Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет65/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Алаш Абайда «жат» мағынасында сирек кездеседі: «Алашқа 
іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе 
өкірмек» (I, 27) дегенінде алаш сөзі «ел, жақын» дегенге қарама- 
қарсы «жат» дегенді білдіреді. Бұл жердегі алаш келесі 
тармақтағы жақын сөзінің антонимі іспеттес.
Сөйтіп, алаш сөзі Абай тұсының өзінде-ақ бұрынғы әдебиет- 
те қолданылған «бүкіл қазақ халқы, қазақ елі» және «жау, жат» 
деген ұғымдарын ескіртіп, ауыспалы мағынада – «халық, ел, 


136
жұрт» ұғымында қолданылатын, онда да сирек ұшырасатын ар-
хаизм тобына жататын элементке айналған. Өткен ғасырдағы 
әдеби норма алаш вариантын біраз ығыстырып, қазақ халқы, 
ел, халық сөздерін активтендіре бастағаны байқалады. Абай 
бұл сөзді «қазақ, бүкіл қазақ халқы» деген мәнде жұмсамайды, 
онда бұрынғыдай он сан, алты сан, алты эпитеттері де жоқ. 
Бұл сөзді ақын «ел-жұрт, ел, жақын, көпшілік» деген ауыспалы 
мәнде сол сөздердің синонимі ретінде кәдеге асырады.
Қарындас сөзінің о бастағы «ағайын, туысқан» мағынасы 
– өткен ғасырда қазақ тілінде жоғала бастаған құбылыс, оның 
орнын соңғы сөздер ығыстыра бастайды да, қарындас вариан-
ты осы күнгі «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны» 
деген ұғымды жиірек білдіреді. Бұл сөздің «ағайын, туысқан» 
мағынасы мәтел-мақалдарда сақталған. Мысалы, «Ауру – 
астан, дау –қарындастан»
117
, салыстыр: «Ағайын бар болсаң, 
көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды»; «Қарындасың жоқ 
болса, жауда қалар жалғызбас». XVIII ғасырдағы «Ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұламаға» қатысты шыққан атақты 
«Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінде қарындас пен қара 
орман қалғаннан соң деген тармақ бар. Осының алды-артын-
да ел-жұрт (Айрылған ел-жұрттан жаман екен) және бауыр 
(Бауырынан айрылған жаман екен) деген сөздер бар. Үшеуі – 
бір-біріне синоним.
Бұл сөздің көнерек мағынасы тек ауыз әдебиеті үлгіле- 
рінде емес, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарында да 
кездеседі. Мысалы, Махамбеттегі: «Қаумалаған қарындас 
Қазақта бар да менде жоқ» дегенінде әңгіме – әйел жыны-
сты бірге туған туыстар емес, өйткені Махамбет өзі бастаған 
көтеріліс ісі үшін әйел туыстарын емес, өзін қостайтын қалың 
ағайын туыстарын жоқтап отыр.
117
Бұл мақалды В.В. Радлов «болезнь происходит от пищи, тяжба от брата» деп 
аударады (Радлов. II, 1. - С. 173). Бұл жердегі қарындас – іні (не аға) емес, туысқан, 
ағайын. В.В.Радлов, сірә, қарындас сөзінің көне түркі тілдері мен өзге кейбір түркі 
тілінде «брат» мағынасын беретініне (Малов С.Е. Пам. др. письм., 412) қарап аударған 
болуы керек. Қазак тілінде бұл көне сөз алғашқы конкретті (аға не іні) мағынасынан 
«туысқан, ағайын» (аға+іні?) деген жалпы мағынаны білдіруге көшкен. Дегенмен 
туысқанның синонимі – ағайын сөзінің өзін аға + іні деген сөздерден біріккен деп 
танысақ (Қаз. тіл. этимол. сөздігі, 19), қарындас сөзінің қазақша ағайын мағынасы да 
брат дегеннен онша ұзап кетпегенін байқаймыз.


137
Абай қарындас сөзінің көнерген мағынасын 2-3 жерде 
қолданып, бұл атауды туысқан, ағайын сөздерінің синонимі 
ретінде келтіреді: Қарындас қара жерге тыға алмай жүр...
(I, 34). Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында
(II, 180). Салыстыр: «Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың» 
(I, 31) немесе: «Әркімде-ақ бар ғой туысқан» (I, 63).
Біздіңше, дүр сөзі де көне тұлғалардың бірі болу керек. 
Бұл сөз адамға байланысты ғана айтылады. Ол ауыз әдебиеті 
үлгілері мен өткен ғасырдағы қазақ ақындарында едәуір 
кездеседі. Сүйегі асыл дүр еді («Қамбар», 1957, 38). Шешен 
жігіт дүрмен тең (Шал, 53). Ақылы асқан дүр болар (Шор-
танбай, 146). Жолықпай дүр ақынға жүр екенсің (Кемпірбай). 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл сөзді «атақты, зор, 
әйгілі» деп түсіндіріпті (I т. 177). Сірә, о баста бұл сөз зат есім 
болғанға ұқсайды. Мағынасы – «зор нәрсе, үлкен зат > асыл 
адам» дегенге келеді. Оған: Шешен жігіт дүрмен тең, Сүйегі 
асыл дүр еді дегендердегі мағынасы дәл келеді (сірә, дүрдию: 
ерні дүрдию, дүрдік ерін етістігі де осы түбірден пайда бо-
луы мүмкін). Кейін келе, оның заттық мағынасы күңгірттеніп, 
«үлкен, зор», одан кейінгі «әйгілі, атақты» деген атрибуттық 
мәнге ие болып, сын есім қызметінде жұмсалып кеткені 
байқалады.
Дүр сөзі, біздіңше, бұрын белгілі бір аудандарда ғана қол- 
данылған диалектілік ерекшелікке жатпайды. Мұны Қазақ- 
станның әртүрлі аймақтарында жасаған ақындардың бәрінен 
кездестіреміз. Ал қазіргі кезде дүр сөзі Жамбыл, Семей 
аймақтарында «ғұлама, дін оқуын меңгерген адам», Түркістан 
қазақтарында «үлкен, зор» мағыналарында қолданылатын
болса, бұлардың барлығында да бұл сөздің о бастағы «үлкен,
зор > әйгілі, атақты» деген ұғымдары бар. Жергілікті қолда- 
ныста бұл ұғымның бөлшектену актісі кейінгі кездерде болған 
құбылыс болар деп ойлаймыз. Абай бұл сөзді түбір күйінде 
емес, дүрдей, дүрсу деген туынды тұлғаларда қолданады. 
«Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей» (I, 223) дегенде, дүр 
сөзінің зат есімдік мәнінен сын есім жасайды, мағынасы «зор 
нәрседей (адамдай)», тіпті дәлдеңкіресек, «мықты адамдай» 
дегенді білдіреді. «Кейбіреуі дүрсіп жүр» (I, 149) дегенде де 


138
дәл осы мағынадағы дүр есімімен туынды етістік жасаған.
Талай да – көне сөз, қазірде де сирек, онда да көбінесе 
көркем әдебиетте қолданылады. Бұл сөз «тағдыр, пешене», 
бұлардан «бақ, несібе, маңдайға жазылған, пешенеден болған 
бақыт» деген ұғымды білдірген. Талай сөзі әсіресе ауыз 
әдебиеті жырларында көбірек кездеседі: «Талайсыз болған 
жеңгемді» («Қыз Жібек», 1963. 37). Мұнда талайсыз сөзі – 
«бақытсыз, бағы ашылмаған» деген мәнде. Ал «Қалмақтан 
болды талайым» (Сонда, 32) дегенде талай – «тағдыр, пеше-
не» мағынасында. Осы көне сөзді Абай да синонимдік қатар 
түзеп, шебер қолданады. Татьяна хатында өзі туралы: «Талай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет