153
Қазіргі құлағымызға әбден сіңіскен
тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық, қызба бастық, тән саулық (қазіргі
денсаулықтың
дублеті),
әсем салдық, көрсе қызарлық, күлкі тоқтық, өнер
жоқтық, есі барлық, қолы тарлық сияқты тіркестерді осындай
жүйелі тобымен алғашқы рет тек Абай тілінен табамыз. Мұнда
жазушы
-лық жұрнағын
қызба бас, көрсе қызар, әсем сал
тәрізді бір мағына беретін лексикаланған фразалық тіркестерге
жалғаған және
тамағы тоқ, жұмысы жоқ (осылардың
моделімен, бәлкім, Абайдың өзі тіркестірген
күлкісі тоқ, өнері
жоқ), тәні сау тәрізді предикаттық құрамдарға, яғни сөйлем
іспеттес атрибутивтік тіркестерге жалғаған. Соңғы тәсілде
тілдің ішкі үнемдеу заңы бойынша бірінші компоненттің
тәуелдік формасы түсіп теқалады:
күлкі +
сі тоқ+тық > күлкі
тоқтық; тән +
ісау+лық >тән саулық; түсірілмей де жасала-
ды:
тамағ+ы тоқтық, ес +
і барлық, қол+ы тарлық т.б.
Туынды түбірлерден
-лық жұрнағы
арқылы жаңа тұлға
жасаудың Абайда жүйелі амалға айналғандығы сонша, ол тек
туынды сын есімдерді ғана емес, есімше тұлғаларын да пайда-
ланады.
Зор болғандық, адам жаулағандық, арызы жеткендік,
сыйы өткендік дегендер – Абай неологизмдері. Даусыз Абай
қаламынан туған жұрнақты неологизмнің бірі –
өз басындық
тіркесі. Бұл – «дербес, тәуелсіз, өзін-өзі билеушілік» (орысша
самостоятельный) дегеннің баламасы: Единица нөлсіз-ақ
Өз
басындық болар сол (I, 95).
Абайдағы жаңа сөздерді туғызған жұрнақтардың ішінде
екінші орында
-сы жұрнағы тұрады. Бұл – есім немесе есімше
тұлғалардан туынды етістік жасайтын жұрнақ. Қазақ тілі мор-
фологиясын зерттеушілер
-сы аффиксі сөйлеуші өзін кімге,
неге теңеп, балап айтумен немесе бір нәрсені істеген немесе
істемеген етіп көрсетумен байланысты
есімше тұлғасындағы
етістіктерге және зат есімдерге қосылып, туынды түбір етістік
(білгенсі, жазғансы, барсы, кісімсі) жасайды, ал
-сын/-сін
күрделі аффиксі туынды түбір етістіктердің сөйлеуші бір-
деңені өзіне «қомсынуын» немесе «көпсінуін» білдіретін
түрін
(азсын, көпсін, қызықсын) жасайды деп жазады
129
. Бұл
қызметтегі
-сы жұрнағының беретін мағынасы – сөйлеушінің
129
Хасенова А.Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер.
- Алматы, 1959. - 66-б.
154
өзін бір нәрсеге, біреуге жай ғана теңеп, балауы емес, соның
үстіне ұқсауға тырысу және көлгірсу, бағалау семантикасы
бар
-сы аффиксімен жасалған етістіктердің бұл мағынасын
Э.В.Севортян ашып, анық көрсеткен: «...Значение уподобле-
ния в глаголе (типа
мүсәпірсі- «прикидываться беспомощ-
ным»,
саңраусы- «притворяться глухим»)
приобретает более
конкретную
семантику подражания и
притворства (курсив
біздікі –
Р.С.)... Другой конкретизацией семантики уподоби-
тельности, а возможно, и развитием предыдущего значения
является значение оценки, передаваемое словами «считать за»,
«рассматривать в качестве», «выдавать за...» «Приведем при-
меры: ...казах.:
құдайсы- «ставить себя выше других», «важ-
ничать», кирг.
баатырсы- «считать себя богатырем», «изобра-
жать из себя героя», «стремиться показать себя храбрым»
130
...
Мамандар
-сы (-сы + н) аффиксінің беретін өзге де мағы-
налары бар екенін көрсетеді. Бірақ бізге қажеті – осы айтылған
мағынасы. Өйткені бұл
жұрнақ арқылы Абай жасаған
сөздердің барлығы дерлік жоғарғы Э.В.Севортян көрсеткен
мағынаны білдіреді: Еш нәрсе
көрмегенсіп бұртақтаған
(I, 24). Еңбегі жоқ
еркесіп, Бір шолақпен
серкесіп (I, 59). Айт-
шы-айтшылап жалынар, Ұққыш
жансып шабынар (I, 86).
Малға бөге қалған
кісімсіп (II, 189). Араз кісі болғансып (I, 62).
Қайраттысып, қамқорсып (I, 80).
Абай бұл ретте тек зат есім түбірлерін емес
(серкесу,
еркесу, жансу, кісімсу, тәңірсу), сонымен қатар сын есім,
оның ішінде туынды тұлғаларды да пайдаланады.
Қайрат-
тысу, қалжыңшылсу, жарамсақсу тәрізді сөздер – тек Абай
текстеріндегі жаңалықтар.
Салғыртсу, әсемсу сөздері – бұ-
рыннан тілде бар бола қалған күнде де Абай неше рет қайталап
қолданып, активтендірген туындылар. Талданып отырған
жұрнақпен жаңа тұлға жасауда
Абайдың жиі пайдаланған
материалы – тіркестер. Жоғарыда көрсеткен
-лық жұрнағы
тәрізді,
-сы жұрнағын да Абай
қалжың бас, жер тәңрі сияқты
тұрақты тіркестерге де жалғайды:
Жер тәңрісіп кермағыз
(І,149).
Қалжың бассып өткізген қайран дәурен (I, 37).
130
Севортян Э. В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. - М.,
1962. - С. 302-304.
155
Сондай-ақ грамматикалық тіркестерге де жалғайды. Мұндай-
да көмекші етістік қызметінде келген есімше тұлғалы тіркес-
тер мен алдында анықтауыштары бар есім тіркестер негіз бола-
ды: ...Қайғылы
кісі болғансығаны (II, 162). Араз
кісі болғансып
(1, 62).
Еш нәрсе көрмегенсіп бұртақтаған (I, 24). ...Бір
міні
жоқ бендесіп. Сөзі қылжаң еркесіп (I, 154).
Еңбегі жоқ еркесіп
(I, 59). Жанын құрбан жолына
қылған жансып(II, 72). Соңғы
мысалдарда
бендесу, еркесу, жансу сөздері – жеке сөз неоло-
гизмдер емес, тіркес неологизмдер.
Достарыңызбен бөлісу: