бар варианттары жиірек қолданылған. Абай да атшабар түрін
қолданған: Атшабар келді лепілдеп (I, 79). Бұл – қазақ тілінде
бұрыннан (хандар заманынан) бар сөз, ол шабар түрінде де
келеді: Келмембет деген шабары («Қамбар», 1957. 10). Ша-
барман варианты кейін XIX ғасырда пайда болған немесе осы
тұста активтенген деп топшылаймыз. Өйткені осы тұста пайда
188
болған атарман компоненті қатарласа, атарман-шабарман
болып қолданылады. Және бұл тұлғаларда жек көру, кекету
мағыналары бар. Өткен ғасырдағы болыстың атшабарлары
тек хабар тасушы миссиясын емес, болыстың әмір-жарлығын
орындатушы болып, полицейлік те қызмет атқарған. Бұл
қызметті ақырып-жекіріп, ұрып-соғып атқаруларына қарай
халық атарман-шабарман деп атап кетсе керек-ті.
Әкімшіліктің жоғарғы инстанцияларында патша үкіметінің
адамдары – орыстар отырғаны мәлім. Олардың атаулары ояз,
жанарал – жандарал, майыр, төре, әкім және... орыс. Ояз сөзі
жоғарғы болыс сөзі сияқты, әкімшілік звеноның атауын да,
онын басындағы адамның лауазымын да білдірген: «Ояз келсе
қайтер ең?» (I, 75); «Ояз шықты, сияз бар» (I, 79). Ал майыр
(майор) сөзі жанарал (генерал) сөзіне дублет болу керек, бірақ
өткен ғасырдағы қазақ әдеби тілінде майыр варианты жиірек
колданылғанын байқаймыз: Тек майырдың күлгені керек деп...
(II, 179). Майырдың алса бұйрығын Ел пысығы жортады (Ду-
лат, 94).
Бұлар – орыс әкімдерінің конкретті атаулары. Бұлардың со-
нымен қатар жалпылама атаулары да пайда болған. Ұлық сөзі
– орыстан болған жалпы «ел басы, начальник» дегеннің бала-
масы, әкім – «жалпы начальник», төре – «чиновник» деген-
дерге балама ретінде қолданылған. Абай ұлық сөзін «власть»
ұғымымен де ұштастырады, бұл жалпы халық тіліндегі ұлық
сөзінің жоғарғы «өкімет иесі» деген ассоциациясынан туса
керек: Ұлыққа қошеметшіл құл сықылды, Қатерге аяқ баспас,
көрмей артын (II, 103) – Перед опасностью позорно-малодуш-
ные и перед властью презренные рабы (Лермонтов, I, 32).
«Начальник» ұғымын әкім сөзімен білдіру де бар: Абырой
кетті әкімнен (Шортанбай). Бұл, әсіресе, сөздіктерде көрінеді.
Осы мағынада бастық сөзі де енді-енді қолданыла бастаған
(1878, 1897 жылғы сөздіктерде).
Патша үкіметі әкімшілік звеносында жоғары тұрғандарын
(орыс адамдарынан болған ұлықтарды) немесе жалпы
әкімшілік орынның өзін Абайда да, басқаларда да орыс деп
атау бар: Орыс сияз қылдырса; Орыссыз жерде топ болса (I,
64). Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға (I, 84). Орыс
189
айтты: «Өзіңе ерік берем», – деп (I, 29). Орыста қалар жаласы
(I, 51).
Ел билеудін жаңа системасына лайық туған жаңа әлеуметтік
категориялардың атаулары атқамінер мен пысық сөздері
субстантивтеніп, актив қолданылады. Атқамінерлер деп жер-
гілікті әкімшілік органдарын сайлауына қажетті үгіт ісіне
қатысушы адамды атаған
149
. Атқамінерлердің функциясы –
жалғыз бұл емес. Өткен ғасырдағы атқамінерлерді сол кездің
өзінде-ақ А.Диваев былайша дәл сипаттайды: «Этот своеобраз-
ный тип киргизского общественного деятеля новейшей фор-
мации выступает на сцену в жизни туземца в 4-х различных
видах: как агитатор при выборах туземной администрации, как
посредник между выборщиками и народом в хлопотах по воз-
врату затрат на выборы, как пособник сбора податей и, нако-
нец, как интриган при смещении туземной администрации»
150
.
Енді бірқатар зерттеушілер бұл сөздің мағынасын (яғни
атқамінерлердің әлеуметтік сипатын) бұдан да кеңірек етіп
көрсетеді: «Казахский народ всех лиц, занимающих должности
волостных управителей, судей аульных старшин, волостных
писарей, переводчиков, пятидесятников, лиц, ранее занимав-
ших эти должности, а также всех тех, кто так или иначе при-
нимал активное участие в политической жизни населения, в
то время называл аткаминерами»
151
. Демек, атқамінер сөзінің
беретін мағынасы да оның осы көрсетілген қызметтерінен
шығады. Атқамінер сөзін Абай да, оның тұстастары да
көркем әдебиетте молынан пайдаланған. Көркем әдебиетте
қолданылған атқамінер атауының мағынасы, көбінесе,
А.Диваев көрсеткендей, әлеуметтік топты білдіреді. Өткен
ғасырда бұл сөзбен болыс, би, писарь т.б. – қысқасы, әкімшілік
орнындағы адамдарды атаудан гөрі, соларға қызмет ететін
әлеуметтік топты атағаны сезіледі. Бұл ретте атқамінер мен
пысық сөздері бір-біріне дублет болып түседі: «Ендігі атқа
мінгендер Күнде ертеңге талмайды» (I, 64); «Атқамінер ауыл-
149
Сулейменов Б. Аграрный вопрос... - Алма-Ата, 1963. - С. 89.
150
«Окраина». - 1894. - № 66. В. Сулейменовтың жоғарыда аталған мақаласы
бойынша келтірілді.
151
Толыбеков С. Е. Общественно-экономический строй казахов в XVIII-XIX вв. -
Алма-Ата, 1959. - С. 319.
190
да Итше ілініп, ылықты» (Дулат, 75); «Ауылдың атқамінері
– Жемтікке қонған күшіген» (Дулат, 94). Ал пысық деген кате-
гория мен оның атауының Абай заманында туғанын ақынның
өзі айтады: Пысық деген ат шықты... Пысық кім деп сұрасаң
(I, 59). Пысықтар шалқайды, Таласып теңдеске (I, 159).
Пысық – жағымсыз топтың атауы. Пысық атауы, біздіңше,
атқамінер сөзімен мағыналас. Пысық сөзі мен қу сөзі де қатар
қолданылады: «Ку, пысық»деген ат қайда? (І, 160). Майырдың
алса бұйрығын Ел пысығы жортады (Дулат, 94).
XIX ғасырдағы қазақ лексикасының әкімшілікке қатысты
тобында патша сөзі жиі қолданылғаны байқалады. Бұл сөз
қазақ тілінде бұрыннан да бар болатын. Әсіресе XVIII ғасырда
Қазақ жерінің Россияға бағына бастауымен байланысты
Россия үкіметінің монархы – царь-ды қазақша патша деп
атау қалыптасады. Абай патша сөзін көбінесе екі мағынада
қолданады. Бірі – орыс патшасы емес, жалпы монарх, ел
билеуші мәнінде: Бақпен асқан патшадан Мыймен асқан қара
артық (II, 194). Халық билеген патшалар, Уақыты жетсе –
құлайды (I, 188). Екіншісі – бір нәрсенің ең биігі, зоры, үлкені
мағынасында. Өлең – сөздің патшасы (І, 66). Патша Құдай
сыйындым (I, 42). Абайда орыс патшасына тікелей арнап
атау жоқ. Ал Абайдан бұрынырақ та, тұстас та, кейінірек те
жасаған қазақ ақындарының көбінен орыс патшасына тікелей
атау кездеседі. Тіпті ақ патша, патшамыз деген тіркестер
мен арнаулы атаулар да пайда болғаны байқалады. Мыса-
лы, Шерниязда: «Қылған ол ақ патшамен алыс-беріс» (129);
Ақан серіде: «Тартылып қай жараға ем болмадық, Қалайша
патшамызға дем болмадық» (259). Сонымен қатар патша сөзі
өткендегі ақындарда Абайдағы сияқты «жалпы ел билеуші»
деген ауыспалы мағынада да қолданылған: «Хан Тезек, батыр
Тезек, патша Тезек» (Сүйінбай, 179). Бұл жерде титулды атап
отырса, ақын біреуін-ақ қолданар еді. Мұндағы хан да, ба-
тыр да, патша да – «ел билеуші» деген ауыспалы мағынада
пайдаланылған атаулар.
Абай тілінде кездеспегенмен, бұл тұстағы жалпыхалықтық
тілде әкімшілікке қатысты мөр (печать), бесір (писарь, писец),
санат (сенат: Және де сегіз санат – алысқия – Ақан сері, 258),
191
медаль (Алтын медаль, шар айна, белдік алдық – Шөже, 121),
махкеме – мекеме (уездное, губернское управление), ыштат
(перечет кибиток на трехлетие, выбор должностных лиц из
киргизов) сөздері қолданылған. Бұлар сол кездегі сөздіктер-
ден және бірен-саран көркем әдебиет пен баспасөзден орын
алған.
Достарыңызбен бөлісу: |