Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет104/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР. 
- Серия общественных наук. - 1964. - Вып. 4. - С. 66. 


215
яғни саудагер сөзі – тек сауда жасаушы емес, несиеге тауар 
беріп, өсім алатын «спекулянт, пайдақор, өсімқор, ростовщик» 
дегенді де білдіре бастайды. Абай бұл жаңа мағынасында да 
қолданады: «Саудагер қашты бұл елден, Несиесін жия алмай» 
(I, 64); «Саудагер несиесін жия келгенде...» (II, 172); «Әркімге-
ақ тілеу қостық қой, Бәрі – алдамшы саудагер» (I, 235). Са-
удагер сөзінің алғашқы мағынасы бірте-бірте әлсіреп, қазірде 
соңғысы қалыптасқан.
Сондай-ақ пұл (бұл) сөзі Абай тілінде және осы тұстағы 
халық тілінде «ақша, байлық» мағынасында жиірек жұмсалған: 
«Бұл құрап, киім түзеп, қарны тойған» (I, 270); «Бұл үшін 
қызықпассың, сен де бір ер» (I, 265); «Өз бұлыңмен халің жоқ 
күнде тояр» (I, 174); «Тәтті менен дәмдіні Қолында бұлы бар 
жейді» (Дулат, 99). Пұл сөзінің «парық, баға, бағалылық» 
мағынасы да параллель қолданылады: «Мына бір істің бұлы 
бар екен деп» (II, 219). Пұл (бұл) сөзінің соңғы мағынасы 
бұрынырақтан бар болу керек, осы түбірден жасалған бұлдау, 
бұлдану сөздері – қазақ лексикасында ертеден қолданылып 
келе жатқан сөздер.
Базарлы жерге өз бетімен бара алмайтын ауыл адамдары-
нан үйір-үйірі не қора-қорасымен мал сатып алып, оны базар, 
жәрмеңкелерге үлкен кіріспен сататындар болған. Олар түскен 
ақшаға тауар әкеліп, оны тағы да пайдасымен ауыл арасына 
сатқан. Бірақ қазақ аулында ақша аз, сондықтан ол тауар-
ды кедей-кепшік, жоқ-жұқаларға несиеге береді. Көктемде 
несиені өсімімен жинап алады. Сөйтіп, осы операцияның өзіне 
қатысты көптеген жаңа ұғымдар мен оларды білдіретін жаңа 
сөздер пайда болады. Олар: алыпсатар, өсім, өсімқор, табыс, 
пайда, несие, қарыз, борыш т.б. Сауданың осы айтылған си-
патына қарай қазақ өміріне мықтап енген «процент» ұғымы 
Абай тұсында және Абайдың өзінде өсім сөзімен білдірілген: 
«Өсімге қол жайды, Тай алып серкешке» (I, 158); «...Тапқан 
малымның бір бөлімін өсімге беремін» (Алтынсарин, 1879, 
34); «Екіге сатса біреуі, Несиенің өсімі» (Дулат, 101). Несие 
мен қарыз – дублет сөздер, екеуі де «заттай не ақшалай ала-
тын (немесе беретін) борыш» дегенді білдіреді. Екеуі қатар 
қолданылған: «Саудагер қашты бұл елден, Несиесін жия ал-


216
май» (I, 64); «Бейне бір несиеге мал сатқандай» (Алтынсарин, 
1879. 100). Дегенмен несие сөзінің саудаға (саудагерлерге) 
байланысты, ал қарыз сөзінің жалпы біреуден (көбінесе, әрине, 
барлардан, байлардан) уақытша ақша т.б. ала тұруға байланы-
сты қолданылуы ажыратыла бастайды: «Бір тиын, қазақ, бай-
дан қарыз алма» (Шортанбай, 150).
Табыс та – сауда саласында жаңа сөз, ол көбінесе Абайда 
кездеседі: «Сонымен табысы құралмай» (II, 189). Бұл жердегі 
табыс – саудамен мал жию, байлық құрау, кіріс. Бұл кездегі 
табыс сөзінің бір дублеті – пайда. Шығын сөзінің бұған 
қарама-қарсы мағынасы да осы тұста жанданған, ол – сау-
да кәсібінен шеккен зиянды білдіру: «Алған пұлы жетпейді 
шығынына» (Майлы, 210). 
Сату сөзінің семантикалық қозғалысы өте қызық. Алғашқы 
кезде бұл етістік «сату» дегенді де, «сатып алу» деген мәнді 
де білдірген. Біржанның «Бір атты сатып міндім елу бес-
ке» (188) немесе «Барыңда батып іш, жоғында сатып іш» 
деген мақалдағы сатып сөзі қазіргі нормамызда соңынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет