74
(неарабизованные) деп екіге бөлгені бойынша
71
қарасақ,
біздіңше, қазақ тілі алғашқы топқа әбден жатады. Өйткені ис-
лам діні етек жайған XIX ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын
қазақ тілі сөздік құрамында қыруар шығыс сөздері болғаны
аян. Әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты парсы сөздері
ену мерзімі жағынан барлығынан да бұрынғы, әріректегі топ
тәрізді. Мұндай тілдік құбылыстан дәлел ретінде Б.Юнусалиев
иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды
жалғаған түрлерінің кездесетіндігін келтіреді. Мысалы, осы
пікірдің авторы келтірген қырғыз тіліндегі
демік (дем +
ік),
қассын (қас +
сы +
н), шексин (шек + си+н)
72
сөздерінің ана-
логияларын қазақ тілінен де табуға болады:
демігу (дем +
ік),
батыс говорларындағы
жанығу (жан+ық), зораю (зор + ай)
дәлелін біз әбден қоштаймыз. Екіншіден, проф. С.Д. Асфандия-
ров өте бір қызық пікір айтқан-ды. Ол кісі: «Каспий теңізінің
солтүстік-шығыс жағалауы мен Әмудария, Сырдарияның
төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран тілдес
көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес
отырып, тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның сол-
түстігі мен шығысын жайлаған түркі-монғол тайпалары иран
сөздерін сол тұстан бастап тіліне енгізген болар», – дейді. Өз
сөзімен айтсақ: «В современном казахском языке наблюдается
наиболее большего количества персидских слов, совершенно
ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в
очень далекое время»
73
.
Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының,
әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты сөздердің қазақша
(түркіше) дублеттерінің қазірде болмауы да бұлардың өте
ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден ығыстырғандық-
тарының үшінші дәлелі тәрізді.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-иран-
дық
дұшпан, дос, кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда, сауда-
Достарыңызбен бөлісу: