ғалым – хақим емес, әрбір хақим – ғалым» (II, 205); «Аристотель
хакімге патша келді» (I, 262). Бірақ ғалым, хаким сөздерінің
мағынасы бір-біріне жуық екенін Абай өзі де айтады: «Хаким,
ғалым – асылда бір сөз, бірақ ғарафта басқалардүр» (II, 204).
Оқу-ағарту процесіне қатысты сөздердің бірі – сабақ. Бұл –
көп мағыналы сөз, бір мағынасы – мектептегі оқыту процесінің
атауы; сабақ сөзінің осы мағынасы өткенде де болған. Абай да,
Ыбырай да сабақ сөзін «оқу, оқыту» мағынасында жұмсайды:
«[Баланы] сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп та-
уып алып...» (II, 167); Ыбырайда: «Сабаққа көңіл берсең
басыларсың»; «...берген сабақтарын толық үйреніп, білуге ты-
224
рыс». Орыс ағартушылары да урок дегеннің аудармасын сабақ
деп береді. Мектептердегі сабақтың бұрын қолданылған тағы
бір атауы –дәріс Абай мен Ыбырайда жоқ.
Сабақ сөзін Абайдың ауыспалы жаңа мағынада қолдануын
проф. Қ.Жұмалиев дәл тауып, өте жақсы талдаған
178
. Абай
«Онегиннің сипатында»: «Ел аулақта оңаша қолына алып,
Көңліндегі сабағын айтып тынар» (II, 73) десе, осындағы сабақ
– Пушкиннің «И после ей наедине Давать уроки в тишине»
(V, 14) дегеніндегі урок сөзінің мағынасында. Бұл сабақтар,
әрине, мектептегі сабақ емес, ауыспалы мағынада.
Жазу деген туынды сөз де осы кезенде активтенген. Бұның
XIX ғасырдағы мағынасы «письмо, написанная бумаға, гра-
мотность» (Ильминский, 128). Абайдың «Жазу жаздың, хат
таныдың» (I, 129) дегенінде жазу сөзі – осы күнгідей тура
мағынасында, яғни қағазға әріп таңбасын түсіру процесінің
атауы. Сонымен қатар жазу сөзі – Абай тұсында, оның ішінде
Абайдың өз тілінде творчестволық процесс аты, яғни «ақынның
өлең, шығарма жазуы» дегенді білдіре бастайды: «Бір кісі емес
жазғаным, жалпақ жұрт қой» (I, 43); «Мұны жазған кісінің...»
(I, 45).
Заманына орай «сауат ашу» мағынасын білдіретін сөздердің
активтенуі түсінікті. Бұл ұғымда Абайда хат тану, түркі тану
тіркестері қолданылған (ІІ, 179, 168). Өткендегі қазақ тілінде
хат сөзінің «жазу, жазылған нәрсе, кітап» деген мағынасы
болған: «Шежіре туған адамның көкірегі сызған хатпен тең»
(Дулат, 56). Хат сөзінің «жазылған нәрсе» мағынасы Абайда
да бар: «Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр» (I, 39). Ал түркі
тану дегеннің бірінші компоненті XIX ғасырларда көптеген
түркі тілдеріне о баста ортақ болған, ортаазиялық әдеби тілдің
атауы болған (түркі, ол орысша тюрки деп аталған), демек,
түркі тану фразасы – сауаты ашылып, түркі тілінде жазылған
әдебиетті оқи алатын дәрежеге жету процесінің атауы.
Қазақ даласына оқу-білімнің бұрынғыға қарағанда, жан-
дана түскені кітап сөзін де жиі қолдандырған. Ол тек Абай,
Ыбырайда емес, өзге ақындарда да мол кездеседі: «Кітап
сөзін жатқа алса»; «Кітаптан көрген нақылың» (Дулат, 64,
178
Жұмалиев Қ. Көрсетілген еңбек. - 191-б.
225
68); «Мәселе кітап шығардым Кейінгі қалған пендеге» (Шор-
танбай). Кітаппен қатар осыған жуық мағынада ақыл дәптер
(«Азғантай мен жазайын Ақыл дәптер» – Ақан, 272), кінеге
(«Жазуға үйрететұғын кінеге» – оқу құралының аты) сөздері де
ара-тұра қолданылғаны байқалады. Ал Абайда тек қана кітап
сөзі тұрақталған. Кітап сөзі жиі қолданыла бастаған соң,
оның бетіндегі таңбалардың атауы да аталмай қалуы мүмкін
емес, сондықтан арабтан алынған қарып (қазіргі нормада әріп)
сөзін де табамыз: «Сөз қарыпсыз, дауыссыз болушы ма еді?»
(II, 197); «Қарыпсыз біліп сондайды» (I, 162).
Абай тілінде оқу процесіне байланысты құрал-жабдық-
тардың бірқатарының атауы бар. Олар: қалам, сия, қағаз (ақ
қағаз). Қалам ол кезде көбінесе осы күнгі қаламның да (руч-
ка), қарындаштың да атауы болса керек, өйткені не Абайда, не
Ыбырайда қарындаш сөзі кездеспейді. Әрине, Абай тұсында
оқу-ағарту ісінің дамуы мен сипатына қарай оқу процесіне
байланысты қазақ тілінде бірсыпыра құрал-жабдық атаулары
болғаны сөзсіз. Бірақ Абайда бұлар түгел кездеспейді. Ақын
оқу процесін арнайы сөз еткен емес, сондықтан оқу ісіне
қатысты арнаулы құрал-жабдық пен жеке процестердің атау-
лары ұлы ақын тілінде орын алмауы түсінікті.
* * *
Сөйтіп, Абай өмір сүріп, жазушылық құрған кезеңі – XIX
ғасырдың II жартысы қазақ қоғамы өмірінің сан саласын
қамтыған тарихи өзгерістердің, жаңалықтардың, уақиғалардың
дәуірі болды. Тілдің ең сезімтал, өзгерімпаз бөлігі – сөздік
құрамы бұл фактіге қатыспай тұра алмағаны мәлім. Сондықтан
XIX ғасырдың II бөлігіндегі қазақ тілі лексикасының күй-
жайын сипаттайтын негізгі белгілер қоғамның сол кездегі са-
яси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне тікелей
байланысты болып келеді. Бұл жағдай бізге Абай тұсындағы
қазақ тілінің, Абайдың өзінің сөздік құрамын танып-білуде
ондағы ең үлкен өзгеріс-жаңалықтарды қоғам өміріне байла-
ныстыра іздеуге мәжбүр етеді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымына, ел билеу мен сот-заң
істеріне, шаруашылықтың жаңа түрлеріне байланысты сөздік
226
құрамда кейбір сөздердің пассивтеніп, кейбіреулерінің жаңадан
еніп жатқан фактісі әуелі жалпы халықтың сөйлеу практика-
сында орын алса, қазақ әдеби тілі бұл картинаны ілесе көрсетіп
отырған. Оның ішінде Абай лексикасы да осы жаңалық-өзге-
рістерді толық дерлік қамтыған. Абай бұл жөнінен жалпы-
халықтық тәжірибені пайдаланған. Қолданыстан кете бастаған
сөздер мен образдардан Абай да бойын аулақ салады. Тіпті
өзінің кейбір тұстастарында әлі де актив пайдаланылып келе
жатқан кейбір ескі әлеуметтік, экономикалық құбылыс атау-
ларын (байтақ, төлеңгіт т.б.) Абай лексикасына енгізбейді,
ал кейбіреулерін (төре, сұлтан т.б.) көбінесе ауыспалы немесе
жаңадан үстелген мағынада жұмсайды. Бұл салада халық тіліне
Абайдың әсіресе ден қойғаны – жаңа ұғым, зат, құбылыс, әрекет
атаулары. Өмірдің қай саласынан болмасын жалпыхалықтық
тіл мен өзіне дейінгі әдеби тілге енген немесе активтенген
жаңа сөздер мен жаңа семантикалық мағыналарын Абай бірден
қабылдайды. Сондықтан ел билеу саласындағы болыс, ояз,
Достарыңызбен бөлісу: |