141
өйткені XIX ғасыр үлгілерінде құспен (қыранмен) байланы-
сты айтылады. Жоғарғы мақалдың өзін Шортанбай: «Текті құс
қарар қырымға, ит айналар жырымға» (142) деп жаңғыртады.
Біржанның Сарамен айтысында, «
Қырымға қарайтұғын қыран
құспын» дегенінде де құспен тіркестірген. Абай да бұл сөзді
горизонт (аспан) кеңістігіндегі алыстық ұғымында қолданады:
Қыранша қарап
қырымға (I, 204). Бүркітші туралы өлеңінде:
Томағасын тартқанда бір
қырымнан,Қыран құс көзі көріп
самғағанда (I, 22). Сөйтіп,
қырым сөзін кейбір сөздіктеріміз
қазіргі қазақ тілінің лексикалық нормасы қатарында берген-
мен (бұл сөз де, өзге ондаған көне сөздер сияқты, «Қазіргі
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ескілігін көрсететін ешбір
белгісіз кіргізіліпті), біз оны Абай тілінде қолданылған көне
элементтердің бірі деп табамыз.
Абай
қол, қар, ет тәрізді сөздердің қолданудан қалып бара
жатқан көне мағыналарын да пайдаланады.
Қол сөзінің «әскер»
мағынасында қолданылуы қазақ тілінде өте ертеден келе
жатқаны мәлім. Ауыз әдебиетіндегі жаугершілік тақырыптарды
жырлайтын эпостарда және XIX ғасырдың I жартысында-ақ
(мүмкін одан да бұрынырақ)
қол сөзі
әскер, шерік сөздерімен
қатарласа қолданыла бастайды. Мысалы, Махамбетте:
Ауыр
Достарыңызбен бөлісу: