әскер қол ертіп (116). Ауыр әскер қол тұрды (116). Дулатта:
Ағайының көп болса, Ұлы шерік қолмен тең (55). Әрине, тіпті
соңғы кезге дейін қол сөзінің жеке тұрып қолданылуы да жоқ
емес. Дулатта: Бет бұрып тізгін тартқан жоқ, Жаудың мың қол
санынан (дұрысы – мың сан қолынан). Сондай-ақ әскер, шерік
сөздері де параллель түсіп, қол сөзін бірте-бірте ығыстыра
бастайды. Мысалы, Махамбетте әскер сөзі көбірек келеді:
Әскерім кетіп қасымнан (115). Әскерімді таратып, он бір күнге
қаратып (116). Абай «әскер» мағынасындағы қол сөзін өткен
өмірді суреттейтін шығармаларында ғана қолданады. Мы-
салы, «Ескендір» поэмасында: Ескендір қолына айтты: «Бұл
неткен су?»(I, 260). Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей
(I, 201). Сонымен қатар осы поэмада әскер сөзі қол сөзімен
тепе-тең дублет болып келеді (сан жағынан әскер сөзі көбірек).
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді (I, 261). Сұмдықпен әскер
142
жиып қаруланды (I, 259). Есепсіз әскер ертіп жарақтанып
(I, 260). Абайдың қол сөзін архаизмге шығарғаны сонша, ол
тіпті Шыңғыс заманындағы армияны да әскер деп атайды:
Шыңғыс аламандыққа аттанып, әскер тартып шыққанда,
әскерінің көбі татар екен дейді (II, 223).
Ет сөзінің қазақ тіліндегі көне мағынасы кейбір түркі
тілдері сияқты «дене» дегенді білдіреді
121
. Салыстыр: «Жар-
жардың» бір вариантында: Әкең берген қамқа тон етіңе қайтіп
сыяды? Абай ет сөзін бірнеше жерде «дене» мағынасында
қолданады: Ет ауырмас бейнетке (I, 133). Еңбекпен етті ау-
ыртпай (I, 131).
Абай бірнеше сөздің көне тұлғасын қолданады. Олар ұлық,
түзік, арық, тұғры, ұғыл. Бұл архаистік формалар – Абай-
да өзге түркі тілдерінің немесе кітаби тілдің әсері емес, ұлы
қаламгердің тілдік реликттерді қолдануы деп қараймыз.
Абай бұлардың ішінде ұлық тұлғасын жиі қолданған: Сыйла-
са елің ұлықтап (I, 148). Ұлық Құдай (II, 183). Ол Құдайдың
ұлықтығына іңкәрім жоқ (ІІ,183). Ұлы-мен параллель көне
ұлық тұлғасы қазақ тілінде мақал-мәтелдерде сақталғаны
белгілі: Ұлық болсаң, кішік бол (бұл жердегі ұлық XIX
ғасырдың ІІ жартысымен XX ғасырдың басындағы қазақтар
үшін «бастық, әкім» мағынасында ассоциация беруі де
ықтимал, бірақ, шындығында, бұл ұлық – ұлы сөзінің көне ва-
рианты). Ұлық (сондай-ақ кішік) түбірінен жасалған етістік те
(ұлықтау, кішіктеу) мақал-мәтел, фразаларда сақталған: Өзін
өзі ұлықтаған кіші болар, Өзін өзі кішіктеген ұлық болар. –
Возвышающий себя унизится, унижающий себя возвысится
(Катанов, 26). Жылмаңдаған кішік боп (С. Сейфуллин, VI, 277).
Дәл осылайша түзік сөзі де Абайда тілдік қалдықтар
қатарынан орын алады: Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол
деп жарлық шашып (II, 184). Түзу сөзінің архаистік тұлғасын
Абай тұлғалық параллелизм (бұзық–түзік) жасау үшін
пайдаланған.
Арып-ашу, арып-талу қос сөздерінің компоненті болып
келетін ары етістігімен түбірлес арық есімі де – қазақ тілі үшін
121
Сарыбаев Ш. Етпетінен [сөзінің этимологиясы] // Қазақ тілінің қысқаша
этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1965. - 75-б.
143
көне форма. Абай бірер жерде бұны да жатсынбайды: Мен –
қажыған арықпын,Қатын-бала қонағы (I, 140). Бұл жердегі
арық – осы күнгі нормалы «дененің жүдеген қалпы» (орысша
«худой») деген мағынада емес, «қажыған, шаршаған» мәнінде.
Бұл күнде ару етістігі «қажу» мағынасында қолданыла беретін
болғанмен, «қажыған, шаршаған» ұғымындағы одан жасалған
Достарыңызбен бөлісу: |