135
жүргізді» («Қамбар», 1857, 39) дегендегі
алаш сөзі «ел, қауым,
көпшілік» мәнінде. Бұл –
алаш сөзінің екінші мағынасы. Үшінші
мағынасы – антитезалық семантика – «ел»-ге қарама-қарсы
«жау, жат» ұғымы. Өткен ғасырлар үлгілері бұл мағынасын
да көрсетеді. Бұқардың: «Өзіңмен туған туысқан
Алаштан бе-
тер жат болар» (41) дегенінде, С.Сейфуллин келтірген: «Е-е,
мен сенің ағайының емес,
алашың ба едім», немесе
«алашың
туысқандай болсын» (VI, 285) деген мәтелдерден
алаш сөзінің
үшінші мағынасын аңғарамыз.
Көне
алаш сөзін Абай да қолданады. Оны 2-3 жерде «ел,
халық, көпшілік» деген екінші мағынасынан шығарып, «жақын,
туыс» ұғымында жұмсайды:
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе
алашқа (I, 197), –
дегенінде де
алаш «жақыны» деген ұғымды беретін тәрізді,
өйткені әңгіме – мал жию үшін барша айла-әрекетін жұмсап
жағымпазданып «еңбегін сатпай, арын сататын» пысық адам-
дар туралы. Олар – тойғанынан қалғанын бүкіл елге, халыққа
беретіндей мықтылар емес, жай пысықтар. Сондықтан мұндағы
Абайдың
алаш деп отырғаны сол «малға достардың» жақыны.
Ал «Сыйымсыз болды
алашқа, Барымтасын тыя алмай» (I, 65)
дегенінде
алаш – «ел іші, жұрт» мағынасында пайдаланылған.
Осының алдында: «Бұралқылар сандалды,
Жуандарға сыя ал-
май» деген жолдар бар. Сонда
жуандар мен
алаш сөздері бірі
үстем топты, екіншісі ел ішін білдіретіні анығырақ байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: