Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет52/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

нен – II, 72), бірде «сырты жалтыр, алдамшы» деген ауыспалы 
мағынадағы мишура сөзінің баламасы ретінде қолданылады. 
Еш қызыққа арманым жоқ, Бәрі де бар формының (II, 86) –А 
мне, Онегин, пышность эта, Постылой жизни мишури (Пуш-
кин, V, 189). Мұнда да бәрі бір «қалып, сыртқы түр» ұғымы 
бар. Сөйтіп, бұл екі жерде де порым сөзі жырлардағыдай не-
месе өзге ақындардағыдай адамның бет-бейнесі емес, «жалпы 
жүріс-тұрыс, қылығының сыртқы түрі, қалпы, күйі» деген 
мағынада қолданылған.
Бізді таңырқататын нәрсе – «сыртқы пішін, бет-әлпет» мағы- 
насын беретін өзге де көптеген варианттар (әлпет, сипат,түр, 
102
Сүлейменова Б. Көрсетілген мақала. - 60-б.


111
пішін, келбет, сымбат т.т.) тұрғанда және орыс тілінен сөз ену 
процесінің әлі солғын (пассив) кезінде елден ерекше жалғыз 
форма русизмінің қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тіліне 
еніп, соншама актив қолданылуы. Мұнда бір сыр бар тәрізді. 
Парсы-орыс сөздіктерінен форм сөзін («форма» мағынасында) 
кездестіреміз. Бірақ бізге белгісізі – осы сөз парсы тіліне Еу-
ропа тілдерінен кейін енген бе, жоқ, индоевропалық элемент 
ретінде әуелден бар ма? Егер бұл сөз парсы тілінде ертеден бар 
сөз болса, қазақ тілі кедей, пайда, зор, айна сөздері тәрізді, по-
рым сөзін де ертеректе парсы тілінен алған жоқ па екен?
Пар сөзі де – осы тәрізді ертеде актив қолданылып келе 
жатқан русизм. Бұл да эпостық жырларда да, ақындарда 
да мол кездеседі. Мағынасы екі түрлі: бірі және көбінесе 
ұшырайтыны «тең», «бірдей» деген ұғымда: Табылмас Кіші 
жүзде Маманға пар («Айман-Шолпан», 1957. 12). Пар келме-
ген еш әнші тіпті маман (Біржан, 189). Пар сөзі тіпті қазақша 
тең деген таза синонимімен қатар келіп, плеонастык тіркес 
құрап та қолданылған: Мұнда жоқ сенің тең парың («Қыз 
Жібек», 1963. 110). Бұл мысалдардағы пар сөзі орысша пара 
сөзінің көнерген «человек, подходящий другому, могущий 
составить с ним что-нибудь целое, общее» (устар.)
103
деген 
мағынасынан алынған. Екінші мағынасы пар жегу тіркесінде 
келіп, «қос ат жегу» дегенді (орысша пара сөзінің «запряжие 
в две лошади» деген ұғымы) білдіреді: Парды жетіп жорғаға 
(«Қамбар», 1957, 54). Пар сөзінің бұл мағынасы әуелі та-
тар, башқұрт тілдеріне, одан өткен ғасырдың II жартысында 
(біздіңше, одан да бұрынырақ) қазақ тіліне енген деген пікір 
бар
104
. Пар сөзінің соңғы мағынада жұмсалуы, шынында да, 
өткен ғасырдың соңғы жартысында активтенген болуы керек, 
өйткені арбаға ат жегу салтының өзі қазақ тұрмысында одан 
бұрын көп қолданылмаған. Ал алғашқы мағынасы бұдан көп 
бұрын енген болар, өйткені пар келу, тең пары деген тіркестер 
құрап, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі қолданылуы жаңадан ен-
ген элементтің сипатына сыйыңқырамайды.
103
Толковый словарь русского языка. Под редакцией Д.Н.Ушакова. - Т. III. - С. 38.
104
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 159-б. 
(Б.Сүлейменованың пар сөзіне жасаған этимологиясы).


112
Абай да бұл сөзді тең, шақ сөздерінің таза синонимі ретінде 
қатар пайдаланған. Салыстыр, Онегиннің хатының бір жерінде: 
«Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (II, 77)», – 
десе, екінші бір шумағында: «Сен тоты құс бақта жүрген, Қай 
жеріммен пар келем (II, 78)», – дейді. «Ескендір» поэмасында 
«тоқтау көрмей өскен жан» менмен патша өзі туралы: «Шақ 
келер маған жан жоқ наныңыздар (I, 260)», – дейді.
Халықтың аты ретіндегі орыс сөзі – әрине, барлығынан 
бұрын, ең бірінші болып енген русизм. Абай тұсында және 
Абайдың өзінде орыс сөзі халықтың атауымен бірге, «патша 
үкіметі қойған жоғарғы әкімдер» дегенді де білдірген.
Бұлардың көпшілігінің қазақ әдеби тілінде, яғни көркем 
әдебиетінде актив қолданылуын біз Абай тұсында, яғни XIX 
ғасырдың II жартысында болған деп табамыз. Болыс, ояз, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет