152
өзін талдайды: Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан
да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан
да көңіл аз
ба, көп пе жалығады. Оның үшін [оның себебі] бәрінің айыбын
көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастай-
ды... Бірақ осы
жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген,
дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адам-
нан шығады (II, 175).
Ұмыту сөзін ақын аударма өлеңінде қолданады: Ұйқы,
тыныштық,
ұмыту – бер дегенім (II, 117). Бұл жердегі
ұмыту
– орысша
забвенье (забыться) дегеннің баламасы.
Өлшеу
сөзі де тілде бұрыннан
қолданылып келе жатса да (өлшеусіз
ризық, өлшеулі дүние т.т.), атау күйінде тұрып, абстракт тер-
мин дәрежесіне көтерілуі Абай тіліне ғана тән. Әрбір жақсы
нәрсенің
өлшеуі бар,
өлшеуінен асса – жарамайды.
Өлшеуін
білмек – бір үлкен керек іс (II, 217). Бұл жердегі
өлшеу – «пре-
дел» мағынасындағы философиялық категория атауы.
Өмір сүрудің мән-мазмұны туралы жаңа философиялық
толғану болып табылатын 34-сөзінде Абай жоғарғы модель-
мен бірнеше абстракт ұғым атауларын жасайды: ...Дүниеде
жүргенде
туысың (тууың – рождение),
өсуің, тоюың, ашығуың,
қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі
бірдей,
ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда
сұралуың бәрі бірдей... (II, 190).
Жұрттану, адамтану тәрізді
күрделі сөздерді Абай ғылыми атау дәрежесінде қолданады.
Бірақ
-у тұлғалы есімдерді
абстракт ұғым атауына айнал-
дырып қолдану
-лық жұрнақты тұлғаға қарағанда әлдеқайда
сирек. Кейде тіпті бұл мағынадағы
-у жұрнақты тұлғаның
орнына
-мақ жұрнақты тұлғалардың
дублет етіп қолдану
фактісі бар: Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек, Ха-
Достарыңызбен бөлісу: