Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет35/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

оқып білгенше (I, 182). Бұрыннан қазақ тіліне сипатты ел бағу, 
балаларды бағу дегендердің қатарына Абай ғылым бағу, дін 
бағу, ғылым іздеу деген жаңа тіркестер қосады: Ғылымды 
іздеп, Дүниені көздеп (I, 92). Терең ой, терең ғылым іздемейді 
(I, 67). Соңғы тіркес – еркін грамматикалық тіркес, әр компо-
нент – өз мағынасын беріп тұрғанмен, ғылым сөзінің тіркесу 
аясын кеңітіп көрсететін фактілердің бірі.
Үшіншіден және ең негізгісі, қазақ лексикасына орныққан 
кейбір шығыс сөздері көп мағыналық сипатқа ие болады. Бұл 
белгі әсіресе Абайда күшті сезіледі, Абай бір алуан араб-
парсы сөздеріне үстеме мағына немесе семантикалық реңк 
береді. Мысалы, қызмет сөзі – қазақ тілінде Абайға дейін-
ақ 2-3 мағынаны білдіре бастаған сөз. Біреулерге ілтипат 
көрсетіп, белгілі бір міндет атқаруды қызмет, қызмет 
істеу, қызметінде болу, қызмет қылу, қызмет шегу тәрізді 
тіркестермен білдірген: Қызметін қайын жұрттың көрді 
дейді («Қыз Жібек», 1963. 23). Қызмет шегіп жүгірді Кел-
мембет ердің жолында («Қамбар», 1957. 67). Екі қолын 
қусырып Үлкенге қызмет қылады (Дулат, 61). Қызмет ету 
(істеу, қылу) тіркесі «біреуге жұмыс істеу» (көбінесе тәуелді 
түрде) мағынасын да білдірген: Бай кедейді көрмейді... 
Қызметін бір күн қылмаса, Майлы сорпа бермейді (Шор-
танбай, 156). Абайда қызмет сөзінің осы мағыналары да 
кеңінен қолданылған. Әбдірахманның әйелі Мағыштың аузы-
на: Тым болмаса қызмет қып, Өткізбедім қасымнан (1, 190) 
деген сөзді салғанда, қызмет сөзі «міндет», «күту, «бағып-
қағу» мағынасында келсе, байларға қызмет қыл (I,52) де-
ген тәрізді жерлерде күнкөріс үшін жұмыс істеу мағынасын 
береді. Бұл екеуімен қатар Абай қызмет сөзін 3-мағынада 
пайдаланады: ол – қызмет сөзінің «әскери және әкімшілік 
орын» деген ұғымы, орысша «служба» мағынасы: Баламды 
медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп 


79
бермедім (I, 25) дегенінде қызмет қылу–«патша үкіметінің 
әкімшілік органында жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Сондай-
ақ: ...Қызметке, болыстық, билікке таласу (II, 159) дегендегі 
қызмет – жергілікті әкімшілік орны. Кей жерлерде жазушы 
оязға қызметету немесе военный қызмет деп осы сөздің 
мағынасын тіпті айқын береді: Военный қызмет іздеме 
Оқалы киім киюге (I, 52). Қызмет қылма оязға Жанбай жа-
тып сөнуге (I, 52).
Бұл сөздің жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынасын 
білдіретін тар мағынадан адамдар мен үкімет арасындағы 
қарым-қатынасты белгілеуге көшуі – Абайда (және ішінара 
өзгелерде) кейбір сөздерді көп мағыналы ету фактісінен туған.
Сондай-ақ өнер деген қалыптасқан арабизмді Абай бірнеше 
ұғымда жұмсайды. Өнер сөзі қазірде «искусство» мағынасында 
тұрақталған. Ал Абайда ең алдымен бұл сөз «кәсіп, про-
фессия, қызмет» ұғымын береді: Оқудан шыға ұстады ата 
өнерін (I, 271). Осының алдында: Кәсібін күннен-күнге Тәңірі 
оңғарған (I, 270) деген жол бар. Бұл жердегі өнер – «кәсіп». 
Арабша харекет сөзі де осы екеуіне синоним болып келеді: 
Атаның харекетін ұстай алды (I, 271). Хош, қорықты елің, 
Қорқытқан сенің өнерің қайсы айтып бер (I, 91) дегеніндегі 
өнер – «іс-әрекет, қызмет». Қылып жүрген өнері харекеті – 
әрекет (I, 60) деген жолдардағы өнер, харекет, әрекет деген 
үш арабизм – өте бір қызық келтірілген семантикалық шоғыр. 
Үшеуі де бір-біріне синоним болып түседі, дәл осы жерде 
өнер мен харекет сөздері жалпы «кәсіп, іс-әрекет» дегенді, 
ал әрекет варианты «жағымсыз іс-әрекет» дегенді білдіріп 
түр. Бұл – Абайдың халық тіліне енген шығыс сөздерін көп 
мағыналы етіп қолдануының өте бір сипатты фактісі. Өнер 
сөзінің таза «кәсіп, іс-әрекет» мағынасында келтірілгеніне: 
Қажеке, молдеке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер (I,191) 
деген сөйлемі де мысал болады. О дүниеге барғанда Құдай 
тағаланың алдында жауап беретін қажы, молда, сопы, жомарт, 
шейіттердің бұл дүниеде істеген істерін Абай өнер қылдыңдар 
дегенінде, әрине, өнер сөзі қазіргідей «көркем өнер (искус-
ство)» ұғымында емес, тіпті жағымсыз іс-әрекет мағынасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет