Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет99/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

арызға келу тіркестерімен ғана келсе, енді жаңадан арыз беру 
тіркесі пайда болады, өйткені арыздың өзі қағаз (зат) түрінде 
ұсынылатындықтан, заттық ұғыммен тіркесетін беру етістігі 
қолданылады. Осыдан арыз беруші деген жаңа заң термині де 
пайда болады.
Абайда арыз сөзін бұрынғы мағынасында қолдану да кез- 
деседі, бірақ бұл соңғы жаңа мағынасына қарағанда өте си-
рек. Әбдірахман туралы циклдегі бір өлеңінде «Ата-ананың 
қызметін, Алған жардың қарызын Өтемей кеткен бейнетін, 
Қағазға жазған арызын» (І, 183) дегенінде арыз – заң термині 
емес, «қоштасу сөзі» деген мағынада. Арыз түбірінен туған 
арыздасу сөзінің қазақ тілінде өлер адамның тірілермен 
қоштасуы деген де ұғымы бұрыннан бар болатын.
Сот орнына берілетін шағым мағынасында арыз сөзінің 
синонимі ретінде Абайда ауыспалы мағынадағы қағаз сөзінің 
де қолданылғаны қызық жайт: «Қағаз берер қарманар» (I, 82); 
«Өтірік берген қағаздың» (I, 82); «Өз қағазы өз көзін» (I, 82).
Сірә, халықтың сөйлеу тілінде алғашқы кезде арыз тәрізді 
документтің атауы сол документ жазылатын заттың (қағаздың) 
атымен аталған болар, бұл – тілдің ішкі заңына сыйымды тәсіл. 
Келе-келе, әсіресе оқу-ағарту ісі де дами түсіп, қағаз сияқты 
сөз конкретті зат атауы ретінде тұрақтала бастауына байланы-
сты, заңға қатысты жаңа ұғымды арыз сөзімен беру тенденци-
ясы күш алғаны сезіледі.
Жаңа мағынадағы арыз сөзінің тағы бір дублеті шағым 
да – бұрыннан бар сөз, мағынасы біреуге (юристік орынға 
емес) екінші біреуден көрген жәбір-жапасын айтып, одан 
әділеттік тілеу. Сот орындарына берілетін арызда да дәл осын-
дай мән болғандықтан, шағым сөзі арыз сөзімен параллель 
қолданылған. Өтірік арыз деген тәрізді өтірік шағым тіркесі 
түрінде келуі бұл екі сөздің дублеттер екенін аңғартады: Өтірік 
шағым толды ғой (I, 90).
Дублеттік қатар құрайтындардың бір тобы – тергеу, сұрау 
сөздері. Бұлар да – жаңа атаулар, алдыңғы екеуі – мағына 
жаңғыру арқылы байырғы сөздерден туған неологизмдер. Заң 
процесінің жаңа түріндегі актілердің біреуінің атауы – тер-
геу. Сірә, бұл сөздің бұрынғы мәнінде де бір нәрсенің дұрыс-


204
бұрысын, ақ-қарасын білу үшін істелінетін әрекетті атау 
оттеногі бар болған. Енді бұл сөз нақтылы іс-әрекеттің, яғни 
сот жүргізу процесінің белгілі бір сатысының атын білдіруге 
бағышталады да осы қызметте тұрақтала бастайды, бірақ заң 
саласындағы кейбір атаулар тәрізді терминдік сипатқа жете 
алмай, сұрау, дознание тәрізді параллельдермен қосақтала, 
кейде бірін-бірі айқындап түсіндіріп қолданылған сипатта 
қалады: «...Назначение қылғанда, тергеуі, сұрауы барлығына 
қарамаса...» (II, 161); «Оған дознание – тергеу шығарады»
(II, 160).
Сұрау сөзі Абайда «тергеу» мәнінде актив қолданылған: 
«Қарсылық күнде қылған телі-тентек. Жаза тартып, ешбірі 
сұралмай жүр» (I, 34); «Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау 
беріңдер» (II, 191). Бұл жердегі сұрау беру – «жауапқа тартылу, 
сот орнында тексерілу» мағынасындағы тіркес.
Іс сөзі де Абайда орысша дело деген заң терминінің орны-
на қолданыла бастағанын көреміз: «Елдегі жақсы адамдардың 
бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі 
уголовный іс көрсетіп, арыз береді» (II, 160); «Құтылам деп 
ісінен, Бәрін көріп кісіден Шығынға әбден батады» (I, 58).
Бұрынғы әдет-ғұрып правосы бойынша, жазықты адам-
ды түрме, гауптвахтаға жабу немесе оған қоғамдық қызмет 
өтету деген болмайтын, сондықтан олардың атаулары да жоқ 
болатын. Ертегі, эпостарда кездесетін зындан сөзі – шығыс 
тілдері мен Шығыс сюжеттері арқылы келген атау, бұл 
Қазақстанның Орта Азия халықтарына шектес мұсылман пра-
восы – шариғат күші жүріп тұрған оңтүстік аудандарында бол-
маса, қазақ жеріне іс жүзінде көп тарамаған тұткын орны. Рос-
сия империялық сотымен қоса қазақ тіліне түрме, кәтелешке, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет