196
ция) мәнінен шығып, бірте-бірте юристік (судебная функ-
ция) қызметін де білдіре бастаған деп табамыз. Махамбетте
кездесетін «Жолдасқа
билік бермедім» дегендегі
билік сөзі
соңғы мағынада жұмсалған.
Терминдік мәнде ертеден тұрақталған тіркестің бірі –
жан
беру. Қазақтың әдет-ғұрып правосы бойынша, егер би екі
жақты бірдей тыңдап, өздігінен билік шығарарлық шешімге
келе алмаса, істі жанмен шешуге мәжбүр болады, яғни
жауапкердің ақтығына оның жақын туысы ант етуі, яғни «жан
беруі» тиіс, жауапкердің ақтығына көзі жетпесе, өтірік жан
бере алмайды, бас тартады, ол қылмысты мойындаумен бара-
бар.
Жан беру ритуалының бір ұшы шаманизммен жалғасып
жатқанын тіркестегі сөздердің мағыналары да білдіріп тұр.
Абай тұсында билік-сот ісінде жан беру тәрізді іс жүргізу әдісі
жойылмаған болатын, бірақ бұрынғыдай емес, жауапкердің
ақ-қарасына көзі жетпей-ақ жан бере салу бұл кезде әдетке
айналып кеткенін Абайдың өзі-ақ айтып береді:
Жанын бер-
се табылмас сөздің шыны (I, 161). Ал ертеректе істі жан алу-
мен (жанмен) шешудің өзі сирек болған, өйткені әділ, күшті
би ешкімді куәлікке тартпай-ақ, ақ-қараны өзі табуға тиісті
болған, сондықтан «жаман би
жанға салар» деген мақал
шыққан.
Жан беру фразасының синонимі
ант ету (ішу) тәрізді
тіркес Абай тұсында актив қолданыла бастайды. Кейде
ант
ішіп, жан беру түрінде қосарлана қолданылады:
Ант ішіп
күнде берген
жаны құрсын (І, 29). Абайда
жан беру дегеннен
гөрі
ант ішу, анттасу варианттары жиірек қолданылған. Абай
тіпті осылардан
анттас деген жаңа сөзді де қолданады:
Ант-
Достарыңызбен бөлісу: