су, шенді (шекпен), бодандық, сомалау тәрізді туынды сөздер
бұл тұста Абайда да, өзгелерде де қолданылған.
Бірақ кейбіреулерінің (партияласу, законсыз, сомалау)
активтенуі, сірә, Абайдың үлесіне тиетін сияқты. Бұл сөздердің
қазақтың жалпыхалықтық тәжірибесіне сіңгендігінің төртінші
белгісі – кейбіреулері әр алуан тіркестер құрай бастағандығы:
бодам қылу – бодам болу, шар салу, партия жию, шенді шек-
пен – шен-шекпен, би мен болыс, басы сотқа айналу, закон
сұрау, законмен жөн сұрау.
Бесінші және басты белгісі – олардың әдеби тілге еніп,
оның әртүрлі үлгілерінде актив қолданыла бастауы. Жоғарғы
көрсетілген сөздер (олар Абайда барлары) және солар типтес
өзге де көптеген русизмдер XIX ғасырдың II жартысындағы
жеке қаламгерлермен қатар осы тұста хатқа түскен ауыз
әдебиеті үлгілеріндс, оның ішінде эпостық жырларда ба-
тыл және жиі енгізілген. Ең алдымен, ең жиі кездесетін –
М.С.Сильченко айтқандай, «пресловутые» шай мен самаурын.
Бұл сөздер, не екеуінің біреуі айтылмаған жыр жоқ: Ішкендерін
сұрасаң, Шекер менен шай болған («Қамбар», 1957, 8). Мың
түйеге жүк тағы да Қант пенен шайы бар («Қыз Жібек», 1963,
50). Шай, қантпен тоғыз нарға тоқаш артып («Айман-Шол-
пан», 1957, 9) т. б. Сірә, алғашқы кезде бұл екі сөз қосақтала
бір-бірінің мағынасын анықтай қолданылғаны да байқалады.
Мысалы, «Қамбарда»: Шай-самаурын іше кет (1957, 14).
Екінші орында, біздің байқауымызша, пәуеске, трой-
ке, қамыт, доға, шиделке, пар жегу тәрізді әр алуан арбалы
транспорт түріне байланысты сөздер тұрады. Мысалы, «Қыз
Жібек» жырындағы: Көк пәуеске күймесін. Үш қара жорға
атты тройкеге жетіп. Немесе: Пәуескелі күймемен Парлатып
жорға жектіріп т.т. «Қамбардағы»: «Алтыннан қамыт-доғасы,
Шиделкесі күмістен» дегендер – сөз жоқ, өткен ғасырдың
кірмелері.
Россия саудасының қазақ даласында, әсіресе, барлар, бай-
лар ортасында жандануымен байланысты орыс тілі арқылы
115
келген бірлиант, атлас тәрізді асыл бұйым, кіреует, поднос,
тіпті бөтелке тәрізді жеңіл өнеркәсіп продукциясының аттары
эпостық полотнолар тілінен орын алды. Тіпті жанарал, кінәз,
майыр («Қамбар», 1957, 34) терминдері де батырлар жырындағы
мың сан жандардың бірі болып аталып кетеді. Осылардың
көпшілігі, әрине, соңғы кезде, XIX ғасырда енген сөздер бола
тұрса да, бұлардың бірден ауыз әдебиеті үлгілерінде орын
алуы қазақтың жалпыхалықтық тілінің дамуындағы белгілі бір
бағытты көрсетеді. Яғни өткен ғасырлардың өзінде-ақ, әсіресе
Абай тұсында, қазақ лексикасының орыс сөздері арқылы толы-
су тенденциясы берік орын алғаны көрінеді.
Бұл тенденцияны әрі қарай дамытқан Абай мен Ыбырай
екені айтылып келе жатыр. Әрине, әрі қарай дамыту деген
ұғым тек сан жағынан молайту ғана емес. Ал сан жағынан
алғанның өзінде Абайда өзге әдеби үлгілерде кездеспейтін
(демек, негізінен, жалпыхалықтық қолданыста жоқ немесе өте
сирек) бір топ орыс сөздері бар. Олар: адвокат, доктор, губер-
натор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь,
такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование,
назначение, посредник, жеребе, прошение, дознание, прямота
(занимайся прямотой), икра, фабрик, электр, миллион, румке,
стакан деген зат есімдер, уезный, военный, здравомыслящий,
уголовный, виноват деген сын есімдер, гуляйттау, пошел, за-
нимайся (прямотой) деген етістіктер.
Бұлардың өздерін бірнеше топқа бөліп талдауға тура
келеді. Өйткені бұлар қолданылу мақсаттары, орыс тіліндегі
морфологиялық сипаты, тексте кездесу жиілігі, стильдік
белгілері жағынан біркелкі емес. Бұлардың ішіндегі адвокат,
Достарыңызбен бөлісу: |