Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет51/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Орыс сөздері 
(русизмдер)
Абай лексикасындағы русизмдер туралы едәуір жазылды. 
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ш.Са- 
рыбаев т.б. бірқатар зерттеушілер Абайдың әдеби творчество-
сына, оның қазақ тілі тарихындағы атқарған рөліне арнаған 
жұмыстарында Абай тілінде орыс тілі элементтерінің бар 
екенін атап, кей жерлерде санына дейін көрсетіп кетеді. Абай 
шығармаларындағы орыс сөздері туралы арнаулы ғылыми 
мақала да бар
101
.
XIX ғасырдағы қазақ тілінің генетикалық қабаттарының 
ішінде орыс элементтерін талдау шығыс тілі элементтеріне 
қарағанда, бірқыдыру оңайырақ түседі. Өйткені, ең алдымен, 
қазақтың жалпыхалықтық тілі мен әдеби тіліне орыс сөздерінің 
көзге түсерліктей дәрежеде ене бастауы – кейінгі дәуірлердің 
жемісі, екіншіден, бұл кезде олар сан жағынан әлі көп емес. 
Сондықтан Абайдың орыс сөздерін пайдалануы жайында бұған 
дейін айтылып келген пікірлер мен азды-көпті талдауларды әрі 
дұрыс, әрі едәуір толық деп табамыз. Әрине, бұлардағы кейбір 
жеке жайттар мен тұжырымдарға келіспейтін сәттеріміз де бар.
Абай тіліндегі орыс тілінен алынған элементтерді де, 
шығыс сөздері сияқты, олардың тілге ену мезгілі, қолданылған 
мақсаты, сіңу (ену) дәрежесі, қолданылу жиілігі жақтарынан 
алып қарастырамыз.
Абай текстеріндегі русизмдерді «паспортындағы» «тір- 
келу» мезгіліне қарай: 1) өзіне дейінгі кезеңдерде енгендер; 
2) Абай тұсында, яғни XIX ғасырдың II жартысынан бастап 
енгендер деп бір топтасақ, «иесінің» «паспортына» қарай: 
1) жалпыхалықтық қолданыстағылар: 2) Абайдың өзі ғана 
қолданғандар деп тағы топтаймыз.
ХIХ ғасырдың II жартысына дейін қазақтың әдеби тіліне 
енген орыс тілі сөздері аса көп емес. Енгендері – Россия мен 
сауда-саттыққа байланысты ұғым, зат аттары, әкімшілік-
ел басқаруға қатысты кейбір сөздер және күнделікті тұрмыс 
101
Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР. 
- Серия общ.наук. - 1964. - Вып. 4.


109
пен шаруашылыққа байланысты жеке сөздер болатын. Бұлар, 
сірә, халықтың ауызекі сөйлеу тілінде әдеби тілге қарағанда 
бірқыдыру көбірек болуы сөзсіз, өйткені өткендегі қазақ әдеби 
тіліне, негізінен, поэзия жанры жататындықтан, онда тұрмыс- 
шаруашылық атаулары көп орын алмағаны белгілі. Сондықтан 
Абай шығармаларында өз дәуіріне дейін енгендерден шамалы-
ақ сөздерді атай аламыз. Олар: старшын, болыс, сияз, шар, 
партия, ояз, шен, майыр, орыс, солдат, расход, закон, сот 
(мүмкін, содия), шіркеу, кірес, барқыт, самаурын, порм, пар 
т.б.Бұлардың бірқатарының Абайға дейінгі әдеби тіл мен жал-
пы халықтың сөйлеу тілінде қолданылғандығын көрсетуге 
болады. Мысалы, солдат сөзі Исатай-Махамбет көтерілісі 
тұсынан және одан да әрі патша үкіметінің Қазақстанды от-
арлау процесінде әскери күш көрсеткен алғашқы тұстарынан 
бастап-ақ белгілі бола бастаған. Мысалы, Махамбет Жәңгір 
хан туралы: «Патшадан солдат алдырып» (117) дейді. Бұл жер-
де солдат – «орыс армиясының жауынгері» деген мағынада. 
Кейінірек, эпостық жырларда бұл сөз «жалпы (кімдікі болса да) 
жауынгер, әскер» деген кеңірек ұғымда жұмсалатын болған. 
Мысалы, «Қамбар» жырында: Жеті жүз солдатты алдына са-
лып айдады (1957, 34). «Қыз Жібекте»: Келе жатқан солдат-
ты (1963, 29). Бұл мағына, сірә, ХІХ ғасырдың ІI жартысының 
жемісі болу керек. Өйткені бұл кезең – қазақ даласы орыс ар-
миясын, яғни солдаттарын көбірек көріп, әбден танық болған 
кез. Демек, солдат сөзі де әбден орнығып, енді мағынасын 
кеңейтуге бет алғаны. Абай бұл сөзді «Қара сөздерінде» 
қолданады. Барлық жерде ол – «орыс армиясының адамы 
(жауынгері)» мағынасында. Абай бұл түбірден солдаттық 
деген неологизм де жасайды. Орыс империясының право-
сы қазақ қоғамында 1812 жылғы Уставтан кейін-ақ күшін 
жүргізе бастағаны белгілі. Соған орай закон, сот сөздері си-
рек болса да әдеби тілге ене бастаған. Әкімшілікке қатысты 
сөздердің ішінде шен сөзі, сірә, ең алғашқы кіргендерінің 
бірі болар. Өйткені Россия патшасының өзге халықтарды 
бағындыруда қолданған тәсілінің бірі – сол халықтың үстем 
тап уәкілдерін шен, сыйлық беріп, өзіне қаратып алу болғаны 
мәлім. Сондықтан қазақ даласына шен сөзі отарлау актісімен 


110
бірге келген. Тіпті ол шен-шекпен түрінде қос сөз компоненті 
болып та үлгерген. Ал әйгілі самауырын (шайымен қоса) және 
мата аттары (Абайда олардан барқыт қана қолданылған) да – 
ертеден, орыс саудасымен қоса келген элементтер.
Русизмдер деп танып жүрген пар және порым деген екі 
сөз назар аудартады, зерттеуші Б. Сүлейменова: «Латынның 
forma сөзі «сыртқы түр» мағынасында қазақ тілінде Абайға 
дейін қалыптасып орныққан сөз», – дей келіп, оның эпос жыр-
ларында актив қолданылғанына мысалдар келтіреді
102
. Шы-
нында да, біздің қолымызда да бұл сөзге қазақтың эпостық 
шығармаларынан жиналған көптеген мысал бар. Бәрінде де 
«адамның сыртқы пішіні, бет-әлпеті» деген мағынаны білдіреді. 
Бұл сөз тек эпостық жырларда емес, XIX ғасыр ақындарының 
барлығында түгел бар. Порым сөзі енді «адамның бет-бейнесі, 
түр-әлпеті» деген мағынадан кеңейіп, өзге жансыз заттардың 
да «түрі, пішіні» дегенді де білдіре бастайды. Мысалы, Біржан 
ұрланған шідері туралы: «Форымын шідерімнің сұрасаңыз, 
Сап күмістен балағы, алтын тиек (185)», – дейді. Бірақ көбінесе 
адамның, оның ішінде де әйелдің түр-әлпеті деген ұғымда 
қолданылған: Пормына төңкерілген жайдым қанат (Ақан, 252). 
Ішінде осыншаның формың артық, Жаратқан Құдай артық 
жалғыз сәулем (Біржан, 186).
Абайда бұл сөздің мағынасы одан әрі кеңейтіліп, бірде 
«қалып, күй» мағынасында (Онегин туралы: Кейде паң, кей-
де көнгіш, орныменен, Кейде елеусіз, кейде ынтық формыме-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет