Р. Сыздык 1-том indd


Экономикалық қарым-қатынасқа қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет101/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Экономикалық қарым-қатынасқа қатысты сөздер
Қазақ қоғамындағы таптық қарым-қатынастардың әрі қарай 
шиеленісе түсуі және тауар-ақша қатынастарының пайда бо-
луы феодалдық қанаудың жаңа түрлерін туғызады. Бұлардың 
көпшілігінің атаулары қазақ тілінде бұрыннан бар сөздер 
болғанмен, ол сөздердің білдіретін мағыналары өзгереді. Мы-
салы, сауын. Қазақтың бұрынғы феодалдық қоғамында сауын 
айту деген болған. Ол – той, ас, кейде шабуыл сияқты үлкен 
жиын ұйымдастыруға белгілі бір ру адамдары (ата балала-
ры), ауылдастар болып, қымыз, сояр мал, тігер үй жағынан 
көмектесу дәстүрі (сауын сөзінің бұл мағынасы біз сөз етіп 
отырған дәуірде де мүлде жойылып кетпегені анық): «Кіші 


209
жүз, Алшын-Жаппас, Шөмекейден Бір кісі өлген екен беріпті 
ас... Бір тұтқа Кіші жүзде бай еді деп, Шөмекей Маман байға 
айтты сауын» («Айман-Шолпан», 1963. 669). «[Көтібар] «Ша-
бамын Маман байды жиылсын деп» Еліне барысымен сауын 
айтты» (Сонда. 677); «Сауын айту – объявить, чтобы готови-
ли кумысу к свадебному пиру» (Ильминский, 153).
Өткен ғасырда (әсіресе екінші жартысында) сауын сөзі сауу 
етістігімен тіркесіп, мүлде басқаша мағынаны білдірген. Са-
уын сауу –қаналудың жаңа түрі. Ол – әбден күйзелген кедей 
шаруаның байдан сүтін сауып, қорек ету үшін уақытша мал 
алып пайдалануы, оның есебін кедей байға тегін қызмет істеп 
өткеруге тиісті болған. Абай да сауын сауу тіркесін осы мәнде 
қолданады: Ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен 
онан сауын сауып отырмын ба... (II, 186).
Кедей байдан жүнін пайдалануға қой, күшін пайдалануға ат, 
өгіз тәрізді көлік малын уақытша алып, орнына тегін қызмет 
өтеу де сауын сауу тәрізді қаналудың жаңа түрлері болған. 
Олар жүн беру, ат майын беру (сұрау) деп аталған. Соңғы 
тіркес жылқы майы, көлік майы деген вариантта да кездеседі. 
Өте бір қызық нәрсе, [малдың] майын сату, майын сұрау, алу 
деген мен [малдың] басын сату деген тіркес екеуі мүлде екі 
басқа мағынада қолданылған. Алдыңғысы «малды уақытша 
пайдалануға беру немесе алу», соңғысы – «сатып беру (немесе 
сатып алу)». Аттың (жылқының) майын міну (немесе майын 
сұрап міну) деген тіркес те жоғарыдағыға ұқсас: ол – біреуден 
бір жерге барып келуге уақытша көлік (көбінесе ат) сұрап міну, 
әрине, бұл да тегін емес, кейіннен қаруы қайтарылатын акт 
болмақ. Абай лексикасынан бұл тіркесті де табамыз: Біреуден 
бір жылқының майын сүрап мініп... (ІІ, 214).
Қазақтардың шаруашылық тіршілігінде бұл кезде жиі 
қолданылған сөздердің бірі – шығын: «Кедейге салып шығынды 
Негізі байдың тояды» (Шортанбай, 157); «Оны-мұны жиғанын 
Шығын деп тілмаш алады» (Шортанбай, 156). Шығын сөзінің 
негізгі мағынасы – әкімшілікке таласу үстінде немесе басы 
сотты болып, содан ақталу процесінде, сондай-ақ (сірә, ерте-
ректе) мал жоғалтқан адамның іздеу салу үстінде жұмсаған 
(шығарған) қаражатын білдіру. Абай шығын сөзін осы мәнде де 


210
жұмсайды: Құтылам деп ісінен, Бәрін көріп кісіден, Шығынға 
әбден батады (I, 58). Шығын сөзінің осындай мағынасы барын 
Ильминский де көрсетеді, бірақ ол жалғыз ғана ситуациядағы 
мағынасын береді: шығын – расход, когда украдена лошадь, 
и хозяин, отыскивая ее лично или через других, входит в рас-
ход, то расход этот падает на вора, когда его откроют и ули-
чат (149). Біздіңше, шығын сөзінің о бастағы, ертеректегі 
мағынасы осындай болған болуы керек. Әкімшілікке таласу 
немесе сот істеріне байланысты шығынды болу фактісі (және 
мағынасы) кейін, өткен ғасырдың екінші жартысынан былай 
қарай активтенген деп батыл көрсете аламыз.
Шығын сөзінің саудаға байланысты тағы бір жаңа мағынасы 
туады. Ол туралы «Сауда-саттыққа қатысты сөздер» атты па-
раграфтан қараңыз.
Күнделікті тұрмысқа байланысты үй ішіне (ішіп-жеу, тамақ, 
мүлік т.б.) жұмсайтын қаражатты атау қазақта бұрын болмаған 
(тауар-ақша қатынасы жоқ жерде жұмсайтын қаражат-шығын 
да жоқ). Ал кейін бұйым, тамақ т.б. сатып алу, жұмысшы 
күшін жалдау тәрізді қатынастар туған кезде орысша «рас-
ход» ұғымы да ене бастағаны байқалады. Мұны әлдеқайда кең 
ұғымды шығын сөзімен шатастырмас үшін орысша расхот деп 
атау тенденциясы болған. Мысалы, Шерниязда: «Мойнын-
да Исатайдың болып тұрды Ұстаған кысы-жазы расхотым» 
(131); «Исатайдың бір күнгі расхотын Ұстаймын деп құрисың, 
оңа алмайсың» (132). Абайда: «Қыстау керек, үй керек, Сән-
салтанат, расхот көп» (II, 126) деп келеді.
Мемлекет тарапынан халыққа салық салу ісі малды, үйді 
(шаңырақты немесе түтінді) есепке алу тәрізді бұрын қазақ 
қауымында болмаған актілерді де туғызды. Тілде осыған 
қатысты да етістіктер мен есімдер пайда болды. Мысалы, 
Шортанбайда қолданылған қағаздау, қағаздату («Қағаздатып 
бұзауын Ноғайына қояды» – 156) сөздері халық тілінен 
алынған болуы керек. Бұл іс-әрекеттердің өзге де вариантта-
ры болуы сөзсіз, бірақ олар Абай лексикасында да, өзгелерде 
де орын алмағандықтан және біздің осы еңбектегі мақсатымыз 
– қазақ лексикасы тарихын түгел баяндау болмағандықтан, 
әзірге іздестіріп, тауып көрсете алмадық.


211
Өткен ғасырда қазақ еңбекшілерінің иығына түскен эконо- 
микалық салмақтың жаңа түрлерінің пайда болуына қарай лау, 
үй тігу сөздерінің мағыналары өзгереді. Сайлау, съезд тәрізді 
әкімшілік шараларын өткізуге үкімет орындарының елден 
көлік пен киіз үйді алуын халық осылайша атап кеткен: Лау 
сұрап атыңды Тартып алып мінеді (Дулат, 66). Абай тілінде бұл 
атаулар да орын алған: Атшабар келді лепілдеп: «Ояз шықты 
сияз бар», «Лау» деп, «үй» деп дікілдеп (I, 79).
Лау сөзінің бұл кезде тағы бір мағынасы болған. Кедейдің 
байдан уақытша көлік алып, онымен жалданып, жүк, астық та-
сып күнелтуін лау айдау деп, әрекет иесін лаушы деп атаған
166
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет