Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет66/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

сыз
118
, бақсыз мен сорлы (II, 74)», – дейді.
Талай сөзінің көнелену процесінде ол өзіне синонимдес 
бақ тәрізді сөздермен қатар қолданыла келіп, кейін бірте-
бірте шыға бастағанға ұқсайды. Бақ-талай қос сөз тұлғасы 
өткен ғасыр ақындарында кездеседі: Ер жігіт сынамай ма бақ-
талайын (Біржан, 188), Абайда да: талайсыз, бақсыз.
Алқау – көне сөз. Көне түркі жазба ескерткіштерінде: 
алқа(у) – благославлять, святить (Малов. Пам. др. письм., 
357). Бұл сөз – қазақ тілінде де ертеректе қолданылғанымен, 
кейін жарылқау, қолдау, демеу сөздерімен ауыстырылып ұмыт 
болған (немесе бола бастаған) тұлға. Абай: «Қарғағанын жер 
қылмақ, алқағанын зор қылмақ» немесе: «Анттасын алқайды 
Сен тентек демеске» (I, 158) дегендерінде алқау сөзін «көңілі 
ауып қолдау, демеу, жарылқау» деген көне мағынасын сақтап 
қолданған. Мүмкін, Абайдың бұл сөзді жандандыруына оның 
осы өңірде жергілікті ерекшелік ретінде сақталғаны да
119
әсер 
еткен болар.
Жалбару сөзі – қазірде де, Абай тұсында да сирек қолда- 
нылатын, тіл тәжірибесінен шығып қалған тұлға. Абай оны: 
118
Бұл тұлғаны Абай шығармаларының соңғы басылуларында талапсыз деп 
берген. Қ.Мұхаметхановтың өте дұрыс танығанындай, бұл сөз талайсыз түрінде 
болуы қажет. Абайдың 1909 жылғы тұңғыш басылуында да осылай (Мұхаметханов Қ. 
Абай шығармаларының тестологиясы жөнінде. - Алматы, 1957. - 48-б.).
119
Семей, Ақсуат, Көкпекті аудандарында алқағаны-ай тұлғасы «алғыс айтқаны-
ай, разы болғаны-ай» мағынасында жұмсалады. Болатов Ж. Семей облысы Көкпекті, 
Ақсуат аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер 
туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1960. - 
3-шығ.


139
«Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп, Құлдық ұрып, Бұ- 
ларға көп жалбарды» (I, 269) деген сөйлеммен келтіреді. 
С.Е.Малов jalbar- (жалбару) – «умолять» деген сөздің көне жаз-
ба ескерткіштерінде бар екенін көрсетеді. Тіпті ертеде «прось-
ба, мольба» мағынасында жалбармақ (jalbarmaq) тұлғасының 
болғанын білдіреді (Малов. Пам. др. тюрк. письм., 383). Ялбар 
(jalbar) сөзі шығыс түркі тілдері мен көне ұйғыр тілінде «про-
сить, умолять» деген мағынада қолданылатынын В.В.Радлов 
көрсетеді (Радлов, III, I, 187, 188). Қырғыз тілінде қазірде де 
жалбар тұлғасы қолданылады (Кир.-русск. сл. 22). Демек, бұл 
түбір бір кезде қазақ тілінде де осы мәнде жұмсалғанын сөз 
қазынасын тере білген ұлы жазушы қолданысынан білеміз.
Сарнау сөзі қазіргі әдеби нормамызда түсіндірме сөздікте 
көрсетілгендей, «адамның қатты ауырғанда, қиналғанда 
шығаратын үні, зарлау» (ҚТТС, II, 247) болса, о бастағы түркі 
тілдерінің көпшілігіне ортақ семантикасы – «өлең айту», ал 
шағатай тілінде «бір нәрсені өлеңмен білдіру, баяндау» дегенді 
білдірген (Будагов, I, 612, 613). Шығыс түркі тілдерінде сарын 
– өлең, халық өлеңі (Сонда). Қазақ тілінде бір кезде сарна(у) 
етістігінің «бір нәрсені өлеңмен баяндау» мағынасы болғаны 
байқалады. Мысалы: Сыпыра сынды сұм жырау Тұрады да 
толғайды. Толғайды да сарнайды, Сарнайды да жырлайды 
(С. Сейфуллин, VI, 312). Абай да өзінің өзгеге көңілі тойса 
да, өлең шығаруға тоймайтынын, оны қоя алмайтынын, бірақ 
жұрттың «жүрегімен тыңдамай, құлағымен қармайтынын» 
айта келіп: «Соны көріп соларға қайтіп қана сарнарсың» (I, 120) 
деп бітіреді. Бұл жердегі сарнау – адамның дауыстауы емес, 
таза көне мағынасындағы «өлең шығару, өлеңмен бір нәрсені 
айту». Сарнау сөзінің көне мағынасын Абай эмоциялық реңк 
қосып, стильдік мотивте қолданған.
Абайда бірді-екілі ғана жерде қолданылған ашау, қышқыру 
деген екі сөз бар. Кейбір зерттеушілер бұларды татар тілінің 
элементтері, Абай оларды стильдік мақсатпен қолданған 
дегенді айтады
120
. Біздіңше, бұл екеуі де – қазақ тілі үшін арха-
измдер. Ашау етістігін Абай екі жерде келтіреді; бірі аударма 
120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет