға ұқсайды.
198
Қазақтың әдет-ғұрып правосына байланысты сөздің бірі
–
барымта. Этимологтардың талдауына қарағанда, монғол
төркінді
160
бұл атау – қазақ тілінде
өте ертеден келе жатқан
сөз. Тәуке хан қазақтың әдет-ғұрып правосын жинақтаған
кезде (XVIII ғасыр)
барымта актісі – бидің шешімін күшпен
орындатудың тәсілі болған. Ол кезде
барымта сөзінде
«ұрлық» мағынасы болмаған
161
. Кейін келе,
әсіресе өткен
ғасырдың Абай өмір сүрген тұсында барымта үстем таптардың
зорлық көрсету, қиянат істеп, мал айдап әкету, тіпті мал ұрлау
тәрізді озбырлық әрекетіне айналады. Сондықтан да
барым-
та, барымташы сөздері Абай тілінде және тұстастарында,
ұрлық, ұры сөздерімен қатаржүреді де көбінесе соңғы, сол
өз заманындағы жағымсыз іс («талау, зорлықпен мал айдап
әкету, ұрлау») мағынасын білдіреді:
...Барымта алалық,
ұрлық
қылалық десе... (II, 212).
Бұралқылар сандалды, Жуандарға сыя
алмай. Сыйымсыз болды алашқа,
Барымтасын тыя алмай (I,
65).
Батырдан барымташы туар
даңғой (I, 96).
Кісі өлтірген айыпкерлерге берілетін жазаның бірі – «жанға
жан, қанға қан» принципіндегі
қан жуар Абай тұсынан көп
бұрын-ақ, тіпті Тәуке заманының кезінде-ақ қазақ қоғамында
қолданылудан қалып, оның орнын басқа актілер басқандықтан,
бұл сөздің өзі де тіл нормасынан шығып қалғанға ұқсайды.
Өйткені Абай, Ыбырайлардан да, өткен ғасырдың II жарты-
сындағы қазақ көркем әдебиетінің өзге уәкілдері тілдерінен де
Достарыңызбен бөлісу: