Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздер
(неологизмдер)
Белгілі бір жазушы лексикасындағы неологизмдер мен
сол жазушы өмір сүрген дәуірдегі жалпыхалықтық тілдегі
жаңа сөздер бір-бірімен ұштасып жатқанмен, сан жағынан
да, сипаты жағынан да бірдей болуы мүмкін де емес, шарт
та емес. Өйткені жеке қаламгерлер тілінде жаңа сөздердің
бірқатары стилистік мақсатпен жасалады да тек сол жазушы
сөздігіне тән болады. Ондай индивидуалдық неологизмдер
әдеби тілдің актив қорына енбей де қалуы мүмкін. Сондықтан
Р.А.Будагов көркем әдебиеттегі жаңа сөздерді тілдік неоло-
гизмдер (языковые), стилистік (стилистические) неологизм-
дер деп екіге болуге болады деген пікірді айтады
122
. Тілдік не-
месе лексикалық
123
неологизмдер – қоғамдық қатынастардың,
техника мен шаруашылықтың, ғылым мен мәдениеттің
өзгерістері мен дамуына байланысты жалпы әдеби тіл норма-
сына енген жаңа сөздер. Жазушы тілінде белгілі бір мөлшерде
бұл сипаттағы неологизмдердің бірқатары қамтылады. Бірақ,
біздіңше, қаламгер сөздігіндегі лексикалық неологизмдерді
қолдану принципі (сипаты) мен соның мөлшері (көп-аздығы)
әр дәуірде және әр жазушыда әрқилы болады. Бұл ретте
Абайдың орны айрықша. Абай – заманын жан-жағынан алып
сөз еткен жазушы. Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі
қазақ қоғамына енген жаңалықты, соған орай тіліне енген
жаңа сөздерді өз тұсындағы жалпыхалықтық қазынадан алып
қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа сөзді өзі
жасап берді. Бұл типтегі жаңа сөздердің бірқатары – жалғыз
Абай тілінде емес, оның тұстастарында да (көркем әдебиет
уәкілдерінде де, өзге стильдерде де) қолданылып, орын
тепкендер. Ал бірсыпырасы – тек Абай тілінде кездесетін,
Абай жасаған жаңалықтар. Бірақ бұлар да – эмоционалдық
экспрессивтік мотивте жасалған индивидуалдық неоло-
гизмдер емес, өз заманының заттық және рухани дүниесіне
122
Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. - М., 1953. - С. 62.
123
Біз бұл типтегі неологизмдерді лексикалық деп атағанды жөн көреміз.
147
қатысты жаңа сөздер. Мысалы, Абай творчествосында
философиялық толғанулар мен талдаулар бар. Ұлы жазушы
өлеңдерінде де, қара сөзбен жазылған трактаттарында да
көптеген абстрактік ұғымдарды әңгімелейді және қазақ тілінде
тұңғыш рет сөз етеді. Демек, осы ұғымдардың бірқатарының
атауларын Абайдың өзі ұсынуға тура келді. Абай лекси-
касына жалпы әдеби тіл мұқтажына қажет бірсыпыра жаңа
сөздерді енгіздірген екінші маңызды фактор – оның аударма
шығармалары, Пушкин, Лермонтов, Крылов т.б. қаламынан
туған дүниелерді аудару үстінде Абай орыс тіліндегі бір
алуан сөздерді дәл беру үшін қазақша жаңа тұлғалар мен
тіркестер жасайды.
Абай тіліндегі жаңалықтарды, әсіресе жаңа атаулар-
ды танып зерттеудің үлкен бір қиыншылығы бар. Жалғыз
Абай емес, жалпы жеке қаламгерлердің қайсысы қай сөзді
енгізгенін тап басып көрсету – қиын да күрделі іс. Мысалы,
стушеваться деген етістікті Достоевский тілге мен енгіздім
деп жүрсе, бұл сөздің одан бұрынғыларда да бар екендігі
кейіннен айқындалды
124
. Белгілі бір сөздердің қай кезеңдс,
қай жазушы арқылы (немесе қай стильде) енгенін шамалап
болса да анықтау үшін сол дәуірлер мен әр дәуірдегі барлық
қаламгер (ұлы-кішісі түгел) тілінің сөздік байлығы зерттеліп,
айқындалған болуы керек
Ал Абай неологизмдерін түгендеуде бізге ыңғайсыз тиетін
жағдай – Абайдың алдындағы, тұсындағы үлгілердің тілдік
байлығы зерттеліп талданған емес. Олардың лексикасын-
да қай сөздің бар-жоғы түгенделмек түгіл, жалпы сипаты
зерттеліп суреттелген емес. Біз, сөз жоқ, Абай тілін талдау
үстінде ұлы ақынның алдындағылары мен замандастарының
тілін де әр тақырыпқа байланысты қарастырып отырдық.
Бірақ ол ізденулеріміз түгел де, арнайы да бола алмайтыны
анық.Сондықтан көп ретте кейбір сөздер тек Абай текстерінде
кездессе де, оларды дәл Абай жаңалығы деп кесіп-пішуден
тартынған жайымыз бар. Мысалы, дүрсу (кейбіреуі дүрсіп жүр
124
Будагов Р.Л. Көрсетілген еңбек. - С. 61.
148
– І, 149)
125
, өкімет (өкіметпен қолына тартып алды – I, 259)
126
,
саудайы, саудырсыз, серменде, шонтаю т.б. сөздер әзірге
Абайдан өзгелерде табылмағандығына қарамастан, Абайдың
не өзге тілдерден алып, не көне сөздерді жандандырып енгізген
жаңалығы дей алмадық.
Жоғарыда көрсетілгендей, Абай неологизмдерінің екінші
тобы – өз қаламына тән, стилистік мақсаттан туған жаңа сөздер.
Енді осы екі топты өз фактілерімен талдайық.
Абай неологизмдерін талдамас бұрын ескерте кететін тағы
бір жай – біз бұл кітапта тек лексикалық единицаларды сөз
етеміз. Яғни жаңа фразеологиялық тіркестер енген жоқ.
Лексикологтар неологизмдер жасайтын бірнеше тәсілдің
мынадай негізгі түрлерін атайды: 1) бұрынғы сөздің жаңа
мағынада қолданылуы; 2) аффикстер жалғануы; 3) сөздердің
бірігуі; 4) өзге тілдерден ауысуы; 5) калькалау
127
. Жаңадан
сөз жасау процесінде, мысалы, орыс тілінде мағына жаңғырту
(модернизация значения), сөздерді қосақтау (словосложе-
ние) және суффиксация, префиксация тәсіл-амалдарынан
өзге субстантивтендіру, бір сөз табынан екіншісіне көшіру,
терминдеу тәрізді жолдардың да бар екені айтылады
128
. Бізге
қазір қажеті неологизмдер жасаудың тіл-тілде қандай жолдары
бар екендігін айқындау емес екені түсінікті. Сондықтан Абай
шығармалары тіліндегі қазақтың төл сөздерінен жасалған жаңа
элементтерді жоғарғы амал-тәсіл түрлерін ескеріп, негізінен
үш салаға бөліп қарамақпыз: а) жұрнақ арқылы; б) мағына
жаңғыру арқылы; в) субстантивтенду арқылы жасалғандар.
125
Бұл тұлғаны проф. Қ. Жұмалиев Абайдағы неологизмдсрдің бірі деп табады
(«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» 197-б.): дүр
деген архаизмге а>л деген жұрнақтар жалғанып жаңа эпитет жасалған дейді. Абайдың
ұқсату мағынасын беретін -сы аффиксін (адамсу, батырсу) актив пайдаланғанына
қарағанда, проф. Қ. Жұмалиевтің бұл тұжырымының қисыны да бар. Бірақ біз бұл
туынды тұлғаны қайткенде де тек Абайда ғана бар неологизмдер қатарына әзірше
кіргізбедік, өйткені бұл тұлғаның түбірі (дүр) өзге ақындарда өте жиі қолданылған,
сондай-ақ -сы жұрнағы да сирек кездеспейді, демек, дүрсу сөзі Абайдан бұрынғыларда
да болуы мүмкін деп ойлаймыз.
126
Бұл тұлға (өкімет) Абай шығармаларының 1909, 1939, 1957 жылғы
баспаларында осылай берілгенмен, Мүрсейіт дәптерлерінде және қалған баспаларында
өкімдікпен деген тұлғада берілген, сондықтан бұл іспеттес текстологиялық алалығы
бар (разночтение) сөздерді де неологизмдер қатарында талдаудан бой тарттық.
127
Мұсабаев Г. Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - С. 94.
128
Ефимов А. II. О языке художественных произведений. - М., 1954. - С. 225.
149
Достарыңызбен бөлісу: |