124
Жоғарыда айттық, Абайдың орыс тілінен аударған шығар-
маларында русизмдер сан жағынан көп емес. Оның бір себебі
– ұлы ақынның орыс қаламгерлері
шығармаларының ішкі
мазмұнын жақсы түсініп, оны қазақша беруде қазақтың өзінің
мол сөз байлығын орынды пайдалана білгені болса, екінші себебі
– бірқатар реттерде қазақ ұғымында жоқ зат-құбылыстардың
аттарын аударып бергендігінде. Мысалы, орыс тіліндегі
черт,
демон, дьявол дегендердің бәрін
шайтан деп алады: Мұңлы
шайтан – Құдайдың қуған жаны (ІІ, 118) – Печальный
де-
мон, дух изгнанья (Лермонтов, II, 136).
Шайтанның суретіне
есіктегі бірқатар көзін салып қарап тұрды (II, 151) – ... Рассма-
тривал
дьявола, изображенного на святых воротах (Лермон-
тов, IV, 184).
«Демонның мұсылманшылық ұғымындағы орайы
әзәзіл сөзі бола тұрса да, оның жаманаттылығын күшейту үшін
шайтан деп алған»
109
. Ал қазірде бізде бұл сөзді аудармай
де-
мон деп жүрміз. Абай өстіп не мұсылман діні ұғымы бойынша
әзәзіл деп дол аудармасын алмаған немесе қазіргі біздерше
де-
мон деп грекше- орысшасын алмаған.
«Вадим» поэмасында орыстың
монах дегенін де
сопы деп
береді:
Сопылар, қызметкерлер басылған жоқ (II, 150) –
Мо-
нахи и служки ходили взад и вперед... (Лермонтов, IV, 183).
Лермонтовтың: «Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей! Вот
арфа золотая (Лермонтов, I, 11)» деген жолдарын бір сөзінен
өзгесін соншама дәл: «Көңілім менің қараңғы, бол, бол, ақын!
Алтынды
домбыраңмен келші жақын (II, 92)» деп аударады.
Мұндағы аударманың түпнұсқаға
жақындығы сондай, тіпті
сөйлемнің синтаксистік құрылысы да сақталған. Мысалы, ара-
ларына
қаратпа сөз (певец) салып, екі рет қайталаған
скорей
сөзі
бол, бол, ақын түрінде Бұлжытпай беріледі.
Душа (моя)
мрачна дегенді дәл беру үшін
көңілім (менің)
қараңғы деген
қазақ құлағына тосаң тіркес жасалады. Ал бірақ осындай дәлдік
бере отыра, Абай
арфа сөзін алмайды. Ол инструментті қазақ
білмейді. Сөйтіп, оны
домбыра деп аударуға мәжбүр болады.
Осы тәрізді
полукафтанье де
бешпент болып (II, 152) кетеді.
«Бородинодағы»
квартир, командир, мундир сөздерін алмай-
109
Әуезов М. Әр жылдар ойлары.
- Алматы, 1959. - 164-б.
125
ды, алдыңғы екеуі мүлдем қалдырылып кетеді де,
мундир сөзін
Достарыңызбен бөлісу: