Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет33/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

гер, базар, пұл (бұл), тар азы, дерт, шаруа, өнер, зиян тәрізді 
71
Дмитриев Н.К.Арабские элементы в башкирском языке // Записки Коллегии 
востоковедов. - Т. V. - 1930. - С. 119.
72
Юнусалиев Б.М. Көрсетілген кітап. - 222-б.
73
Введение исторического и биобиблиографического характера // Прошлое 
Казахстана в источниках и материалах. Под редакцией проф. С.Д. Асфандиярова и 
проф. П.А.Кунтс. - Алма-Ата, - М., 1935. - С.11.


75
зат есімдер, арзан, майда, таза, зор тәрізді сын есімдер – әбден 
сіңісіп, қазақтың төл сөзі болып кеткендер. Олар – жалпы- 
халықтық нормадағы сөздер, яғни қазақтың кең байтақ даласы-
на тегіс тараған, барлық жерде түсінікті және көбінесе барлық 
жерде бірдей мағынада (мағынасы кейін екіге бөлінген пұл 
тәрізді бірен-сараны болмаса) қолданылып келе жатқан лексе-
малар. Оған дәлел – бұларды Абайға дейінгі ақын-жыраулар 
текстерінен де, кейбіреулері XIX ғасырда жырланғанына неме-
се жазылып алынғанына қарамастан, о бастағы негізін сақта- 
ған ауыз әдебиет үлгілерінен де молынан кездестіреміз.
Сондай-ақ Абайға дейінгі қазақ тіліндегі араб қабатының 
бірсыпырасы – жалпыхалықтық тілге ертеректе еніп, қалып- 
тасып, сіңісіп кеткендер. Олардың өзін жалпылап екі топқа 
бөлуге болады: ислам дініне қатыстылары және дінге қатыс- 
сыздары. Бұл екі топтың қай-қайсысы да XIX ғасырға дейін-
ақ қазақ лексикасында айтарлықтай орын алғанын зерттеуші 
лексикологтар көрсетеді.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысында, орта тұсында 
жасаған қазақ ақын-жырауларының тілінен және ауыз әде- 
биеті үлгілерінен дінге қатысты бірқатар араб сөздерін таба-
мыз. Мысалы, Бұқар жырауда: пұсырман, қыдыр, арсы-күрсі, 
қыбла, сәлде, ахрет, Алла, молда, иман, мешіт, кебе, намаз, 
фани; тақырыбы діннен мүлде қашық жауынгер ақын Ма-
хамбетте: фәни, құрбан, садаға, Алла, ақы; оның үлгісін әрі 
жалғастырушы Шерниязда: молда, дұға, аруақ, құрбан т.б. 
сөздерді ұшыратамыз.
Аса ынталы мұсылмандар болмаса да, қазақтардың сөйлеу 
тәжірибесіне ислам дінінін әр алуан ритуалдарына (намаз,
ораза, дұға, қайыр, садақа, құрбан) қатысты сөздер, дін иеле- 
рінің аттары (молда, сопы т.б.) және басқалары ерте кезден 
бастап-ақ кіре бастағаны көрінеді. Ал дінге қатыссыз сөздер- 
ден көбінесе абстракт ұғым атаулары да Абайға дейінгі 
нұсқаларда едәуір бары байқалады. Дәулет, бақ, несібе, несіп, 
уағада, уәде, пейіл, айбат, арам, адал, амал, құрмет, ар, абы-
рой, сабыр, әлем, ажал, уақыт, мезгіл, мақұл, мысал, өмір т.б. 
сияқты көптеген сөздер халық тілінде актив қолданылғанды- 
ғын XVIII-XIX ғасыр қазақ ақындарының шығармалары мен 
ауыз әдебиеті үлгілері көрсетеді.


76
XVIII ғасырда, әсіресе оның II жартысына дейінгі кезеңдерде 
қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін 
Абай өз шығармаларында: өлеңдерінде де, прозасында да ак-
тив пайдаланған.
Абай кейбір өлеңдерінде және «Қара сөздерінде» теология 
тақырыптарын әңгіме етеді. Соған орай ислам дініне қатысты 
сөздердің ең алдымен халық тіліне бұрыннан енгендерін 
қолданады. Бейіс, бенде, иман, ахирет, аят, әруақ, тәубе, 
пәни, Алла, молда, сопы тәрізді арабизм-фарсизмдерді Абай 
жалпыхалықтық тілден алғаны хақ. Және бұларды тек дін жай-
ын сөз еткен жерлерде емес, орайы келгенде өзге азаматтық 
тақырыптар ішінде де қолданады. Ислам діні атауларын бірер 
жерде басқа дінге қатысты ұғымдар үшін де қолданады. Мы-
салы, орыс тілінен аудармаларында христиан дініндегі мо-
нах дегенді сопы деп алады: Ол монастырь – сопылар тұрар 
жері (II, 150). Тегі, бұл жерде сол кездің қазақ оқушысы үшін 
бірнеше бейтаныс орыс сөздерін қатар келтіруден қашып, 
мүмкіндігінше мағынасы жуық сөзді пайдаланған. Бірақ 
мұндай факт көп емес. Абай қазақта жоқ орыс тілінен келген 
ұғым атауларын қазақшалап немесе арабша-парсышалап беру-
ге тырыспаған.
Бұрыннан жалпыхалықтық тілде қалыптасқан шығыс сөз- 
дерінен сан жағынан Абайда көбірек пайдаланылғаны – дінге 
қатысы жоқ атаулар. Дәулет, амал, қадір, құрмет, бақ, күмән, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет