120
емес, белгілі бір мотивпен пайдаланғандығы байқалады. Проф.
Құдайберген Жұбанов ең бірінші болып, бұдан 30 жыл бұрын
дәл көрсеткендей, «суретті ойдағыдай күшейтіп жіберетін бол-
са, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсілігіне, әдепке шеттігіне де
қарамайды»
107
. Сөйтіп,
пошел, гуляйттау, білетке сөздері –
образ үшін қолданылған стильдік русизмдер.
Абай текстеріндегі орысша сын есімдср (көбі толық, біреуі
қысқа –
виноват) туралы Б.Сүлейменова аталған мақаласында
тұңғыш
рет тоқталып, арнайы сөз етеді. Зерттеуші көптеген
фактілер келтіріп, орысша тұлғаланған сын есімдердің
қолданылуын «Абай тұсындағы қазақ жазба әдеби тілінің нор-
масы» деп табады. Әрине,
қазіргі нормамызбен өлшегенде,
орыс сын есімдері (яғни морфологиялық тұлғасы орысша)
көзге шыққан сүйелдей болып көрініп, Абайдың әдемі қазақша
тілін «шұбарлап» кететін «дақтардай» сезіледі. Бірақ мұндай
«дақтар» – жазба әдеби тілдің даму барысында болуға тиісті,
орынды, заңды «бейнормалар». Көптеген тәсіл-принциптер
енді құрыла бастаған ұлттық жазба әдеби тіл көптеген салалар-
дан іздену процесін басынан кешіреді. Бұл іздену өз ресурста-
рын реттеп пайдалануда да, өзге тілдермен қарым-қатынасында
да жүріп жатады. Орыс тілі элементтері молынан және прин-
ципиалды түрде ене бастаған қазақ жазба әдеби тілі XIX ғасыр-
дың II жартысында бірден қазіргі норма-дәстүрге ие бола
алмағаны түсінікті. Орыс тіліндегі сын есімдерді берудің
қазіргі нормасы талай баспалдақтан өтіп келгенін көреміз:
орысша тұлғасы да қолданылды (өткен
ғасырда және XX
ғасырдың 20-жылдарына дейін), нөлдік морфема (яғни түбірдің
өзі) тәсілі де ұсынылды (30-жылдарда:
абсолют шама,
популяр
кітап,
буржуаз идеология), қазақ тілі жұрнақтарын жалғаудың
неше түрлі варианттарын
(социалды Қазақстан,
буржуази-
яшыл идеология)
108
басынан өткізді. Бұл баспалдақтың көбі
тіліміздің совет дәуіріндегі дамуына жатады. Сөйтіп, қашан да
орыс тілі сын есімдерін қазақша дұрыс беру оңайға түспеген.
107
Достарыңызбен бөлісу: