Р. Сыздык 1-том indd


Сот-заң істеріне қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет93/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Сот-заң істеріне қатысты сөздер
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ даласындағы заң, 
сот құрылысы сол тұстағы саяси-әкімшілік жағдайға тікелей 
сәйкесті болғаны мәлім. Мамандардың зерттеулеріне қара- 
ғанда, бұл кезде Қазақстанда үш түрлі заң правосы қатарласа 
өмір сүрген: бірі – қазақтың байырғы әдет-ғұрпына негізделген 
право (уголовное, обычное право), екіншісі – Россия үкіметінің 
бүкіл империялық правосы, үшіншісі – ислам дінінің заң пра-
восы – шариғат
152
. Әрине, бұл үшеуінің арасалмағы мен халық 
өміріне сіңісу тарихы (ертелі-кештігі) бірдей болған жоқ. 
Қазақтың өз заңы күнделікті тұрмыстағы қылмысты істерді 
қарауға қолданылса, Россия правосы мемлекеттік мәндегі 
қылмыстарды тексерді, ал ислам дініне және кейбір неке-се-
мья қатынастарына байланысты қылмысты істерді шариғат 
бойынша тексерді
153
. Осыларға орай Абай заманында қазақ 
тілінде осы үш правоның үшеуінің де терминдері, сөздері 
қатар қолданылды.
Бұлардың ішінде әріден келе жатқан қазақ өмірінде жиірек 
қолданылғаны – қазақтың өз заңы (әдет-ғұрып) болды. Көзін 
әріден – қазақ қоғамының тапқа жіктеле бастаған дәуірлерінен 
алып, ұзақ замандар бойы феодалдық қоғамның қондырмасы 
ретінде қызмет етіп келе жатқан бұл право XIX ғасырдың 
II жартысында күшін жоймаған болатын. Сондықтан бұл 
тұстағы қазақ әдеби тіліндегі заңға қатысты лексика тобының 
комақтысы осы правоның түрлі институттары мен ұғымдарына 
байланыстылары болды.
152
Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. - Алма-Ата, 1955. - С. 101, 
121, 152; Юридическая наука и образование в Казахской ССР за 30 лет и наши задачи 
// Известия АН КазССР. - Серия юрид. - 1948. - Вып.1. - С. 3.
153
Сонда. - 83-б.


192
Ең алдымен, осы правоның қазақша атауы жайында. 
Орыстың ғылыми әдебиетінде бұл право «обычное право 
казахов» (дәлірегі: «уголовное обычное право казахов») не-
месе «адат»деп аталып келеді. Ал қазақша бұл ұғымның бір
сөзбен аталатын тұрақты термині болмаған. Әдет, қазақ- 
тың ескі әдеті, әдет-ғұрпы, жол деген сөздердің таза юрис- 
пруденциялық термин еместігін заң мамандары да атайды
154

Әдет, әдет-ғұрып сөздері тек заңға байланысты емес, жалпы 
салт-санадағы, әлеуметтік өмірдегі, адам баласы қылығын- 
дағы дәстүрге айналған нормаларды білдіреді. Т.М.Құлтелеев 
бұрын қазақ тілінде заң сөзінің де қолданылғанын, ол сөздің 
«обычное право» деген ұғымды дәлірек беретінін айтады. Бірақ 
юристік ұғымдарды өте нәзік түсінген бұл тамаша зерттеуші 
заң сөзі қазақ қоғамының өзіне тән ертеден келе жатқан «обыч-
ное право» ғана емес, орыс империясының праволық ереже- 
лері – законды да білдіргенін көрсетеді
155
. Шынында да, XIX 
ғасырда және одан әрі де заң сөзі «обычное право» дегенді ғана 
атайтын термин ретінде қолданылмаған. Абай: «От жақпаған 
үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы
(I, 71) дегенде заң сөзін тұрмыстағы дәстүр, әдет деген 
сөздердің синонимі ретінде ғана пайдаланған. Дегенмен заң 
сөзін «обычное право» деген ұғымда қолдану да жоқ емес: 
Шығарған төре билеп заң,өнеге. Жоқ жұмыс шариғатта ол 
немене (Әсет, 347). Сірә, бұлайша атау (заң, өнеге) қазақтың 
«обычное правосын» шариғат (мұсылманның правосы) 
ұғымынан ажырату үшін керек болған болар.
Қазақтың әдет-ғұрып правосы – өте ертеден келе жатқан 
институт. Бірақ ол еш жерде жазылып, хатқа түсірілмей, 
ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған да оның ережелері «би-
лер сөздері» деп аталатын шешендік сөздер, мақалдар мен 
мәтелдер түрінде сақталып келген. Зерттеушілердің айтуына 
қарағанда, Тәуке хан (1680-1718) осы ережелерді жинаттырып, 
атақты «Жеті жарғы» деп аталатын кодексін жасаттырған. 
Абай да осыны айтады: [Әрбір билікке сайланған кісі]... Әз 
Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет